400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Жыл басына таласқан хайуанаттар

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі балаларға.Қазақша ертегілерді біліп жүруді.Балаларға жыл басына хайаунаттар туралы білімдерін кеңейту.Жыл басы тышқанның калай болганын тусіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: Сөлейді дамыту

Тақырыбы: «Жыл басына таласқан хайуанаттар»

Мақсаты: Балаларға он екі жыл атаулары туралы түсіндіру. Балаларды достыққа, бір - бірін сыйлауға тәрбиелеу. Ұйымшылдыққа, Отансүйгіштікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу

Әдіс - тәсілдері:, сұрақ - жауап, жұмбақтар жасыру, ой қозғау, ойын, қорытындылау.

Көрнекілігі: әліппе дәптер, жануарлар суреттері, слайд


Іс - әрекет бөлімдері

Педагогикалық і әрекет

Балалардың іс - әрекеті

Ынталандыру

Шаттық шеңберін ұйымдастыру

Шаттық шеңбері»

- Арайланып таң атты,

Алтын шапақ таратты

Жарқырайды күніміз

Жадырайды жанымыз

Өлең жолдарын қайталату


Ұйымдастыру

Жаңа сабақ

Өткен сабақты пысықтау

Ойыншықтар туралы тақпақ

Негізгі бөлім

Жұмбақ шешу

*Кішкене ғана бойы бар

Айналдырып киген тоны бар.

*Киелі бір жануар

Үстінде екі тауы бар.

*Ертемен тұрады

Бәрін айқайлап оятады.

*Екі мүйізді

Төрт аяқты

Бір шыбықты

Өзі сүтті

*Адамға серік

Күзетке берік

Балалар осыларды бір сөзбен не деп атаймыз?

«Жыл басына таласқан хайуанаттар»

Тәрбиеші ертегіні бастайды.

- Бұрынғы өткен заманда хайуанаттар жиналып, Жыл басы болуға таласыпты.

- Жылқы айтыпты: Мен алысты жақын қыламын. Күшімді болса көреді, сүтімді болса ішеді, Қылымнан арқан жіп еседі. Адамға менен пайдалы мал жоқ, жыл басы мен боламын.

Сонда түйе оған: Сен адамның жұмысын қылсаң, құлқының үшін құл болдың. Мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, неше айшылық жерлерге барамын. Аш болдым деп сен сияқты арпа, сұлы сұрамаймын. Көде, жусан жеп табылса су ішіп, табылмаса шөлге де шыдап жүре беремін. Жыл басы болуға мен лайықтымын!- деді.

Сиыр тұрып: - Адам егін ексе, жер жыртса мен керекпін. Олар сүтімді ішеді, құрт, майымды жейді, Жыл басы болуға мен лайықпын.

Ит тұрып: - Мен болмасам сендердің барлықтарыңды қасқыр жеп қояр еді, мен бақташымын..

Әтеш: - Мен жыл басымын, ерте тұрып, таң атты деп хабар беремін.

Қой: - Мен болмасам қазақ үйін немен жабар еді? Жүнімнен киіз басады, жабағымнан киім тігеді, арқан жіп еседі. Сүтімнен құрт, май алады, шаруаға менен пайдалырағың жоқ, жыл басы мен боламын.

Тышқан: - Таласқаннан еш нәрсе өнбес, жылды қарап тұралық, кім бірінші күннің көзін көрсе сол жыл басы болмақ.

Аңдар жиналып бір ойын ойнайды. Ал түйе болса ойнағысы келмей, аулақтау жерге барып ұйықтайды. Ұйықтап тұрғанша тышқан бір қулық ойлап, таң атысымен түйенің өркешіне мініп алып мен көрдім деп айқай салады. Сөйтіп жыл басы тышқан болады екен.

Ертегіні сахналау

“Сиқырлы сандық” сөздік жұмыс


Дидактиалық ойын “Төлін тап”

Сергіту кезең

Шығармашылық жұмыс

“Қошақан” бейнесін жасау

Кім тапқыр” ойын“

Тақпақты жатқа айту


Балалар іс қимылмен көрсету

Жұмбақты шешу


Хайуанат

Ойын: «Кім тез бояйды


Балалар суреттерді бояйды.

Жануарлар


Жылды қарап тұралық,

Ойын сауық құрайық.


Жыл басы деп ұғайық.

Тышқан қулық ойлайды

Келіспеске қоймайды,

Шығып алып түйенің,

Өркешімен ойнайды

Қорытындылау

Рефлекстік түзету кезеңі.

- Соны мен балалар ертегі сендерге ұнады ма? Бүгінгі оқу іс - әрекетімізде не өттік?

- Жарайсыңдар, барлығыңда жақсы қатыстыңдар. Жыл атауларын сендерге үйрену үшін беріп жібердім, жаттап алыңдар.

«Қошақан» әнін орындау

Балаладың жауаптарын тыңдау


Күтілетін нәтиже:

Білу тиіс: Жыл аттарын білу керек.

Үйрену керек: Ертегіні кейіптендіру, кейіпкердің жүрісіндегі, қимылындағы, дауысындағы ерекшелікті бейнелеу

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
838
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі