400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жылдық есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қонжық» екінші кіші тобының тәрбиешісіС.С.Еркінбекова  2017 – 2018 оқу жылы бойынша  жасалған  жұмыстары  туралы есебі.

«Қонжық» тобына 24 бала қатысады.  11-ұл  және    13-қыз  балалар. Балалардың орташа қатысуы 22.

Балаларды оқыту және тәрбиелеу «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы бойынша жүргізілді. 2017 -2018  оқу жылына  біздің  алдымызға келесі мақсат -  міндеттер қойылған болатын:

1. Балалардың денсаулығын қорғау және нығайту.

2. Екінші кіші топ балаларын оқыту мен тәрбиелеу барысын жалғастыру.

Оқу жылының басында  балалардың  қызығушылықтарын есепке ала отырып, дамытушы орталықтар дайындадық. Танымдық – дамытушы  орталықтың  құрал – жабдықтары  балалардың өз қалауларымен, қызығушылықтарымен таңдауына, бір – біріне кедергі жасамай әр түрлі қызметпен айналысуларына  сәйкес  етіліп  орналыстырылды. Өз қолымызбен әдістемелік және дидактикалық материалдар  жасалып толықтырылды.  Танымдық  дамуға байланысты әр түрлі ойындар картотекасы, атрибуттары жасалды: мысалы, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту: «Жыл мезгілдері», «Заттардың қасиеттері», денсаулық сақтау: «Қырлы жолақпен жүру», «Түйме жолдар», «Нүктелі сипалау», патриоттық – адамгершілік  тәрбиеге байланысты: «Менің сүйікті қалам»,  қауіпсіздік ереже ойындары: «Дені саудың жаны сау».

Балалардың денсаулығын сақтау және нығайту  - бұл   біздің жұмысымыздың  ең негізгі  міндеті.

Жыл бойы таңертеңгі жаттығудың әр түрі кешенді түрде жүргізілді; қозғалмалы ойындар: «Орамал тастамақ», «Соқыр теке», «Ақ серек – көк серек», таңғы жиындар,  тыныс алу гимнастикасы.  Оқу қызметті кестесі бойынша үнемі дене тәрбиесі сабақтары жүргізілді. Балалар әр түрлі дене тәрбиесі жаттығуларын орындады, қозғалмалы ойындар, доппен  әр түрлі ойындар ойнады, акробаттық жаттығулар үйреді. Балалармен күндізгі ұйқыдан кейін сергіту шаралары орындалып отырылды: жаттығулар, жалпақ табанның алдын – алу шаралары, шынықтыру шаралары, тыныс алу жаттығулары, нүктелі массажы, жалаң аяқ жүру және т.б.  Жылдың басында және жылдың аяғында дене тәрбие нұсқаушылары  бағдарлама  талабына байланысты жүгіруден, секіруден, сермеп лақтыру дағдыларының   көрсеткіштерін алып   қорытынды сараптамасын жасады. Күні бойы міндетті түрде  балаларға қажетті  көзге байланысты жаттығулар, жазуға, тіл дамытуға қажетті  қол  бұлшық еттерін  жаттықтыруға   байланысты ойын –оқу қызметтері жүргізілді. Оқу қызметінде көп көңіл бөлінді. Денсаулыққа байланысты мына тақырыптар бойынша әңгімелер  жүргізілді: мысалы, «Күннің көзі, су, ауа – біздің нағыз досымыз», «Өзіңе және басқаға көмектес», «Емдік шөптер және улы шөптер». Бұның бәрі балалардың өмірге деген дайындық мүмкіншілігіне  себебін тигізеді.

Баланы  әлеуметтік тұлға ретінде қалыптастыру және оқу – танымдық қызметке дайындау.

Мектепке дейінгі жаста баланың  өзіне, қоршаған ортаға деген қалыптасу негізінің іргесі қаланады және біз оған көмекке келеміз. Біз балаларды ұжымдыққа, өзінің  жасаған істеріне, қылықтарына  жауап беруді үйреттік. Балалардың  жеке   өзіндік қасиет – қабілеттері  дамыды: мысалы, мейірімділік, қамқорлық, шыдамдылық, еңбекқорлық, шыншылдық, тиянақтылық, тілазарлық сиқты. Балалардың танымдық  қабілеттерін дамытуды  мысалы,  Қ:М:Ұ:Қ оқу қызметі арқылы, құрастыру, қоршаған ортамен таныстыру  қызметтері арқылы  жүзеге асырылды. Жыл бойы  мәдени – гигиеналық талаптарға байланысты күн тәртібі  қатаң түрде  ұсталынды. Балалармен мен   келесі  іс – шараларды  жүргізген болатынмын:

Қыркүйек айынан мамыр айына дейін мынадай тақырыптық сабақтар өткіздім:

1.     «Қызыл телпек орманда»

2.     «Жолда – абай бол»

3.     «Менің Отаным – менің мақтанышым»

4.     «Мен сенің досыңмын, сен менің досымсың»

5.    Қорытынды аралас ашық оқу қызметі: «Сиқырлы әлемге саяхат»

Ойын-сауықтар:

1.    

2.  «Қош келдің – Жаңа жыл»

3.     «Тәуелсіз – туы желбіресін» тақырыптық оқу қызметі

4.     «Достық әні  тербеткен, дархан далам!» шығарамашылық байқау

5.     «Ана өмір шуағы» атты ертеңгілік

6.     «Армысың Наурызым» ертеңгілік

Ата – аналардың көмегімен мынадай көрмелер ұйымдастырылды:

1.     «Әжемізге сыйлық» сурет көрмесі

2.     «Күз сыйы»

3.     «Жаңа жылдық жасыл шырша»

4.     «Жаңа жылдың қызықты сәттері» сурет көрмесі.

5.     «Балабақшадағы қысқы серуен» сурет көрмесі

6.     «Анамызбен бірге сурет саламыз»


Жылдың басында және жылдың аяғында  балалардың даму  диагностикасы жүргізіліп отырды. Бұдан біз балалардың дамуы жыл басына қарағанда жылдың аяғында көрсеткіш деңгейі жоғары екенін көреміз.     Оқу жылы бойы  біз тәрбиеленуші балалардың отбасымен тығыз байланыста болдық. Тәрбиеленуші Әділ Дина, Жұбанған Дайана «Сырлы сурет» атты шығармашылық байқауына қатысқаны үшін бірінші дәрежелі дипломға ие болып.  Ата-аналар жиналысы «Бала тәрбиесі баршаға ортақ», «Баланың бас ұстасы ата-ана», «Балаға қандай ойыншық алу керек?», «Шынықтыру шараларының пайдасы» кеңестер. «Тұмауға қарсы ем-шара қолдану», «Тұмаудың алдын алу», «Тамақтану мәдениетін қалыптастыру», «Дұрыс тамақтану», «Балалардың жазғы демалысын дұрыс ұйымдастыру», қозғалмалы – папка  «Астана», «Көкшетау», «Наурыз –жыл басы», «Жолда сақ бол» тақырыбына  өңдеп жасадық .2017-2018 оқу жылында әріптестердің  іс – тәжірибесімен алмасып ашық  оқу қызметтеріне қатыстым, мысалы: Самбетова Н, Телғазиева Ф, Тансикова Г, Олжабекова Қ т.б.

Келесі жылға  қойылатын  ұсыныстар мен  нәтижелі жетістіктер:

1. Қалада және балабақшада өтілетін әдістемелік  іс – шараларға   белсене    қатысу.

2.Қоршаған ортамен танысу арқылы  балалардың танымдық белсенділіктерін  толықтыру, дамыту.

3. Балалардың  әрі қарай жетістіктерге жетулері үшін  шығармашылық    қабілеттерін,  эмоционалдық көңіл – күйлерін және белсенділіктерін     тәрбиелеуді жалғастыру.

4.Толықтыру: логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға арналған     үлестірмелі және дидактикалық материалдар; желілі – рөлдік  ойын    бұрышы; жас ерекшеліктеріне байланысты  әдеби кітап бұрышын    жалғастыру.

5. Инновациялық  технологиялар  аясындағы  жұмысты жалғастыру.

 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 ақпан
1398
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі