400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 23 материал табылды

Жыл басы,Наурыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Жыл басы,Наурыз шағын орталыққа арналған сценариі, шағын орталық тәрбиешілерге көмек ретінде салып жатырмын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жыл басы - Наурыз

Тақырыбы: Жыл басы - Наурыз
(Балалар қолдарында бәйшешек, қызғалдақ гүлдер, музыкамен кіріп, билейді.)
Жүргізуші : Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа-жыл келді. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, жаңұяларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлы мереке сіздерге бақыт, қуаныш сыйласын!

Ән: «Нұрлы көктем»
жылқы : Балалардың Наурызға арнаған тақпақтарын тыңдағым келіп тұр.
Жүргізуші : Салтымен ата –бабамның
Жаңғырды қайта заманым
Жаңа –жыл басы –бұл Наурыз
Қайырлы болсын қадамың!

Тақпақтар

Шұғыла :

Уа, халайық, халайық!
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық:

Кәмшат

Наурыз келді тамаша
Ән айтамыз таласа
Атам, әжем той тойлап
Қуанып жүр балаша
Би билейміз тамаша!
Жан:
О, ағайын, ағайын
Думанға толы маңайың
Мереке болып келіп тұр
Наурыз айы –бал айың




Алуа:Наурыз тойы –тамаша
Наурыз тойы – жаңаша
Табиғатта тамаша
Тамылжып тұр жараса
Шұғыла Наурыз келді сәніміз

Салтанатты әніміз

Ән салайық бәріміз


Жүр: Енді ортамызға ақ ниетпен, шын пейілмен, дархан көңіл, жарқын ниетпен, қызыр ата келеді. Қане, қарсы алайық. (музыка ойналады)
Барлығы амандасады: Қош келдіңіз қызыр ата!

Қызыр ата: (бата береді)
Жарқыра жайна Наурызым!
Қабағы жаудың түйілсін
Береке байлық –дәм тұзың
Халқыма мәңгі бұйырсын
Ұрпақтардың бағы болсын
Арайланған таңы болсын
Ақ батамен қол жайғанның
Тілегінің бәрі болсын!



Хормен екеуі бірге: Наурыз құтты болсын
Еліміз тыныш болсын
Ерекше заман болсын
Келер Наурыз тойына
Аман –есен жетейік!
- Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер? (арқан тартыс, көкпар, аударыспақ, қыз қуу, ақсүйек, тақия тастамақ, теңге алу, бәйге, алтыбақан, ханталапай.)
- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Ендеше, қазір біз «Көкпар» ойынын ойнаймыз. Шарты түсіндіріледі.
- «Арқан тарту» ойыны.
Екеуі сөз айтып қоштасып кетеді.







1сұрақ: Қазақтың ұлттық тағамдарын ата?
2 сұрақ: Ұлттық киімдерді ата?
3 сұрақ: Жылқының сүті қалай аталады?
4 сұрақ: Түйенің сүті қалай аталады?
- Рақмет балалар! Көп нәрсе біледі екенсіңдер.
Жүр: батыр, балаларға бата беріңіз.
Ертөстік: Берсем берейін батамды, ал тыңдаңдар, балалар!
Бата десең бастайын
Уа, халқым қол жайғын
Айналайын дарын болыңдар!
Сөнбейтұғын жалын болыңдар!
Балабақшаның нұры болыңдар! –менің жолға аттанатын уақытым келді. Сау болыңдар! – деп бір айналып шауып өтеді.

Жүр: Келген жыл сіздерге шаттық әкелсін!
Отбастарыңызға бақыт әкелсін!
Келген жыл көтеріңкі көңіл сыйласын
Отанымызға шаттық өмір әкелсін
Мерекелеріңіз құтты болсын!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22.11.2022
417
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі