Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

"ЖЫЛ БАСЫНА ТАЛАСҚАН ХАЙУАНАТТАР"

Материал туралы қысқаша түсінік
Рөлде ойнау, диолог сөздерді мәнеріне келтіре айта білу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Жыл басына таласқан хайуанаттар

Мақсаты: Қуыршақ театры арқылы ертегіні сомдау. Рөлде ойнау, диолог сөздерді мәнеріне келтіре айта білу. Өз ойын айта білу, басқалардың пікірін тыңдай білуге дағдыландыру. Ертегі мазмұны арқылы еңбек сүйгіштікке, адал достыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Қуыршақтар

Билингвальды компонент: түйе-верблюд, жылқы-конь, тышқан-мышь


Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация лық-

қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Таң атады арайлап,

Күн күлімдеп туады.

Жадырады бар аймақ,

Жарқырайды шуағы, Қайырлы таң!

-Балалар, бүгін мен сендерге "Жыл басына таласқан хайуанаттар" ертегісін оқып беремін, содан соң сахналаймыз.




Балалар өлең жолдарын айтады


Ұйымдас тырушылық-

ізденістік


Ертегіні қуыршақ театры арқылы сахналайды

Бұрынғы ерте заманда орман ішінде хайуанаттар жыл басы болуға талсыпты.
Сонда жылқы айтыпты:
Мен алысты жақын қыламын. Адам күшімді көреді, сүтімді ішеді. Қылыма шейін арқан жіп еседі . Адамға меннен басқа пайдалы адам жоқ.Жыл басы мен боламын
Түйе:
- Сен адамның жұмысын қылсаң, сұлы шөп асайтын тамағың үшін құл боласың. Мен сен көтере алмайтын ауырлы мен көтеремін. Аш болдым деп арпа, сұлы сұрамаймын. Көде болса, көде, жусан болса жусан ,не кез елсе сонымен қоректеріп, табыла су ішіп, табылмаса шөлде де жолға жүре беремін. Жыл басы болуға мен ылайықтымын.
Сиыр:
-Адам егін ексе менімен егеді, сүтімді ішеді, құрт , май жасайды,етімді жейді. Жыл басы мен боламын.
Қой:
-Мен болмасам қазақ үйін немен жабар еді. Жүнімді алып киізбасажы.Жабағымнан киім тігеді,жүнімнен арқан жіп еседі. Сүтімнен құрт,май алады. Жыл басы мен боламын.
Ит:
-Мен болмасам көбіңді не ұрылар ұрлап, не қасқар жеп құртар еді. Мен сендердің бақташыларыңмын. Дұшпан көрсеүріп, абалап, иеме хабар беремін. Жыл басы болу маған лайық.
Тауық:
-Мен болмасам адамдар жұмысына ерте бармай ұйықтап қалар еді.Мен таңертең ерте тұрып таң атты деп шақырып, хабар айтамын. Кеш болса жатар мезгілболды деп тағы хабарлаймын.
Тышқан не айтарын білмей тұрады да бір түрлі қулық ойлап жиналған көпке былай дейді
Бұл таластан ештеңе өнбейді.Жылды қарап тұрайық та кім бұрын күнді көрсе сол жыл бас болсын.
Тышқанның сөзін бардық хайуанаттар құптайды
Хор. Жылды қарап тұрайық ,Ойын-сауық құрайық
Ең бұрын көрген батырды, Жыл басы деп ұғайық
Хайуанаттар бір-бірден ортаға шығып өздерін мақтай бастайды
Түйе. Түйе,түйе,түйемін, Жануарман киелі
Кім таласар бойыма, Жыл асына иемін
Жан-жағыма қараймын, Ай мен күнді санаймын
Мен өзімді даланың ,Кербезіне балаймын
Жылқы: Алысқа шауып барамын, Адамның бабаын табамын
Пайдасы мол жылқымын Жыл басы мен боламын
Әсем десе әсеммін Сылаң қағып өсемін
Кең далада көсіліп Самал желмен есемін
Сиыр. Мө-мө деп мөңіредім Молшылық төңірегім
Жыл басы боламын деп Ертерек келіп едім
Көгалда тұрағым Дайын тұр тұрағым
Сүтіммен, етіммен Адамға ұнадым
Қой: Бә-бә-бә мен қоймын Көк шөпке тойдым 
Жыл басы болуға Кетіп тұр ойым
Ит: Абалап үремін Үй қорып жүремін
Адамның көмекші Досының бірі едім
Ит болған соң үремін Сергек өмір сүремін
Жеті қазынаның бірімін Адамды қорып жүремін
Тауық: Қо-қо-қо –қо- қоқ Күн әлі неге жоқ
Жұмыртқамды жегейсің Барша бала тоқ
Құрт-құмырысқа жемтігім Жоқ ешбір кемтігім
Бәріңде бос мақтанып Шаршамаңдар ентігіп
Ұлу: Ұлу деген мықтымын Жарқын-жарқын шықты үнім 
Ойым озар өзімнен Ақыл ой бар сөзімде
Барыс: Ыр-ырр мен барыспын, барыспын Бәріңе таныспын, таныспын
Айналама мықтымын, мықтымын Сенімсізбен алыстым,алыстым
Күннің шығуын күте-күте хайуанаттар шаршап ұйықтай бастайды.Сол кезде тышқан түйенің өркешіне шығып күнді бірінші болып көреді.
Тышқан: Алақай,алақай күн шықты Алақай, алақай күн шықты
Алақай,алақай Күн көрдім алақай
Қулығыммен ,ақылмен Бәрін жеңдім алақай
Осылай түйе бойына сеніп жыл басы болудан құр қалыпты



Ертегіні мұқяит тыңдайды.



Рефлексия лық- түзету

-Балалар ертегі ұнады ма?

-Жыл басына қандай жануарлар таласыпты?

-Жыл басы қай жануар болды?

-Қай жануар жыл басынан құр қалыпты?

Мадақтау

Балалардың жауаптары


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.05.2020
2580
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12