400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жыл мезгілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс жұмыс жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сыныптан тыс жұмыс жоспары


Мектеп: № 15 гимназия

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Назарбек Ж.А.

Сынып: 3 «Ә»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырыбы

Жыл мезгілдері

Мақсаттары

Жыл мезгілдерінің өзгерістеріне тұжырым жасау, табиғи құбылыстардың ерекшеліктерін зерттеп, болмысын таниды

Бағалау критерийлері

  • Күн жүйесіне байланысты жыл мезгілдерінің ауысуын біледі;

  • Өз пікірін дәлелдейді;

  • Табиғи құбылыстардың пайда болуына қорытынды жасайды

Құндылықтарды дарыту

Табиғатты қорғауға тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттік оқу, дүниетану, жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Бастапқы білім

Жыл мезгілдерінің өзгерісі мен күн жүйесіндегі планеталар, Абай Құнанбаевтың табиғат лирикасы арқылы жыл мезгілдерінің аттарын біледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған кезеңдері

Жұмыс барысында жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

4 минут





Шаттық шеңбері

Қадірлі менің досым,

Қайырлы күн болсын!

Бейсенбінің күні

Сәттілікке толсын!

«Көңілді төсбелгі» сайысы

Әр топ өз мезгілдеріне тән табиғатқа байланысты сурет салып, қорғайды

Тақырыбы: «Жыл мезгілдері»

Мақсаты: Жыл мезгілдерінің өзгерістеріне тұжырым жасау, табиғи құбылыстардың ерекшеліктерін зерттеп, болмысын тану

Слайд – 1,2





Парақтар




Слайд –3,4



Ортасы

3 минут






6 минут






















6 минут





















6 минут








Проблеммалық сұрақ

  • Жыл мезгілдерінің ауысуы неге байланысты?

Берілген модель бойынша жауап іздеу:

Күн – қолшам, жер - доп

(Жердің өз орбитасы бойымен Күнді айнала қозғалуынан жыл мезгілдері ауысады)

«Мозайка» әлемінде

Мозайка арқылы берілген суретті құрап, ребусты шешіп, сұрақтарға жауап береміз.

  • Кемпірқосақ неден пайда болады?

  • Боран неден құралады?

  • Жаңбыр қалай түзіледі?

  • Найзағай қандай құбылыс?

Бақыла. Зертте. Анықта. Талқыла.

Әр топқа керекті заттар беріледі. Берілген заттардан қандай табиғи құбылысты шығаруға болады?

Заттарды қолданып, кемпірқосақты бақылау.

Қорытынды шығару.

Қорытынды:

Ақ түстің су кристалдарымен шағылысу барысында жеті түрлі түс түзіледі.

Өмірмен байланыс.

Бұл тәжірибені күнделікті өмірде қайдан кездестіруге болады?

Білім алушының мүмкін болатын жауабы:

Жаңбырдан кейін

Дескриптор:

-Жыл мезгілдеріне тән табиғат құбылыстарды табады

-сұрақтарға жауап береді

Табиғи құбылыстарға қосымша ақпарат беріледі

«Әдеби оқылым» кезеңі

Оқушылар жыл мезгілдеріне арналған кімнің өлеңдерін білесіңдер?

Солардың бірі Абай атамыз. Абай Құнанбаев туралы бұрын естігендерің бар ма? Ол кім? Ұлы ақын, аудармашы. Абай 1845 жылы 10 тамызда Семей облысы Жидебай жерінде Шыңғыстау етегінде дүниеге келген. Негізгі хатқа түскен аты Ибраһим болса да, әжесі Зере еркелетіп «Абай» деп атап кеткендіктен, біз де солай айтып жүрміз.

Елімізде Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аталып өтуде. Соған байланысты әр мезгілге арналған өлеңдерін оқып, қоржынымызды толтырайық.

Дескриптор

  • Өлеңді нақышына келтіріп, мәнерлеп оқиды

  • Өлеңдегі негізгі ойды табу

«Қонаққа сый» топтамасы

Келген қонақтарға сұрақтар жасырып, жауап берген қонақтарға сыйлық табыс етіледі.

«Сиқырлы сандықша» ойыны

Ережесі: бірінші оқушы шығып, бір домалақ алып, жұмбақты оқиды, басқа топтан оқушылар жалауды көтеріп жауап береді. Егер дұрыс тапса сол оқушы шығып, келесі жұмбақты оқиды.

Дескриптор:

  • Жыл мезгілінің ерекшелігіне сай салады

  • Төсбелгіні таныстырады


Слайд - 5


Жіп, қол шам, доп


Слайд – 6,7


Хатқалта, желім, қағаздар




Диск, қолшам, ақ қағаз














Слайд-8
















Себет




Слайд- 9



Сандықша, жұмыртқа, жалаулар

Соңы

5 минут

Мақсатқа оралу

  • Алдымызда қай мезгіл келе жатыр?

  • Көктем мезгіліндегі табиғаттағы ерекшелік.

  • Құстар жылы жақтан ұшып келеді. Берілген шарлардағы көгершіндерге сабақтан алған әсерлеріңді жазыңдар.

Көңіл-күй күлегештерін ілу.

Қорытынды: топтар бойынша медальдар саналады.

Жеңіске жеткен топ марапатталады.

Шарлар мен парақшалар

Слайд-10




Төрт жыл сайын бір айналып келетін 366 күні бар жыл қалай аталады?



Күз мезгілі несімен көрікті,бұл мезгілде қай түс басым болады?





Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қашады.




Ақ көбелек қонды,
Құстар енді тонды.

































№ 15 гимназия









«Жыл мұғалімі – 2020»

Тақырыбы: Жыл мезгілдері





Сынып: 3 «Ә»

Мұғалім: Назарбек Жадыра Абаевна

























13.02.2020 жыл


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
819
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі