400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жылдамдық,уақыт және қашықтықты табуға берілген өзара кері есептер" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бір-біріне қарама-қарсы бағыттағы қозғалыстарға есептер шығару әдістерімен бөлісу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Математика

Уақыты:13.11.17

Кабинет:210

Мұғалім:ШонаеваК

Сабақтың тақырыбы

Жылдамдық, уақыт және қашықтықты табуға берілген өзара кері есептер.

Қайталау

Сілтеме

Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор

Сабақтың жабдығы

суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер.

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

1) Бір - біріне қарама - қарсы бағыттағы қозғалыстарға есептер шығару әдістерімен таныстыру, жақындау жылдамдығы деген ұғым беру.
2) Оқушыларды қозғалысқа қатысты есептерді шығару дағдыларын, ақыл – ойын, ой - өрісін, танымдық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттырып, өз
ойын қорытындылай білуге баулу.
3) Өз Отанын, елін сүйетін, білімді де, саналы, нағыз патриоттарды тәрбиелеу. Өзіндік бағалауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: топтық - аралас
Сабақ типі: жаңа білімді меңгерту
Әдістері: түсіндіру, «Ой ашу» стратегиясы, сұрақ - жауап, топтық жұмыс, логикалық тапсырма, көрнекілікпен жұмыс, графикалық тест жұмысы.

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау парақшасымен таныстыру

Топқа бөлу

Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі.

Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі.

Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылардың оқу құралдарын толық алуын қадағалап, назарын сабаққа аударамын.
Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып
Өзара көз тастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен,
Жаңа білім алуға
Алға қадам аттаймыз.



Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Үй тапсырмасын пысықтау


Көбейту кестесін еске түсіру

1. Жылдың бесінші айын ата. / мамыр /
2. Бүгін аптаның қай күні? ( бірінші)
3. 320 мен 1 - дің көбейтіндісі. ( 320 )
4. Шаршы, тік төрт бұрыш, үшбұрыш нелер? (геометриялық фигуралар)
5. 513 пен 515 - тің арасында қандай сан бар? (514)
6. Есік қандай геометриялық фигура?
(тік төрт бұрыш)

Оқушылар ауызша орындайды

Жаңа сабақ

- Бүгінгі сабағымызда бір - біріне қарама - қарсы бағыттағы қозғалыстарға есептер шығарып үйренеміз. Сызбаға қарайық. Автокөліктер бір - біріне жақындап келеді.
V¹=40 км/сағ -------------------- t =? сағ --------------------- V²=60 км/сағ

-----------------------------------S = 400 км
Уақыт бірлігінде нысандардың бір - біріне жақындауын жақындау жылдамдығы дейді. Бір - біріне қарама - қарсы бағытта қозғалу кезінде жақындау жылдамдығы жылдамдықтардың қосындысына тең болады.
V жақынд. = V¹ + V²
60 + 40 = 100 ( км/сағ )- автокөліктердің жақындау жылдамдығы.
Автокөліктердің неше сағаттан кейін кездескенін біу үшін, алғашқы арақашықтықты жақындау жылдамдығына бөлу қажет.
t = S: Vжақынд.
400: 100 = 4 ( сағ )
Жауабы: автокөліктер 4 сағаттан кейін кездесті.
Уақыт белгілі, жақындау жылдамдығы белгілі, арақашықтықты табу үшін не істейміз деп ойлайсыңдар? Формуласын құрастырып көріңдер.
S =Vжақынд. • t

Оқулықтағы тапсырмаларды топтарда бөліп орындау.

Дәптермен жұмыс.

1-есеп

Ш: 68км : 2сағ. 34 км/сағ.

Жауабы: 34 км/сағ

2-есеп.Кесте бойынша есеп құрастыр

3-мысал.

78090 + 10907 – 61900 = 27097

15019 + 48890 : 9 = 7101

4-мысал

Х=1001 х=111 х=25

5-мысал

6789+5678+921=13388 342498+278569+487096=1108163

28097+58978+49769=136844 18428-5899=12529 30002 -9893=20109

Сергіту сәті

Әппақ болып таң атты,

Түтiн тiке шығады.

Қарлығаштар қанатын

Самғап биiк ұшады.

17. Топ-топ, топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса, жаса алтын күн

Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады)

Ой толғаныс

Логикалық тапсырмалар
І топ. 14 - бөлшек. Менің ақшам осы ақшамның жартысын қосса, 150 теңге болар еді. Менде қанша ақша болған? (100 теңге болған)
ІІ топ. 15 – бөлшек. Шешесі балаларына 10 шоколадты бөліп, қыздарына үш - үштен, ұлдарына екі - екіден берді. Қыздар нешеу, ұлдар нешеу? (2 ұл, 2 қыз)
ІІІ топ. 16 - бөлшек. Кез келген нәрсенің төрттен бір бөлігі көп пе, әлде жартысының екіден бір бөлігі көп пе? (екеуі бірдей)

Сабақты бекіту

Үй тапсырмасы

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау



Оқушылар күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Өз көңіл күйлерін стикерге жазу.

Бағалау парақшасын толтырады



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
824
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі