Материалдар / Жыл мезгілдері жануарларға қалай әсер етеді?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жыл мезгілдері жануарларға қалай әсер етеді?

Материал туралы қысқаша түсінік
1 сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2018
475
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Сабақ тақырыбы:

Жыл мезгілдері жануарларға қалай әсер етеді?

Мектеп: Жақсыбай НОМ

Күні : 12.11.2018


Мұғалімнің есімі: А.А.Сагидуллина

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны: 6


Қатыспағандар саны:0

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар:жануарлардың жыл мезгілінің ауысуына бейім­ делуін түсіндіру;


Оқушылардың басым бөлігі:қоршаған орта құбылыстарына бақылау жасау.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

  1. жыл мезгілдері, өрістейтін, ұйқыға кететін, қор жинайтын жануарлардың суреттері бар үлестір­­ мелі парақшалар;

  2. жаңғақтар, бүрлер, тұқымдар, дәндер, нан, сорпа, кәмпиттер (кейбірінің суреттері).

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар:

  2. жануарлар жыл мезгілінің ауысуына қалай бейімделетінін білетін болады (қысқы ұйқыға кетеді, қысқы қор жинайды, өрістейді);

  3. жыл құстарымен, қыстап қалатын құстармен (бұлдырық, көкшымшық, шұбаршымшық, сұр тырна, сарыайдар үйрек) танысады.

Сабақтың мақсаты:

1.2.2.3 жыл мезгілдерінің ауысуына жануарлардың бейімделуін дайындығын түсіндіру.

1.1.2.1 қоршаған ілем құбылыстарына бақылау жүргізу.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Жылдың әрбір мезгілі жануарлардың тіршілігіне өзінше әсер етеді. Жаздың соңы мен күздің басында тиіндер, тышқандар, боршатышқандар, аламандар қысқа қорек дайындайды. Аюлар, сарышұнақтар, борсықтар, кірпілер қысқы ұйқыға кетеді, оған дейін олар еселеп қоректенеді. Жануарлардың қысқы ұйқыға кетуі — күрделі биологиялық үдеріс. Қыста суық кезде және азықтың жоқ кезінде жануарлардың күш-қуат шығынын азайту үшін дене температурасы төмендеп,­ жүректің соғу жиілігі баяулайды.


Кейбір жануарлар өрістейді. Өрістеу — бұл жануарлардың алыс қашықтыққа маусымдық қоныс өзгертуі. Албырт балығы уылдырық шашу үшін жылы суға кетеді. Негізінен, маусымдық қоныс өзгерту құстарда жиі кездеседі. Қазақстан Республикасының аумағында миллиондаған суда жүзетін және су маңын мекендейтін құстар, сондай-ақ ұшып өтетін құстар ұя салады.

Сабақ барысында оқушылар құстардың бірнеше түрін білетін болады.


Көкшымшық. Адамдар тұратын жерде тіршілікетеді, қалаларда, бақшаларда және саябақтарда кездеседі. Ұсақ жәндіктермен қоректеніп, табиғатқа пайдасын тигізеді. Қыста қорек іздеп, көшіп жүреді. Оның кеудесінде қара жолақ бар. Арқасы жасыл, кеудесі мен құрсағы сары болады.

Сарыайдар үйрек. Суда жүзетін өзен үйрек­терінің қатарына жатады. Салыстырмалы түрде мойыны және тұмсығы қысқа, шағын денелі құс. Сол­ түстік Қазақстанды мекендейтін жыл құсы.


Бұлдырық. Тамағы, мойны мен басының екіжағы қызғылт сары. Денесінің үстіңгі жағы құм түсті. Кеудесі сарғыштау, қара жолақтары бар. Құрсағы қара. Жыл құсы.


Шұбаршымшық. Тұрқы торғаймен бірдей.Жыл құсы. Арқасы қоңыр, құйрық үсті сары жасыл­. Денесінің төменгі жағы және басының екі жағы қошқыл қызыл түсті.


Сұр тырна. Түсі көбінесе сұр. Мойнының астысұр. Бұл құстардың салмағы 3 кг-дан 6 кг-ға дейін жетеді. Қызыл кітапқа енгізілген, жыл құсы.

Аюлар, борсықтар, кірпілер қыста азық таба алмайды. Сондықтан­ олар қыста ұйқығакетіп, көктемде оянады.

Есте сақта!

Күзде жануарлар қысқа дайындалады: қор жинайды, жылы жаққа қоныс аударады, ұйқыға кетеді.

Кіріспе тапсырма. Кезекпен күзден бастап,түрлі жыл мезгілдері бар үлестірмелі парақшаларды көрсетіңіз. Оқушылар әрбір жыл мезгілінің ерек­ шеліктерін (белгілерін) атауы керек.


Азық қоры. Тағы бір рет қыстың жаздан қалайерекшеленетінін нақтылаңыз. “Жануарлар қыста да жаздағыдай тіршілік ете ала ма?” деп сұраңыз. “Жоқ, себебі шөп, жәндіктер жоқ әрі суық”. Тиін қысқа қалай дайындалады? (Қор жинайды.)


Оқушылардан қор жинайтын тағы қандай жа­-нуарларды­ білетінін сұраңыз (aралар, борсықтар, аламандар,­ сұр тышқандар).


Зерттейік. Оқушыларды шағын жұптарға бөліңіз. Әр жұпқа жем үлгілерін (немесе солардың сурет­ терін) таратыңыз, адам немесе жануарлар қорек­ тенетін азық-түліктерді қосуға да болады (ет, нан, шырын т.б.). Қысқа қор жинайтын жануарларды атап, жазып алуды тапсырыңыз (тиін, тышқан, aралар, борсық, құндыз, боршатышқан, аламандар). Оқу­-шылар әр жануардың ұсынылған үлгілердің ішінен қайсысынан­ қор жинайтынын анықтап, артығын алып тастасын. Олардың талқылауы: тиін жәндіктермен де қоректенеді, бірақ оны қысқа сақтау мүмкін емес, ол нанды да жейді, бірақ табиғи жағдайда оны табу қиын деген бағытта өрбігені абзал. Әр топтың нәтижесін салыстырыңыз. Олар өз таңдауын түсіндірсін. Содан кейін “Олар қорларын қай жерде сақтай алады?” — деп сұраңыз (көбінесе індерінің бір тармағындағы арнайы қоймаларда, аралар — омартада).


Құстар. Оқушылардың назарын құстардың суреттердегі атауларына аударыңыз. Олардың кейбірі оқушыларға таныс болмауы мүмкін. Сабаққа байланысты деректі материалды пайдаланып,

олар туралы айтып беріңіз. “Құстардың бұл тобы қалай аталады? Қыстап қалатын құстарға қалай кө­ мектесуге болады?” (Қосымша жем беру.)

Орман жануарлары. Оқушылардың жануар­лардың қысқы ұйқыға кетуі — бұл жай ұйықтау емес, олардың ағзасының үнемдеу режіміне­ ауысуы екенін түсінгені маңызды. Ұйқыға кететін жануарлардан басқа қорегін қыста табатын­ жануарлар да бар. Екі қатардағы суретті салыстыруды­ тапсырыңыз. Бұлардың әрқайсысы қалай қоректенеді? Қасқыр мен түлкі — жыртқыш­тар­. Олар қыста қорек таба алады. Бұлан — бұтақтармен және қабықпен қорек­ тенеді. Қоңыр аю, борсық, кірпі қысқы ұйқыға кетеді.

Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Музыка, дүниетану.

Сен білесің бе?

Суыр өмірінің басым бөлігін ұйқымен өткізеді. Біздің елімізді мекендейтін суырлар тамыздың соңында ұйқыға кетіп, наурыздың басында оянады.

Шешуін тап. Кез келген тәртіпте сабақтыңдеректі материалын пайдалана отырып, сұр тырна, шұбаршымшық, сарыайдар үйрек, бұлдырық сияқты құстардың сипаттамасын оқыңыз. Оқушылар беріл­ ген тәртіпте торкөзге қажетті санды қояды.



Бағалау


Оқушылар жануарлардың жыл мезгіліне сәйкес бейімделуін білетін болады.

Қысқы орман. Оқушылар қысқы ұйқыға кететін жануарларды бояйды.

Жауабы:

Ұйқыға кететін жануарлар: аю, сарышұнақ, борсық. Қыстап қалатын жануарлар: бұлан, түлкі, тышқан, тиін, қасқыр.

Қысқа дайындық. Оқушыларға суреттерді сәйкес сөздермен байланыстыруды тапсырыңыз: азық қорын жинау, өрістеу, ұйқыға кету. Содан кейін суреттерді бояйды.

Егер оқушы тапсырманы қатесіз орындаса, онда тақырыпты жақсы түсінгені. Егер қате жіберсе, онда қай топтарды ажыратудан қателік кеткеніне назар аудару қажет.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!