жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Жыл басы-Наурыз"
Тақырыбы:
«Жыл
басы-Наурыз»
Мақсаты:
Наурыз айының шығыс халықтарында жыл
басы саналатындығын сәбилер санасына
жеткізу. Наурыздың 22 - сінде күн мен
түннің теңелетіндігін, одан кейінгі
күндері күннің ұзарып, түннің
қысқаратындығын айтып түсіндіру.
Балаларға Наурыз мерекесін қалай айтып
түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін
қалай атап өтетіндігін таныстыру. Ұлттық
салт - дәстүрлерді құрметтеп, оларды
мақтан етуге тәрбиелеу.
Тәрбиеші:
Наурыз
айы жүректерге нұр сепкен,
Мандайымнан
сүйіп жатыр нұр көктем
Жарығымен,
шуағымен Күн - Ана
Алып
келдің жер бетіне нұр көктем!
Осыншама
жақсылық,
Алып
келдің Наурызым!
Төрлет
бізге нұр болып,
Шуақ
шашып нұр жүзің!
Ұлыстың
ұлы күні құтты болсын!
Жер
шарын мекендеген ұлттар мен елдердің
сан түрлі мейрамы бар. Ал Наурыз - қазақ
халқының шын мағынасындағы ұлттық
мейрамы. Бұл
күн мен түн теңелетін мереке. Сондықтанда
халқымыз Наурызды «Жыл басы»,
«Ұлыстың
ұлы күні» деп атайды.
Қазақ
халқының күнтізбесі бойынша Наурыз
мерекесі көктеммен бірге келеді. Өйткені
көктемде жер дүние жасарып, жаңарады,
өмірге қайта келеді. Осы тіршілікпен
бірге, адамдардың да өмірі жандалады,
жайнай түседі. Олай болса, бүкіл тіршілік
атаулыны жаңартып, жақсартқан
Наурызға шын ниетпен «Қош келдің, Әз
Наурыз!» деп атайық.
Балалар
хормен: «Қош келдің, Әз Наурыз!»
Тәрбиеші:
Ұлыстың ұлы күнін, яғни төл мейрамымызды
қазақ халқының ұлттық биімен ашқымыз
келіп отыр
Би:
«Қазақ биі»
Тәрбиеші::-
Балалар біздер қандай мерекені тойлап
жатырмыз?
Балалар:
- Наурыз мерекесін тойлап жатырмыз.
-
Балалар бізге Наурызда келіп қалыпты.
Наурыз
аруы:-Сәлеметсіңдер
ме,балалар?
Мен Наурыз
аруымын,
өзіммен бірге аналар мерекесін және
ұлыстың ұлы күні наурыз мерекелерін
ала келдім. Мерекелеріңіз мерекеге
ұлассын.
Тәрбиеші:
Сәлеметсіз
Наурыз аруы,біздің балабақшаға қош
келдіңіз.Біздің бүлдіршіндеріміз сізге
арнап өз өнерлерін көрсетпекші,қабыл
алыңыз.Келесі
кезекті осынау қасиетті мерекеге
арналған тақпақтарға береміз.
Әсемай
Наурыз
тойы әдемі,
Әжем
еске түсірді
Нұрдәулет:
Біздерге
арнап әдемі,
Наурыз
көже пісірді.
Әмірхан
Кел
балалар ойнайық,
Наурыз
тойын тойлайық
Баянды
боп мереке
Қыр
гүліндей жайнайық
Айсана
Ұлыс
оң болсын. Ақ мол болсын!
Қайда
барсаң, жол болсын
Тәрбиеші:
Ой балалар жарайсыңдар, бәрекелді.
Осындай мереке күні ауылға барып,
әжелерімізді Ұлыстың ұлы күні наурыз
мерекесімен құттықтап қайтайық.
Тәрбиеші
балалармен бірге ауылға музыка ырғағымен
кіріп келеді. Онда көже ішіп отырған
аталар мен әжелер қонақтарды орындарынан
тұрып қарсы алды.
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме аталар,әжелер?
Әже: Амансыңдар ма балақайлар,төрлетіңдер.
