400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жыл мезгілдері: жаз, күз.Белгілері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрибиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

(ересектер тобы)



Білім беру саласы:Таным

Бөлімдері: Экология негіздері.

Тақырыбы: Жыл мезгілдері: жаз, күз.Белгілері.

Мақсаты: Білімділік: Жаз және күз мезгілдерінің негізгі, маңызды белгілері бойынша түсініктерін қортындылау, жүйелеу; осы мезгілдеоге тән табиғат-тағы өзгерістер, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіндегі өзгерістерд, күн мен түннің ұзақтығы туралы білім беру.

Дамытушылық: Сөздік қорларын, өзін қоршаған орта туралы ойын жеткізе білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:Топтағы балаларменөз білгенін бөлісе алуға, пікірін айта алуға тәрбиелеу.

Қолданатын көрнекіліктер: жаз күз мезгілдерінің иллюстрациялық сурет-тері, өсімдіктер бейнелген карточкалар, жұмыс дәптері.

Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап.

Сөздік жұмыс: тіршілік,егістік, шабындық

Алдын ала атқарған жұмыс: Суреттер қарау. Ауылға барған өздері ата-аналарымен бақылау.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс- әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық




Жаз, күз туралы өлең оқып беру.

«Көлім, көлім, көлім» деп,

Қаз да келді маймаңдап,

«Шомыл,шомыл, шомыл» деп,

Жаз да келді жайраңдап.

Сарғайды тоғай

Сапсары маңай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.

М.Әлімбаев

Жыл мезгілдерін қайталау. Әр жыл мез-гілінің үш айдан тұратын еске түсіру.

Балалар өлең мазмұны бойынша не түсінген-дерін қысқаша айтады.















Жыл мезгілдерін атап береді.


Балаларға сұрақтар қойылады:

-Қазір қай мезгіл?

-Мұның алдында қандай мезгіл болды?

-Жаз айларын атаңдар.

Жаз мезгілін бейнеленген сурет бойынша жұмыс жүргізіледі.

-Жаз кезінде дала, орман, саябақтар қан-дай болып көрінеді?



-Жазда құстар жануарлар тіршілігінде қан-дай өзгерістер болады?









-Қандай жәндіктерді бақыладық?





-Күн мен түннің ұзақтығы туралы не айта-сыңдар?

-Адамдар қандай еңбек түрлерін атқара-ды?











-Егін жинау қайсы айда басталады?

-Балалар, сендер жазда егістікке, шабын-дыққа, баққа, бақшаға бардыңдар ма? Қазір біз сендермен «Не қайда өсемі?» ойынын ойнаймыз.













-Ал өсімдіктер өсу үшін қандай жағыдай керек? Бүгін біз өсімдіктердің тіршілгі үшін судың қажет екеніне көзімізді жет-кізіп көрейік.



Бір шоқ гүлдің бір данасын алып, сусыз қалдырамыз.Біраз уақыттан соң сусыз қалған және судың ішіндегі гүлдерді сал-ыстырамыз. Қандай айырмашылықтары бар?

Сергіту сәті:

Соз қолыңды оң жаққа,

Соз қолыңды сол жаққа.

Қолды айналдыр бұлданбай

Шеңбер жасап тұрғандай. Балаларға күз көрнісі бейнеленген суретті көрсету.

-Күз туралы не білесіңдер айтыңдаршы. Ауа райы қандай болады? Ағаштар мен өсімдіктердің тіршілігінде қандай өзгер-істер байқалады?

-Есік қағылады. Қонаққа қарға келеді. Балаларға естіген оқиғасы туралы айтып береді:

Жәндіктер ормандағы алаңқайға жиналып, қысты қалай өткізетіндіктері туралы айта бастады.

Көбелек: «Мен ескі сарайдың шатырының астында жылы қуыс бар, сонда жасырына-мын» дейді.

Құмырысқа: «Ал мен ...», -деді. «Ал біз...», - деп ызылдады аралар.

«Ал мен ...»,- деп сыбырлады құрт.

Жәндіктер не айтуы мүмкін?

-Аңдар тіршілігінен нені байқадыңдар?

-Адамдар қандай еңбек түрін атқарады?

Дәптермен жұмыс.

Жеке жұмысжүргізу.

-Күз мезгілі.



-Жаз мезгілі.

-Маусым, шілде, та-мыз.



-Дала, орман, саябақ жап-жасыл болады. Гүлдер жайқалып өсе-ді.Күн ыстық болады.

-Жазда құстар балапан-дарын ұясынан ұшыра-ды. Жануарлар мен құстар үшін азық жет-кілікті болады.

-Шегірткелер шырыл-дап, аралар гүлден –гүлге ұшып қонады. Көбелектер гүлден ай-нымайды.

-Жазда күн ұзақ, түн қысқа болады.

-Үй жануарларына қысқа шөп дайындай-ды, орман, бау-бақша-дан жеміс-жидектерді жинайды.

-Қыркүйек айынан бас-тап егін жина бастай-ды. Балалар өсімдіктер бейнеленген карточка-ларды тез алып, орман, шабындық, егістік, бақ, бақша бейнелген үлкен картадағы бос торкөз-дерді толтырып жары-сады.

-Жылу, су, жарық. Балалар тәжірибе жас-айды. Біраз уақыттан кейін тәжірибенің қор-ытындысын бақылай-ды.

Өз қортындыларын айтады.









Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.





-Күн салқындай бас-тайды. Жаңбыр жиі жауады. Күн өткен сайын ауа райы суыта береді. Жапырақтар сарғаяды, біртіңдеп шөптер қурай бастай-ды.

Құмырсқа: «Мен илеуімнің түбіне ұйықтауға кетемін», - деді.

Құрт: «Мен ағаштың қабығының астына жа-сырынамын», - деді.

Ара «Мен қуыстарға тығыламын», - деді.

Аңдар қысқа дайында-лады, азық қорын жин-айды, індерін жылы-лайды, жұқа жүндерін , жылы жүнге ауыстыра-ды, кейбір аңдар ұйқы-ға дайындалады.

Адамдар егін жеміс, көкөністерді жинайды. Үй жануарларына қысқа азық дайындалады. Отын суын жөндейді.

Тапсырмаларды орындайды.

Рефлексивті -

түзетушілік


Жаз және күз көрністерін қатар қойып, салыстыру жұмыстарын жүргізеді:

-Жаз мезгіліне тән белгілерді тез атап шығыңдар. Күз мезгіліне тән белгілерді атаңдар.

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: топтағы балалармен пікір алмасуды, табиғатты бақылауды;

Түсінеді: жаз және күз мезгіліне тән белгілерді;

Қолданады: жаз және күз мезгіліндегі жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі өзгерістер туралы білімді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 мамыр
1094
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі