Ақтөбе
облысы,Мұғалжар ауданы
Қайыңды
ауылы «Шапағат»бөбекжай-бақшасы»
тәрбиеші
Шарафиева Динара Равхатовна
Тақырыбы:
«Жыл мезгілдері.»
Білім
беру саласы:
«Таным»
Білім
бөлімі:
«Экология»
Мақсаты:Мектеп
жасына дейінгі балаларды жыл мезгілдерімен
танысытырып,жыл мезгілдеріне тән
ерекшеліктерді бір-бірімен салыстыра
отырып ажырата білуге үйрету. Есте
сақтау қабілеттерін,білімін
дамыту.Балалардың байланыстырып сөйлеу
дағдыларын жетілдіру.
Әдіс-тәсілдері:Түсіндіру,сұрақ-жауап,таныстыру.
Көрнекі
құралдар:Плакат-суреттер,сиқырлы
сандықша,үлестірмелі материалдар.
Шаттық
шеңбері:
Жаздай
жадыраймыз,
Күндей
күлімдейміз.
Жұлдыздай
жарқыраймыз!
Бүгінгі
сабағымыз жақсы өтсін десек үш рет
шапалақтаймыз!
Тәрбиеші:
Балалар,мен
сіздерді қаттыжақсы көремін,себебі
сендер өте сүйкімдісіңдер,ал сіздер
мені жақсы көресіңдер ме?
Балалар:Иа,апай
сізді жақсы көреміз.
Тәрбиеші:Ал,балалар
сіздер бір-біріңді жақсы көресіңдер
ме?Бір-бірлеріңмен доссыңдар
ма?Ендеше,бір-бірімізді қатты-қатты
құшақтаймыз.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар,балалар
орындарымызға отыра қойайық.
Балалар,бүгін
бізде Экология сабағы.Бүгінгі сабақта
біздер жыл мезгілдерімен
танысамы.Ендеше,балалар мына суретке
назар аударайықшы
-Суреттен
не көріп тұрсыңдар? (жыл мезгілдерін)
-Күз
мезгілінде ауа-райы қандай болады екен?
(салқын болады,жапырақтардың түсі сары
болады)
-Қыс
мезгілінде ауа-райы қандай болады екен?
(дала өте қатты салқын болады,далада
аппақ қар болады,біздер аққала жасаймыз)
-Көктем
мезгілінде ауа-райы қандай болады екен?
(көктем мезгілі болғанда қар ериді,күн
жылынады)
-Жаз
мезгілінде ауа-райы қандай болады екен?
(күн өте ыстық болады,біздер суға
шомыламыз,құммен ойнаймыз)
-Жарайсыңдар,балалар,сендер
жыл мезгілдер туралы суретке қарап
әңгіме құрастырдыңдар,сендердің
білетіндерің көп екен.Енді,сендер осы
жыл мезгілдері туралы тақпақ айтып
беріңдерші.
Айзере:
Жиып,теріп
болатын,
Қамбаға
асытық толатын.
Қызыл
қырмен ойнайтын,
Қай
мезгіл деп ойлайсың? (Күз)
Жансая:
Шанамен
зырлап желетін,
Шаңғы,коньки
тебетін.
Аққала
жасап ойнайтын,
Қай
мезгіл деп ойлайсың? (Қыс)
Кемел:
Бұлтты
айдай желдеткен,
Нөсерлеткен,желдеткен.
Шалшық
кешіп ойнайтын,
Қай
мезгіл деп ойлайсың? (Көктем)
Ахмет:
Қойның
толы жеміске,
Көк
майсалы еңісте.
Көбелек
қуып ойнайтын,
Қай
мезгіл деп ойлайсың? (Жаз)
-Ой,жарайсыңдар,
балалар,бүгінігі сабаққа өте жақсы
қатыстыңдар,ендеше шаршаған болармыз
сергіту жаттығуын жасайық:
Сергіту
сәті:
Орнымыздан
тұрайық,
Алақанды
ұрайық.
Бір
отырып,бір тұрып,
Біз
шынығып алайық.
Қыста
коньки тебеміз,
Көктемде
ағаш егеміз.
Жазда
суға шомылып,
Күзде
алма тереміз!
(осы
сәтте есік тырсылдайды)
Ғажайып
сәт:
-Балалар,бұл
кім болды екен?мен барып көріп келейін.
(Тәрбиеші
есік алдынан сиқырлы сандық алып
келеді.Сандықты ашып,ішінен әр жыл
мезгіліне тән табиғат бөлшектерін
шығарады,олар:сары түсті жапырақ,жасыл
түсті жапырақ,қар және гүл.)
-Балалар,бұл
заттарды біздерге сайқымазақ тасатап
кетіпті ішіне хат жазып қалдырған
екен.Біздер бүгінгі сабақта жыл
мезгілдерімен танысып жатқандықтан
ағашқа осы заттарды әр жыл мезгілдерінің
атауын атай отырып,ілуіміз қажет
екен.Ендеше,келе қойыңдар ағашқа
жапырақтарды,гүлдерді,қарларды ілейік.
-Жарайсыңдар,балалр
бүгінгі сабаққа барлықтарыңыз белсене
қатыстыңыздар.Әр қашанда сендер осындай
білімді,кішіпейіл,ақылды болыңдар.
Жылулық
шеңбері:
Кел,балалар,күлейік,
Күлкіменен
түлейік.
Қабақ
түйген не керек,
Бақытты
боп жүрейік!