400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жылдың əр мезгіліндегі туған өлкем Шамалар

Материал туралы қысқаша түсінік
материалды әріптестеріммен бөліссем деймін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: Ш.Есқожа (о.і.м)

Пәні: математика


Тақырыбы:Жылдың əр мезгіліндегі туған өлкем

50-сабақ. Шамалар

Мектеп: №99

Күні: 4.12.2018

Мұғалімнің аты-жөні: Ж.Ибраева

Сынып: 2 Ә

Қатысқандардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Оқу мақсаттары

2.1.3.5.Уақытты циферблат бойынша анықтау: сағат жəне минут.

2.1.3.4 Ұзындық (см, дм, м), масса (кг, ц), уақыт (сағ, мин, ай, жыл) өлшем бірліктері арақатынасына сүйеніп түрлендіру.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

• уақытты циферблат бойынша анықтайды,уақыттың өлшем бірліктерін (сағат, минут, ай, жыл) олардың арасындағы қатынас негізінде ауыстырады.

Көпшілік оқушылар:

• кез келген күндер санынан кейін аптаның күні қандай болатынын анықтап, түсіндіреді.

Кейбір оқушылар:

• минут тілі осындай күйде болған кезде сағат тілі циферблаттағы сандар арасында қандай қашықтықта болады жəне неліктен?

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

• орындалатын амалдарды, ауызша есептеулерді түсіндіруді.

Пəндік лексика жəне терминология.

Сағат, минут, секунд, тəулік, апта, ай, жыл.




Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сөйлемдер.Талқылау.

Əр айда неше күн бар?

Ай аптаның қандай күнінен басталатынын білуге бола ма?

7 күннен кейін аптаның қандай күні болатынын білуге бола ма?


Жазу.

Рим жəне араб сандарын пайдалана отырып, датаны жаз.

Тірек білім


Аптадағы күндер саны, дұрыс кезектілікпен олардың атаулары, жыл ішіндегі айлар саны, дұрыс кезектілікпен олардың атаулары, əр айдағы күндер саны.










Жоспары

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

3




Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Оқушылармен сәлемдесу.

1.Психологиялық дайындық

Оқушыларға өлеңнің көмегімен дұрыс әсерлі көңіл күй жасау.Сабаққа деген қызығушылықтарын ояту, белсенділік танытуға баулу мақсатында таңғы шеңбер ұйымдастырамын..

Армысың досым,

Кел маған қосыл.

Алақанға салып алақан

Шеңберге бірге тұрайық

Жер шарындай айналып,

Әлемге жарық ұқсайық.

Қолымызды көтеріп,

Күннің нұрын алайық.

Ортамызда күн нұры,

Құшаққа оны алайық.

Топқа бөлу

Оқушыларға сұрақ қоямын .

-Қыс айлары қандай?

Енді осы қыс айларына байланысты 3- топқа бөлінеміз.

Желтоқсан, қаңтар, ақпан

Әр айдағы мереке күндері мен ерекшеліктерін атап өтеді.

.

3


  • Ынталандыру

  • Бүгінгі сабағымыздың ұраны:

«Білмеген ұят емес, үйренбеген ұят!

Сендер онымен келісесіңдер ме?

  • Қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?

Əр жыл мезгіліндегі өз өлкеңді сипатта.

Өзектендіру.

  • Аптада неше күн бар?

  • Апта күндерінің атауларын есіңе түсір. 3 – тілде айтқызу

  • Айда неше күн бар?

  • Жыл ішінде неше ай бар?

  • 1жылда қанша күн бар?





3


Мақсат қою (проблемалық жағдай).

Жұмыс діптеріндегі 1-тапсырмада оқушыларға сұрақтарға жауап беру ұсынылады.

Ай атауларын рим цифрымен жаз.

  • Менің туған күнім?

  • Менің анамның туған күні?

  • Білім күні?

  • Жаңа жыл?

  • Жазғы каникулдың басталатын күні?

Интербелсенді тақта



3мин













2мин
















2мин

Жаңаны ашу. Топтық жұмыс

Оқушыларға сурет қималары таратылады. Сол суреттерді құрастырып, сұрақтарға жауап береді.




Дəптердегі 2-тапсырманы орындайды. Сағаттың тілдерін салып, олар құрған бұрыштарды (тік, сүйір, доғал) жазады.


Оқушылар бірінші жағдайда минут тілі (ұзын) 4 санында (5+5+5+5 =20) болуы тиіс екенін түсіндіре отырып, сағат тілдерін қояды.

Бағалау критерийі:

1 сағатта неше минут бар екенін білемін.

Сағаттың минуттық жəне секундтық тілдерін ажыратамын.

Уақытты минутына дейін дəл жаза аламын.


Өзіндік жұмыс. (ауызша)

Оқушылар 3-тапсырманы орындауда кестеде берілген мəліметтермен жұмыс істейді.


Оқулық, дəптер.







5 мин









2 мин

Тақтамен жұмыс 3-топтан 3 оқушы шығарамын.

№4 көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте.

1 сағ 20 мин =80 мин

90 мин= 1сағ 30 мин

6дм8 см= 68 см

14 дм=1 м4 дм

18 см=1 дм 8 см

800 кг=8 ц


Сергіту сәті


Өтілген материалмен жұптық жұмыс.

Дəптердегі 3-тапсырманы жұптасып орындайды Оқушылар қосындысы 100-ді құрайтын үш санды таңдайды. (Егер бұл ретте уақытты белгілесе, тапсырма жарыс сипатына ие болады.).





2 мин






Сабақтың соңы

10 минут























3 мин




«Жіптегі тапсырмалар»

1 сағ+10 мин=70мин

2 тәул 5 cағ +10 сағ=63 сағ


1ц+8 кг=108кг

9 дм+3 см=93 см


Х+12=25 28- а=13


48+32=80 76+19=95

97-49=48 100-38=62



Оқулықтағы 5-тапсырмада оқушыларды жылдың əр мезгілінде шағын қалада дүниеге келген сəбилер санын көрсететін диаграмманы оқуды үйретеді.

Мұғалім диаграммада бірлік өлшемі ретінде қандай шама алынғанын сұрайды. Диаграммадағы бір текшеге бір бала сəйкес келетініне назар аударылады.

  • Осы диаграмма тағы қандай сұрақтарға жауап береді? -Қыста туылған ұл балалардың нешеуі қыздар санынан артығырақ?

  • Жылдың қай мезгілінде ұлдар қыздардан көбірек туылды?

  • Осы жылы неше ұл бала туылды? Неше қыз?

Рефлексия

Кері байланыс

«Алтын күн»

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді күн бейнесіне үлкен және кіші сәулелерді жабыстыру арқылы кері байланыс беру.

Маған мысалдарды шығару қиындық келтірмеді

- үлкен сәуле.

«Маған қиын болды» кіші сәуле.

Shape2 Shape1

Shape3



Үйге тапсырма №2 Ә


Дəптер, оқулық.























Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техналогиясы

ның сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларға:

29+83=

77+58=

Араб цифрларын рим цифрына айналдырып жаз.

Қабілеті төмен оқушыларға: 12+5=

23+7=

11+6=

13+8=

-Топтық жұмыс «Басбармақ» арқылы

- Смайлик (оқушыларды ынталандыру мақсатында )

- Бағдаршам (оқушылардың тапсырманы нақты түсінгенін анықтайды)

Ұжымдық жұмыс барысында «Жұлдызша» арқылы мадақталады.

Дәптермен жұмыс смайликпен бағаланады.

қаламды дұрыс, тиімді пайдалану.

Жазу кезінде ережеге сай отыру.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
825
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі