Материалдар / Жыл мезгіліне саяхат
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жыл мезгіліне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға жыл мезгілін түсіндіру
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Жыл мезгілдеріне саяхат»

Мақсаты:
Жыл мезгілдері туралы түсініктерін,балалардың даму деңгейлерін анықтау.
Ойлау қаблеттері,танымдық әрекеттері,белсенділіктері артады. Табиғатты сүюге,қорғауға тәрбиелеу.


Көрнекілік құралдары:Қорап,қарындаштар,әр жыл мезгілінің суреттері,түрлі-түсті бет-перде,2 түрлі әуен.


Сабақтың әдіс-тәсілдері:
сұрақ-жауап,жұмбақ,мақал-мәтел,сурет бойынша әңгіме айту.


Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру. Балалар шеңбер бойында тұрады.
- Армысың қайрымды аспан ата,
- Армысың мейрімді жер ана.
- Армысың шұғылалы алтын күн,
- Қайырлытаң,қайырлы күн.
- Амансың ба? Есенсің ба?
- Сәлеметсізбе ұстазым,Сәлеметсізбе қонақтар?
Балалар орнымызға отырып,жайғасайық! Балалар бүгін бізде тіл дамыту сабағы.Бүгін біз жыл мезгілдеріне саяхат жасаймыз. Жыл мезгілдеріне саяхат жасауға мына қораптағы сиқырлы қарындаш көмектеседі.Қарындашты айналдырамын қай түске келіп тоқтаса сол түстің тапсырмасын орындаймыз.
( Тақтаға 4 жыл мезгіл суреттері ілініп,4 түсті бет-пердемен жабулы тұрады)
Ән ырғағымен қарындашты айналдырамын..


-Ал балалар қай түске келіп тоқтадық.Көгілдір түске..
Енді көгілдір түстің тапсырмасын орындап бет пердені ашуымыз керек.
Бұл қай мезгіл екенін жұмбақтың ешімінен табаыз.
Біреуі әйнек ойыпты,
Біреуі есік қойыпты.
Өздеріне шақ қана,
Соғып жатыр аққала
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Балалардың жауабы: қыс мезгілі.


- Ендеше көгілдір түсті пердені ашамыз( 3 айдың бет-пердесі ашылады)
Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан.
Қыста табиғат қалай өзгереді?
Қыс мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?
Боран қыста қалай соғады?(ұйытқып,ысқырып,ұлып)
Қардың түсі қандай болады?
Қыс мезгіліне байланысты тақпақ кім біледі?
Сиқырлы қарындашты айналдырып жасыл түске тоқталады,жасыл түстің тапсырмасын орындайық.(құрастыру)
Балалар біз бұл тапсырманы орындап,қай гүл екенін табуымыз керек,ол үшін 2 тапсырма беріпті соларды орындауымыз керек.
1.Күз мезгілінде жапырақтың түсі қандай болады?(Сары)
2.Қардың түсі қандай?(Ақ)


Балалар қандай гүл құрадық? Жауқазын гүлін,қай мезгілде шығады? (Көктемде)
- Дұрыс айтасыңдар,ендеше жасыл түсті пердені ашамын.
- Көктем мезгілінің айларын айтыңдаршы.
- Наурыз,Сәуір,Мамыр.
Көктем мезгілінің келгенін біз қандай өзгерістерден білеміз?
Көктем мезгілі туралы тақпақты кім айтады?
Балалар,енді көктем мезгілінен өтіп,сиқырлы қарындаштың көмегімен келесі жыл мезгіліне саяхат жасаймыз.Қарындаш айналып қызыл түсін қаратады.
Қызыл түстің тапсырмасын орындайық.
Қойны толы жеміске,
Көк майсалы еңіске.
Көбелек қуып ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?


Балалардың жауабы: жаз мезгілі.
- Дұрыс айтасыңдар,енді қызыл түсті пердені ашайық.
- Жаз мезгілінің айларын айтыңдаршы.
- Маусым,Шілде,Тамыз.
- Жаз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
- Жаз мезілі туралы кім тақпақ айтады?


Балалар сиқырлы қарындаштың көмегімен келесі жыл мезгіліне саяхат жасаймыз.
Ендеше сары түстің тапсырмасын орындайық.
Берекесін сыйлауға,
Жемістерін жинауға.
Қызыл құрман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Балалардың жауабы: Күз мезгілі.
- Дұрыс айтасыңдар,енді сары түсті пердені ашайық.
- Күз мезгілінің айларын айтыңдаршы.
- Қыркүйек,Қазан,Қараша.
- Күз мезгілі нешеге бөлінеді.
- Ерте күз,алтын күз, қара күз.
Күз мезілі туралы кім тақпақ айтады?
- Қане балалар бойымызды сергітіп алайық.
Алдымнан жел еседі,
Ағаштар оңға,солға тербеледі.
Кіп-кішкене ағаштар,
Биік-биік өседі.
(ән әуенімен орындалады)
- Ал енді ойын ойнайық
Ойын «Күн мен түн» деп аталады...
Ойын тәртібі тәрбиеші тақтаға сурет іледі,балалар суретте өзгешілік барма екенін табады.
- Қыста жасыл ағаш бола ма?
- Жаз мезгілінде шана тебеміз ба?
- Жаз мезгілінде аққала жасап ойнаймыз ба? т.б. ойын жалғасады.
- Мінекей табиғат құбылыстарын біледі екенбіз.
- Ендеше мақал-мәтел білеміз ба?
Күз дәнімен көрікті
Қыс қарымен көрікті.

Қар көп болса,дән көп.

Жазда не ексең-күзде соны орасың т.б. мақал-мәтелдер айтылады.
Балалар жыл мезгілдеріне саяхат жасағанымыз ұнады ма?(Иә)
Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
Қане айтып беріңдерші.
Бір мезгілде неше ай бар?
Ал балалар 12 айға тілегімізді айтып сабағымызды аяқтайық.
12 айға тілек.
Наурыз назды болсын.
Сәуір сазды болсын.
Мамыр мейрімді болсын,
Маусым мағыналы болсын,
Шілденің шырайы кірсін,
Тамыз тамылжып тұрсын,
Қыркүиек қазына жисын,
Қазан қаспақты болсын,
Қарашада қар көп боп,
Желтоқсанда жел жоқ болсын!
Қаңтар қатулы болмасын,
Ақпан ашулы болмасын.
Балалар өте жақсы тілек айтыңдар.
Қолымдағы қарындаштың сиқырлы екенін айтып өткен болатынмын.
Кәнеки ішін ашып көрейік,барлық тапсырманы жақсы орындағандарын үшін мына қаламды сыйға тарту.
- Қолымдағы қаламның түсі қандай?
- Көгілдір
- Балалар көгілдір түспен қай мезгілдің беті жабылды?
- Қыс.
- Дұрыс айтасыңдар.
Қарындаш сендерге қысқы демалыста жақсы демалуларыңа тілектес болып,мына қаламды сыйға тартып отыр. Үй тапсырмасы. Дайын 4 мезгіліне байланысты суреттер таратылады.Осы суреттегі төрт жыл мезгіліне сәйкес құбылыстарды аяқтап бояп келеміз.
Барлықтарың сабаққа жақсы қатыстыңдар.Белсене қатысқан балаларды мадақтау.

























Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!