400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Жыл мезгілдері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Балаларды жыл мезгілдері туралы әңгіме айта білуге үйрету, сөздік қорларын байыту, есте сақтау қабілеттерін арттыру, мемлекеттік тілді үйренуге қызығушылықтарын тудыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ересектер тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы


Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлім: «Қазақ тілі»

Тақырыбы: «Жыл мезгілдері»

Мақсаты: Балаларды жыл мезгілдері туралы әңгіме айта білуге үйрету, сөздік қорларын байыту, есте сақтау қабілеттерін арттыру, мемлекеттік тілді үйренуге қызығушылықтарын тудыру.

Сөздік жұмысы: қыс – зима, қар – снег, аяз – мороз, көктем – весна, ериді – тает, ұшып келеді – прилетает, ұшып кетеді – улетает, жауады – идет, ыстық – жарко, бүршік – почка, сарғаяды – желтеют, жинайды – собирают.




Әрекет

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация-

лық

қозғаушы

Балалар, бүгін ерекше күн. Бізге қонақтар келіп отыр. Олай болса, шаттық шеңберіне тұрып, қонақтармен амандасайық.

Қайырлы таң, алтын күн!

Қайырлы таң, көк аспан!

Қайырлы таң, жер-ана!

Қайырлы таң, қымбатты қонақтар!

Үлкенге де – сіз,

Кішіге де – сіз,

Бәріне де ізетпен,

Біз сәлем береміз!

Іздену-

ұйымдасты-

рушы

-Балалар, орындарыңа отыра қойыңдар. Қазір біз қызықты ойын ойнаймыз. Ойынымыз «Жыл мезгілдері» деп аталады. Кәне, жыл мезгілдерін атап беріңдерші.


-Дұрыс, балалар.

-Әр жыл мезгілінің өз түсі болады. Көк түс қай жыл мезгілі деп ойлайсыңдар?

- Ал қызыл түс ше?



-Ендеше көк түсті жерге қыс мезгіліне қатысты суреттерді жинап, қыс туралы айтып беріңдер.




-Жақсы, балалар, керемет. Қыс туралы тақпақ кім айтып береді?





-Енді қызыл түс қай жыл мезгілі деп ойлайсыңдар?

- Диана, сен жаз жайлы қай суреттерді таңдайсың? Не айтасың?

- Саша, ойынды жалғастыра қой, суреттерді таңда да, өз ойыңды айта ғой.








-Біз енді жасыл және сары түс көріп тұрмыз. Жасыл түс дегеніміз не?



-Күздің түсі қандай болады?


-Дұрыс. Ендеше сары торкөзге күз жайлы суреттерді жинап, әңгіме құрастырайық.




-Жақсы балалар, жарайсыңдар.





-Жыл мезгілдері: қыс, көктем, жаз, күз.





-Қыс мезгілі.

-Жаз мезгілі.



Балалар интерактивті тақтада суреттерден әңгіме құрастырады: «Қазір қыс. Қыс суық. қыста қар жауады,аяз, боран болады. Адамдар жылы киінеді. Олар тон, құлақшын, қолғап, пима киеді. Балалар шана, шаңғы тебеді. Аққала жасайды».



Даша:

Көкті бұлт тұмшалап,

Жер ақ тонын киеді.

Шұнақ аяз шымшылап,

Ақ бетімді сүйеді.


-Жаз.


-Жаз. Жаз ыстық. Жазда шөп ағаш жасыл болады. Әдемі гүлдер өседі.


-Жазда көбелектер ұшып жүреді.


Үшінші бала:

-Жазда жаңбыр жауады, аспанда кемпір қосақ шығады.

Бала:

-Жазда балалар күні бойы далада ойнайды. Балалар суға түседі.



-Көктем.

Бала: Көктем. Көктем жылы. Көктемде қар ериді. Ағаштар бүршік жарады. Шөп шығады, бәйшешек гүлдейді. Жылы жақтан құстар ұшып келеді.


-Сары.


Бала:

-Күз. Күз салқын. Күзде жаңбыр жауады. Жапырақ сарғаяды, жерге түседі. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Балалар мектепке барады. Адамдар астық жинайды.


Рефлексивті

коррекция-лаушы

-Жыл мезгілдері жайлы өте жақсы білесіңдер екен. Ал енді кімге қай жыл мезгілі ұнайтынын көрейік. Егер кімге жаз ұнаса, қолын соқсын.

-Кімде –кімге көктем ұнаса бір рет айналсын.

Кім күзді ұнатса, сол қол аяқтарын топылдатсын.

-Қыс кімге ұнайды, сол «Қыс тамаша!» деп айтсын.

Сабақта не үйренгендерін айтады. Өздеріне не ұнағандарын айтады.


Балалар қолдарын соғады.


Балалар айналады.


Балалар аяқтарын топылдатады.


-«Қыс тамаша!»


Күтілетін нәтиже:

Білу керек:

  • Жыл мезгілдері туралы қазақша ауызекі әңгіме айта алу.


Игеру керек:

  • Әр жыл мезгілінің ерекшеліктерін, айырмашылықтарын ажырата біледі. Табиғатты аялай білу сезімдері қалыптасады.

Меңгеру керек:

  • Меңгерген сөздерден сөйлем, әңгіме құрастыра алады. Сұрақтарға толық жауап беруді, тақырып бойынша тақпақ айтуды біледі.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
409
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі