400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жыл мезгілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың мезгіл жәйында ұғымдарын кеңейту. Тілдерін дамытып, сөздік қорларын молайтумен бірге еске сақтау қабілеттерін қалыптастыру, берілген сұрақтарға нақты жауап беруге үйрету. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: Балалардың мезгіл жәйында ұғымдарын кеңейту. Тілдерін дамытып, сөздік қорларын молайтумен бірге еске сақтау қабілеттерін қалыптастыру, берілген сұрақтарға нақты жауап беруге үйрету. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.

Әдіс тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ жауап, ойын.

Көрнекі құралдары: Түрлі түсті құм, табиғат құбылыстарының суреттері, желім.

Мотивациялық- қозғаушылық

Музыка әуенімен балалар билеп кіреді.

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балала. Сендердің көңіл күйлерің жақсы екен. Осы көңіл күймен келген қонақтармен амандасайық.

-Балалар амандасады.

Ұйымдастырушылық- ізденушілік

Тәрбиеші: Балалар сендер бір дыбыс естіп тұрсыңдар ма?

Балалар: Ия естіп тұрмыз.

Таңғажайып сәт: Музыка әуенімен томпақ кіреді.

Томпақ: Сәлеметсіңдерме балалар. Мен аспан әлемінен келіп тұрмын. Түсінбей тұрмын бұл қай жер.

Тәрбиеші: Сәлеметсізбе Томпақ. Қош келдіңіз. Бұл балабақша.

Томпақ: Ой балалар мен қатты тоңып тұрмын.

Тәрбиеші: Себебі бізде қыс мезгілі.

Томпақ: Мезгіл деген не?

Тәрбиеші: Балалар олай болса Томпаққа төрт жыл мезгілі туралы айтып берейік. Балалар бір жылда төрт жыл мезгілі бар. Балалар кәне бірге атайықшы. Күз, қыс, көктем, жаз. Қазір осы төрт жыл мезгілінің құбылыстарын мына төрт терезеге орналастырамыз. Қазір жылдың қай мезгілі.

Балалар: Қазір қыс мезгілі.

Тәрбиеші: Олай болса бірінші терезеге қыс мезгілінің құбылыстарын орналастырып алайық. Осылай қалған үш мезгілді орналастырып шығамыз.

Тәрбиеші: Әрі қарай осы жыл мезгіліне байланысты тапсырмалар орындайық.

1 тапсырма: Мезгілге байланысты киіну.

Тәрбиеші: Томпақ біз ауа райына байланысты төрт жыл мезгіліне төрт түрлі болып киінеміз.

Сергіту сәті:

2 тапсырма.

Тәрбиеші: Балалар Томпаққа жыл мезгіліндегі құбылыстарды әсемдеп көрсетейік.

Осы кезде балалар алдарында тұрған құммен табиғат құбылыстарын әсемдеп бейнелеп шығады.

Томпақ: Балалар сендерге көп рахмет мен жыл мезгілдері туралы көп нәрсені ұғындым. Бірақ балалар мынау кім мен түсінбей тұрмын.

Жер ана: Сәлеметсіңбе Томпақ мен Жер анамын. Балалар мен сендердің орындаған тапсырмаларыңды көріп бақылап отырмын. Сендердің қолдарыңнан көп нәрсе келеді екен. Ендеше сендер маған көмектесе аласыңдар ма?

Балалар: Жер ананың тапсырмасын орындайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Қорытынды.

Жер ана: Балалар егер сендер мені осылай ұқыпты таза ұстасаңдар, менен осындай әсем гүлдер шығады. Сендер осы гүлдерді келген қонақтарға тілектеріңді айтып беріп шығың.


Күтілетін нәтиже:


Нені білуі керек: Балалар мезгіл жәйында;

Нені игеру керек: Тапсырмаларды орындауды;

Нені меңгерді: Сұрақтарға нақты жауап беруді.





































«Болашақ»бөбекжайы»МКҚК










Аудандық семинар


Білім беру саласы: «Коммуникация», «Әлеумет»,«Шығармашылық».

Оқу іс-әрекеті: «Сөйлеуді дамыту», «Қоршаған орта»,«Ән-саз».

Тақырыбы: Жыл мезгілдері












Өткізген: Ж.Ниязова


















28 ақпан, 2019 ж

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
242
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі