Материалдар / Жылдық жоспар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жылдық жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
Жылдық жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қырқүйек 2023
411
1 рет жүктелген
1300 ₸
Бүгін алсаңыз
+65 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +65 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен

оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде

2022 - 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Білім беру ұйымы (балабақша / шағын орталық, мектепалды сыныбы)____________________________________

Топ: ересек топ

Балалардың жасы: 4 жастан.

Жоспардың құрылу кезеңі: желтоқсан айы, 2022-2023 оқу жылы.


Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Желтоқсан

Дене шынықтыру

- балалардың денесін үйлесімді дамыту, спорттық, қимылды ойындарға, спортпен айналысуға қызығушылықты арттыру;

- дене сапаларын: күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік, икемділікті қалыптастыру;

- негізгі қимыл түрлерін: жүру мен жүгіруді, секіру мен лақтыруды, қағып алуды, еңбектеу мен өрмелеуді, жеке мәдени-гигиеналық дағдылары жетілдіру;

- дене шынықтыру жаттығуларын орындауға қызығушылықты ояту, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу;

- әртүрлі ұлттық қимылды ойындарға, жарыс сипатындағы ойындарға қызығушылыққа баулу;

- ойын барысында, спорт жабдықтарын қолдануда қауіпсіздікті сақтау.

Еңбектеу, өрмелеу: 10 метрге дейінгі қашықтықта заттардың арасымен тура бағыт бойынша, көлбеу тақтай бойымен төрттағандап еңбектеу; етпетімен жатып, гимнастикалық скамейка бойымен қолдарымен тартылып, алға қарай еңбектеу; табан мен алақанға сүйеніп, төрт тағандап еңбектеу, 50 сантиметр биіктікте ілінген арқанның астынан еңбектеу; құрсаудан еңбектеп өту; гимнастикалық қабырғаға жоғары-төмен ауыспалы қадаммен өрмелеу, бөрене және гимнастикалық скамейкадан аттап өту.

Жалпы дамытушы жаттығулар.

Кеудеге арналған жаттығулар.

Екі қолды белге қойып, оңға-солға бұрылу (жылдам және бір қалыпты). Оңға, солға еңкею, шалқаю. Тұрған қалыпта екі аяқ бірге (алшақ), алға еңкейіп, қолдың саусақтарын аяқтың ұшына жеткізіп, заттарды қою және жоғары көтеру. Тізерлеп отырып, допты өзінен айналдыра домалату. Бір аяқты жоғары көтеріп, жоғары көтерілген аяқтың астынан затты бір қолдан екінші қолға беру. Отырған қалыпта екі аяқты жоғары көтеру, бүгу және жазу, төмен түсіру. Екі аяқты айқастырып, отыру және тұру. Тізерлеп тұрып, алға еңкею және артқа шалқаю, екі аяқты кезек бүгу және жазу, көтеру және түсіру. Қолына зат ұстап, шалқасынан жатып, қолды созу және осы қалыпта етпетінен бұрылып жату. Етпетінен жатқан қалыпта иықтарын, басын, қолдарын алға созып көтеру.

Спорттық жаттығулар.

Шанамен сырғанау: төбешіктен сырғанау; бір-бірін сырғанату, шанамен төбешікке көтерілу, төбешіктен түскенде тежеу. Мұз жолмен өз бетінше сырғанау.

Шаңғымен жүру: шаңғымен бірінің артынан бірі жүру; ересектердің көмегімен шаңғыны киіп, шешу.

Жүзу: суға түсу, суда ойнау; суда отырып, аяқтарын жоғары және төмен көтеріп қимылдар орындау; иекке дейін суда отыру, судан шығу; бетін суға малу; еркін әдіспен жүзуге талпыну.

Қимылды ойындар.

Қимылды ойындарға қызығушылықты дамыту. Таныс ойындарды ұйымдастыруда бастамашылдық, дербестік танытуға баулу. Ойындарда физикалық қасиеттерді (жылдамдық, күш, шыдамдылық) дамыту. Қимылды ойындарда жетекші рөлді орындауға үйрету, ойын ережелерін саналы түрде сақтауға баулу. Доптармен, секіргіштермен ойындарда балалардың белсенділігін дамыту.

Дербес қимыл белсенділігі.

Балалардың доптармен, қозғалатын ойыншықтармен, құрсаулармен ойындарын қолдау, дене шынықтыру құралдарын, спорттық және қимылды ойындарға арналған атрибуттарды пайдалануға ынталандыру. Балаларды педагогпен бірге жаттығуларды орындауға, қимылды ойындарға қатысуға тарту. Балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, ағзаға түсетін салмақты реттеу. Ауа-райының жағдайларын ескеріп, таза ауада балалардың қимылдарды орындауы үшін жағдайлар жасау.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Дене белсенділігі (таңертеңгі жаттығу, шынықтыру, спорттық және қимылды ойындар) мен ұйқының қанық болуының пайдасы туралы түсінікті кеңейту. Құлап қалған кезде өзіне қарапайым көмек көрсетуге, науқастанған кезде ересектерге жүгінуге баулу.

Мәдени-гигеналық дағдыларды жетілдіру.

Балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа, өзінің сыртқы келбетін қадағалауды әдетке айналдыруға баулу. Тамақтанар алдында, дәретханаға барғаннан кейін, ластанған кезде қолды өз бетінше сабынмен жууға, тісін тазалауға үйрету. Тарақты, қол орамалды пайдалана білуді бекіту.

Тамақтану әдебін сақтау. Тамақты асықпай шайнау, асхана құралдарын (қасық, шанышқы), майлықты дұрыс қолдану, тамақтанып болғаннан кейін ауызды шаю.

Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары.

Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын: өз бетінше киіну мен шешінуді, тісін тазалауды жетілдіру. Киімдерді жинау, ілу, ересектің көмегімен оларды тазалау, құрғату. Бейнелеу әрекетінен соң құтыларды, қылқаламдарды жуу, үстелді сүрту.

Сауықтыру-шынықтыру шаралары.

Шынықтырудың барлық түрлерін, жалпы және жергілікті су шараларын жүргізу: дымқыл шүберекпен сүртіну, аяқтарды, денені шаю, әрбір тамақтанғаннан кейін ауызды шаю. Жалпақ табандылықтың алдын-алу үшін түрлі жолдармен, жылы күндері шөптің, құмның үстімен жалаң аяқ жүру. Қимылдауға ыңғайлы, жеңіл киіммен желдетілген бөлмеде дене жаттығуларын орындау. Тыныс алу жолдарын шынықтыру.

Сөйлеуді дамыту

- балаларды өздігінен сипаттау және баяндау әңгімелерін құруға баулу;

- баланың айналасындағы өзін қоршаған ортадан тыс заттар мен құбылыстар туралы ақпараттарды алуында оның қажеттіліктерін қанағаттандыру, оларды құрдастарымен талқылау.

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын бекіту, ызың және үнді (р, л) дыбыстарды анық айтуға жаттықтыру. Артикуляциялық аппаратты жетілдіру.

Сөйлеу қарқынын өзгертуді бекіту: ақырын, жылдам сөйлеуді меңгерту үшін тақпақтар мен жаңылтпаштар айтқызу. Дикция бойынша жұмысты жалғастыру: сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылуын жақсарту.

Сөздік қор.

Айналасындағы заттармен сөздік қорды кеңейту: тұрмыстық заттар және қоршаған орта заттарының қолданылу маңыздылығын түсіну, заттардың атауларын, олардың бөліктері мен бөлшектерін, олар жасалған материалдарды, материалдардың белгілі және белгісіз қасиеттерін сөйлеуде қолдану.

Баланың сөздік қорын айналасындағы өзін қоршаған ортадан тыс заттар мен құбылыстардың атауларымен кеңейту, аталған заттардың қолданылу аясы туралы балалармен талқылау.

Сөздік қорды ересектердің мамандықтарын білдіретін зат есімдермен, еңбек әрекетін білдіретін етістіктермен толықтыру.

Тілдің грамматикалық құрылымы.

Сөйлемдегі сөздерді байланыстыруға, көмекші сөздерді дұрыс қолдануға, зат есімдерді жекеше және көпше түрде үйрету.

Байланыстырып сөйлеу.

Диалогтік сөйлеуді жетілдіру: әңгімеге қатысуға баулу, диалогке қатысушы үшін түсінікті сұрақтар қоюға және қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап беруге баулу. Балаларды әңгіме айтуға үйрету: затты, суретті өз бетінше қарап, сипаттауға үйрету.

Көркем әдебиет

- балалар әдебиетіне, театр әлеміне қызығушылықты дамыту;

- балаларға жастарына сәйкес тыңдауға, сахналауға, тәрбиелік мәні бар әдеби шығармаларды ұсыну.

Әдеби шығармаларды мұқият тыңдау, кейіпкерлерге жанашырлық таныту, ондағы әрекеттердің дамуын қадағалау, мазмұнын түсінуге және олардың мазмұнын қайталап айтуда сюжет желісінің реттілігін сақтауға, автор сөздерін айту, кейіпкерлердің мінезін беру, шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге, ересектермен бірге ертегі мен әңгіменің басын, соңын ойдан құрастыруға баулу.

Қазақ тілі

- ересектермен және балалармен еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру;

- Қазақстан халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру арқылы түрлі балалар әрекетінде балалардың ауызша сөйлеуін дамыту.

Тілдік дамытушы орта.

Айналасындағы өзін қоршаған ортадан тыс заттар мен құбылыстар, оқиғалар туралы ақпараттарды алуға және оларды талқылауға мүмкіндік беру. Ұжымдық әңгімеге қатысуға, әңгімелесушінің сөзін бөлмей, кезекпен сөйлеуге үйрету. Бейнелеу құралдарын қолдана отырып, еркін ойындарда және сахналық қойылымдарда адамдар мен жануарлардың эмоционалды көңіл-күйін жеткізуге, сөйлесу барысында әңгімелесушінің назарын өзіне аудару үшін интонациямен сөйлеу мәнерін өз бетінше қолдану.

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Артикуляциялық және дауыс аппаратын, сөйлеуде тыныс алуды, фонематикалық естуді, анық және қалыпты қарқынмен сөйлей білуді дамыту. Қазақ тіліне тән "ө,қ" дыбыстарын жеке, сөз ішінде анық айтуға

баулу.

Сөздік қор.

Шағын өлеңдер, санамақтар, жаңылтпаштар, тақпақтар жаттату, жұмбақтар шешкізу. Шығарманы жеткізуде оның мазмұны мен сипатына сәйкес түрлі интонацияларды, үзілістерді, логикалық екпінді қолданып, мәнерлеп айтуға баулу.

Тілдің грамматикалық құрылымы.

Сөздерді жіктеп, тәуелдеп, септеп қолдана білуге үйрету.

Байланыстырып сөйлеу.

Қарым-қатынас барысында балаларды қойылған сұрақтардың сипатына сәйкес хабарлы, лепті, бұйрықты сөйлемдермен жауап беруге, өзі мен құрдастарының жауабындағы қателіктерді және жауаптың дұрыстығын ажырата білуге және дұрыс жауабын ұсынуға, бір-біріне неге, не үшін деген зерттеу сипатындағы сұрақтарды қоюға, бір-бірімен еркін диалог құруға, еркін талқылауға мүмкіндік беру.

Математика негіздері

- заттарды зерттеу барысында олардың пішінін, көлемін көзбен өлшеу, қолмен ұстау арқылы көрнекі-бейнелік ойлауды, есте сақтауды, қиялдауды, сөйлеуді, қолдың ұсақ моторикасын дамыту;

- танымдық қызығушылықты дамыту, себеп-салдарлық байланыстарды орнату, талдау жасай білуге, қорытынды шығаруға баулу;

- сенсорлық қабілеттерін, бастапқы ойлау операцияларын, жиын туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру;

- сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру, ұжыммен жұмыс істей білуге үйрету;

- эстетикалық талғамды қалыптастыру, балалардың ой-өрістерін кеңейту; тірі және өлі табиғат объектілеріне ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

Шама.

Заттар шамасы бойынша әртүрлі болатындығы жайлы түсінік беру. Ұзындығы, ені, және биіктігі бойынша екі затты салыстыру, екі затты

үстіне және қасына қою тәсілдерін қолданып, жуандығы бойынша заттарды салыстыру, салыстыру нәтижелерін ұзын-қысқа, енді-енсіз, биік-аласа, жуан- жіңішке сын есімдермен белгілеу. Бірнеше затты өсу және кему ретімен орналастырып, салыстыру.

Сурет салу

- қазақ халқының ұлттық бейнелеу өнеріне баулу арқылы патриотизмге тәрбиелеу;

- түрлі балалар әрекетінде балалардың көркем-шығармашылық қабілеттерін, дербестігін, белсенділігін дамыту.

Дөңгелек, сопақ, шаршы, үшбұрыш пішіндегі қазақ оюларының элементтерін: «құс қанаты», «бүршік», «қызғалдақ», «қошқар мүйіз», «қой ізі», «құс тұмсық», «бота мойын», «ботакөз», «ирек», «су» суретін салу, элементтердің орналасу ретін, олардың арасындағы қашықтықты сақтау.

Жапсыру

- қоршаған ортадағы әсемдікті қабылдауға баулу, шығармашылық ойлау мен қиялды дамыту;

- өнер түрлері туралы ұғымдарды кеңейту, заттарды қарау және қолмен ұстап зерттеуді дамыту.

Тар жолақтарды көлденеңінен қиюды, шаршының бұрыштарын қиюды үйрету.

Мүсіндеу

- өзінің және басқа балалардың жұмыстарын бағалау арқылы көркем- эстетикалық талғамды дамыту;

- өнер туындыларын қабылдау мен түсіну дағдыларын қалыптастыру.

Бірнеше бөліктерден заттарды мүсіндеу, оларды орналастыру, пропорцияларды сақтау, бөліктерді біріктіру.

Музыка

- балаларға тыңдауға, айтуға жастарына сәйкес, тәрбиелік мәні бар әндерді ұсыну.

Балалардың музыкаға деген қызығушылығын тудыру, оны тыңдауға ынталандыру, музыкалық шығармаларды эмоционалды қабылдауды дамыту.

Музыка тыңдау.

Музыканы тыңдау мәдениетін сақтау (музыкалық шығармаларды алаңдамай соңына дейін тыңдау). Музыканың сипатын сезінуге үйрету, таныс шығармаларды білу, тыңдалған музыкадан алған әсерлері туралы әңгімелеу, музыкалық шығарманың мәнерлі құралдарын байқауға үйрету (ақырын, қатты, баяу, жылдам).

Ән айту.

Балаларды мәнерлеп ән айтуға үйрету, әнді созып, қимылдармен үйлестіріп айтуды қалыптастыру (ре-си бірінші октава шегінде). Қысқа музыкалық фразалар арасында тыныс алуды дамыту. Әуенді таза және сөздерді анық айтуға, музыканың сипатын жеткізе білуге үйрету. Аспаптың сүйемелдеуімен және сүйемелдеуінсіз ән айтуға баулу (тәрбиешіні көмегімен).

Музыкалық-ырғақты қимылдар.

Би қимылдарын, ойындағы музыкалық қимылдарды орындауға қызығушылық тудыру, марш сипатын ырғақты жүріспен беру, музыканың қимылдық сипатына қарай жеңіл, ырғақты жүгіру; музыканың ырғағын нақты бере отырып, қос аяқпен еркін және жеңіл секіру.

Балалар музыкалық аспаптарында ойнау.

Таныс әндерді орындауда балаларға арналған әртүрлі шулы музыкалық аспаптарды қолдану. Домбыра әуендерді ойнау.

Билер.

Әуеннің көңілді сипатын қабылдауға үйрету, музыканың кіріспесін ажырату, кіріспеден кейін қимылдарды бастау, музыканың сипатына сәйкес қимылдарды ауыстыру, би қимылдарының, билердің атауларын есте сақтау.

Жеңіл, ырғақпен қозғалу; жұппен би қимылдарын орындау; билерде ойындағы музыкалық қимылдарды қолдану.

Құрастыру

- балаларды қауіпсіздікті сақтауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қағаздан құрастыру.

Қағаздан құрастыруға үйрету: қағаздың парағын ортасынан бүктеп, шиыршықтап, көлемді пішіндерге, орамдарға, ілмекке айналдыра білу, бұрыштарын және қырларын біріктіру, желімдеу, бөлшектерді өзара желімдеп, композиция құрастыру, «оригами» үлгісі бойынша қарапайым пішіндер құрастыру.

Қоршаған ортамен танысу

- ересектердің еңбегі, оның қоғамдық өмірдегі рөлі туралы, жалпы қабылданған нормалар мен ережелер негізінде құрдастарымен және ересектермен өзара қарым-қатынастары туралы білімдерін кеңейту;

- отансүйгіштік сезімдерін, еліміздің жетістігіне мақтаныш сезімін тәрбиелеу;

- құрдастарымен сыпайы қарым-қатынас жасауға баулу;

- туған өлкеге, өзінің еліне және оның тарихына сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

- тірі және өлі табиғат туралы білімдерін кеңейту;

- танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық қиялды қалыптастыру; табиғатты сақтауда адамның рөлі туралы білімдерін қалыптастыру; қоршаған ортада, табиғатта қауіпсіздікті сақтау.

Менің Отаным – Қазақстан.

Отанымыз – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікті және мақтаныш сезімін ояту. Балаларды мемлекеттік мерекелерге қатысуға баулу. Мемлекеттік рәміздерге (ту, елтаңба, әнұран) құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Отан қорғаушылар, Қазақстан Республикасының әскері туралы ұғымдарын кеңейту. Отанды сүюге, патриотизмге тәрбиелеу.

Қазақстан Республикасының бас қаласы – Астана қаласы, республикадағы қалалар мен ауылдардың атаулары, олардың көрікті жерлері, ауыл мен қала өмірінің ерекшеліктері туралы ұғымдарын дамыту.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!