Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
жылдық есеп
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Жамбыл облысы Байзақ ауданы
Марзатай орта мектебінің коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2016-2017 оқу жылының
тәрбие саласы бойынша
5 «А» сыныбының
жылдыққа есебі
Сынып жетекшісі: Нарешова Асель.
Мырзатай аулы-2017 жыл
2016-2017 оқу жылындағы 5 «А» сыныбының тәрбие жұмысының
1 жарты жылдық есебі
1.Жалпы мектепішілік іс-шараларға қатысу:
«Алтын күз» байқауына Асан Расул, Төрегелді Әлия қатысып, «Жарасымды жұп » номинациясымен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25жылдығына арналған 25 «5» атты үздік оқушылар байқауына қатысып Полатбаева Элиза ІІІ орынға иеленіп марапатталды
.
«Менің елім, менің елбасым» мәнерлеп оқу байқауына Сәтімбек Шынар қатысып, Іорынмен марапатталды.
2.Ата-анамен жұмыс:
Ата-анамен жұмыс бағыты бойынша өткізілген іс-шаралар
«Жанұялық демалыс проблемасы», «Біз бақытты жанұямыз атты тәрбие сағаттары және де тоқсан сайын ата-аналар жиналысы өткізілді.
Нәтижесінде:
Биылғы оқу жылы ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста жақсы жұмыс жасадық. Қараша айында баланың әлеуметтік тұрмыс жағдаймен танысу барысында :
-
Сынып оқушысының әлеуметтік – тұрмысын тексеру актісі;
-
Оқушының жеке әлеуметтік паспорты;
-
Оқуылардың мектепішілік ережесі;
-
Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері жөніндегі ережелер, т.б құжаттармен ата-аналар таныстырылды.
Әр тоқсан сайын ата-аналар жиналысы болды. Тоқсан аяғында болатын демалыс уақытында ата-аналар өмір қауіпсіздігі және жол ережелерімен таныстырылды.
Биылғы жыл бойынша өткізілген ата-аналар жиналысы:
-
№1 Ата-аналар жиналысы. 20.09.2016ж
1. Оқушының мектеп ережесіне бейімделуі;
- ата-ана комитеті сайланды;
2. Жанұялық тәрбиеге (ата-аналарға арналған тренинг), қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің ролі.
3.Ата-ана өз баласының өмір қауіпсіздік және көшеде жүру тәртібі мән беруі туралы ескертілді. (Ескерту парақшасы мен қосымша дәптерлерге қол қойдырылы, ескерту айтылды)
-
№2 Ата-аналар жиналысы. 01.11.2016ж
1.-1 ші тоқсанның аяқталуына байланысты жиналыс өтті.
2. оқушы тәртібі мен оқу үлгірімі және-оқушылар жетістіктер жөнінде айттым.
3. «Бала қабілетінінің даму деңгейін анықтау» ата-ана үшін анкета толтырылды.
-
№3 Ата –аналар жиналысы. 31.02.2017ж
Бір жетілік демалысқа кетуімізге байланысты «Отбасы – тәрбиенің ұясы» тақырыбында жиналыс өтті. Ата – аналарға бала тәрбиесі жөнінде психологиялық тұрғыдан кеңес берілді. Мектеп психологы Базарбаева А. ата-аналармен жұмыс жасады.
3. Тақырыптық тәрбие сағаттары өтілді:
Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, кішіпейілділікке, әдептілікке, білімділікке баулу мақсатында сыныпта мынадай тақырыптарда тәрбие сағаттары өткізілді.
Қазақстандық патриотизм және азаматтық . Этникалық мәдениет тәрбие бағыты бойынша өткізген сынып сабақтары:
-
Білім күніне арналған «Мен өз Отанымның патриотымын» тақырыбында сынып сағаты өткізілді,тәрбие сағатының негізгі мақсаты туған өлкеге деген қадір – қасиетті оята отырып, сол арқылы туып - өскен өлкеге, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
-
«Сенің құқықтарың» тақырыбында сынып сағаты өткізілді,тәрбие сағатының негізгі мақсаты оқушылар құқық, құқықтық жауапкершілік, қылмы пен жаза туралы толық түсінік қалыптастыра отырып, оқушыларды өз құқықтарын қоғау мен құқықты сақтауға тәрбиелеу.
-
«Ардақтайық -ана тілін» тақырыбында сынып сағаты өткізілді, тәрбие сағатының негізгі мақсаты оқушыларға қазақ тілі өнерін, шешендік пен тапқырлықты сал-дәстүрлердегі тіл шұрайын таныту. Халық мәдениеті тіл арқылы насихаттау, ана тілінің өміршеңдігін, адам тіршілігіндегі рөлін анықтау. Оқушыларға ана тілі туралы өлең,тақпақ,мақал-мәтелдерді оқыту арқылы оқушының сөздік қорын молайту, тіл байлығын, ойлау, есте сақтау танымдық қабілеттерін дамыту. Оқушыларды ана тілін сүюге, құрметтей білуге тәрбиелеу.
-
«Қазақстанның даму кезеңдері» тақырыбында сынып сағаты өткізілді,тәрбие сағатының негізгі мақсаты оқушыларға Қазақстанның қалай осы деңгейге жеткені туралы түсінік қалыптастыру.
-
«Менің тұңғыш Президентім» тақырыбында сынып сағаты өткізілді,тәрбие сағатының негізгі мақсаты оқушыларға біздің алғагқы президенті туралы қысқаша мәлімет берілді.
«Тәуелсіздік тұғырым»
тақырыбында сынып сағаты өткізілді,тәрбие сағатының негізгі мақсаты
оқушыларға отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне,
атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар
беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық
рухта тәрбиелеу.
Салауатты өмір салты және дене
тәрбиесі бағыты бойынша өткізген сынып
сабақтары:
-
«Денсаулық құпиялары», «Мен спортшымын», «Алақаны ақ самал...» «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» атты тәрбие сағаттарын өткіздім.
Нәтижесінде:
Оқушылар адам денсаулығының қымбаттығын түсінді. Денсаулықлықты сақтаудың адам өміріне маңызын түсінді. Адам күн тәртібін сақтап, таза жүру керектігін білді. «Дені саудың-жаны сау» атты тәрбие сағатында мектебіміздің медбике апайын шақырып денсаулық туралы, тазалық туралы, тамақ ішудің маңызын , таңерең ерте тұрып дене шынықтыру керек тігі айтылды. Денсаулықты сақтаудың өмірлік дағдысымен тәртібіне дағдыланды.
Рухани –адамгершілік мәдениет тәрбие бағыты бойынша өткізген сынып сабақтары:
-
Ұстазым арманыма ақ жол бастап», «Қызым –қызғалдағым, ұлым – ізгі арманым», «Сыйласаң сыйлы боласың» атты тәрбие сағаттары өткізілді. «Жаным толған жақсылық» атты тәрбие сағатына ашық сынып сағатын өткіздім.
-
Оқушылар адамгершілікке, рухани тазалықты сақтау, әр істе сабырлы, салмақты, ізденімпаз жауапты болуға үйренді. Оқушы бойында дүние танымы кеңейіп, рухани құндылықтары әсемдік арқылы, қоғамдық істерге белсене атсалысатын тұлға қалыптасты.
Зияткелік мәдениет тәрбие бағыты бойынша өткізген сынып сабақтары:
-
«Мен үшін қымбат нәрсе не?» тақырыбында сынып сағаты өткізілді, тәрбие сағатының негізгі мақсаты оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
-
«Білім –инемен құдық қазғандай» тақырыбында сынып сағаты өткізілді, тәрбие сағатының негізгі мақсаты оқушылардың білім алу не үшін керек екендігі туралы шағын эссе алынды.
Экономакалық мәдениет тәрбие бағыты бойынша өткізген сынып сабақтары:
-
«Күз кереметтері» тақырыбында сынып сағаты өткізілді, тәрбие сағатының негізгі мақсаты оқушыларды күзгі мерекелік ертегілігі ұйымдастырылды. Сол күзгі балға қатысып, І орынды жеңіп алған оқушылар Жамбыл Жібек пен Тышканбаев Алишер.
Ұйымдастыру шаралары және талдау-диагностикалау қызметі тәрбие бағыты бойынша өткізген сынып сабақтары:
-
«Менің оқуым қандай?» тақырыбында сынып сағаты өткізілді, тәрбие сағатының негізгі мақсаты оқушылардың білім алу не үшін не керек екендігі туралы шағын эссе алынды.
Отбасы тәрбие бағыты бойынша өткізген сынып сабақтары:
-
«Отбасы тірегі» тақырыбында сынып сағаты өткізілді, тәрбие сағатының негізгі мақсаты оқушылардың мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды.Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы отбасы. Тәрбие – алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша мақсаты бағыттала және ұйымдастырыла жүргізіледі. Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата-ана.
4. Сынып ұжымының қалыптасуына қатысты жұмыс:
Қыздармен жұмысы бойынша: оқу жылына арналған жылдық жоспар бар. Сол жоспарға сай жұмыстар атқарылды. Бір айда бір рет қыздар жиналысы өткізіліп отырды. Өткізілген жиналыстарға хаттамар жазылып отырды. Сол жоспарға сай қыздардың тәрбиесіне байланысты көп мәселелер айтылып отырды, онда қыз баланың қандай болуы керектігі, жалпы мектепішілік тәртіп, мектеп формасы, инабаттылық, кішіпейілділік, мәдениеттілік сияқты тақырыптар талқыланып отырды. Қыздармен көп әңгімелесу сабақтары жүргізілді. Әңгімелесу сабақтардың қорытындысы жаман емес сыныпта қыздар тәртіпсіздік жасаған кездері болған жоқ.
Ұлдардармен жұмысы бойынша: оқу жылына арналған жылдық жоспар бар. Сол жоспарға сай жұмыстар атқарылды. Бір айда бір рет ұлдар жиналысы өткізіліп отырды. Өткізілген жиналыстарға хаттамар жазылып отырдым. Сол жоспарға сай ұлдардың тәрбиесіне байланысты көп мәселелер айтылып отырдым, онда ұл баланың қандай болуы керектігі, жалпы мектепішілік тәртіп, мектеп формасы, тәртіпті болуды, кішіпейілділікке, ізеттілікке, мықты болуды, сыныпта силастық иуралы көп әңгімелесу сабақтар жүргізілді.
5. Біздің жетістіктеріміз:
. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25жылдығына арналған 25 «5» атты үздік оқушылар байқауына қатысып Полатбаева Элиза ІІІ орынға иеленіп марапатталды
.
«Шарықта,шырқа,жас қыран!»атты аудандық балалар мен жасөспірімдер арасындағы шығармашылық байкауының «Вокал»номинациясы бойынша Асан Расул марапатталды.
.
Сыныпта барлығы: қыздар саны 13, ұлдар саны 12.
Үздіктер: Ушкемір Қарақат, Ушкемиров Ринат, Жамбыл Н, Сарсебай А,Полатбаева Э.Сәтімбек Ш.
Екпінділер: Дулатқызы Н, Қағазбек Н.Төрегелді Ә.Рүстембек А.Омирбекова А.Құрманғазы Е.Құдайберді А.
Үлгермеушілер: жоқ.
Білім сапасы: 56% Үлгерім сапасы: 100%
Сынып жектеші: Нарешова А.