Жыл басы – Наурыз!
Тәрбиеші: Армысыздар құрметті қонақтар! Ұлыс күндерініз құтты болсын!
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқын сүйген мейрамды,
Қарсы алайық Наурызды!
Фон: қазақша әуен қосылып тұрады.
Нұрали: балалар бізге «Ботақан» ауылының қыз жігіттері қонаққа келеді.
Кәне бәріміз қарсы алайық.
Көрісу.
Тәрбиеші: Наурыз айы береке мен бірліктің , күн мен түннің теңелетін айы, жаңа жылдың басы.
Хор: «Наурыз келді,алақай»
Тәрбиеші:Нағыз қазақ қазақ емес нағыз қазақ домбыра деп ата бабаларымыз бекер айтпаса керек.Келесі кезекті балаларымыздың айтысына береміз.
Айтыс.
Жансерік: Ата-баба дәстүрін,
Үйренуден қашпаймыз
Айтыс десе сәнденіп ,
Қыздар іздей бастаймыз.
Меруерт: бізде қарап қалмаспыз.
Біржан болып сен келсен
Ақын сараң мен болам
Сәйгүлік болып сен шапшаң
Аққу құсың мен болам.
Қап –қара болып отырсың.
Түріне бір қарасаң.
Жансерік:
Түрлендіріп қамшы өрсем
Күмбірлетіп күй шертсем,
Сонда думан болады.
Әдемі көзбен қарасаң
Аппақ бала мен бо
Меруерт:
Мақтандын ғой жігітім
Өнеріңді көрсетіп
Көрсет сәнді қамшыңды
Біздер баға берейік.
Жансерік:Тойға барам десен сен
Домбыра ұстап жетер- ем.
Шашақталған қамшымды
Үйге тастап кетіп -ем.
Меруерт:
Қалып қойса қамшыныз
Тағы тойға келерсіз.
Сол қамшыны мына бізге
Сонда сыйға берерсіз.
Жансерік, Меруерт
Қоштасайық халықпен
Ақындарын пір тұтқан
Сөз өнерін шөлдегенде,
Рахаттана бір жұтқан.
Тәрбиеші:Қасиет еткен халқымыз,
Жаңғыртар дәстүр салтымыз,
Салты мен ел көрікті,
Салт дәстүрді сыйлау үлкен міндет.
Әжелер Халқымыз жаңа жыл табалдырықтан аттағанда жалғыз сәуле жарық болмас деп төрге қос шырақ жаққан екен.Жыл бойы «ақ мол болсын,дән таусылмасын,»деген ниетпен Қыдыр түні ырыс атаулыны ырысқа(тары,бидай)аққа(сүт,айран),кәусәр бұлақ суына толтырады екен.
Тәрбиеші:Біздің халқымыз осындай тамаша,тәрбиелік мәні зор салт дәстүрге бай халық.Ал біз кезекті халқымыздың,төл мерекесі Наурыз мейрамына арналған балаларымыздың тақпақтарға береміз.
Ернұр: Уа,ағайын халайық,
Мұнда назар салайық.
Мерекесі халықтың,
Наурыз тойын бастайық!
Шашуымызды шашайық.
Інжу: Наурыз келді еліме,
Наурыз келді жеріме,
Байлық ,бақыт тілеймін
Бүкіл қазақ еліне.
Жеңіс: Той думанға келіңіз
Тамашаны көріңіз,
Ән айтайық бәріміз,
Қол соғайық бәріміз.
Али: Наурыз келді алақай,
Кел билейік балақай,
Бізде қарап тұрмайық.
Тойға шашу шашайық.
Бекнұр: Уа, ағайын халайық
Мұнда назар салайық,
Мерекесі халықтың
Наурыз тойын бастайық.
Марғұлан: Наурызбен құттықтап,
Алыс жақын қауышты.
Көктемдегі жарқын сәт,
Көңілдерге ауысты.
Әлижан :Наурыз тойы береке
Наурыз тойы жыр аңыз
Қызып дулы мереке
Қызық думан құрамыз.
Шахназ:Көктем келді балақай,
Жасарды жер,алақай.
Наурыз тойын тойлайық,
Әсем әнге салайық
Надира: Наурыз шыр айналған жылдың басы,
Адамның өлшенеді өмір жасы.
Қазақтың пейіліне жарасады,
Әр үйде дастарханға толған асы
Жансерік:Аспанымда ақша бұлттар аунайды,
Наурыз тойы көңіліңді баурайды.
Тебіренген табиғат та мәз-мейрам,
Аңқылдаған қазағымнан аумайды.
Малика: Қош келдің,Наурызым ардақты,
Халқым саған бар үмітін арнапты.
Жылда осылай келе берсін жасарып,
Гүлге бөлеп нұрға бөлеп аймақты.
Жайна:Наурыз айы-гүл айы
Наурыз айы- нұр айы
Наурыз айда халқымның
Құлпыра түсер шырайы.
Нәби: Жасай бер жаңа күн.
Туа берсін жаңа күн.
Дүр сілкінсін дала бір,
Құтты болсын,Жаңа жыл!
Құтты болсын,Наурыз той
Нұрәли: Наурыз бұл береке,
Құтты болсын мереке.
Қыдыр ата келсін,
Жақсы бата берсін!
Ботакөз: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығымен,шуағымен Күн Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
Тәрбиеші:Ұлыс күні кәрі жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өріскен
Би: «Қоржын » Қыздар қоржын ұстап билейді.(осылай қатармен тұрады.)
1.Ботақан: Жания, Алия ,Айана ,Ясина ,Айбібі
2.Балапан:Шахназ,Малика,Ботакөз,Інжу,Амина.
Тәрбиеші: Наурыз тойы тамаша
Наурыз тойы жаңаша
Табиғат та тамаша
Тамылжып тұр жараса.
Жігіттерде топтаса,
Тартысар арқан жарыса.
«Арқан тартыс»ойыны.Балапан ауылының жігіттерімен Ботақан ауылының жігіттері тең екі топқа бөлініп арқан тартысады.Ойын біткен соң екі топ кеуде қағып қол алысады.
Тәрбиеші:Келесі кезекте Балапан ауылының әнші қызын ортаға шақырайық.
Ән: Інжу «Мен Қазақтың қызымын»
Тәрбиеші:Келесі кезекте ортада қазақ халқының ежелден келе жатқан «Тұсау кесер » салт дәстүрін тамашалайық.Бұл дәстүрді қазақ халқында енді тәй тәй басып келе жатқан балаға ,ешқашан сүрінбесін,тез жүгіріп жүріп кетсін деп жасы үлкен,елге сыйлы адамға кестіретін болған.Баланың аяғына ешкімнің ала жібін аттамасын деп ақ және қара түсті жіптен байлап қайшымен өлең айтып отырып кеседі.
Тәрбиеші:Ал ортада ұлттық ойын «Қыз қуу»ойынын ойнатқым келіп отыр.Қыз қуу ойыны өте ерте заманнан келе жатқан ойындардың бірі.Қыз қуу ойына далада өткізілетін болған.Алаңға қыз бен жігіт шығып Жігіт қыздан кейін тұрып жарысқа қосылады.Жігіт қызды қуып жетсе иығындағы орамалды суырып алуға тырысатын болған.Ал екінші кезеңде жігіт алда тұрып қыз жігітті қуып жетсе қамшының астына алады.
Тәрбиеші: Сәнді көктем нұрымен,
Наурыз тойы жырымен,
Көңіл гүлдей жайнасын,
Наурыз тойы тойлансын.
Би: Жігіттер: «Ботақан мен Балапан»
Бірінші қатар:Адлан,Нәби,Берекет,Рамазан,Жансерік.
Екінші қатар:Димаш,Әбілхан,Саламат,Шерхан,Мейірхан.
Тәрбиеші:Ботақан ауылынан келген балалардан қонақ кәде сұрағымыз келіп отыр,кәне қандай өнерлерәі бар ортаға салыңдар.
Ән: Айбібі.
Тәрбиеші:Ортада Ботақан ауылынан келген аруларымыздың «Тамшылар»биін қабыл алыңыздар.
Тәрбиеші:Батаменен ел көгерер,,жаңбырменен жер көгерер дегендей Қыдыр атамыздан бата алайық.
Нәби:Әумин,Бата берейін ,
Жақсылықты терейін,
Жаңа жылда жараңдар,
Үстем болсын мерейің.
Жақсылыққа бас болып,
Келген наурыз мейрамы құт берекесін берсін,Әумин.
Тәрбиеші:Келесі кезекте балаларымыздың орындауындағы Дастархан (хор)әнін қабыл алыңыздар.
Ән:Дастархан (хор)
Би: «Қара жорға»
Тәрбиеші:Наурыз құтты болсын,
Дендеріміз сау ,мықты болсын,
Наурыз тойы келе берсін,
Ұош сау болыңыздар,
Көріскенше күн жақсы болсын.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жыл басы наурыз

шағым қалдыра аласыз