400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жыл құстары

Материал туралы қысқаша түсінік
Зиятында ауытқуы бар балаларға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:Жыл құстары.


Сабақтың мақсаты: Жыл құстары туралы түсінігін қалыптастыру.

Олардың сыртқы пішінімен, тіршілігін, дене

бөліктерін, немен қоректенетінін сипаттай бере

білуге үйрету арқылы дамыту.


Коррекциялық: Сөйлеу белсенділігін дамыту арқылы, диалогтық және

байланыстырып сөйлеу тілін дамыту, логикалық

ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін,қызығушылығын, көріп

қабылдауын, қиялын, қолының ұсақ

моторикасын

дамыту. қатарластарымен ойын барысында бірлесіп

өзара әрекет ете білуге үйрету арқылы дамыту.


Тәрбиелік: Өзара түсіністік пен ынта –ықыласына, табиғатқа деген қамқорлыққа тәрбиелей білуге үйрету.


Көрнекілік: «Жыл құстары» суреті, құстар қорегі, ағаштар, ұя,

құстар бейнесі, қыстырғыштар, кесілген құстар суреті, түрлі- түсті қағаз, желім, ақ парақ, қайшы, ағаш бейнесіндегі қатты картон плакат, ноутбук.


Сабақтың барысы:



Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Психологиялық дайындық. Балалар

сабаққа дайынбыз ба? Біз бүгін қайда

саяхаттаймыз? Жарайсыңдар балалар!




Жаңа сабақ: «Жыл құстары». Балалар біздің бүгінгі сабағымыз сондай

ерекше болмақ, дәл ертегідегідей әрі ғажайыпқа толы. Балалар ғажайыпты көріп естігілерің келе ме? Онда бәріміз көзімізді жұмайықта менімен бірге 3- ке дейін санайық! Ал ғажайып болды ма? Ия. Балалар біз қандай әлемге тап болдық? Дұрыс айтасыңдар. Құстар әлеміне. Тыңдаңдаршы балалар бұл қандай дауыстар? Неткен ғажайып дауыстар. Әрине балалар бұл құстардың дауысы. Ия балалар қараңдаршы, бүкіл тіршлік иелері ояна бастайды, қар еріп, күн ұзарып, айнала жасыл

желекке оранып, күн жарқырай түсіп, жылы жел соқса, ең

бастысы құстар әуендете сайраса, онда бізге көктемде

келді деген сөз. Қыс мезгілі келісімен жылы жаққа ұшып кеткен құстарымыз қайта өз мекендеріне орала бастады.

Балалар қараңдаршы қандай құстар ұшып келді?.

Жарайсыңдар балалар!.Жыл құстары.


Дидактикалық ойындар: «Немен қоректендіреміз?», «Қыстап қалатын құстар ма әлде жыл құстары ма?».


Сергіту сәті: Құстар ұшып барады.

Көкке қанат қағады,

Барлық құстар қосылып

Шиқ-шиқ деп ән салады.


Дидактикалық ойын: «Құстарға көмектесейік».


Аппликациялық жұмыс: «Құстарға ұя жасау».


Сабақты қорытындылау: Балалар сабақ ұнады ма? Біз бүгін қайда саяхат жасадық?. Қандай құстармен таныстық?.


Үй тапсырмасы: Құстар бейнесін салу



Оханова Багила Нускабеккызы Түркістан облысы, Түлкібас ауданы Психологиялық-педагогикалық

түзету кабинеті.Олигофрено-педагог























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 қаңтар
1128
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі