«Балапан»
ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу
қызметінің конспектісі
Өткізу
күні:
Тәрбиеші:
Білім
беру саласы: «Қатынас»
Пән:
Тіл
дамыту
Тақырыбы:
«Көктем»
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік:
Адамгершілікке, бауырмалдылыққа,
табиғатты ,жан-жануарларды қорғауға
тәрбиелеу.
2.Дамытушылық:
Сөздік қорын молайту ,ақыл-ойын,ынта-ықыласын,
танымдық қабілетін дамыту,сабаққа
қызығушылығын арттыру.
3.Оқыту:
Көктем туралы білімдерін кеңейту,жыл
мезгілінің ерекшелігін түсіндіру
.Балаларды анық,таза сөйлеуге үйрету,
қиын дыбыстарды айту арқылы жаттықтыру.Өткен
материалдарды баланың есіне түсіріп,
тұжырымдау.
Педагогикалық
технологиялар: Ойын
технологиясы
Ресурстармен
қамтамасыз ету:
Интерактивті тақта, көктем
суреттері,мозайкалар.
Сөздік
жұмыс:
қардың еруі
Үш
тілділік компонент: Көктем-весна-spring,
жылы-тепло-heat
Ұйымдастырылған
оқу қызметінің барысы:
І.Ұйымдастырушылық
кезеңі
1.Баланы
сабаққа психологиялық тұрғыда дайындау:
Күн
сәулесін шашқаның үшін рахмет!
Бұлт
жаңбыр төккенің үшін рахмет !
Аспан
таза ауаң үшін рахмет!
Ағаш
көлеңкең үшін рахмет!
-Жарайсыңдар
балалар!
ІІ.
Негізгі бөлімі.
-Өткен
сабақты пысықтау:
Біз
өткен сабақтарда Көктем тақырыбында
құстардың келуі, күннің жылынғаны,
жердің көгергені туралы суреттер салып
,әңгімелеп танысқанбыз.
2.Суретпен
жұмыс.
-Көктемде
қар еріп, күн жылынады.Құстар жылы жаққа
ұшып келе бастайды.Талдар бүршік жарады.
Күн бұлттанып,жаңбыр жауады, жер көгереді.
Күн ашылып, кемпірқосақ пайда болады.
Құстарға біз ұя жасап, талдардың басына
орналастырамыз.
Көктем
тақырыбында мазмұнды суретпен әңгіме
құрау. (сұрақтар қою арқылы, балалардың
ойларын ортаға салу.)
Ал,енді
балалар көктем туралы түйген ойларымызды
өзімздің қалауымызша сурет салып,
мозайкамен құрастырып көрейік.
3.Сөздік
жұмыс:
қардың еруі
4.Үш
тілділік компонент: Көктем-весна-spring,
жылы-тепло-heat
-Көктем
туралы сурет салу.
(тақтада жұмыс)
Қалған
балалар сурет бояп, мозайкамен көбелектер
салу, жапырақтар құрастыру.
5.Сергіту
сәті:
Қолыма
қамшы аламын,
Атқа
мініп шабамын,
Құрық
сілтеп асауға,
Мен
атамдай боламын!
Ақ
айранды ішеміз,
Күбіні
де пісеміз,
Күнге
қызып арқамыз,
Дирмендіде
тартамыз. (2-рет қайталату)
6.Дидактикалық
ойын:
Орманға серуен. Интерактивті тақтамен
жұмыс. (Мазмұнын айтып тұру) Айша кішкентай
лағымен бірге, гүл теруге орманға
серуенге шығады. Бір кезде гүл теріп
жүріп лағынан адасып қалады.
—Балалар
суреттен не көріп тұрмыз ?
-Ненің
суретін көріп тұрмыз?
-Олардан
қандай дыбыстар естіліп тұр?
-«У-у-у-у»деген
дыбыстар . Барлығымыз айтып көреміз.
-Дұрыс
балалар.
-Талдардың
жапырақтарынан қандай дыбыстар естіліп
тұр?
«Ш-ш-ш-ш»деген
дыбыстар.Барлығымыз айтамыз.
-Жарайсыңдар
балалар.
Айша
лағын табалмай келе жатса ұшып жүрген
масаны көреді. Маса «З-з-з-з»деп ұшып
жүреді.
-Кәне
барлығымыз масаның дыбысын
саламыз.Жарайсыңдар.
-Айшаның
қасына өзінің досы Ақтөс деген иті
келді.
-Ит
қандай дыбыс шығарады?
-«Р-р-р-р»
-Кенеттен
Айша аяғының қасынан жыланды көреді.
Жылан Айшаға қарай ысылдайды.»С-с-с-с»деп
дыбыстайды.Балалармен бірге дыбыстап
айтамыз.
Бір
кезде лақтың маңыраған дауысы естіледі.
Ол маңыраған лақ Айшаның лағы болып
шығады. Лақ Айшаны көрген кезде
«Мә-мә-мә-»деп маңырайды .
Бәріміз
лақтың дауысын саламыз. Жарайсыңдар
балалар.
Айша
орманнан лағын тауып үйіне қайтады.
7.Қимылды
ойын:
“Көңілді
лақтар”
Мақсаты:
Балалардың денсаулыққа, ойынға деген
құштарлықтарын дамыту, балалардың дене
қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру,
ойын арқылы көңіл-күйлерін көтеру.
Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға
баулу, ойынға деген қызығушылықтарын,
белсенділіктерін арттыру. балаларды
салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Ойынның
шарты:
Алаңда ұзын сызық сызылады. Бұл сызық
көпір. Көпірдің арғы жағында лақтардың
үйі болады. Лақтар әуенмен билеп жүреді
, әуен тоқтағанда жарыса отырып, көпірден
өтіп үйлеріне тез жетулері
керек.
ІІІ.
Қорытынды
-Балалар,
бүгінгі сабақта нені білдік, не үйрендік?
Экраннан нені көрдік?
Балалардың
белсенділігін арттырып мадақтап,бағалау.
Сабағымызды
«Көктем
вальсі» әнімен аяқтап қорытындылаймыз.
-Келді
көктем далаға,
Келді
сұлу шағала,
Аспандағы
ақ құстар.
Ауылымды
арала.
А-а-ай
нұрлы көктем,
А-а-ай
сүйді беттен,
Гүл
көктемді аралап,
Би-билейміз
ән салып.
Көктем
қандай көңілді.
Күміс
жаңбыр төгілді,
Мөлдір
аспан ашылып,
Күннің
көзі көрінді.