400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жыл мезгілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Ересек «Балдырған» тобы Күні: 24.01.2020 ж. Тәрбиешінің аты-жөні: Аимбетова С.Т. Білім беру саласы: «Таным», «Әлеуметтік орта», «Коммуникация», «Шығармашылық» Бөлімдері: «Жаратылыстану», «Көркем әдебиет», «Сөйлеуді дамыту», «Аппликация». Тақырыбы: «Жыл мезгілдері» Билингвальды компонент: қыс – зима – winter, көктем – весна – spring, жаз – лето – summer, күз – осень – autumn Көрнекілік: суреттер, қар, күріш, түрлі – түсті қағаздар. Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап. Күтілетін нәтиже: Қайталайды: Әр жыл мезгілінің өзіне тән ерекшеліктерін білу керек; Түсінеді: Табиғатқа қамқор болуды; Қолданады: Жылдың төрт мезгілі бар екенін біледі. .
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Ересек «Балдырған» тобы

Күні: 24.01.2020 ж.

Тәрбиешінің аты-жөні: Аимбетова С.Т.

Білім беру саласы: «Таным», «Әлеуметтік орта», «Коммуникация», «Шығармашылық»

Бөлімдері: «Жаратылыстану», «Көркем әдебиет», «Сөйлеуді дамыту», «Аппликация».

Тақырыбы: «Жыл мезгілдері»

Билингвальды компонент: қыс – зима – winter, көктем – весна – spring, жаз – лето – summer, күз – осень – autumn

Көрнекілік: суреттер, қар, күріш, түрлі – түсті қағаздар.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Күтілетін нәтиже:

Қайталайды: Әр жыл мезгілінің өзіне тән ерекшеліктерін білу керек;

Түсінеді: Табиғатқа қамқор болуды;

Қолданады: Жылдың төрт мезгілі бар екенін біледі.

Ұйымдастырлған оқу қызметінің өткізілу барысы:

  1. Ұйымдастыру-қозғаушы қызметі. Түрі.

Мақсаты: Балалардың қызығушылығын, байқағыштығын дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру. Балаларға табиғаттағы құбылыстар жөнінде жалпыма және нақты түсініктерді қалыптастыру.

«Жыл он екі ай» ертегісінің мультфильмі көрсетіледі.

«Жыл мезгілдері» тақырыбында слайд.

  1. Ұйымдастыру-іздестіру.

Мақсаты: Жылдың төрт мезгілін айыра білу дағдыларын бекіту.

  • Бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы «Жыл мезгілдері».

  • Жұмбақ жасыру.

  • Суреттер арқылы топқа бөлінеді.

№ 1 топ – Қыс – табиғи қармен жұмыс

№ 2 топ – Көктем – суреттерді құрастыру

№ 3топ – Жаз – түрлі түсті қағазбен жұмыс

№4 топ – Күз – күрішпен жұмыс

Әр топ өз мезгілдерінің ерекшеліктері туралы әңгімелейді.

- Балалар мен сендерге жыл мезгілдері туралы жұмбақ өлең оқимын, ал сендер өлеңде қай жыл мезгілі суреттелгенін тауып алыңдар.
Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы, коньки тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
(Қыс)

(Слайдтан қыс мезгілінің суреті шығады, сурет арқылы әңгімелету)

Балаларға қыс туралы сұрақтар қою.
- Қыста қандай өзгерістер болады?
- Қыс мезгілі ұнай ма?
- Сендер қандай ойын ойнайсыңдар?
- Қыста қандай мереке бар?
- Қыс туралы кім тақпақ біледі.
(1 - 2 бала тақпақ айтады)
- Жақсы, енді келесі жұмбақ - өлеңді тыңдаңдар.
Бұлтты айдай желдеткен,
Нөсерлеткен, селдеткен,
Шалшық кешіп ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Көктем)
(Слайдтан көктем мезгілінің суреті шығады, сурет арқылы әңгімелету)

- Көктем мезгілінің айларын кім атап береді?
- Көктемде табиғатта қандай ерекшеліктер болады?
- Көктемде қандай мерекелер бар?
- Көктем туралы кім тақпақ біледі.
(1 - 2 бала тақпақ айтады)
- Балалар сендер шаршап қалған шығарсыңдар, орнымыздан тұрып сергіту жаттығуын жасайық.
(Музыкамен сергіту жаттығу)
- Енді келесі өлеңді тыңдаймыз.
Қойының толы жеміске,
Көк майсалы егісте,
Көбелек қуып ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Жаз)

(Слайдтан жаз мезгілінің суреті шығады, сурет арқылы әңгімелету)

- Қараңдаршы балалар, суретте не көріп отырсыңдар?
- Жазда табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Жаз айларын кім біледі?
\Балалардың жауаптары\
- Ал енді соңғы жұмбақ.
Жиып - теріп болатын,
Қамбаға астық толатын,
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?(Күз)
(Слайдтан күз мезгілінің суреті шығады, сурет арқылы әңгімелету)

- Ал күз айларын кім біледі?
- Күзде табиғатта қандай ерекшеліктер болады?
- Күз туралы тақпақ білесіңдер ме?
(1 - 2 бала тақпақ айтады)


Сергіту сәті:


- Күз бізге тосын сый тастап кетіпті. Жемістердің дәмін ажырату.
«Тірі және өлі табиғат» ойыны.
- Балалар, сендер жыл мезгілдерін таптыңдар, енді «Тірі және өлі табиғат» деген ойын ойнап жіберейік. Бұл ойында мен тірі табиғатты айтқанда қол шапалақтайсыңдар, ал өлі табиғатты айтқанда аяқтарыңмен топылдатасыңдар. Дөңгеленіп тұрайық.
- Қарлығаш.(Қол шапалақтау)
- Тау.(Аяқпен топылдату)
- Ағаш. (Қол шапалақтау)
- Күн. (Аяқпен топылдату)
- Қоян. (Қол шапалақтау)
- Су. (Аяқпен топылдату)

Рефлексивті-түзетушілік.

Мақсаты: Табиғатты қорғауға, оның сұлулығын сезіне білуге тәрбиелеу.

- Жыл мезгілдерінің бір – бірінен ерекшеліктері қандай ?


- Сұрақтарға жауап беріп, алған әсерлерімен бөліседі. Балаларды мадақтайды.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 қаңтар
757
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі