400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

"Жыл басына таласқан хайуанаттар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге арналған ертегі қойылымы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: Драма

Тақырыбы: « Жыл басына таласқан хайуанаттар » ертегісімен таныстыру

Мақсаты: ертегіні сахналату арқылы балалардың тіл байлықтарын жетілдіру, сөйлеу барысындасұрақ қойып, оған дұрыс жауап беруге, сөздерді орнымен қолдана білуге жаттықтыру. Ертегі тыңдауға деген қызығушылықтарын ояту, қиялдарын дамыту, салт-дәстүрді пайдалана отырып қазақша жыл санауға үйрету.

Әдіс – тәсілдер: түсіндіру,әңгімелеу, сұрақ –жауап, ертегіні драматизациялау.

Көрнекіліктер:ертегі бейнеленген суреттер, атрибуттар.

Үштілділік компонеттер:сиыр- корова- соw, жылқы- лошадь-horse,ит – собака- dog

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылылық

Ерте , ерте ,ертеде

Ешкі жүні бөртеде.

Басталады осылай,

Әжем айтса ертегі.

Ғажап сырлар шертеді

Аралайды әлемді.

Қиялың шарлап кетеді.

  • Балалар, «жыл басына таласқан хайуанаттар » ертегісі бізге таныс. Бұл ертегінің қай түріне жатады?

Ұйымдастырушы-лық - ізденістік


  • Ертегі не туралы?

  • Олай болса біз ертегіні рөлге бөліп, сахналап қояйық.

Жүргізуші: ормандағы ашық алаңға жайланып жайғасқан хайуанаттардың әрқайсысының жыл басы болуға ойы кетіп, «Неге мен емес?» , «Мен кімнен кеммін?» деген талас басталады. Ортаға бірінші сиыр шығады.

Сиыр : «Мө» деп мөңіредім,

Молшылық төңірегім.

Жыл басы боламын деп,

Ертерек келіп едім.

Көгалда тұрағым,

Дайын тұр құрағым.

Сүтіммен, етіммен,

Адамға ұнадым.

Сергіту сәті:

Жыл басы тек мен болам,

Деп хайуандар таласты.

Өз-өздерін мақтанып,

Уәждері жарасты.

Жылды қарап тұрайық,

Ойын-сауық құрайық.

Ең бұрын келген батырды,

Жыл басы деп ұғайық.


Жүргізуші: бір кезде ортаға жылқы шауып шығады.

Жылқы: алысқа шауып барамын,

Адамның бабын табамын.

Пайдасы мол жылқымын,

Жыл басы мен боламын.

Әсем десен әсеммін,

Сылан қағып өсемін.

Кең далада көсіліп,

Самал желдей есемін.

Жүргізуші: түйе ішінен мен бәрінен сұлумын,

Бойымда ұзын,ақылдымын деп кербездене қарайды.

Түйе: түйе,түйе,түйемін,

Жануармын киелі.

Кім таласар бойыма,

Жыл басына иемін.

Жан-жағына қараймын

Түн мен күнді санаймын.

Мен өзімді даланың,

Кербезіне балаймын.

Жүргізуші: түйе әні аяқталысымен қаһарлана ортаға барыс шығады.

Барыс: - Ыррр ,ыррр, Барыспын,

Бәріне таныспын.

Айналаға сыйлыын,

Сезімсізбен алыстым,

Күшіме сенемін,сенемін.

Бәрін де жеңемін,жеңемін.

Жыл басы болуға,

Шіреніп келемін,келемін.

Жүргізуші: Барыстың артынша ұлу шығады өз-өзін мақтап

Ұлу: Ұлу деген мықтымын,

Жарқын-жарқын шықты үнім.

Ойым озар өзіммен,

Ақыл-ой бар сөзімде.

Үйім бірге өзіммен,

Сабыр етем төзіммен.

Күш пен көрік құлпырар,

Салиқалы сөзіммн.

Жүргізуші: - бір мезетте ортаға маймыл шығып бәрін мазақтай бастайды. Ол жыланға келіп тиіседі, ол шағып ала жаздайды. Маймыл сәл кідіріп қайтадан мазақтаға көшеді. Басқа жануарлар екеуінің сықпай ортаға қой шығады.

Қой: Бә,бә,бә мен қоймын,

Көк шөпке тойдым.

Жыл басы болуға,

Келіп тұр ойым.

Қарандаршы қандаймын,

Аппақ болған таңдайым.

Жыл басына лайық,

Жарқырап тұр маңдайым.

Жүргізуші: Қорқылдап тауық келеді.

Тауық: Қо,Қо,Қо,Қо,

Жыл әлі неге жоқ?

Жұмыртқамды жегесін,

Барлық бала тоқ.

Құрт-құмырсқа-жемтігім,

Жоқ ешбір кемтігім.

Бәрің де бос мақтанып,

Шаршамандар ентігіп.

Жүргізуші: Арсылдап ит шығады:

Ит: абалап үремін,

Үй қорғап жүремін.

Адамның көмекші,

Досының бірімін.

Ит болғасын үремін,

Сергек өмір сүремін.

Жеті қазынанын бірімін,

Адамды қорып жүремін.

Жүргізуші: (хайуанаттар мызыкамен билеп хормен айтады)

Хор: жылды қарап тұрайық,

Ойын –сауық құрайық.

Ең бұрын көрген батырды,

Жыл басы деп ұғайық.

Тышқан құлық ойлайды,

Келіспеске қоймайды.

Шығып алып түйенің,

Өркешімен ойнайды.(қимылмен көрсетіп.)

Доңыз бен қоянның дуэті:

Түйе мойнын созады,

«Мен болам» деп жар салып.

Тышқан одан озады,

Жылды алғаш қарсы алып.

Тышқанның әні:

Алақай! Алақай!

Күнді көрдім алақай!

Қулығыммен,ақылыммен,

Бәрін жеңдім,алақай!

Барлық хайуанаттар жиналып, ән айтады:

Тышқан деген батырдың,

Таңды көзбен атырды.

Төбесінен түйенің,

Жылды көріп қатырды. (балалар өлең мазмұнына сай қимыл көрсетеді.)

Жүргізуші: жылды Тышқаннан кейін Сиыр,Барыс,Қоян,Ұлу,Жылан,Қой,Мешін,Тауық,Ит ,Доңыз, көрген екен. Ал түйе ауызы ашылып,таңырқап, ештенені түсінбей қала берді. Сөйтіп жыл атауларынан құр қалыпты. Жан-жануарлар достық пен сыйластықты, ақылдылықты,тапқырлықты, мойындап әнге қосып би билеп, жаңа жылды тойлаған екен.

Жан-жануарлар туралы ертегіге

Жыл басына таласқан хайуанаттар туралы.













Балалар шеңбер болып тұрып, өлең мазмұнына қимылдар жасайды.

Рефлексивті

Қортындылаушы

  • Балалар,жыл басы не болды?

  • Сендер бүгін өте жақсы қатыстындар.

  • Сендерге көп рахмет.

Тышқан.

Күтілетін нәтиже:

Бала білуі керек: ертегіаттарын,кейіпкерлерді атап, мазмұнын айта білу;

Түсініктерді меңгерді:сөзімен бірге әні бар музыкалық ертегіні, іс-әрекет арқылы сахналандыру, түсініктерін қалыптастыру;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: кейіпкер бейнесіне ену, ертегіні эмоциямен айту, тақпақтарды әндете саз жетекшінің сүйемелдеуінде айту.



Батыс Қазақстан обл

Теректі аудандық білім беру бөлімі

« Бүлдіршін » бөбекжай МКҚК




« Жыл басына таласқан хайуанаттар »







Өткізген: тәрбиеші: Есенгалиева О.Б.










Picture 22

Picture 23

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
2900
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі