Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жылдамдықты қалай өлшейміз?

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалім әріптестерге,әдіс-тәсіл алмасу үшін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Пән: жаратылыстану

Ұ зақ мерзімді жоспар бөлімі: Күш және қозғалыс.

Күні: 16.02.2018ж

Сынып: 2 «Г»

Мектеп: «Төрткүл» жалпы орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Мыңбаева Б

Қатысқандар саны: 20

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы : Жылдамдықты қалай өлшейміз?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.5.1.1 - түрлі денелердің әртүрлі жылдамдықпен қозғалуына мысал келтіру;

2.5.1.2 - жылдамдықты түсіндіруде оның сапалық сипаттамаларын қолдану (жылдам, баяу);

2.1.2.7 - эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кестеге түсіру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:  

Түрлі денелердің әртүрлі жылдамдықпен қозғалуына мысал келтіреді,жылдамдық ұғымымен танысады.

Оқушылардың басым бөлігі:

жылдамдықты түсіндіреді оның сапалық сипаттамаларын қолданады (жылдам, баяу);

Кейбір оқушылар:

эксперимент жүргізеді және оның нәтижелерін кестеге түсіреді.

Бағалау критерийлері

Білім алушы

Түрлі денелердің әртүрлі жылдамдықпен қозғалуына мысал келтіреді.

Әртүрлі денелердің қозғалыс жылдамдығын салыстырады.

Денелердің әртүрлі жылдамдықпен қозғалатынын түсіндіреді.

Жылдамдығы әр түрлі денелерге мысал келтіреді.

Тілдік мақсаттар

Бұл сабақта тірек сөз «жылдамдық», «жол».Осы сөздермен барынша көп тіркестер құрастырылады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың пəнге деген қызығушылықтарын

арттыру, алғырлыққа, зеректікке шапшандыққа баулу, ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылық қабілетін дамыту, өз ойын нақты жеткізе білуге үйрету.




Пәнаралық байланыстар

Дүниетану,денешынықтыру,әдебиеттік оқу, математика,ағылшын тілі

АКТ қолдану дағдылары

Проектор,ноутбук. Презентация.

Бастапқы білім

Оқушылар «қозғалыс» ұғымын түсіндіреді,түрлі денелердің қозғалыстарын мысалға келтіреді. Олар қозғалыстың табиғаттағы,адам өміріндегі маңыздылығын түсінеді,қозғалыс траекториясын бейнелейді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Қызығушылықты ояту

Амандасу тренингі

Оқушылар келген қонақтармен 3 тілде сәлемдеседі.

«Кір жаятын жіп» әдісімен топқа бөлу.

Топ басшысын сайлау.

Топ ережесін еске түсіру.Топ атын жариялау.

Өткен сабақты пысықтау «Пирамида» әдісімен.Тапсырманы орындап болған соң топтар бір-біріне беріп тексереді.Жалау түстері арқылы бағалайды.

Слайд



Жіпте жайылған фотосуреттерді алып, топтарға бөлінеді.






Топ ережесі



Жалау

Сабақтың ортасы



Білу






5-мин


















Түсіну














5-мин





























Қолдану.







5-мин






















Талдау







5-мин













Жинақтау






7-мин

Мағынаны тану

Ой қозғау.

Балалар естеріңде болсын:

Тыңдағанда, біз ұғамыз,

Көргенде біз,түсінеміз,

Әрекет еткенде үйренеміз.

Сендер бүгін тек тыңдап және көріп қана қоймай,сондай-ақ талқылап,өздерің әрекет етіп және бір-біріңе көмектесулерің керек.

Кіріспе тапсырма

(Ұ) Оқушылардан олардың нені жылдам,нені баяу істей алатынын сұраймын.Мысалы, жүгіру,тамақ ішу т.с.с.Қозғалысқа ғана қатыстысын таңдаймын.Оқушылар жауап беруге қиналса мысалдар келтіремін (шанамен сырғанау,доп тебу т.с.с.)

(ОТ)Оқушы тәжірибесі

Әр топтан бір оқушы белгіленген қашықтықты кезек-кезек жүріп өтуі қажет.

Бір оқушы қатысушының жұмсаған уақытын секундомердің көмегімен есептеп тұрады.

Бағалау критерийі.

Зерттеу жұмысы барысында оқушылар жылдамдықтың шамасы жүріп өткен қашықтық пен жұмсалған уақытқа тәуелді болатынын түсіне алады.

(ОТ,Ұ) Тәжірибе жасау.

Тапсырманы топта орындатамын.

Әртүрлі ойыншық машиналардың жылдамдықтарын салыстырып көреміз.Бірнеше кітапты қабаттап қойып,бір жақ шетіне қатты қағазды көлбеу етіп орналастырамыз.Қағаздан 15-20 см алыстау жерге көлденең сызық жүргіземіз.Машиналарды көлбеу қағаздың үстімен кезекпен төмен қарай жібереміз.Әр машинаның көлденең сызықты неше уақытта жүріп өткенін жазып отырамыз.Нәтижелерін салыстырамыз.Көлденең сызыққа барлығы бірдей уақытта жете ме?

Одан қандай қорытынды шығаруға болады?

