400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жыл мезгілдері. Маусымдық өзгерістер

Материал туралы қысқаша түсінік
..
Материалдың қысқаша нұсқасы


Білім беру ұйымының атауы: Ы.Алтынсарин ЖОББМ

Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу
Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері. Маусымдық өзгерістер.

Педагогтың аты жөні: Айбек М.Ж.
Сынып: Даярлық сынып (0 «ә»)
Сабақтың ұзақтығы: 25-30 минут

Сабақтың мақсаты:

  • Балаларға жыл мезгілдері туралы түсінік беру;

  • Жыл мезгілдерінің маусымдық өзгерістерін ажырата білуге үйрету;

  • Сөйлеу, ойлау, салыстыру қабілеттерін дамыту.

Күтілетін нәтиже:

  • Жыл мезгілдерін атайды;

  • Әр мезгілге тән белгілерді ажыратады;

  • Тапсырмаларды қызығушылықпен орындайды.

Құндылық: "АДАЛ АЗАМАТ" ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ

МИНИСТРЛІГІ Астана, 2025 БАҒДАРЛАМАСЫ БІРТҰТАС ТӘРБИЕ

Қаңтар айы: Заң және тәртіп

Апта дәйексөзі: «Әділ заң - аспан тірегі»


Сабақтың барысы


Сабақ кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Әдіс-тәсілдер

Ресурстар

І. Сабақты ашу

Балалармен сәлемдеседі. Шаттық шеңберін ұйымдастырады.

Шеңберге тұрып, бір-біріне жылы сөз айтады.

Шаттық шеңбер

Әуен


«Бүгін біз жыл мезгілдерімен танысамыз» – деп тақырыпты ашады.

Жыл мезгілдерінің суреттерін көрсетіп, атауын сұрайды.

Тыңдайды, қызығушылық танытады.

Жаз, күз, қыс, көктем деп атайды.

Әңгімелеу, сұрақ-жауап

Жыл мезгілдерінің суреттері

ІІ. Негізгі бөлім

Топқа бөледі (жыл мезгілдері арқылы).

Өз тобына орналасады.

Топқа бөлу

Белгілер


«Жыл мезгілдері» ертегісін көрсетеді.

Ертегіні мұқият тыңдайды.

Ертегі әдісі

Бейнематериал

(ЖИ арқылы жасалған)

1-тапсырма

Жыл мезгілдері және оның айлары жазылған қағаздарды таратады.

Picture 1

Айларды атап, санайды, сәйкес суретті жапсырады.

Ойын

Айлар, суреттер

2-тапсырма

Жыл мезгілдерінің атауы жасырылған жұмбақтарды оқиды.

Аяз қысып, өрнек сызып,

Терезені торлайды. Қарға омбығып,

Бет домбығып, Сырғанап жастар ойнайды. Бөбектерім, айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады? (Қыс).

Қар, мұз еріп, су көбейіп,

Сай-салаға толады. Бүршік жарып, жарық ашып,

Гүл бәйшешек басады.

Бөбектерім, айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады? (Көктем). Өрік, алма,шие, алша.

Жидек жүзім піседі. Қауын-қарбыз, Қияр, сәбіз дүкендерге түседі. Астық пісіп, орақ түсіп,

Қырман дәнге толады.

Бөбектерім, айтыңдаршы Бұл қай кезде болады? (Жаз)

Бұлттар төніп, жерге төгіліп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып, өңі тайып,

Дала нұры қашады. Ойнай алмай, денең мұздап тоңады. Бөбектерім, айтыңдаршы бұл қай кезде болады? (Күз)

Жауабын тауып, суреттерді сәйкестендіреді.

Жеке жұмыс

Жұмбақтар, суреттер

3-тапсырма

Топпен жарысу арқылы баланың суретін жыл мезгіліне сай киіндіру керек екенің түсіндіру.

Киімдерді дұрыс таңдап орналастырады.

Қимылды ойын

Киім суреттері

ІІІ. Қорытынды бөлім

Топтық жұмыс:

Балаларға жыл мезгілдерінің элементтерің таратып беру.

Суретті жыл мезгіліне сай безендіреді.

Топтық жұмыс

Элементтер


Сұрақтар қояды: «Бұл қандай мезгіл? Қандай өзгерістер болады?»

Сұрақтарға жауап береді.

Сұрақ-жауап

—


Балаларды мадақтайды.

Қуанады.

Марапаттау

Жұлдызша, смайлик


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
27.03.2026
8
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі