"Жыл басы-Наурыз"

Тақырып бойынша 28 материал табылды

"Жыл басы-Наурыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз ертеңгілік
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жыл басы - Наурыз»

Жүргізуші: Армысыздар ата-аналар, қонақтар, балалар! Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесі құтты болсын!
Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы. Наурыздың 22-де күн  мен түннің теңеліп, жер жаңарып, көк  шығып, төрт  түлік  мал төлдеп,  көктем келіп, тіршіліктің бастауы, яғни қазақтың жаңа жылы – Наурыз   мерекесі де келіп жетті. Бәріміздің асыға күткен «Ұлыстың – ұлы күні!» наурыз  мерекесімен  шын  жүректен құттықтаймыз. «Ертөстік»  тобының  «Жыл басы- Наурыз!» атты мерекесіне қош келдіңіздер.

Жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік, жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға
Жырдан шашу шашайық!

Ортаға бүлдіршіндеріміздің орындауында «Наурыз» әнін қабыл алыңыздар!

Біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің Наурыз мерекесіне арналған жыр-шумақтарын  қабыл  алыңыздар.

Ерсұлтан:

Наурыз келді еліме

Наурыз келді жеріме

Байлық, бақыт тілеймін

Бүкіл  қазақ еліне

Бақтияр:

Жылдың басы наурыз

Жердің басы наурыз

Мерекеге арналсын

Бүгінгі жыр әніміз

Хадиджа:

Жыл басы - наурыз мереке

Ақ нұрға әлем боянды

Наурыз тойы береке

Тіршілік жаңа оянды

Айша-Бегім:

Наурыз – бұл мереке

Құтты болсын береке

Қыдыр ата келсін

Жақсы тілек әкелсін

Жансұлтан:

 Наурыз тойын әдемі.

Әжем еске түсірді.

Біздерге арнап әдемі

Наурыз көже пісірді.

Жанару:

 Көже пісті әр үйде,

Дастарханда – береке.

Халқымыздың мерейі.

Өсе берсін мереке.

Айша:

 Бата беріп атамыз.

Бата беріп апамыз.

Тәтті етіп жасалған.

Наурыз дәмін татамыз.



Жүргізуші: Балалардың орындауында би: « биі» (ұлдар мен қыздар)

Жүргізуші: Наурыз жырын жырлаймыз,

Осыменен тұрмаймыз.

Сақталып жеткен бұл күнге,

Салт- дәстүрін сыйлаймыз дей келе (қырқыннан шығару көрсетіледі) ауылымызда той тойға жалғасып кішкентай Ертөстік баламыздың қырқыннан шығару тойы да тұспа тұс келіп қалған екен ендігі кезекті ақ жаулықты әжелерімізге кезек берейік.

Жүргізуші: Айта берсек таусылмас,

Мерекеде ән жырымыз,

Кел,оданда халайық,

Қызықты ойын ойнайық.

Ойын: «Ханталапай»

Шарты: Жерде шашылған асықтарды жинайды.

Жүргізуші: Биші қыздарымыздың орындауында «Қоржын» биімен қошеметтеп қарсы алыңыздар.

Жүргізуші: Ұлы күні ұлыстың,

Құтты болсын халайық.

Күй төгілсін, күй төгілсін.

Шырқап әнге салайық.

Ата-аналармен ойын: «»

Балалардың орындауында ән: «Наурыз айы»

Әже: Менің балаларым өнерлі екен шетінен өнерлерің өрге жүзсін  осы наурыз мерекеде мен үнемі наурыз көже пісіремін.

Құрметті қонақтар менің жеті түрлі дәм салған наурыз көжемнен ауыз тиіңіздер! Ақ мол болсын!


Жүргізуші: Кең болсын қазағымның керегесі,
Кетпесін Алла берген берекесі,
Алаштың баласына нәсіп болған,
Құтты болсын НАУРЫЗ мерекесі дей келе мереке мерекеге жалғаса берсін, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көптен –көп рахмет, сау саламатта болыңыздар!



Жүргізуші: Наурыз құтты болсын,

Дендерііңіз сау мықты болсын.

Әр шаңараққа шаттық толсын.

Көріскенше күн жарқын болсын.

Ұлыс оң болсын,ақ мол болсын!







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.10.2025
40
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі