Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Жыл мезгілдері"

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі мекеме
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Маусымдар»

Білім беру саласы: Қатынас, Таным, Шығармашылық.

Бөлімі: Тіл дамыту, ҚОТ, Сурет салу.

Мақсаты: Балалардың жылдық білімдерін қорытындылау. Білімдерін тиянақтау. Жыл мезгілдерін ажырата білуге, әр мезгілдің ерекшелігін танып білуге бағыт беру, ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту. Танымдық қабілеттерін арттыру. Қоршаған ортаны сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: Суреттер, жыл мезгілдерінің бөліктері , жануарлардың дауысы, т.б.

Сөздік жұмыс: Қыс, көктем, жаз, күз, жануарлар, төлдер,

Шаттық шеңбер:

Қайырлы таң,

Ормандар мен далалар,

Қайырлы таң,

Достасқан бар балалар,

Қайырлы таң,

Біздің балабақшамыз,

Қайырлы таң.

Жора жолдас , ұл мен қыз

Сәлеметсіздер ме Апайлар!


Тәрбиеші: Балаларға шар туралы жұмбақ жасыру:

Ұшамын мен қалықтап,

Қолың жетсе ашып бақ,

Қызыл, жасыл түсім бар.

Соңымнан қәне ұшыңдар.

Балалар: Шар

(Балаларды отырғызу).

Ғажайып сәт: Есікті тоқылдатады, есікте төрт түсті шарды көреді.

Тәрбеші: Балалар ,қараңдаршы есікті ашсам ешкім жоқ, бірақ бізге тосын сыйға шарларды тастап кетіпті. Бұлар жәй шарлар емес, сиқырлы шарлар сияқты. Бұлар неге түстері төрт түрлі қалай ойлайсыңдар?

Тәрбиеші: Балалар бір жылда неше жыл мезгілі бар?

Балалар: Төрт жыл мезгілі бар

Тәрбиеші: Қәне кім атап бере алады?

Балалар: Қыс, көктем, жаз, күз.

Тәрбиеші: Ал, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Қазір жылдың көктем мезгілі

Тәрбиеші: Көктем мезгілінде неше ай бар?

Балалар: Наурыз, сәуір, мамыр.

Тәрбиеші: Балалар міне мына төрт шарда осы төрт жыл мезгілін білдіретін сияқты.

Кәне балалар қай түсті шарды таңдаймыз?

Балалар: ақ түсті

Тәрбиеші: Балалар ,қараңдашы шардың ішінде бір зат бар сяқты жарып көремізбе? (шарды жарады, )

1-тапсырма Жұмбақтар жасыру:

Аяз қысып, өрнек сызып,

Терезеңді торлайды.

Бөбектерім айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

Балалар: Қыс мезгілі?


Қыста ғана болады ,

Ұстасаң қолың тоңады?

Балалар: Қар

Тәбиеші: Балалар , қар қандай?


Зулап түстім төменге,

Менсіз шықпас төбеге.

Балалар: Шана

Тәрбиеші: Қыс мезгілінде неше ай бар?

Балалар: Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Тәрбиеші: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін кім айтады?

Балалар: қыста күн суық болып, боран соғады. Аяз болып, сулар мұз болып қатады.Қар жауады. Адамдар жылы киімдерін киеді. Балалар аққала жасап ойнайды.

Тәрбиеші: Иә өте жақсы , ал қыс туралы тақпақ кім айтып береді?


Бір топ бала сырғанап,

Барады әне жарысып.

Қалды артына қыр алап,

Іздерінен қар ұшып,

Жаңылтпаш:

Қар аппақ,

Дала аппақ,

Бәрі аппақ

Қарап бақ

Тәрбиеші: Келесі сары шарды көрсету ? Бұл түс қандай жыл мезгілін білдірді?

Балалар: Күз мезгілін білдіреді.

Себебі күзде ағаштардан сары, қызыл, қоңыр, жапырақтар ұшып жерге

түседі. Жер беті сары кілемге ұқайды екен.

Дұрыс айтасыңдар. Күз мезгілінің ерекшеліктері жайлы кім айтып береді.

Күз мезгілінде неше ай бар ?

Балалар: үш ай бар (Қыркүйек, қазан, қараша)

Тапсырма: Ендеше алдарыңда жемістер мен көкөністер сипаттама беріп атап шығыңдаршы.

Д:О: «Жемістерді ата?»

Тәрбиеші: Балалар қалай ойлайсыңдар неге күз жомарт де атаймыз?

Балалар: Күз мезгілінде жемістер мен көкөністер пісіп, қамба астыққа толады.

Жасыл шарды көрсету. Бұл түс шөптердің түсі сияқты .

Табиғат көктемде оянып, жер беті жасыл шөпке толады. Ағаштар бүршік жара бастайды. Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді?

Балалар: Көктем мезгілі

Ал ендеше шарды жарып көрейік, бұл шарда қандай тапсырма бар екен.

Шарды жарады ішінен (үй жануары қой болады)

Балалар қараңдаршы мынау қандай жануар?

Балалар: Үй жануары қой

Д:О: «Даусынан таны»

Үнтаспада үй жануарлардың дыбысы естіледі.(балалар қай жануардың даусы екенін тауып, тақтаға сол жануарды іледі).

Ән: «Көктем»

Қызыл шарды көрсетеді. Қызыл түс қандай жыл мезгілін білдіреді?

Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады?

Балалар: Жаз мезгілінде

Ендеше сендерге бір шумақ өлең оқығым келеп тұр, мұқият тыңдаңдар.

Қызыл жасыл гүл егіп,

Баптап, күттік түрлеттік.

Қалмасын деп қуарып,

Апта сайын суардық.

Гүлдендірдің ауланы,

Аулада гүл қаулады.

Ал, балалар өлең не жайлы айтылған .

Гүлдер жайлы жаз мезгілінде гүлдердің жайқалатын кезі. Ендеше, біз қазір жайқалған гүлдер дестесін салуға шақырамын.

Тәрбиеші: Балалар бүгін жақсы жұмыс істедіңдер сендерге көп рахмет!

Қонақтармен қоштасу.










































Тақырыбы: «Маусымдар»










11 ортаңғы топ

Тәрбиеші: Молдахметова Ф. Н.


















1-тапсырма Жұмбақтар жасыру:

Аяз қысып, өрнек сызып,

Терезеңді торлайды.

Бөбектерім айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

Балалар: Қыс мезгілі?


Қыста ғана болады ,

Ұстасаң қолың тоңады?

Балалар: Қар

Тәбиеші: Балалар , қар қандай?


Зулап түстім төменге,

Менсіз шықпас төбеге.

Балалар: Шана

Тәрбиеші: Қыс мезгілінде неше ай бар?

Балалар: Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Тәрбиеші: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін кім айтады?

Балалар: қыста күн суық болып, боран соғады. Аяз болып, сулар мұз болып қатады.Қар жауады. Адамдар жылы киімдерін киеді. Балалар аққала жасап ойнайды.

Тәрбиеші: Иә өте жақсы , ал қыс туралы тақпақ кім айтып береді?


Бір топ бала сырғанап,

Барады әне жарысып.

Қалды артына қыр алап,

Іздерінен қар ұшып,

Жаңылтпаш:

Қар аппақ,

Дала аппақ,

Бәрі аппақ

Қарап бақ






















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
1260
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12