Дескриптор:Білім алушы

-тәжірибе жасайды;

-тәжірибелік жұмыстың нәтижесін салыстырады;

-тәжірибе нәтижесіне сүйеніп қорытынды жасайды;

(МК) Оқулықпен жұмыс

Негеш пен Эврика достарына қонаққа баруға жиналды.Олардың қай қалада тұруы мүмкін?Олар қай көлікпен қонаққа тезірек жете алады.(ұшақпен) Неліктен? (ұшақ жылдам қозғалады) «Жылдам қозғалады» дегенді қалай түсінесіңдер? (ұшақпен бір сағатта басқа көлікпен салыстырғанда көбірек қашықтықты жүріп өтеді немесе ұшақ жолға азырақ уақыт жұмсайды) .Суретте бейнеленген көліктердің қайсысымен қонаққа жету үшін ұзағырақ уақыт кетеді? (велосипедпен) Неліктен? (Бір сағатта ол басқа көлік түрлерімен салыстырғанда өте аз жолды жүріп өтеді)

Дескриптор:Білім алушы

-«нысан бір сағатта неғұрлым көп жол жүріп өтсе, соғұрлым оның жылдамдығы көп» деген қорытындыға келеді.


(МК) Ойлан










(Ө) Дәптермен жұмыс

44-жұмыс парағы.Қайсысы жылдам?

Қайсысы жылдам,қайсысы баяу қозғалады?

Оқушылар жылдам жүгіре алмайтын жануарларды бояйды.Содан соң бәрінен жылдам жүгіретін жануарды қоршап сызады.

Жауап

Тасбақа мен жұлдызқұрт тез қозғала алмайды.

Қабыланды қоршап сызу.

Шатасқан әріптер

Оқушылар сөздердегі әріптердің орнын ауыстырып,дұрыс сөйлемді жазады.

Жауап:Ең жүйрік құс-қыран


45-жұмыс парағы. Жылдамдық

Дұрысын тап!Оқушылар бос жолдарға жануарлардың атауларын жазу керек.

Жауап

Тасбақа(90мин),кірпі (30мин),жылқы (10мин), қабылан (5мин ).Қабылан-ең жылдам.Тасбақа-ең баяу.

Диаграмма.Диаграммада жылдамдық мәндерін азаю ретіне қарай сәйкес бағандарға жазуы керек.

Жауап

Қабылан,жылқы,сарышұнақ,ұлу.



(МК)

Сергіту сәті

(Ұ) Оқушыларға желдің жылдамдығы туралы үнтаспаны тыңдатамын және видеороликті көрсетемін. Жел жылдамдығы секундына метр есебімен өлшенетінін түсіндіремін.Оның сапалық сипаттамаларымен таныстырамын.






(ОТ, Ұ) Оқушыларға қағаз кеме беремін,әр топтың алдында су құйылған ыдыс тұрады.топ мүшелері кемелерін суға үрлеп ағызады.Тәжірибе барысында затты орнынан қозғау негізінде анықтайды


(ТЖ)топтық жұмыс.4 топқа 4 түрлі тапсырма беріледі

Суретте жануардың , көліктің, адамның ,желдің жылдамдығын диаграммаға түсір.Жолақшаны түрлі-түсті қарындаштармен боя.


.

1сағ

75 км

1сағ -5 км

1 сағ 120 км

1сағ

50 км



Дескриптор: Білім алушы

-берілген көрсеткіштер бойынша диаграмма құрастырады.

-жылдамдығы ең жоғарғы жануарды анықтайды.

-жылдамдығы ең төмен жануарды анықтайды.

-«жылдамдық» ұғымына түсінік береді.












секундомер
















О йыншық машиналар





Ұшақ макеті


слайд















































Әр топ мүшелері тақтаға шығып,постермен қорғайды.



жұмыс дәптер





Конвертке салынған тапсырмалар





















үнтаспа

в идеоролик желдің





















Слайд





(ҚБ)Әр топ тапсырмаларын жалау түстерін көтеру белгісі арқылы бағалайды.



Әр топ мүшелері тақтаға шығып,постермен қорғайды



Сабақтың соңы

Бағалау

3-мин

Қорытынды . «Ақиқат жалған ойынымен»

  • Жылдамдығы ең төмен жануар ол тышқан

  • Жылдамдықты килограммен өлшейміз

  • Баяу жел -0-5м/с

  • Ең жылдам жануар ол қабылан


Үйге тапсырма

-Бүгінгі сабақтан не білдіңдер?

-сендер үшін не маңызды болды?

-Сабақтың басында айтылған мақсатымызға жеттік пе?

-(ҚБ) Бүгінгі сабаққа барлығымыз жақсы қатыстық.Бас бармақ арқылы өзімізді бағалайық.


Кері байланыс .

Ұшаққа өз аттарын жазып түстеріне сәйкес жапсырады. өзін-өзі бағалау

























Ұшақ макеті,стикер

лер түрлі түсті

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Эксперимент жүргізеді және оның нәтижелерін кестеге түсіреді.

Сабақ барысында мадақтау сөздер айту арқылы бағалау.Кері байланыс беру арқылы бағалау,бас бармақ,жалауша түстері арқылы бағалау жүргізіледі.

Сергіту сәтінде қауіпсіздік ережесін сақтау



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
1709
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12