Білім
беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған
оқу қызметі: Қарапайым
математика ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы:
«Жылдам,
баяу, үшбұрыш»
Мақсат-міндеттері:
*Балаларға
дөңгелек, шаршы, үшбұрыш тәрізді
геометриялық фигуралармен таныстыру,
оларды ажыратуды үйрету; кеңістікте
бағдарлау қабілетін қалыптастыру;
*Балалардың
сөйлеу және талдау қабілетін дамыту;
*Балаларды
сұраққа толық жауап беруге тәрбиелеу.
Әдіс
тәсілдері: көрсету,
түсіндіру,санау, салыстыру, сұрақ –
жауап, логикалық ойын.
Көрнекіліктер:
дөңгелек,
шаршы, үшбұрыш геометриялық фигураларды
салыстыруға арналған суреттер.
Алдын-
ала жүргізілетін жұмыс: жиын,
фигуралар жөнінде әңгімелесу.
Полингвизм-
дөңгелек-
круг, круг- circle
шаршы-
метр , метр- meter
үшбұрыш-
треугольник, треугольник- triangle
Оқу
қызмет кезеңдері
|
Тәрбиешінің
қызметі
|
Балалардың
қызметі
|
Мотивациялық
-қозғаушы
|
Сәлемесіздер
ме, балалар!
Балаларға
терезеге қарап, қазір жылдың қай
мезгілі енін айтуды сұрау. Ал біздің
суретімізде жапырақтар төгіліп жатыр
(
демонстрациялық материалдар) Осы
жапырақтарды топтарға бөлуге
көмектесіңдер. Өз нұсқауларыңды
айтыңдар.
|
Балалар
жыл мезгілін анықтады және тапсырманы
орындауға кірісті. Жапырақтарды
мөлшеріне қарай – үлкен, кішкентай,
түсіне қарай-сары, қоңыр, жасыл деп
жіктеді.
|
Іздену-ұйымдастыру
шы
|
Балалар
өткен тапсырмаларды жақсы меңгерген
екенсіңдер,бәріміз топтасып жұмысымызды
орындайық.
1-тапсырма:
Суреттегі заттарды сана. Қандай заттар
берілген? Бір цифрын бояу.
-Ал,
біздің тобымыздағы біреу болып тұрған
затты атаңдар?
Мысалы:
телевизор
-Ал,
есіктер нешеу?
2-тапсырма:
Суреттен 1 санымен сәйкес заттарды
боя.
-Қандай
заттарды боядыңдар?
-Қандай
түске боядың?
Сергіту
сәті:
Музыка
әуенімен орындайды.
Тік
ұста бойынды,
Жоғары
соз қолыңды.
Соз
қолынды тағы да
Жеткіз
жираф мойнына.
3-тапсырма:
Логикалық ойын: «Ойлан тап»
Шарты:
Суретте не бейнеленген? Қай аң пальма
ағашына бұрын жетеді соны түсіне сай
боя.
4-тапсырма:
-Суретте
қандай пішіндер бейнеленген?
-Ал,
суретте қанша үшбұрыш бар?
-Олардың
өлшемі қандай?
-Осы
үшбұрыштардың ең үлкенін қызылмен,
одан кішілеуін көк түспен, ал ең
кішкентайын жасыл түске бояңдар.
Полингвизм:
дөңгелек- круг, круг- circle, шаршы- метр
, метр- meter,
үшбұрыш
треугольник, треугольник- triangle
|
Балалар
оқу қызметіне қызығушылықтарын
білдірді.
-сағат,
тақта т.б
-олар
көп
Санға
сәйкес заттарды бояды.
-киіз
үй, құман, күн суреттерін боядық.
-жасыл,
қызыл, сары.
Өлең
шумақтары арқылы сәйкес қимыл жасады.
Балалар
ойынға белсене араласты. Суретте
жолбарыс пен тасбақа бейнеленгенін
айтты. Жолбарысты түсіне сай бояды.
-тіктөртбұрыш,
үшбүрыш, шаршы, сопақша
-үш
үшбұрыш бар.
-өлшемдері
әртүрлі.
Барлығы
пішіндерді түстеріне сай бояды.
Сөздерді
үш тілде атады.
|
Рефлексивті-коррекциялау
шы:
|
-Бүгінгі
оқу қызметі ұнады ма? Несімен ұнады?
-Біздің
тобымыздағы бір және көп заттарды
атаңдар.
-Ал,
тобымызда пішіндерге ұқсайтын заттар
бар ма? Атап беріңдер.
-Балалар,
жарайсыңдар!Бәріңіз де оқу қызметіне
жақсы қатыстыңдар.
Мадақтау.
|
-Иә,
ұнады.Тапсырма орындағын бізге ұнады.
Сергіту
сәтін орындаған бізге ұнады.
Балалар
заттарды атады.
Заттарды
атады. Белсенділік таныта білді.
Балалар
мадақтауға қуанды.
|
Күтілетін
нәтиже:
Нені
біледі: Балалар
тіктөртбұрыш, үшбұрыш, шаршы сынды
фигураларды көлеміне қарай атауды
білді.
Қандай
түсініктерді игерді: Балалар
айналадағы заттардың пішіні қандай
фигураға ұқсайтынын ажыратуды түсініп
игерді.
Меңгерген
дағдылары мен іскерліктер: Айналадан
шеңбер, үшбұрыш, шаршы пішіндес заттарды
табуды, фигураларды бір-бірінен ажыратуды
және олардың түсі мен өлшемдерін табу
дағдысын меңгерді.