400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жыл мезгілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Баланың ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтын тақырыбы: Жыл мезгілдері.


Сабақтың мақсаты:

«Жыл мезгілдері» туралы баланың түсінігін қалыптастыра отырып, тақырып бойынша сөздік қорын, жыл мезгілдерін бір –бірінен ажырата білуге үйрету арқылы баланың дұрыс сөйлеу тілін дамыту.

Коррекциялық:

Фонематикалық есту қабілетін, зейінін, есте сақтауын, көріп қабылдауын, диалогтық сөйлеу тілін дамыту.

Тәрбиелік:

Мейірімділікке, ұжымда өзара жұмыс жасай білуге тәрбиелеу,

Көрнекілік:

Жыл мезгілдері суреті, мезгіл көріністері бар суреттер, ноутбук, айна, дымбілместің суреті, коробка, ағаш, ермексаз қол сүлгісі.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Қазір жылдың қай мезгілі? Күз мезгілінің нешінші

айы? Оны қалай білеміз?

Үй тапсырмасы: Күзгі бақта.

Жаңа сабақ:

Ой балалар қараңдаршы! Бізге кім келді? Қызық бұл хат кімнен болды екен? Балалар дымбілмеске не болып қалды екен? Ол жыл мезгілдерін шатастырып жіберіпті ғой. Оған қалай көмектессек болады?

қалай көмектессек болады? Көрейікші қанеки коробканың ішінде не бар екен? Балалар қараңдаршы? Дымбілмес қай жыл мезгілін салып қойыпты?

Дұрыс айтасыңдар! Көктем мезгілін? Көктем мезгілінде жапырақтар сарғаймайды, құстар жылы жаққа ұшып кетпейді. Сонымен балалар дымбілместің қателігін таптық па? Қай жерден қате жіберіпті? Дұрыс айтасыңдар. Енді суретте нағыз күз айы бейнеленген. Алуан түрлі орманды, құстар жылы жаққа ұшып бара жатыр, жидек ағаштары қызыл болып тұр екен. Яғни күз айы дегенді білдіртеді ия балалар? Жарайсыңдар балалар сендер дымбілмесжіберген қателерді таба білдіңдер.

Суретпен жұмыс:

Балалар суреттен қай жыл мезгілін көріп тұрсыңдар? Жыл мезгілдері бір –біріне ұқсайды ма? Қыс айының белгілері қандай? Жазың белгілері қандай?

Дидактикалық ойындар:

«Бұл қай кезде болады?», «Күз айы бізге не алып келеді?»

Жұмбақ шешу:

Қар мұз еріп, су көбейіп,

Сай салаға толады.

Бүршік жарып, жарық ашып,

Гүл бәйшешек басады. (Көктем)

Өрік, алма, жидек, жүзім піседі,

Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз,

Дүкендерге түседі.

Астық пісіп, орақ түсіп,

Қырман дәнге толады,

Бұл қай кезде болады? (Күзде)


Суда мұз бар, жерде қар бар,

Боран борап, соғады,

Бұл қай мезгілде болады? (Қыс)


Сергіту сәті:Күн ұйықтайды

Күн оянады

Жел соқты

Жаңбыр жауды

Бұлт шатырлады

Күн ашылды

Жел басылды

Ермексазбен жұмыс: Жапырақтар мүсіндеу.

Сабақты қорытындылау:

Сабақ ұнады ма? Несімен? Жыл мезгілдері бір –біріне ұқсайды ма?

Бүгін сабақта тағы да не істедік?

Үйге тапсырма: Жыл мезгілдерінің аттарын, олардың белгілерін дәптерге жазып келу.

Күтілетін нәтиже:

Жыл мезгілдерін бір –бірінен ажырата білуді.

Қолының ұсақ моторикасымен жұмыс жасай білуді.

Тақырып бойынша әңгімелей және сипаттай білуді.



Оханова Багила Нускабеккызы Түркістан облысы, Түлкібас ауданы Психологиялық-педагогикалық

түзету кабинеті.Олигофренопедагог








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19 қаңтар
771
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі