|
(Ұ) Балалар
үнтаспадан «Ертегілер» әнін
тыңдайды.
Педагог қолына
«сиқырлы таяқшаны» алып, әр баланы түрлі ертегі кейіпкеріне
айналдырады.
Балалар бірбіріне
ертегі кейіпкерлері атынан тілектер айтады: «Мен Бауырсақпын,
бірбіріңді құрметтеп жүрулеріңе
тілектеспін...
Мен Ханшайыммын,
сендерге қайырымды, сыпайы болуды
тілеймін...»
(Т) Педагог
балаларға жұмбақ жасырады.
Апанапан, ескі
шапан, Иір қобыз, жарық
жұлдыз
. (Түйе) – Қандай
ертегілерді білесіңдер, есімізге
түсірейік.
«Мен ертегіні жақсы
көремін, өйткені...» деп жағымды қасиеттерін
айтады.
–
Ертегінің соңы
жақсылықпен аяқталады.
–
Ертегіде әрқашан
қайырымдылық зұлымдықты
жеңеді.
(Ұ) Көркем әдебиет
жанры бойынша ертегімен танысамыз. Ертегіні адамдар қиял арқылы
құрастырады. Ертегідегі жануарлар адам сияқты сөйлей алуы және адам
істейтін нәрселерді істей алуы
мүмкін.
Педагог «Жыл басына
таласқан жануарлар» ертегісін ұсынады. Ертегіні оқу. Сөздік жұмыс.
Педагог балаларға ертегіде кездесетін жусан, жабағы, өркеш, бақташы
сөздеріне түсінік береді:
Жусан – дәмі ащы,
көкшіл бозғылт түсті аласа
шөп.
Өркеш – түйенің
арқасына бір не екі айыр болып тік шаншылған қомы. Жабағы деп
жылқының бір түрін айтады.
Бақташы деп мал
бағатын адамдарды айтамыз. Ертегінің мазмұнына сәйкес
сұрақта.
–
Жануарлар жылдың
басы болуға неге таласты? \
– Жылқы не
айтты?
–
Түйе не
деді?
–
Сиыр несімен
мақтанды?
–
Қой өзінің қандай
пайдасы бар екенін айтты?
–
Ит не
деді?
–
Тауық өзін қалай
айтып жеткізді?
–
Тышқан қандай қулық
жасады?
–
Түйе неге
сенді?
–
Жылды бірінші болып
не көрді?
Сергіту сәті:
(саусақтармен орындайды)
Саусақтарым,
бірбірімен амандасайық,
Саусақтардан гүл
ашайық.
Саусақтарды
ашыпжұмып,
Аә, гғ, үұ, нң,
кқ, оө дыбыстарын дұрыс
айтайық.
(Ұ) Сурет бойынша
Әліппе-дәптермен жұмыс:
–
Суреттен не көріп
тұрсыңдар?
–
Суретте ертегінің
қай сәті бейнеленген?
–
Ертегіде не туралы
айтылған?
–
Жануарлар жылдың
басы болуға неге таласты?
–
Жылды бірінші болып
не көрді?
Көптілділік: жылқы –
лошадь – horse, түйе – верблюд – camel, сиыр – корова – cow, ит –
собака – dog, тышқан – мышь – mouse (Ұ) Әліппе-дәптермен
жұмыс:
1. Суреттегі
жануарларды жыл аттары бойынша ретімен атап
үйренеміз.
2. Ертегіге қатысты
кейіпкердің қылығына баға
бер.
Бастырып сыз,
боя.
(Т) Д/ойын: «Не
қайда өмір сүреді?»
Суреттен көргендерін атап,
олардың қайда өмір сүретінін айтады. Сол жануар немесе құстарды
қайда көргендерін, ол туралы білетіндерін
әңгімелейді.
|