400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жыл мұғалімі-2020" байқауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепішілік «Жыл мұғалімі -2020» байқауының сценарийі


1 - Жүргізуші:

–Мұғаліммін мазасыз білім десе,
Көз майымды тауысты күнім неше.
Рақат тауып қалар ем бұл шақта да
Түн бойы оқып кірпігім ілінбесе…

–Мұғаліммін жан оты жарқылдаған,
Минутым кем ой қуып шарқ ұрмаған.
Жүргіншімін қағаз жүк қолтықтаған,
Азаматтық ақ тыныс алқынбаған.

1 - Жүргізуші:

«Ұстаз – тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, ештеңені ұмытпайтын...»

«Алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек».

1-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, байқауға қатысушы мұғалімдер және жанкүйерлер!

Сондықтан да жыл сайын аудандық, қалалық, респуликалық көлемде өтіліп дәстүрге айналған биылғы «Жыл мұғалімі-2020» байқауының мектепішілік сайысына қош келдіңіздер!

1-Жүргізуші:

Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам, -

дей келе бүгінгі байқауымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші:

Бұл кеште бала бойына тәлім-тәрбиенің асыл қазынасын құйып, тәрбие мен білімнің алтын діңгегі, әулие мамандық иесі болып қана қоймай, қоғамның ұлттық айнасына да айналып үлгерген ұстаз деген атқа лайық ұстаздарымыз сайысқа түскелі отыр.

2-жүргізуші:

Бар өмірін балаларға арнаған,

Ғұмырларын ғибратқа жалғаған.

Ұлағатқа тасып-толған кемері,

Ұстаздарымыз сахнаға келеді,–

деп, ендеше бүгінгі осы ерекше де, қасиетті тұлға иелерін, яғни байқауға қатысушы ұстаздарымызды ортаға, сахна төріне шақырайық.


Жүргізуші:

Шәкірт —  менің мәртебем,
Мен —  баспалдақ.
Мен арқылы  шырқасын ол аспандап.
Мерейленем,
Бой сергіп жасарамын,
Жасұланға ақжарқын жолашқанға-ақ, –деп үнемі шәкіртімен мақтанамын, дей келе б
астауыш сынып мұғалімі Ботанбекова Элмира Қошқарбайқызын ортаға шақырамын


Жүргізуші:

Оқушыммен мақтанам,
Олар сансыз.
От жүрекпен өртене сүйем шамсыз.
Деп тілеймін таусыла:
Оза шауып,
Жүйріктерден сурылып шықса шаңсыз,–деген
тарих пәнінің мұғалімі: Маметов Дидар Жанболатұлын ортаға шақырамын


Жүргізуші:

Iзденісім, еңбегім, тебіренісім,
Ақыл-ойым, жігерім —  жер жемісім…
Бәрі-дағы балаға —  оқушыма,
Ұстаз тұтып соңыма ергені үшін дей келе д
ене шынықтыру пәнінің мұғалімі Шарғынов Сатжан Орынбайұлын ортаға шақырамын.


Жүргізуші:

Сынып — менің сахнам, отты алаңым.
Сонда жанып, қып-қызыл шоқ боламын.
Шоқ болмасам, қып-қызыл от болмасам,
Онда тоқырап тот басып жоқ боламын,– деген орыс тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі Дузбаева Мадина Булатовнаны ортаға шақырамын


Жүргізуші:

Шәкірт үшін мұғалім – олардың еліктейтін, үлгі ететін абыройлы жаны, ұқсайтын тұлғасы. Олар ұстазының бүкіл іс-қимылына, жүріс-тұрысына, сөйлеу мәнеріне, адаммен қарым-қатынасына еліктейді. Сондықтан да, жауапкершілігі мол, адал да мейірімді, әділ де парасатты, рухани дүниесі бай педагогтар ғана балаға білім мен тәрбие беріп, оның жан дүниесіне әсер ете алады.


Жүргізуші:

Әділ қазы алқасы солар тыңдар,

Анықтамақ, суырылып шығар кім бар?

Жеңіс –біреу, жеңіліс көп болғанмен

Шығады «жүзден жүйрік, мыңнан –тұлпар»,–

Деп бүгінгі сайыстың қорытындысын шығаратын әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

  1. Мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мақсұтова

Майгүл Сматәліқызы

  1. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сарсембаева Алтынхан Семетайқызы

  2. Мектебіміздің психологы Қалиаждарова Бақытгүл Орынбекқызы

  3. Жоғары санатты бастауыш пәнінің мұғалімі Қошақаева Айгүл Әлмішқызы

  4. Педагог-сарапшы география пәнінің мұғалімі Телеубаева Күләш Диханбайқызы


Жүргізуші:

Енді байқауға қатысушылар қазір өздерінің реттік нөмірлерін таңдайды. Ондағы сан ретін атайсыздар. Сол сіздердің реттік нөмірлеріңіз болады. Реттік нөмірлеріңізді алған соң, орынға барып жайғасуыңызды сұраймыз. Ендеше байқаудың кезеңдерімен таныстырып өтейін


І кезең Өзін-өзі таныстыру (5 минут)

  1. 5 минуттық көрініс

  2. 10 балдық жүйемен бағаланады

  3. Бағалау критерийлері:

  • Таныстырудың мазмұндылығы: педагогикалық тәжірибенің шынайылығы, жаңашылдығы, нәтижелілігі;

  • Үміткердің сөйлеу шеберлігі, эрудициясы, эмоционалдығы;

  • Кәсіби өсу жолындағы ізденістері мен жетістіктерінің көрініс табуы;

  • Презентацияның визуалды көркемдеу талаптарына сәйкестігі - шрифттерді және түстерді нақты таңдай білу, форматты орынды пайдалануы;

  • Уақытты тиімді пайдалана білуі.

ІІ кезең Сабақ өткізу (15 минут)

Белгіленген мектептер мен сыныпта байқауға қатысушы мұғалімдер қалаған тақырыбы бойынша оқу бағдарламасына сәйкес ашық сабақ береді.

Сабақты бағалау критерийлері: (10 балдық)

  • Сабақ мақсатының жоспарланған оқыту нәтижесіне сәйкестігі, жаңашылдығы

  • Тақырыптың терең ашылуы

  • Сабақта жеке тұлғаға бағытталған әдіс-тәсілдердің жүзеге асырылуы

  • Ақпараттық-коммуникациялық технологияны тиімді пайдалана білуі

  • Оқушылардың өзіндік белсенділігі мен шығармашылық әрекетінің қарқындылығын ұйымдастыра білуі

  • Сабақта қолданған бағалау жүйесін негіздей алуы

  • Мұғалімнің сөйлеу шеберлігінің тіл мәдениетінің талаптарына сай келуі

  • Сабақтың нәтижелілігін көрсете білуі және оқушылармен кері байланыс орнату шеберлігі


ІІІ кезең Эссе (10 минут)

Байқауға қатысушылар берілген тақырып бойынша 10 минут ішінде эссе жазады.

Эссеге қойылатын талаптар:

  • Тақырыптың ашылуы

  • Автордың жеке позициясының көрініс табуы

  • Сөздің мағыналық, эстетикалық, эмоциялық реңктерінің болуы

  • Сауаттылығы, тілдің грамматикалық формалары мен синтаксистік құрылымдарын пайдалану шеберлігі

  • Көлемі 100 сөзден кем болмау керек

  • Логикалық бірізділіктің сақталуы

  • Қорытынды пікірдің болуы.

ІҮ кезең Импровизациялық тапсырма (3 минут).

Конкурсқа қатысушы 3 минут ішінде белгілі аудиторияның алдында берілген тақырып бойынша импровизациялық және сөйлеу шеберлігін танытуы тиіс.

Импровизациялық тапсырмаға қойылатын талаптар:

  • Аудиторияның назарын бірден өзіне аудара алу шеберлігі

  • Сөйлеу стилін аудиторияның ерекшелігіне қарай таңдай білу қабілеті

  • Сөйлеу әрекетінің әр түріне байланысты сөздерді анық, дәл қолдана білуі (баяндама, ой толғау, шығармашылық есеп, ұсыныс, үгіт-насихат, пікір, ой өрбіту, құттықтау сөз т.б.)

  • Тақырыпты ашудағы пікір құндылығы, ойдың логикалық сабақтастығы, қорытынды пікірдің болуы, тіл мәдениетіне қойылатын талаптардың сақталуы

  • Уақытты тиімді пайдалануы


Жүргізуші: Тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім. Ұстаз һәм мұғалім туралы олардың алдынан өткен тұғырлы тұлғалардың түйдекті ой қалдырғандары көп. Соның ішінде тіл ғылымың атасы, атақты ұстаз Ахмет Байтұрсынов: «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім» деген екен.


1 - Жүргізуші:

– Иә, қаншама жыл, қанша ғасыр өтсе де Шығыс ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің осынау қанатты сөзінің мәні зор болып қала бермек. Ал, аталған мамандық иесінің ұрпақ тәрбиесіндегі алар орны ерекше. Демек, білім сапасын көтерудің негізгі тетігі – ұстаз, оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі.

2 - Жүргізуші:

Еліміздегі жалпы әлеуметтік, саяси-экономикалық, тәрбие және білім, мәдени деңгейлеріміздің жаңа сатыға көтеріліп,  жаңаша реңге ие болуы, жеке тұлғаны оқыту, білім беру, дамыту жүйесін жақсартуды талап етеді. Ал, осы қадамдарды жүзеге асыратын мамандық иесі ұстаз екенін ескерсек, жақсы мұғалімнің қандай қасиетке ие болуы керектігін атап өткеніміз жөн.

1 - Жүргізуші:

Ең алдымен, ол – қай кезде де кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі деп есептеледі.

2- Жүргізуші:

Оқушының білімге қанат қаққан сәтінен бастап, оның сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру – ұстамды ұстаздың ұстанатын міндеті. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады.

1 - Жүргізуші:

Жалғанады мың өмір мұғалімге.
Ақиқатты жалтармай ұғамын де.
Жақсы шәкірт — теңдессіз үлкен сыйлық,
Шапалақ соқ, қол ұсын мұғалімге,– деп бүгінгі сайыста сынға түскен ұстаздарымызға шапалақ соғып, құрмет көрсетейік!


2 - Жүргізуші:«Талпынған бала, талпынған құстай,

Құмары қанбас, аспанға ұшпай», - деп бабаларымыз дәл тауып айтқан.

Қазір ХХІ ғасырда ең бірінші орынға білім қойылды. Ұрпақ тәрбиесі мен оларға сапалы білім беру ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан білімді шәкірт шығатыны сөзсіз. Біз тек біліммен ғана алға жылжимыз. Ал сол білім нәрін беруші – ҰСТАЗ. Ендеше келесі бөлімде қатысушы ұстаздар 15 минуттық сабақ көрсету.


Еліміздің ұстаздары аман болсын,

Бастықтар жел өтпейтін пана болсын.

Сіздерге тек тілейміз аманшылық,

Болсын тек әрқашанда бейбітшілік – дей келе ұстаздарға деген алғашқы құттықтау сөз кезегін мектеп директоры береміз.


2 – Жүргізуші

Ұстаз... Ұстаздық – киелі әpi өте қарапайым мамандық. Жер жаһанда адамзат баласы пайда болғаннан бepi әрбір пендені ойландырып, толғандырып келе жатқан қоғам құрылып жатса да, қажеттігін жоймайтын бip мәселе ол – баланы өмip сүруге дайындау. Бұл – қиынның қиыны!


Ертеңгі мемлекеттің болмысы – бүгінгі ұстаздың тәлімінде.

1-жүргізуші:  

Сондықтан да шәкірттерге берері мен үйретері көп ұстаздарға еңбекқорлық пен табандылық тілей отырып, болашақтарыңыз – берік, келешектеріңіз кемел болсын дегіміз келеді.

Қош сау болыңыздар! Жеңіс құтты болсын! Аудандық сайысқа жолдама алған _________________________шын жүректен құттықтаймыз. Мектеп намысын қорғайды деген сенім білдіреміз.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
11 мамыр
3850
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі