жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жыл мезгілдері жануарларға қалай әсер етеді?
|
Сабақ: Жаратылыстану Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері жануарларға қалай әсер етеді? |
№52 мектеп-лицейі |
|
|||||
|
Күні: |
Оқытушының аты-жөні: Абсадыкова Халида |
|
|||||
|
Сынып:1 «А» |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар: |
|
||||
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
1.2.2.3 Жыл мезгілдерінің ауысуына жануарлардың бейімделуін дайындығын түсіндіру. 1. 1.2.1 Қоршаған орта құбылыстарына бақылау жасау. |
|
|||||
|
Бағалау критерийі |
Оқушылар Қазақстанның жануарлары мен құстарының қоныс аударуы/қысқы ұйқыға кетуі туралы біледі. |
|
|||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады: - сөздерді суреттермен дұрыс сәйкестендіреді; - қысқы ұйқыға кететін жануарды анықтайды. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: - жыл мезгілдерінің ауысуына қатысты тиіннің тіршілігін әңгімелейді; - қысқа қорек жинайтын жануарды анықтайды. Кейбір оқушылар орындай алады: - жыл мезгілдерінің ауысуына қатысты жыл құстарының және аюдың тіршілігін сипаттайды; |
|
|||||
|
Тілдік мақсат |
Қоныс аудару,ұйқыға кету |
|
|||||
|
Алдыңғы білім |
- Жануарлардың қандай түрлері болады ? - Үй жануарларының пайдасы қандай? |
|
|||||
|
Жоспар |
|
|
|||||
|
Жоспарланған уақыт есебі |
|
||||||
|
Басы 3 мин |
Психологиялық дайындық: - балалар бір сәтке көзімізді жұмып хайуанат бағында жүргенімізді елестетейік. (ширату жаттығуы) - балалар ширату жаттығуында нелердің іс-әрекет қимылдарын жасадық. -Дұрыс ендеше бүгінгі сабақта біз нелер жайында өтеміз? –Жануарлар. Алдыңғы білім тексеру. - Жануарлардың қандай түрлері болады ? - Үй жануарларының пайдасы қандай? -Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Жыл мезгілдері жануарларға қалай әсер етеді? Оқушыларды жыл мезгілдеріне қарай 4 топқа біріктіремін 1-топ-күз 2-топ-қыс 3-топ-көктем 4-топ-жаз Топ ережесімен таныстырамын 1.Тәртіп сақтау; 2.Уақытты тиімді пайдалану; 3.Басқаның пікірін тыңдау; 4.Ұйымшылдық көрсету. |
Ресурстар Оқушылар 4 топқа бөлініп отырады Топ ережесін пайдалану |
|
||||
|
Ортасы 25 мин |
4 топқа төрт жыл мезгіліне байланысты қыстың жаздан қандай айырмашылығы бар? -Жануарлар қыстада жаздағыдай тіршілік ете ала ма?-«Жоқ, себебі, шөп, жәндіктер жоқ әрі суық» -Тиін қысқа қалай дайындалады?(қор жинайды) -Қор жинайтын тағы қандай жануарларды білесіндер?(аралар, борсықтар, аламандар, сұр тышқандар) - балалар әрбір жыл мезгілінің өзіне тән ерекшеліктері болады. Жануарлар жыл мезгілдерінің ерекшеліктеріне бейімделіп отырады. 2.Зерттейік Әр топқа жем үлгілерін тарату. Адам немесе жануарлар қоректенетін азық-түліктерді қосуға болады. Түрлі жануарлар суретінің ішінен қысқа қор жинайтын жануарларды алып, артығын алып тастау қажет. Тиін жәндіктермен де қоректенеді, бірақ оны қысқа сақтау мүмкін емес, ол нанды да жейді, бірақ табиғи жағдайда оны табу қиын. (әр топ өз таңдауын түсіндіреді) -Олар қорларын қай жерде сақтайды? (көбінесе індерінің бір тармағындағы арнайы қоймаларда, аралар-омартада) 3.Құстар Құстар туралы бейнеролик көрсету. Суреттегі құстарды таныстыру. Олар туралы мәлімет беру. Көкшымшық. Адамдар тұратын жерде тіршілік етеді, қалаларда, бақшаларда және саябақтарда кездеседі. Ұсақ жәндіктермен қоректеніп, табиғатқа пайдасын тигізеді. Қыста қорек іздеп, көшіп жүреді. Оның кеудесінде қара жолақ бар. Арқасы жасыл, кеудесі мен құрсағы сары болады. Сарыайдар үйрек. Суда жүзетін өзен үйректерінің қатарына жатады. Салыстырмалы түрде мойыны және тұмсығы қысқа, шағын денелі құс. Сол түстік Қазақстанды мекендейтін жыл құсы. Бұлдырық. Тамағы, мойны мен басының екіжағы қызғылт сары. Денесінің үстіңгі жағы құм түсті. Кеудесі сарғыштау, қара жолақтары бар. Құрсағы қара. Жыл құсы. Шұбаршымшық. Тұрқы торғаймен бірдей.Жыл құсы. Арқасы қоңыр, құйрық үсті сары жасыл. Денесінің төменгі жағы және басының екі жағы қошқыл қызыл түсті. Сұр тырна. Түсі көбінесе сұр. Мойнының асты сұр. Бұл құстардың салмағы 3 кг-нан 6 кг-ға дейін жетеді. Қызыл кітапқа енгізілген, жыл құсы. (Дәптер/19-бет) Шешуін тап. Құстарды сипаттау арқылы құсты тауып, тор көзге сандарды ретпен қою. 4.Сергіту сәті. бейнероликтегі қимылды қайталау. 5.Орман жануарлары. Орман жануарлары туралы бейнеролик көрсету. Оқулықтағы екі қатардағы суреттерді салыстыру. -Бұлардың әрқайсысы қалай қоректенеді? -Олардың әрқайсысы немен қоректенеді? -Қай жануар үшін қыста азық табу қиын? -Оқушылар жануарлардың қысқы ұйқыға кетуі бұл жай ұйықтау емес, олардың ағзасының үнемдеу режіміне ауысуы. Қасқыр мен түлкі жыртқыштар. Олар қыста қорек таба алады. Бұлан –бұтақтармен және қабықпен қоректенеді. Қоңыр аю, борсық, кірпі қысқы ұйқыға кетеді. (Дәптер/18-бет) Қысқы орман. Ұйқыға кететін жануарлардың суретін боя. Қанша жануарларды боядың? Санмен жаз. 6.Сен білесің бе? Суыр өмірінің басым бөлігін ұйқымен (6 айдан-9 айға дейін) өткізеді. Біздің елімізді мекендейтін суырлар тамыздың соңында ұйқыға кетіп, наурыздың басында оянады. |
|
|
||||
|
Соңы 7 мин |
Жаңа сабақты қорытындылау. (Дәптер/19-бет) Қысқа дайындық. Суретті дұрыс сөзбен байланыстырып сызу. Суреттерді бояу. Рефлексия:
Есте сақта! Күзде жануарлар қысқа дайындалады: қор жинайды, жылы жаққа қоныс аударады, ұйқыға кетеді. |
Жыл мезгілдері суреттері |
|
||||
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
|
||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген