400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жыл мезгілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
ТРИЗ әдісі арқылы ойлау,қиялдау,сөйлеу мәдениетін дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық ұйымдастырылған оқу қызыметі

Екінші кіші топ

Тәрбиеші: Джораева Роза Бимаганбетовна.

Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным», «Әлеуметтік орта»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту,Көркем әдебиет,Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру,Экология негіздері.

Тақырыбы:«Жыл мезгілдері»

Мақсаты:Балалардың жыл бойы алған білімдерін тиянақтап,қортындылау. Жыл мезгідерін ажыратып айта білуге,жыл мезгілдерін суреттеп,әңгімелей білуге пысықтау, сөздік қорларын байыту.(ТРИЗ) «Жаңа ертегі» құрастыру әдісі арқылы ойлау,қиялдау,сөйлеу мәдениетін дамыту.Табиғат көрінісін сипаттай білуге дағдыландыру. Ұсақ қол қимылдарын дамыту.

Көрнекілік құралдар:Лулия шеңбері,жыл мезгілдерінің және оның құбылыстарының суреттері,слайд,сергіту сәтінің видеосы,түрлі- түсті геометриялық пішіндер.

Билингвальды компонент: жыл мезгілдері-времена годы,көктем-весна,жаз- лето, күз-осень,қыс-зима.

Сөздік жұмыс: «Қайырымды бұлт»

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті


Балалардың әрекеті


Мотивациалық ойды ояту


Шаттық шеңбер

Біз ерекше баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Достарымды көргенде,

Қуана қарсы аламыз!

Сәлем,сәлем,достар,қонақтар!

-Сәлеметсіңдер ме,баларар!

-Сәлеметсіздер ме,қонақтар!


Балалар шаттық шеңберде тұрып, қайталап айтады.


Ұйымдастыу ,іздестіру кезеңі


-Балалар,бүгінгі біздің ашық ұйымдастырыл-ған оқу қызметіміздің тақырыбы: «Жыл мезгілдері».

- Балалар,бір жылда неше мезгіл бар?

- Қазір қандай мезгіл?

- Жыл мезгілдерін сипаттап беріңдерші?

- Жарайсыңдар,балалар!

Билингвальды компонент: жыл мезгілдері-времена годы,көктем-весна,жаз- лето, күз-осень,қыс-зима.

-Балалар,енді сендермен «Орнын тап?» ойынын сиқырлы сағатпен ойнайық.

Мақсаты:Шеңбердегі жыл мезгілдерінің суреттері мен құбылыстарды сәйкестендіре отырып,сөз тіркестерін,жай сөйлемдер құрап үйрену.

Шарты:Берілген суреттер бойынша сұрақтарға жауап бере отырып,суреттерді сағаттың тілімен қосу.

-Жарайсыңдар,балалар!

-Балалар,естеріңе түсіріңдерші біз жыл бойы қандай ертегілер оқыдық?

-Жарайсыңдар!Ендеше «Қайырымды бұлт» ертегісін еске түсірейік.(слайдқа назарларын аударады,ертегі авторларын еске түсіреді)

Сөздік жұмыс: «Қайырымды бұлт» сөздерінің мағынасын түсіндіреді.

ТРИЗ) «Жаңа ертегі құрастыру» ойыны.

-Балалар,алдымен кейіпкерімізге ат қояйық.

Слайдта көрсетілген суретке қарап,балалар жаңа ертегі құрастырады.

Таңертең анасы баласына:

-Тез киін! Бүгін күн ерекше шуағын төгіп тұр.Серуендеп қайтайық!-деді.

Осы кезде аспанды аяқ астынан бұлт торлайды. Қыдыруға көңілі кеткен бала бар жоспарын бұзған бұлтқа ренжіп қалады.

-Аспаннан кетші! Сен маған қыдыруға кедергі жасап тұрсың!

Мұны естіген бұлт төменірек ұшып келіп,бала ның терезесіне үңіледі:

-Қыдырғың келе ме? Жүр, мен сені аспанды аралатып қайтайын.

Бала қуанып,бұлтқа секіріп мініп алады.

-Балалар,ары қарай ертегіні өзіміз құрастырайық!

Сергіту сәті.
- Балалар,біз жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін айттық,ертегі құрастырдық.Енді,біз осы мезгілдерге түстерді таңдап берейікші!

1.Көркем:

Бақшаларға гүл егіп,

Жемістерді тереміз.

Дала жасыл түске еніп,

Жасыл көктем келеді.

Көктем мезгіліне жасыл түсті таңдаймыз.

2.Әлинұр:

Жазды күні шілдеде,

Жеміс пісіп толады.

Қызыл-жасыл гүлдерге,

Көбелектер қонады. Жаз мезгіліне қызыл түсті таңдаймыз.

3.Айда:

Сап сары маңай,Сап сары тоғай,Сап сары болып, Жапырақтар жүр ойнап. Күз мезгіліне сары түсті таңдаймыз.

4.Қыдырәлі:

Айналаға қараңыз,

Аппақ бопты даламыз.

Аппақ тонды киіп ап,

Ауламызға қараңыз.

Қыс мезгіліне ақ түсті таңдаймыз.

-Жарайсыңдар,балалар! Түстерді таңдап алдық.

«Түсін тауып,пішінін ата!» ойын ойнайық.

Мақсаты:Жыл мезгілдеріне сәйкес қызыл, жасыл,сары,ақ түсті геометриялық пішіндерді ажыратып айтуды пысықтау.

-Төрт жыл мезгілі бар.

-Көктем мезгілі. 

-Көктемде жаңбыр жауады.

-Жазда күн ыстық болады.

-Күзде жел соғады.

-Қыста қар жауады.

1.Нұрәли:

Күн жылынып,қар ериді. Жылғалардан су ағады. Ағаштардан бүршік атады. Құстар ұшып келеді. Шөптер өсіп,гүлдер шығады.

2.Мұстафа:

Жазда күн ыстық болады. Жеміс-жидектерпіседі. Адамдар жеңіл киім киеді.

3.Жұлдыз:

Күзде күн суиды,жиі жаң

быр жауады.Жапырақтар

сарғайып жерге түседі. Адамдар егіндерін орып,

астықтарды жинайды.

4.Раяна:

Қыста күн суық болып , боран соғады.Аяз болып, сулар мұз болып қатады. Қар жауады. Адамдар жылы киімдерін киеді.

-«Шалқан», «Үйшік»,

«Бауырсақ», «Қолғап», «Маша мен аю», «Қайырымды бұлт».

-Мейірімді,жақсы, көмектеседі.




Ертегіні еске түсіреді.

Балалар ертегі кейіпкеріне ат қояды.






Суретке қарап ертегіні жалғастырып құрастырады.


Балалар сергіту сәтін видео слайдтан көре отырып орындайды.













-жасыл түсті ұшбұрыш.

-қызыл түсті төртбұрыш

-сары түсті дөңгелек.

-ақ түсті сопақша

Рефлекциялық түзетушілік


 -Жарайсыңдар,балалар!

-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

-Біз қандай ойындар ойнадық?

-Қандай ертегі құрастырдық?

-Жыл мезгілдеріне қандай түстерді таңдадық?

-Бүгін сендер ашық ұйымдастырылған оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар.Сендерге сабаққа жақсы қатысқандарың үшін мына көңіл-күй смайликтерді сыйға беремін.

Ал енді, балалар, бәріміз қонақтармен қоштасайық.Сау болыңыздар!

Балалар сұрақтарға жауап беріп, қоштасады.


Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы
Cау-саламат болайық.

Күтілетін нәтиже:

1. Нені білу керек: Жыл мезгілдерін ажыратып, табиғат көрінісін сипаттай біледі

2. Нені игереді: (ТРИЗ)әдістері арқылы, тіл дамытуға арналған ойындар арқылы сөз тіркестерін құрауды.

3. Нені біледі: Берілген суреттер арқылы «Жаңа ертегі» құрастырады.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 мамыр
697
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі