|
Ұйымдастыру, мотивация «Сәлем,
орман!»
|
2–3 мин
|
Балалар шеңберде тұрады. Тәрбиеші: «Бүгін біз
ертегі орманына барамыз. Қане, жануарларша амандасайық» Балалар ,
12 ай кейіпкерлері даусымен амандасады.
|
Эмоциялық көңіл күй
қалыптастыру,
Интерактив та «смайлик
қайтала» и/о
|
Смайликтері немесе кішкентай
маскалар.
|
|
1-бөлім. Қатынас + таным «Сиқырлы
орман»
|
7–8 мин
|
Бала интерактив тақта да есіктерді ашады жануар
Интерактив та кез келген есікті таңдайды немесе педагог айтады 1
немес 5 деп нұсқау беріп,суреті шығады (тышқан, сиыр, барыс, қоян,
жылқы т.б.). Бала айтады: «Бұл – қоян. Ол секіреді. Түсі – ақ,ол
бізге береді.....». Тәрбиеші ертегімен байланыстырады: «Бұл жануар
ертегіде бар ма? Жыл басына қалай
таласты?» .
|
Сөздік қорын байыту (жануар атауы, түс, қимыл),
сөйлеу дағдысын дамыту, ертегі кейіпкерін тану.
|
Тақта да есік суреті бар жануар
суреттері.
|
|
2-бөлім. Физикалық + танымдық «Санағыш
жол»
|
5–6 мин
|
Еденге түрлі түсті табан іздері жабыстырылған
(қызыл, көк, сары, жасыл). Әр түсте 1–3 нүкте/жұлдызша. Бала жолмен
жүреді: қызыл із – қоянша секіреді, 2 нүктені санайды; көк із –
аюша ауыр қадам жасайды, 3 нүктені санайды; сары із – құсша қанат
қағады, 1 нүктені көрсетеді. Тәрбиеші: «Қай түс? Қанша
нүкте?» .
|
1–3 дейін санау, түстерді ажырату, қимыл-қозғалыс
координациясын дамыту.
|
Түсті табан іздері бар жол
|
|
3-бөлім. Интерактив ойыны «Кім қайда
тұрады?»
|
3–4 мин
|
Интерактив тақтада бала екіге бөлір жануарларды
жинақтайды
|
Логикалық ойлау,ажырату, есте сақтау, сұраққа
жауап беру дағдысын дамыту.
|
Цифрлық ойын
|
|
4-бөлім. Шығармашылық «Менің жыл
жануарым»
|
7–8 мин
|
Балалар өзіне ұнаған жануар контурын таңдайды
(тышқан, қоян, сиыр т.б.). Түрлі-түсті қарындашпен бояйды, жанында
1–3 нүкте-өрнек салады (мыс.: 3 дақ – 3 саны). Әр бала 1 сөйлем
айтады: «Менің жануарым – көк қоян. Ол секіреді».
|
Шығармашылық қиялды, ұсақ моториканы, түстерді
қолдануды, сөйлеммен сөйлеуді дамыту.
|
Жануар контур суреттері, түрлі-түсті қарындаш,
фломастер, стикер-нүктелер.
|
|
5-бөлім. Әлеуметтік-эмоциялық «Достық шеңбері –
жануарлар»
|
3–4 мин
|
Балалар шеңберге жануар карточкасымен тұрады.
Тәрбиеші: «Ертегіде жануарлар таласты, бірақ соңында не болды?»
Балалар: «Татуласты, дос болды». Балалар көршісіне қарап: «Мен –
қоян, мен сенің досыңмын» деп айтады, қол
ұстасады.
|
Достық, сыйластық, бірін-бірі қабылдау, эмоцияны
сөзбен білдіру.
|
Жануар карточкалары, жұмсақ фондық музыка
(қалауыңызша).
|
|
Қорытынды. Рефлексия «Күн мен
бұлт»
|
2–3 мин
|
Тақтада «күлімдеген күн» және «бұлт» плакаттары.
Балалар смайлик-стикер таңдайды: күнге жабыстырса – «Маған ұнады,
мен … жануарын жақсы көрдім»; бұлтқа жабыстырса – «Маған аздап қиын
болды, әлі … үйренгім келеді» дейді .
|
Өз сезімін айту, сабаққа қарапайым баға беру,
рефлексия жасау.
|
«Күн» және «бұлт» плакаттары,
смайлик-стикерлер.
|