Тәрбиеші: Әже, біз қаладан сіздің ауылға қонаққа келе жатырмыз.Арнайы Наурыз тойын қарсы алуға.
Әже: Жарайсыңдар,өзім осы мерекеге арнап Наурыз көже әзірлегенмін дәм татыңыздар.
Әже
балаларға наурыз көже ұсынады.
Тәрбиеші:
Әже, Наурыз көже өте дәмді екен. Оны
қалай дайындадыңыз?
Әже:
Қарақтарым. Наурыз көже Наурыз мейрамының
негізгі тамағы.
Оған
7түрлі тағам қосылады. Олар: қыстан
қалған сүр, айран, сүт, тұз, құрт, тары,
бидай. 7саны киелі сан. Ал наурыз көже
тоқшылық белгісі.
Тәрбиеші:
Әже, біздің балаларымыз наурыз көже
туралы тақпақ айтқылары келіп тұр екен,
олай болса кезекті балалар тақпақтарына
берейік.
Айлин
Арпа,
бидай, тары бар
Қатық,
малта, тағы бар
Ішілетін,
жейтінің
Бұл
көжеде бәрі бар.
Саламат
Бата
беріп атамыз,
Бата
беріп әжеміз
Тәтті
болып жасаған
Көжеден
дәм татамыз
Нұршат
Құт
бауырсақ шашылып,
Наурыз
тойы ашылсын
Аяулым
Наурыз келдi елiме,
Наурыз келдi жеріме
Тәрбиеші:
Дастарханымыздан ешқашан ырыс береке
кетпесін дей отырып кезекті Дастархан
әніне береміз.
Ән:
«Дастархан»
Бар өнерге салайық
Ас ұсынып,бас тартқан
Жайылып тұр дастарқан
Қайырмасы:
Дастарқан-ау дастарқан
Берекелі дастарқан
Мерекелі дастарқан
Ей-ей-ей
Жақсы келсе құт болар
Жаман келсе жұт болар
Жолаушымыз біз десең
Асыл мұрат іздеген.
Қайырмасы:
Дастарқан-ау дастарқан
Берекелі дастарқан
Мерекелі дастарқан
Ей-ей-ей
Тәрбиеші:
Қасиет еткен халқымыз,
Жаңғыртар
дәстүр салтымыз
Сән
салтымен ел көрікті
Салт
дәстүрді сыйлау үлкен міндет.
Тәрбиеші:
Біздің халқымыз осындай тамаша, тәрбиелік
мәні зор салт дәстүрге бай халық. Ал біз
кезекті халқымыздың, яғни мұсылман
халықтарының төл мерекесі Наурыз
мейрамына арналған тақпақтарға
береміз.
Айғаным
Ой,
халайық, халайық,
Әсем
әнге салайық.
Наурыз
тойын көңілді,
Бірге
қарсы алайық.
Нұрасыл
Бәйшешек
гүл ашады,
Мұздар
сайға қашады.
Диас
Наурыз тойы — тамаша,
Наурыз тойы — жаңаша.
Табиғат
та тамаша,
Мадина
Наурыз тойым, Наурыз тойым.
Құтты
болсың халайық!
Алихан
Наурыз келді алақай,
Кел
билейік балақай,
Әмір
Суға
толып өзен көл
Кемерінен
асады.
Тәрбиеші:
Балалар, қонақтар сүйінші Қыдыр ата
келе жатыр.
Қыдыр
ата:
Армысыздар халайық. Ұлыстың ұлы күні
құтты болсын!
Балалар:
Сәлеметсіз бе,Қыдыр ата!
Тәрбиеші:
Қош
келдіңіз,
Ұлыс
күні қазан толса.
Ол
жылы ақ мол болар,
Ұлы
кісіден бата алсаң.
Сонда
олжалы жол болар, деп өзіңізден бата
сұраймыз.
Қыдыр
ата бата береді.
Тәрбиеші:
Айтқаныңыз
келсін, Қыдыр ата!
Ал
келіңдер қонақтар,
Досқа
құшақ ашайық.
Өлең
жырға басайық,
Қазақтың
бір салты деп.
Тойға
шашу шашайық!
Әжелер
шашу шашады.
Тәрбиеші:
Наурыз қазақ халқының ұлттық мейрамы.
Сондықтан да халқымыздың ұлттық
аспаптарына тоқталып өткен жол
болар.
Соның
ішінде бәрімізге жақсы таныс домбыра.
Домбыра қазақ халқының мақтан ететін
киелі аспабы. Сондықтан да халқымыз
«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ
домбыра» деп бекер айтпаса
керек.
Іңкәр
Домбырасыз
сән қайда,
Домбырасыз
ән қайда.
Ән
мен күй бар өмірде,
От
та лаулап жанбайма.
Хормен:
Наурыз тойы салтымыз,
Аман
болсын халқымыз.
Ұлыс
оң болсын, ақ мол болсын,
Наурыз
құтты болсын!
Тәрбиеші:
Ал, құрметті халайық,енді өзіміздің
салтымыз бойынша кішкене нәрестені
бесікке салу рәсіміне кезек берейік.
Әжесі: - тек /жекіп/, оның бәрі бекер айтылып жүрген әңгіме. Бесікке баланы қазақ ешқашан да күндіз-түні матап байлап тастамаған. Бесіктегі сәбидің дене бітімі түзу, қол-аяғы түзу, ширақ болады.
Апасы: - қой, баланы бесікке салайық. Баланы алғашқы бөлеу ұрпақ өсірген, үбірлі-шүбірлі қадірмен әйелге тапсырылатын ырым бар. Ендеше, Жамал әжеміз, сіз көпті көрген, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған қадірменді өнегелі әжесіз. Бесікке сіз салыңыз баланы. Сіздің жолыңызды берсін мына отырған жас қыз-келіншектерге.
Жамал әже: - жақсы, баланы шомылдырып болыңдар анасы кетеді, баланы шомылдырып, өс-өс жасайды:
Өс-өс!
(балдырғанның
қол-аяғын созу)
Өс-өс,балам,өсебер,
Батырболбалуанбілекті,
Батылболтаймасжүректі.
Аяғыңдысозайық,
Саусағыңдыжазайық.
Еттіболсынбалтырың,
Епті
боп өс, жарқыным
Жамал әже: қане, бесікті әкел. Бесік – өмірге жаңа келген періште сәбидің ақ отауы, оның ер жеткенде ардақ тұтар асыл бұйымы, мұны білген абзал.
Бір балалар: әже, мына бесік тесік қой.
Жамал әже: ол әдейі жасалған тесік. Бұл тесік балаға тазалық, алаңсыз ұйқы сыйлайды. Алдымен тыштырма жасайық. /тыштырма ырымы - түбектің тесігінен» тышты ма» деп тәтті тағамдар өткізіп, балаларға үлестіреді./ Бұл жас нәрестенің ішкі ағзалары ауырмасын дегендік.
Жамал әже: Енді бесік кертпе деген бар. Бесік кертпе – отқа табыну дәуірінен қалған ырым. / шымшуырды отқа қыздырып, сонымен бесіктің басын, арқалығын қарып кетеді. Оттан жын-шайтан, дерт-дербезе қашады-мыс. Бұл алаумен аластаудың бір түрі./ Осыдан кейін отпен аластайды, баланы бөлейді.
Жамал әже: Енді бесікті аластайық.
Бесікті аластау
Алас,алас,баладан
алас,
Иесі
келді,пәлесі
көш!
Алас,алас,бәледен
алас,
Көзі
жаманның
көзінен
алас!
Тілі
жаманның
тілінен
алас!
Қырық
қабырғасынан
алас,
Отыз
омыртқасынан
алас!
Алас,алас,аласы,
Келді,міне,баласы.
Көш,көш,пәлесі,
Келді,міне,егесі.
Аталарыңа
қырса,одан
қорықпа,
Аналарың,ағаларың
шақырса,
одан
қорықпа,
Ойнақтаған
лақтан
қорықпа,
Сылдыраған
бұлақтан
қорықпа.
Тулаған
тайдан,
Қуалаған
ботадан
қорықпа!
Маң
төбеттей
ұйқылы
бол,
Түлкінің
баласындай
күлкілі
бол.
Алас,алас,аласы,
Келді,міне,баласы.
Ұйықтап
демалсын,
Қунап
оянсын!
Осыдан кейін бір-екі қыз-келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды.
Балалардың біреуі /шүмекті нұсқап/: мынау не?
Жамал әже: Мынаны шүмек дейді, шүмекті қойдың асықты жілігінен жасаған, ол айрықша аппақ болу үшін сүтке қайнатылады.
Балалардың біреуі /түбекті нұсқап/: ал мынау не?
Жамал әже: Ал мынаны түбек дейді. Түбектің түбіне күл салып қоятын болған, оның бір себебі бесікті тербеткенде нәрестенің зәрі шайқатылмау үшін, ал екіншісі оның күлге төгіліп, жылы бу шығарып тұруы үшін жасайды.
Балалар: олар не үшін керек: Мұның бәрі сәбидің денсаулығына пайдасы өте зор. Ол баланың тазалығына өте қолайлы, мына арнайы қойылатын түбек пен шүмек баланың дәретін жаймай, таза және ұзақ ұйықтауына жағдай жасайды. Бұл анаға да қолайлы. Бала да өзінің құрғақ, ұядай жылы жатын орнында алаңсыз ұйықтайды.
Жамал әже: ал енді бесікке бөлейік.
Осы кезде бір балалар бесікті тербетеді.
Жамал әже: қой балам, бос бесікті тербетуге болмайды.
Балалар: мыналарды қарашы. Кіп-кішкентай көрпелер. Қандай әдемі!
Жамал әже: Бесіктің жабдықтарын барынша әдемілеп жасаған. Түбегі мен шүмегінен басқа, құс төсек, жастық, қолтық жастық, тізе жастық, жөргек, қолбау, тізебау, екі тартпасы дегені болады және олар ешқашан сүреңсіз сұр түсті маталардан тігілмеген. Кішкентай көрпешелері де мүмкіндігінше ашық түсті маталардан тігіледі.
Апасы: Бесіктің басына үкі тағады. Өйткені бала әсемдікке, әдемілікке бесікте жатқан кезден бастап үйренуі керек. Бала бесікте көп жатады. Бесік - баланың жылы ұясы.
Жамал әже: Бесік - баланың ұйқысын ғана күзетіп қоймайды, оны халық сенімі бойынша, жын-шайтаннан да қорғайды. Сол үшін де халқымыз бесікті 7 затпен жабдықтаған. Олар - көрпе, қамшы, жүген, шапан, тон, кебенек, шекпен. Баланы әруақтар қорғап жүрсін деп, ата-бабадан қалған сырт киім, ел тізгінін ұстар азамат болсын деп, аттың тізгінін, ел арасында айбынды болсын деп, қамшы қояды.
Жамал әже:Сондай-ақ бесік баланы кездейсоқ құлаған заттан, суық пен ыстықтан қорғайды. Пәле-жаладан сақтасын деп ырымдап, оған үкі тұяғы, жыланның бас сүйегі, кірпі терісі сияқты заттар да тағып қояды.
Жамал әже: Егер баланы бесікке бөлемесе, ол анасының жанында ұйықтағасын оның иісін алып, онсыз ұйықтай алмайды. Ұйқысы жиі бұзылады. Ал ұйқының дұрыс болмауы баланың психикасына кері әсерін тигізеді. Анасының ұйқысы да жиі бұзылады. Ағзасы дұрыс демалмаған ана шаршайды.
Бесікке бөлеу
Мойнымдағы
тұмарым,
Тарқамайтын
құмарым.
Тағдыр
берген
алсын
деп,
Ақ
бесікке
салсын
деп.
Мойнымдағы
маржаным,
Қорадағы
мал-жаным.
Бесігіңе
жата,ғой
Тәтті
ұйқыға бата ғой.
Балам
жатсын бесікке,
Пәлесі қалсын есікте.
Бесіктен
шешіп аларда
Анасы шешіп алсын,
Ұйқысы
бесікте қалсын.
Балам бесіктен
шықсын,
Пәлесі есіктен шықсын
Әжесі: Ал, Жамал, мынау сенің сыйың. /Жамал апаға және оның көмекшілеріне көйлек-жабдық сияқты сый тартылады.
Әжесі: бата береді:
Бата:
Көтерейік білекті,
Нұрға бөлеп жүректі.
Бөбекке бата берейік,
Ағынан айтып тілекті:
Сәбиіміз сүйкімді болсын,
Өнер-білімге икемді болсын,
Бәйтеректей бойшаңданып,
Өрен, өршіл, өркенді болсын!
Жақсы жолды таңдасын,
Жамандық тәлім алмасын!
Даналардың дәстүрін,
Жаңаласын, жалғасын,
Шұғылалы шуақты күн кешсін,
Басын сұр бұлт шалмасын,
Қос топшысы талмасын,
Қырандай биік самғасын!
Апасы: - Ал енді, қызым бесік жырыңды айтып, сәбиіңді ұйықтата ғой.
Анасы бесіктің теріс жағынан отырады.
Апасы: бесіктің теріс жағынан отыруға болмайды. Оң жағынан отыру керек.
Анасы жай уілдете бастайды.
Апасы: жоқ, қызым, бесік жырын үйренгенің жөн. Бесік жыры баланың дүние танымының ерте кеңеюіне жол ашады. Қазақ халқының балаларының тілі ерте шығып, жатық сөйлеуінің кілті - осы бесік жырында жатыр. Өйткені баяу ырғақпен айтылған анасының әлдиі туғаннан баланың құлағына сіңеді. Ана баланы әннің ырғағымен тербетеді.
Ойын:
«Арқан тарту»
Тәрбиеші:
Балалар, қонақтар бүгін қасиетті күн.
Бұл мейрамда ерекше қалыптасқан
салтдәстүр бар. Ұлыстың ұлы күні бір
бірімен араз адамдар татуласып, бір
біріне деген өкпесін кешіреді. Қатал,
қайырымсыз адамдар мейірімді болып,
арам адамдар шыншылға айналады. Оның
айқын дәлелі осы күні адамдар бір бірімен
құшақтасып, көрісіп амандасуы. Олай
болса бүгінгі қасиетті мейрамда
бір-бірімізді кешіріп, өткен кеткенді
ұмытып көрісіп амандасайық.
Музыка
ырғағымен.
Тәрбиеші:
Ұлыс
күні кәрі жас,
Құшақтасып
көріскен.
Жаңа
ағытқан төлдей,
Жамырасып
өріскен.
Шалдар
баға беріскен,
Тәрбиеші:
Міне, Наурыз мейрамының ерекше мейрам
екеніне тағы бір көзіміз жетті.
Мөлдір
Армысың
ағайын
Бармысың
ағайын
Ұлыс
бақты болсын
Айару
Салтанатты
сәніміз
Ән
саламыз бәріміз
Би
билейміз бәріміз
Тәрбиеші:
Бәрекелді балалар. Тақпақты сондай
жақсы айтады екенсіңдер.
Тәрбиеші:
Жаңғыртқан
дәстүрімізді рахмет елім,
Тербетсін
шаттық әні қазақ жерін
Той
бастаған қадамын құтты болсын,
Дәстүрлі
тамыр алып, өркен жайсын
Қош
болыңыз, Наурызым ардақты
Халқым
саған бар үмітін жалғапты!
Жылда
осылай келе берсін жарасып!
Ұлыстың
ұлы күні құтты болсын!
Наурыз
береке – бірлік әкелсін!
Әмин!
Сау
болыңыздар!
Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №55 «Қыран» балабақшасы мемлекеттік- жекеменшік серіктестігі
«Жыл басы-Наурыз»
Дайындаған: №9ортаңғы топ тәрбиешілері
Күйкішова Б.Ж Тұяқбаева А.Қ
Өткізген: №9ортаңғы топ тәрбиешілері
Күйкішова Б.Ж ТұяқбаеваА.Қ
Ақтау қаласы
2018-2019 оқу жылы
«Келісемін» «Бекітемін» «№55 «Қыран» балабақша әдіскері №55 «Қыран» балабақша директоры
__________ Карабалаева Д.С ________ Утесинов М.К
«____» ____ 2019ж «_____»______2019ж

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген