Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жыл мезгілдері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жыл мезгілдері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Білім беру саласы:Шығармашылық.Таным.

Бөлімі:Сурет .

Тақырыбы: «Жыл мезгілдері»

Мақсаты:Балаларға жыл мезгілдері туралы толық түсінік алу.Суреттер бойынша әңгіме құрастыру.Жыл мезгілінің ерекшеліктерін сұрау арқылы, тақпақтар, мақал – мәтелдер сұрау арқылы сөздік қорларын молайту.

Дамытушылық:Сурет оқу қызметіне қызығушылықтарын дамыту.

Тәрбиелік:Балаларды әдептілікке, адамгершілікке, ұқыптылыққа , табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: жыл мезгілдерінің суреттері, қылқалам , тұғыр,су құйылған ыдыс, қолорамал.

Оқу қызметінің кезеңдері

Педагогтің қызметі

Балалардың қызметі





Мотивациялық -қозғаушылық


Ал,балалар тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық!- деп бізге келген қонақтармен амандасайық.

-Сәлеметсіздер ме?

-Балалар шеңбер бойына тұрып , бүгінгі күнімізге сәттілік тілейік.

Жақсы жылы лебіздерімізді айтайық.

Арайлап атқан таңымыз

Қайырлы болсын күніміз.

Шуақты күннің сәулесі,

Жайнасын бүгін жарқырап!





Балалар шеңбер бойында тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.





Ұйымдастырушылық -ізденістік

-Жарайсыңдар балалар орындарымызға отырмас бұрын әркім өзіне түстер таңдау керек.

Енді осы қолымыздағы түстер бойынша отырамыз.

-Бүгінгі ашық оқу қызметіміз жыл мезгілдері туралы болады.

-Балалар қазір мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.Бұл жұмбақтар жыл мезгілдері болады.

Аяз қысып,өрнек сызып,

Терезені торлайды.

Қарға омбығып,

Бет домбығып,

Сырғанап балалар ойнайды.

Суда мұз бар,

Жерде қар бар.

Боран борап соғады.

Бұл қай мезгілде болады?

-Жарайсыңдар балалар бұл жұмбақтың жауабы:Қыс екен.

-Балалар Қыс мезгілінің ауа райы ерекшеліктерін кім атап береді?

Қыс мезгілі туралы суретті кім әңгімелеп береді.

Ал енді қыс мезгілі туралы кім тақпақ біледі.

Ал, енді келесі жұмбағымызды тыңдайық.

Қар, мұз еріп, су көбейіп,

Сай салалар толады.

Бүршік жарып,жарық ашып,

Гүл бәйшешек басады.

Жарайсыңдар бұл жұмбақтың жауабы көктем екен.

Көктем мезгілінің ауа-райы ерекшеліктерін сұралады.Сурет бойынша әңгімелетіп,көктем туралы тақпақтар сұрайды.

-Педагог жаз мезгілі туралы жұмбақ жасырады.

Көбелектер би билеп,

Еңбекші ара бал жинап,

Балалар тоймай ойынға,

Өтеді қызық көп күндер.

Бұл жұмбақтың жауабы қай жыл мезгілі екен.

Дұрыс таптыңдар.Жаз мезгілі екен.

Сурет бойынша әңгімелету.тақпақтар сұрау.

-Келесі жұмбағымыз қай жыл мезгіне байланысты болар екен.Мұқият тыңдайық.

Шөп сарғайып,өңі тайып,

Дала нұры қашады.

Ойнау алмай,

Денең мұздап тоңады.

- бұл жұмбақтың жауабы күз мезгілі екен.

Педагог балаларға күз мезгілі туралы сурет бойынша әңгімелетеді.

-Ал енді осы күз мезгілі туралы кім тақпақ біледі.

-Балалар бір жылда неше жыл мезгілі бар екен.

-дұрыс айтасыңдар бір жылда төрт жыл мезгілі бар екен.

-Кім қыс айларын атайды?

-Кім көктем айларын атайды?

-Кім жаз мезгілін атайды?

-Кім күз мезгілін атайды?

- Енді қазір біз осы төрт жыл мезгілінің суреттерін саламыз.

Көк түсті таңдаған топ қыс мезгілінің суретін салады.

Жасыл түсті таңдаған топ көктем мезгілінің суретін салады.

Қызыл түсті таңдаған топ жаздың суретін салады.

Сары түсті таңдаған топ күздің суретін салады.

Әр топ өздерінің шеберліктерін көрсету керек.Әдемі, ұқыпты салуыңыз керек.

Ал,енді суреттеріңізді бастауларыңызға болады.

Педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Сергіту сәті:

Жел улейді у-у

Құйын келіп билейді зу-зу

Қатты ,қатты жел соқты гу-гу

Жапырақтар қол соқты ду-ду


Балалар түстер таңдайды.

Түстер бойынша орындарына отырады.




Балалар педагогті тыңдайды.








Жұмбақтың жауабы:(Қыс).



Қыс мезгілінің ауа райы ерекшеліктерін атайды.Тақпақтар айтады.

Жұмбақтың жауабы:(Көктем).


Көктем мезгілінің ауа райы ерекшеліктерін атайды.Сурет бойынша әңгімелейді.Тақпақтар айтады.



Жұмбақтың жауабы:(Жаз).

Ауа райы ерекшеліктерін атайды.Сурет бойынша әңгімелейді.

Тақпақтар айтады.


Жұмбақтың жауабы:

(Күз).






Күз туралы сурет бойынша әңгімелейді.

Күз туралы тақпақтар айтады.

Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Наурыз, сәуір, мамыр.

Маусым,шілде, тамыз.

Қыркүйек, қазан, қараша.

Балалар өздерінің түстеріне қарап сурет салуға кіріседі.





Балалар педагогті тыңдайды.




Өлең жолдарына сәйкес қимыл –қозғалыстар жасайды.



Рефлексиялық түзетушілік

Балалар бірі-бірінің суреттерін талдайды.

Балалар сендер бір жылда үйренген білімдерінің




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.01.2019
546
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі