жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жылдамдық және орташа жылдамдықты есептеу
|
Бөлімі: |
Механика |
|
Педагогтің аты-жөні: |
Тасыбекова Сания |
|
Күні: |
7.10.2021 |
|
Сыныбы: 7В |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Жылдамдық және орташа жылдамдықты есептеу |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
7.2.1.3 – қозғалыстағы дененің жылдамдығы мен орташа жылдамдығын есептеу |
|
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар: Жылдамдық, орташа жылдамдық шамаларының физикалық мағынасын біледі, түсінеді. Көптеген оқуышылар: Жылдамдықты өмірмен байланыстырады. Кейбір оқушылар: Жылдамдықтың бірліктерін ХБЖ-ін меңгере отырып, есептер шығаруда қолданады |
|
Бағалау критерийлері |
-Жылдамдық туралы ұғымды біледі -Жылдамдықтың өлшем бірліктерін ХБЖ-не келтіре алады. -Қозғалыстағы дененің жылдамдығы мен орташа жылдамдығын есептейді. -Жылдамдық формуласын түрлендіре алады. |
|
Құндылықтарға баулу |
Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу. Экономикалық өсу – бұл біздің ең маңызды міндетіміз, өндірісті, білім мен ғылымды біріктіру арқылы адам өзінің өмірінде түрлі жылдамдықпен іс-әрекет жасайды: жылдам немесе жәй қозғалады, техникаларды түрлі жылдамдықпен әрекетке келтіреді, жылжытады және т.б. |
Сабақтың барысы:
|
Сабақ кезеңі/ Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 10 минут |
1. Ұйымдастыру бөлімі Сәлемдесу, оқушылардың зейінін шоғырландыру. Психологиялық ахуал: «Сандар қимылдайды» 2. Топқа бөлу "Шешілмеген жұмбақ " 1-жұмбақ. Жердің жүзін шарлайсың, Онсыз еш жерге бармайсың. Көлікпен де, жаяу да, Саралайсың, таңдайсың. 2- жұмбақ. Көп болса, асықпайсың, Мезеттен қашықтайсың. Асықсаң аз болады, Табасың мұны қайсың? 3- жұмбақ. Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты, Тағы да бір белгісіз шама шықты. Ол болмаса денелер қозғалмайды, Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты?
Оқушылар жұмбақтар арқылы үш топқа топтастырылады және бағалау парақшалары беріледі. Мозаикада жылдамдық, орын ауыстыру, уақыт шамаларының таңбалары бір бетіне, екінші бетіне тақырыптың сөздері жазылады. 1-топ Жылдамдық 2-топ Жол 3-топ Уақыт 3. Үй жұмысын "Ия немесе жоқ" әдісі бойынша тексеру 1) Қозғалыс бірқалыпты және бірқалыпсыз болады (ия) 2) Траектория-екі нүктені қосатын кесінді (жоқ) 3) Жол-траектория ұзындығы болып табылады (ия) |
Жұмбақтарды шешу арқылы өз топтарының атын табады Әр топ сұрақтарға тез-тез ия немесе жоқ деп жауап береді |
Дескриптор Механикалық қозғалысты сипаттайтын шамаларды біледі Жалпы балл-1 |
Слайд, суреттер, бағалау парақтары |
||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 20 минут |
1. Жаңа сабақ 1.«Суреттер сөйлейді» әдісі Интербелсенді тақтадан спидометр, тасбақа және жылқының суреттерін шығарып қою. Бұл әдіс сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашуға ықпал етеді. Тақырыпты түсіндіру: Топтарға мәтін беріледі, олар сол мәтінді оқып түсіндіреді. Оқушылардың болжамдарын тыңдап, қосымша сұрақтар қою арқылы қолдау көрсетемін. 1. Жылдамдық формуласы қалай оқылады ? 2. Жылдамдықтың өлшем бірліктерін атаңыз? 3. Орташа жылдамдықты қалай есептейміз? 2. “Ойлан, жұптас,
бөліс” |
Оқушылар интербелсенді тақтадағы суреттерге қарап сабақтың тақырыбын анықтайды. |
Дескриптор - Жылдамдық, орташа жылдамдық шамаларының физикалық мағынасын біледі -Жылдамдық, орташа жылдамдық формуласымен танысады Жалпы балл-3 Дескриптор -Есептің берілгенін жазады -өлшем бірліктерін ХБЖ-не келтіре алады -формуласын дұрыс жазады. - есептің шешуін шығарады Жалпы балл-4 |
Тақтадағы суреттер Мәтін
Маркер А4 парағы |
||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы. 5мин Рефлексия 5мин Үй тапсырмасы |
3. Жаңа сабақты бекіту: кестені толтыру
Ауызша
Үйге тапсырма: 46 бет, №3 есеп |
|
Дескриптор - өлшем бірліктерін біледі -белгіленуін біледі -формуласын біледі
Жалпы балл-3
Жалпы балл-10 |
|
||||||||||||||||
|
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? |
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
||||||||||||||||||
|
Рефлексия. Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
|
Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі еске салынады. |
||||||||||||||||||
|
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек? 1: 2: |
||||||||||||||||||||
БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
Топ жетекшісі: Сыныбы: 7В Күні:7.10.2021

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген