"№46 "Балбұлақ" бөбекжайы"
МКҚК
"Келісілді"
Әдіскер__________А.Р. Кобланова
15.05.2024 жыл
Сөйлеуді дамытудан ІІІ тоқсандық есеп беру оқу іс-
әрекеті
Тақырыбы: "Жыл
мезгілдері"
№6 «Айгөлек» ортаңғы
тобы
Дайындаған:
Аршеева Ж.Х.
Ақтау қаласы, 2024ж
Тақырыбы: "Жыл
мезгілдері"
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың
жыл мезгілдері
туралы
түсінігін кеңейту. Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері
туралы әңгімелеу.
Жыл мезгілдері туралы білімдерін
бекіту.
Дамытушылық: Жыл
мезгілдерін ажырата білуге үйрету.
Сөздік қорын молайту, есте
сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды мейрімділікке және
табиғатты
аялауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Жыл мезгілдерінің
суреті, бөлінген суреттер, түтікше, ылғал майлықтар,гуашь, гүлдің
сабағы салынған суреттер.
Сабақтың
барысы:
Мотивациялық-қозғаушылық.
Балалар музыкамен залға
кіреді. Жарты шеңберге
тұрады.
Тәрбиеші:
-Балалар, бүгін бізге қонақтар
келіпті, қане амандасайық!
-Сәлеметсіздер
ме!
Балалар барлығымыз бірге шаттық шеңберіне
тұрайық.
Шаттық
шеңбері:
Кел, балалар,
күлейік!
Күлкіменен
түлейік!
Қабақ түйген не
керек?
Көңілді боп
жүрейік.
-
Жарайсыңдар
балалар.
-
Балалар казір жылдың қай
мезгілі?
-
Қазір жылдың көктем
мезгілі.
-
Бір жылда неше жыл мезгілі
бар?
-
Бір жылда төрт жыл мезгілі
бар.
-
Барлығымыз бірге
атайықшы.
-
Күз, қыс, көктем,
жаз.
-
Көктем мезгілінде неше ай
бар?
-
Көктем мезгілінде үш ай
бар.
-
Қәне, бірге
атайықшы.
-
Наурыз, сәуір,
мамыр.
-
Қәзір қай
ай?
-
Мамыр
айы.
-
Көктем мезгілінде ауа-райы қандай
болады?
-
Көктем мезгілінде ауа-райы жылы, жаңбырлы
болады. Ағаштар бүршік
атады.
-
Бүгін ауа-райы
қалай?
-
Бүгін ауа-райы
жаңбырлы.
-
Жарайсыңдар балалар. Балалар олай болса
жылдың төрт мезгілі туралы әңгіме айтайық. Мына суретте қай мезгіл
бейнеленген?
-
Күз
мезгілі.
-
Күз мезгілі туралы толық
айтайықшы.
-
Күз мезгілінде ауа-райы салқын болады.
Жапырақтар сарғайып жерге түседі. Жемістер мен көкөністер
піседі.
-
Ал мына суретте қай жыл мезгіл
бейнеленген?
-
Қыс
мезгілі.
-
Қыс мезгілі туралы толық
айтайықшы.
-
Қыс мезгілінде ауа-райы салқын болады. Қар
жауады. Қармен әртүрлі ойындар ойнаймыз. Шана тебеміз. Қалын
киімдер киеміз.
-
Ал мына суретте қай жыл мезгіл
бейнеленген?
-
Көктем
мезгілі.
-
Көктем мезгілі туралы толық
айтайықшы.
-
Көктем мезгілінде ауа-райы жылы болады.
Жаңбыр жауады. Жаңбырдан кейін кемпірқосақ шығады. Ағаштар бүршік
атады. Құстар ұшып
келеді.
-
Ал мына суретте қай жыл мезгіл
бейнеленген?
-
Жаз
мезгілі.
-
Жаз мезгілі туралы толық
айтайықшы.
-
Жаз мезгілінде ауа-райы ыстық болады. Теңізге
түсеміз.
-
Жарайсыңдар балалар. Балалар олай болса ойын
ойнайық.
І. Дидактикалық
ойын «Суретті құрастыр»
Шарты: Балалардың алдына бөлінген
суреттер беріледі. Балалар суретті құрастыру
керек.
Сергіту
сәті:
Тербеледі
ағаштар,
Алдымен жел
еседі.
Кіп-кішкентай
балалар,
Биік болып
өседі.
ІІ. Дидактикалық ойын
«Гүлдің әсемде»
Шарты: Балалардың алдына гүлдің
суреті беріледі. Балалар гүлдің суретін толықтырып салу
керек.
Тәрбиеші:
- Жарайсыңдар балалар. Тапсырманы жақсы
орындадыңдар.
ІІІ. Логикалық ойын «Ия,
жоқ»
Шарты:
Балаларға әр түрлі сұрақтар қойылады. Балалар
сұрақтарға дұрыс жауап беруі
керек.
-
Көктем мезгілінде жаңбыр жауады ма?
Ия
-
Қыс мезгілінде теңізге түсуге болады ма?
Жоқ
-
Көктем мезгілінде құстар бізге қайта оралады
ма? Ия
-
Жаз мезгілінде қар жауады ма?
Жоқ
-
Жаңбырдан кейін кемпірқосақ шығады ма?
Ия
-
Жаз мезгілінде қалың киімдер киеміз бе?
Жоқ
-
Күз мезгілінде жапырақ сарғаяды ма?
Ия
- Жарайсыңдар балалар. өте ақылды,
білімдісіңдер. Сұрақтарға дұрыс жауап
бердіңдер.
ҚОРЫТЫНДЫ
Ұйымдастырылған іс-әрекетті пысықтау,
балаларды мадақтау.
Сіздерге бүгінгі оқу іс-әрекеті ұнады
ма?
Олай болса балалар біз бүгін қандай тақырыпта
сабақ өткіздік?
-Балалар, сендер бүгін
тамаша ойнадыңдар! Қандай ойын болды?
- Жыл мезгілдерінің қандай ерекшеліктері
бар?
Жарайсыздар балалар! Бүгінгі сабаққа жақсы
қатыстыңыздар.(Мадақтайды)
Тәрбиеші: - Балалар сіздерге бүгінгі оқу
іс-әрекеті ұнағанына қуаныштымын. Қонақтармен
қоштасайық.