Жыл мезгілі. Күз.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жыл мезгілі. Күз.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жомарт күз туралы жұмбақтар
Материалдың қысқаша нұсқасы











Ж омарт күз туралы

жұмбақтар


 

Ұзын  мұртты сарылар,

Қойынында дәні бар.

(Бидай)


Жиын-терін болатын,

Қамбаға астық толатын.

"Қызыл қырман" ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

(Күз)


Қабат-қабат тоны бар,

Кішкене ғана бойы бар.

(қырыққабат)                 

Бойын жерге жасырған,

Бұрымы бар жасылдан.

(сәбіз)


Ағайынды бәрі,

Шықса-жасыл,

Түссе-сары.

(жапырақ)


Тырыс-тырыс етіп тамады,

Сайға қарай ағады.

(жаңбыр)




Сырты қандай қатты,

Дәні сондай тәтті.

Шағып қара таңдап,

Оның аты

(жанғақ)


Іші толған шәрбәт,

Дәмі қандай әйбат.

Үзесін бірден жүзін,

Оның аты

(жүзім)


Дөп дөңгелек сары.

Ішінде бар дәні,

Қызығасың көріп

Оның аты

(өрік)


Жапырақты тасалап,

Өсетін жері бақша бақ

Күрең қызыл шіркін ай

Оның аты

(құлпынай)







А лтын күз туралы тақпақтар





Алтын суық күз келді
Жел мен жаңбыр әкелді
Құстар ұшып кетеді
Ән салмайды өтеді


Тоңазып атырап, 
Көп жеміс піседі. 
Сарғайып жапырақ, 
Саудырап түседі.


Ағаштардан жамырап, 
Ұшты кенет жапырақ. 
Ой, алақай, тамаша, 
Шашу шашты жапырақ!


Алтын сары қызы, қызыл , көк

Алуан – алуан жапырақ

Күзгі бақтар күлімдеп

Көз тартады жалтырап.


Күздің қазан айында
Алма,алмұрт піседі,
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр-сыбдыр етеді.


Көбейді құт-береке
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз.


Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді


Түсіп жатыр аулада,

Ағаштардан жапырақ.

Алтын күзім келді ме?

Сарғайыпты жапырақ.


Күзім –ау, күзім ау

Мінезін бұзық — ау

Жаңбырын сіркіреп

Келгенің қызық –ау.


Дастарқан жайып Күз келді

Тамылжып пісті бар жүзім.

Ұсынды сыйға бізге енді

Алмұртын, алма, қарбызын


Қызыл, жасыл, сары алтындай
Жапырақтар күздің көркі
Ойланайық, толғанайық
Әсем әуен әнге елтіп!


Қызығымен ойынның

Күз де келіп жетіпті

Жапырағы қайыңның

Тез сарғайып кетіпті


К үз дегеніміз...






Қыркүйек, көкөніс жүрміз тиеп.

Қазан, дала тозаң.

Қараша, ақ, қара – алаша.

Көктем мезгілінде жер жыртылып, тұқымы себіледі. Жаз мезгілінде егіншілер осы егін даласында аянбай еңбек етеді. Күз мезгілінде барлық жемістер мен жидектер, көкөністер, бидай пісіп жетіледі. Егілген бір дән-мың дән болып қайтады. Сондықтанда «Күз –молшылық, береке» деп атайды.

«Табиғат сыйы» дегеніміз - бұл табиғаттың шексіз байлығы болып саналатын күз мезгілінің ерекшілігін, алуан-түсті жапырақтар мен ауа-райының ерекшілігін білдіреді.

Күз мезгілінің соңғы айы. Қыс мезгіліде таяп қалды. Күз мезгілі үшке бөлінеді Алтын күз, Жомарт күз, Қоңыр күз болып. Алтын күз дейтін себебі айналаның бәрі жапырақтар, шөптер сары түске енеді сондықтанда алтын күз деп атайды. Ал, Жомарт күз деп егіншілеріміздік астықтарын жинайтын  кезі астық жиналып болған соң егіншілер сабан той жасаған молшылық пен байлықтың кезі. Қоңыр күз деп ағаштар жалаңаштанып жердің бәрі қоңыр тартып  аспанды сұр бұлт жауып тұрады міне мұны қоңыр күз дейді.




































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
06.02.2019
1044
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі