400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жыл мезгілдері. Күз

Материал туралы қысқаша түсінік
Ерекше білімді қажет ететін 2 сынып оқушыларына арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы




Сабақ тақырыбы

Жыл мезгілі. Күз. Күні: 15,16.10.2018 ж

Сыныбы

2

Жалпы мақсаты

Жыл мезгілдерін бір-бірінен ажырата білу,әр жыл мезгілінің қадір-қасиетін түсіну, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Оқытудың мақсаты

Топпен жұмыс жасау, тапсырмалар

Оқу нәтижесі

Тіл байлығын арттыру, сөздік қорын молайту. Дамыта оқытуға негізделген шығармашылық қиялын жүйелеу, ойлау қабілеттерін дамыту.Жаңа тақырыпты өз бетімен ұғыну, сұрақтарға нақты жауап беру, өз ойларын еркін айтуға үйрену.

Тапсырма көздері

Шығармашылық ізденіс, сұрақ-жауап, пікірлесу, топпен жұмыс

Міндеттері

Жыл мезгілдерін ажырата білу, белгілерімен таныса отырып, әр жылдың қадір-қасиетімен танысу.

Кейінгі тапсырма

Өлеңмен танысу, оқу, диалог құру.


Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


І.Ұйымдастыру бөлімі:

Сәлемдесу


ІІ. Жаңа сабақ: а) Топқа бөлу

Кәне шеңбер құрайық,

Дөңгелене тұрайық.

Жасырынған сөздерден

Тобымызды табайық.

1.Жыл мезгілдеріне байланысты сөз тіркестері жазылып тасталады.Оқушылар бір-бірден алады.(Ақ түтек, жаңа жыл, көк шалғын, төлдеген мал, ұйтқыған боран,сұр бұлт, сарғайған жапырақ, құстар дауысы,аналар мерекесі,күн мен түн теңеледі,аптап ыстық, мол жауын, оқушылар демалады, сабақ басталады,жасыл дала, шаңғы тебу)

2.Тақтаға жыл мезгілдерінің суреттері ілінеді. Оқушылар алған сөздерін тиісті сурет үстіне жапсырады. Топ аттары беріледі.

1-топ: Көктем

2-топ: Күз

3.Топтық қорғалым: Өз топтарын қорғау, баяндау (сурет бойынша)Shape1

ә) Мағынаны тану

3.Топтық тапсырмалар: Оқулықтан өлеңді оқу. Әр топ өз мезгілдері жөнінде кестеге жазады.


Жыл мезгілдер

Қайтеді?

Неліктен?




4.Диалогтық оқу

5. Сергіту сәті:«Ия» немесе «жоқ» ойыны

–Күзде балалар аққала жасайды. (жоқ)

–Көктемде мал төлдейді. (Иә)

6.Кім қай мезгілді ұнатады? Не үшін? Сурет тұсына стикер жапсыру

7.Суреттер ішінен керегін алу, дәптерге жазу

ІҮ.Қорытындылау:Сызбамен жұмыс. Ертегі оқу «Жыл мезгілдері»

-Ғасыр бабаның Жыл атты жалғыз ұлы болыпты. Жыл төрт перзент сүйіпті: екі ұл, екі қыз.Үлкені Қыс – шатақ мінезді, ә десе мә деп, жағадан ала кетер сотқарлау, басынан сөз асырмайтын қиқар болыпты. Содырлау болғанымен, әкесі оны бірбеткейлігі, шымырлығы үшін жақсы көріпті. Қыстың үш ұлы болыпты.

Екіншісі, Көктем – жұрттан асқан көрікті, жаны да, тәні де сұлу қыз болып өсіпті. Нені болса да жүрегіне жақын алатын сезімталдығы мен көркемдігі үшін оны бәрі де сүйеді екен. Көктемде бір қыз, екі ұл бар екен.

Үшіншісі, Жаз – әпкесіне қарағанда ашық – жарқын,жайдары мінезді, көңілді қыз болып қалыптасыпты. Ол аузын ашса көмейі көрінетін адалдығымен, таңғы шықтай мөлдір, пәктігімен көпке ұнапты.Оның да бір ұл, екі қызы бар еді.

Ал, ең кенжесі Күз – өте ерке болыпты.Ол сәл нәрсеге ренжіп, бұртиып, қабағын түйе қалады екен. Кейде болмашыға өкпелеп, әрең іркіп тұрған көз жасын төгіп-төгіп жібереді екен. Әйтсе де, Күзді жомарттығы мен ақкөңілдігі үшін бәрі де ұнатыпты. Күздің де үш баласы бар екен.

Балалары өсіп, ержеткен соң оларды жиып алып Жыл атасы былай депті:«Балаларым, сендер үлкен азамат болдыңдар, ақылдарың толды.Енді барып халыққа қызмет етіңдер, өз міндеттеріңді атқарыңдар.Әрқашан халық үшін, адам үшін жұмыс істейтіндеріңді ұмытпаңдар» депті .Осыдан бастап үш айдан тұратын төрт жыл мезгілі пайда болыпты. Жыл мезгілдерінің бір – бірінен ерекшеліктері әуел баста осылай қалыптасқан екен дейді.


12 айға тілек жазу

Тақтаға ай аттары жазылады. Әр топ өз айларына бата тілек жазады.

Наурыз назды болсын,

Сәуір сазды болсын,

Мамыр мейірімді болсын,

Маусым мағыналы болсын,

Шілденің шырайы кірсін,

Тамыз тамылжып тұрсын,

Қыркүйек қазына жисын,

Қазан қаспақты болсын,

Қарашада қар көп боп,

Желтоқсанда жел жоқ болсын,

Қаңтар қатулы болмасын,

Ақпан ашулы болмасын.

Үйге тапсырма:Өлең мәтіні бойынша диалог құру, оқу.


Оқушылар сәлемдесіп, топқа бөлінеді.

Шаттық шеңбері құрылып, сыныптағы атмосфера қалыптасады.








Сөз тіркестері бойынша топқа бөлінеді.




































Топтық тапсырмалар беріледі.



Абай өлеңдерін еске түсіреді. Табиғат туралы өлеңдер оқылады.

Сызбамен жұмыс жасайды. Ой қозғау.

Ертегі тыңдайды, тілек жаза







Бағалау, үйге тапсырма













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
1640
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі