Материалдар / Жылдық жоспар

Жылдық жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
Робототехника қосымша білім жоспары
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Целиноград ауданы «Жас шабыт» балалар – жасөспірімдер шығармашылығы орталығы МКҚК директоры: Абилжанова Э.К










РОБОТОТЕХНИКА

Үйірмесі

І -топ



Үйірме жетекшісі: Бимагамбетов К. М





2022/2023 о.ж

Робот техникасы

1-деңгей

БАҒДАРЛАМАҒА ШОЛУ

Роботтар — қарқынды дамып келе жатқан болашақтың жоғарғы технологияларының бірі. Қазіргі кезде роботтар өміріміздің көптеген саласына, атап айтқанда, ғарышты игеру, денсаулық сақтау, өндіріс, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қорғаныс ісі және басқа да салаларға еніп үлгерді.

Қазақстан Республикасында өнеркәсіптің жеделдетіле индустрияландырылуы, жаңа технологиялардың қарқынды дамуы өскелең ұрпақты жоғарғы білікті техникалық сала мамандары ретінде даярлауды талап етеді. Осыған байланысты «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арнап «Робот техникасы» курсы

1-деңгейінің (5, 6 және 7 сыныптарға арналған) бағдарламасын әзірлеп шығарды.

Оқушылар аталған курс аясында жаратылыстану-ғылыми бағыттағы математика, физика, информатика және т.б. пәндер бойынша алған білімі мен дағдыларын кіріктіре отырып, робот техникасы, инженерлік дизайн және технология негіздерін зерттейді.

Практикалық жобаларды орындау принципіне негізделіп құрастырылған курста робот техникасы және инженерлік жүйелерді жобалау саласы бойынша білім негіздері мен дағдылары меңгертіледі. Оқушылар курс барысында әртүрлі есептерді шығару үшін роботтардың үлгілерін әзірлейді, оларды жасау техникасын бағдарламалайды және роботтар құрастырады. Курстың теориялық материалдары практикалық бөлігімен сәйкестендірілген. Оқушылар 2 немесе 3 адамнан тұратын топта жұмыс жасап, күрделі роботтарды жинақтайды және тестілеуден өткізеді. Курс жұмысы роботтар жарысымен аяқталады.

Курс барысында білім алушылардың инженерлiк, конструкторлық, шығармашылық қабілеті мен әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін алдыңғы деңгейлі LEGO® MINDSTORMS® EV3 оқу конструкторлары пайдаланылады.

Осы бағдарлама бойынша білім алған оқушылардың жаңа технологияларды жобалау ісіне қызығушылығы артып, жоғары оқу орны деңгейіндегі іргелі ғылым және инженерия саласында білімін жетілдіруге дайын болады деп болжанып отыр.

Бағдарлама оқушылардың өз бетінше білім алуына да мүмкіндік береді.


Оқу нәтижелері:


Оқушылар курс соңында:

  • робот техникасы дамуының тарихы және білім негіздері туралы;

  • роботтардың қабылдау, жоспарлау, жауап берулеріне қатысты негізгі тәсілдерін біледі.



Оқушылар курс соңында:

  • түрлі мақсаттағы міндеттерді жүзеге асыру үшін роботтарды жобалау;

  • робот техникасы жүйелеріндегі датчиктер мен моторларды қолдану;

  • қарапайым роботтарды басқару;

  • жоспарланған концепцияларды сипаттау және таныстыру;

  • LEGO® MINDSTORMS® Education EV3 және LEGO® Digital Designer бағдарламаларында жұмыс жасай алу;

  • математика, физика, геометрия және информатика пәндерінде алған теориялық білімдерін робот техникасы жүйелерінде қолдану;

  • алған білімдерін топтық және жобалық тапсырмалар кезінде қолдану;

  • бірнеше дереккөзден алынған ақпараттарды синтездеу т.б. жұмыстарды жүзеге асыра алады.



Оқушылар курс соңында:

  • білім алуға арналған конструкторларды пайдалану арқылы роботтарды жинастыру, модельдеу және құрастыру;

  • роботтарды визуалды графикалық ортада бағдарламалау;

  • топтық, зерттеушілік және эксперименталды жұмыстарды жасау дағдыларын меңгереді.



Оқушылар курс соңында:

  • алгоритмдеу және бағдарламалау арқылы роботтар секілді күрделі жүйелерді модельдеуге болатынын;

  • робот техникасы курсы бойынша алған білімі ғылым, техника, медицина, білім беру және мәдениет салаларының дамуына ықпал ететінін;

  • робот техникасы курсында алған есептеу және ойлау дағдыларын әртүрлі жағдайда туындаған күрделі жайттарға талдау жасау кезінде қолдануға болатынын;

  • құрастыру, модельдеу және бағдарламалау дағдыларын пайдалану адамның түрлі салалардағы қызметін жеңілдету және жақсарға қажетті құрал-жабдықтар жасауға және тың ойлардың пайда болуына ықпал ететінін түсінеді.

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАР


Педагогикалық көзқарастарға мыналар жатады:

  • әрбір оқушының пікіріне құлақ асу;

  • әрі қарай даму мақсатында бастапқы білім мен түсінікті қолданудың маңыздылығын түсіну;

  • ынталандыра және дамыта оқыту;

  • оқытудың белсенді әдістерін қолдану;

  • мәселеге бағдарланған оқыту тәсілдерін пайдалану;

  • оқушылар мен олардың қажеттіліктеріне сәйкес оқытудың түрлі стильдерін пайдалану;

  • саралап оқыту тәсілдері;

  • оқушыларға «оқыту үшін бағалау» тәсілі арқылы қолдау көрсету;

  • зерттеушілік белсенділікке қолдау көрсету;

  • оқушылардың білім алуына көмектесу мақсатында олардың ақпаратты қалай сұрыптайтынын білу;

  • мәселені тапқырлықпен шешу дағдыларын дамыту;

  • оқушылардың ғылыми логикасы мен ғылыми базасын дамыту;

  • оқушыларға ашық сұрақтар және тапсырмалар ұсыну;

  • оқушылардың қате пікірлерін анықтап, оларға талқылау және өз ойларын басқа қырынан талқылауға мүмкіндік бере отырып, қайта білім алуға көмектесу;

  • оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту;

  • мұғалім-оқушы қарым-қатынасының мүмкіндіктерін арттыру;

  • оқушылардың жаңа ақпаратты меңгеруі кезінде оны қарқынды бақылай алулары үшін қажетті жайлылық деңгейлерін арттыру;

  • оқытуда тоғыспалы даярлауды және тұтастық тәсілдерін дамыту;

  • оқушылардың танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға қажетті жағдай жасау, өз бетінше бағдарлама компоненттерін қолдануға және оның мазмұны арқылы өз білімдерін жақсартуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;

  • жеке және топтық жұмыстарды, сондай-ақ сыныптық жұмыстарды ұйымдастыру;

  • жобамен жұмыс істейтін оқушыларға, жеке немесе топтасып жобалауға, мақсаттар қоюға, болжам жасап, оны дәлелдеуге, қажетті ақпаратты іздеуге, тәжірибелер жасап, атқарылған жұмыс нәтижелерін ұсынуға, талдау жасауға және жасаған жұмысын бағалауға, сондай-ақ жобаны шығармашылықпен қорғауға мүмкіндік беру;

  • оқушылардың бай академиялық тілін қалыптастыру мақсатында диалог құруда/жазуда қажетті сөздік қорды пайдалануы үшін жүйелі тілдік қолдау қолдану;

  • сыныптастар арасында жоғары оқу орнына түсуге немесе қызметтік мансапты құруға бағытталған оңтайлы оқыту ортасын құру;

  • оқу үдерісіне оқушылардың ата-аналары мен отбасы мүшелерінің қатысуына қолдау көрсету.





Түсінік хат


«Робототехника» курсының басты мақсаты оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамыту.  Робототехника - ол бірнеше пәннің үйлесім табуы. Құлтемірді жасаған кезде алдымен бағдарламасын жазады. Бағдарлама жасау барысында міндетті түрде математика, информатика, физика, геометрия пәндерінің элементтерін пайдаланады.

Роботты құрастыру оңай болғанымен, бағдарламалауға келгенде қиындықтар болады. Бір роботты құрастыру мен бағдарлама жазып шығуға кететін уақыт мөлшері оның күрделілігі бойынша анықталады. Робот құрастырғанда бөлшектерінің мығымдығы мен беріктігі де оның шыдамдылығын арттырады. Күрделі бағдарлама роботты күшейтеді. Мәселен, олар математика пәнінен бір формула үйреніп келетін болса, курста сол формуланы пайдалана отырып, өздері тәжірибе жүзінде шыңдайды. Физикалық есеп арқылы роботты, оның қимылын жасайды. Робот жасау арқылы балалардың ойлау қабілеті дамиды, бағдарлама жасап үйренеді.

Оқушылар курс жұмыстарының барысында әртүрлі есептерді шығару үшін роботтардың үлгілерін әзірлейді, оларды жасау техникасын бағдарламалайды және роботтар құрастырады. Курстың теориялық материалдары практикалық бөлігімен сәйкестендірілген. Оқушылар 4 немесе 6 адамнан тұратын топта жұмыс жасап, күрделі роботтарды жинақтайды және тестілеуден өткізеді. Нәтижесінде оқушылар өз жобаларын жүзеге асыра алады.


Курс жұмысы техникалық өнім-моделін өз бетінше әзірлеу бойынша логикалық ойлауының дамуына, білік пен дағдыларының дамуына ықпал етеді.













Мақсаты:

Білімділік:

Робототехника құрал-жабдықтар көмегімен пайдалы дағдылар мен ғылыми-техникалық бағыттағы креативті шығармашылық ойлауды , сонымен қатар стандартты емес шешімдерді табу үшін ынталандыру және мотивациялық потенциалды жеке тұлғаны қалыптастыру


Дамытушылық:

  • Оқушылардың танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту

  • Өз бетінше бағдарлама компоненттерін қолдануға және оның мазмұны арқылы өз білімдерін жақсарту.

  • Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын арттыру

  • Мәселені тапқырлықпен шешу дағдыларын қалыптастыру

  • Оқушылардың ғылыми логикасы мен ғылыми базасын дамыту

Тәрбиелік:

  • Азаматтық ұстаным мен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру.

  • Толеранттылығын, жауапкершілігін тәрбиелеу.

  • Айналасындағы адамдармен жақсы қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу (игілік, тілектестік, қайғыны бөлісу және т.б.)

  • Көркемдік талғамын тәрбиелеу мен дамыту және әдебиет пен кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру;

  • Баланы салауатты өмір салты мен дене жарасымдылығын ұстануға шақыру.




Оқушылардың дайыдығына қойлатын талаптар:

  • Жеке және топтық жұмыстарды ұйымдастыру

  • Топтасып жобалауға, мақсаттар қоюға, болжам жасап, оны дәлелдеуге, қажетті ақпаратты іздеуге, тәжірибелер жасап, атқарылған жұмыс нәтижелерін ұсынуға, талдау жасауға және жасаған жұмысын бағалау

  • Жобаны шығармашылықпен қорғау

  • Диалог құруда/жазуда қажетті сөздік қорды пайдалануы үшін жүйелі тілдік қолдану


Кәсіпке бағдарлау:

жаратылыстану-ғылыми бағыттағы математика, физика, информатика және т.б. пәндер бойынша алған білімі мен дағдыларын кіріктіре отырып, робот техникасы, инженерлік дизайн және технология мамандықтарына негізделген.


Ұйымдастыру формасы: дәріс,ойын, роботты құрастыру мен бағдарлама жазып шығуға, есептер шығару, топтық және жұптық жобалар жасау, жарыстар,топтық, зерттеушілік және эксперименталды жұмыстарды жасау


Оқытуды аяқтау формасы:

Роботтарды жинастыру, модельдеу және құрастыру

Роботтардың таныстырылымы және сайысы.

Жеңімпаздарды анықтау.


Күтілетін нәтиже:

  • Түрлі мақсаттағы міндеттерді жүзеге асыру үшін роботтарды жобалау

  • Қарапайым роботтарды басқару

  • LEGO® MINDSTORMS® Education EV3 және LEGO® Digital Designer бағдарламаларында жұмыс жасай алу

  • Шығармашылықпен жұмыс жасай білу

  • Құрастыру, модельдеу және бағдарламалау дағдыларын пайдалану адамның түрлі салалардағы қызметін жеңілдету және жақсартуға қажетті құрал-жабдықтар жасауға және тың ойларды пайдалану

  • Құрастырғыштың ұсақ бөлшектерін қолдану арқылы балалардың саусактарының ұсақ қимылдарын дамыту


Білім беру бағдарламасын іске асырудың шарттары

  • Бұл бағдарлама орта және жоғары сынып оқушыларына арналған;

  • Бағдарлама 13-16 жас аралығындағы балаларға бағытталған;

  • Бағдарлама 1 жылға, 2 топқа арналған;

  • Сабақ кестеге сай жүргізіледі;


Сабақты өткізу формалары мен әдістерінің сипаттамасы:

1.Оқытудың ауызша әдістері:

- ауызша мазмұндама;

- әңгімелеу;

- лекция;

2.Оқытудың көркем әдістері:

- видеобаяндар көрсету;

- суреттемелер;


3.Оқытудың практикалық әдістері:


- өз бетімен жұмыс істеу, жұптық жұмыс, тапсырма беру;

- топтарға бөлу (сұрақ-жауап,пікір-талас)

- сауалнама;


Сабақты өткізудің формалары:

  • ойын сабақ;

  • дәріс сабақ;

  • сайыс сабақ;

  • сұрақ-жауап;




















1 бөлім: КУРСҚА КІРІСПЕ ЖӘНЕ LEGO® MINDSTORMS® EV3-МЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ НЕГІЗДЕРІ. Робот техникасы курсына кіріспе: Робот техникасының негіздері, пайдалану салалары, түрлері.Робот техникасының тарихы және болашағы. LEGO® MINDSTORMS® EV3 Education жинағы.EV3 модулі.Роботтың негізгі үлгісін құрастыру.Моторлар және датчиктер.EV3 модулінің интерфейсі. EV3-дің бағдарламасы.LEGO® Digital Designer бағдарламасында роботтың негізгі үлгісін модельдеу.


2 бөлім: МОТОРЛАР АРҚЫЛЫ ҚОЗҒАЛЫС . EV3-ге алғашқы бағдарламаны жасау.Үлкен моторлардың қозғалысы: Рульдік Басқару блогы.

«Биші Робот» жоба.Роботтың қолын қозғалту: Орташа Мотордың блогы.

«Қоқыс тазалағыш робот» жоба.Үлкен Мотор блогы.«Күшік» роботын құрастыру.


3 бөлім: БҰРЫЛЫСТАР. Бір орындағы бұрылыс: Моторларды Тәуелсіз басқару блогы.«Көлік тұрағы» жобасы және берілген тапсырмалар бойынша командалық жұмыс.


4 бөлім: ДАТЧИКТЕР. Жанасу датчигі. «Жүк тасымалдағыш робот» жоба.

«РобоҚол» роботын құрастыру. Ультрадыбысты датчик. Кедергілерге реакция және оларды анықтау. «Сигналдар» жоба . Гироскопиялық датчик. Бұрыштық ауытқуды анықтау. «Маневр» жоба«Гиробой» роботын құрастыру.Түс датчигі.

«Бағдаршам» жоба. «Түстісұрыптауыш» роботын құрастыру.


5 бөлім: ТОПТАҒЫ ЖАРЫСТАР. Идеялардың таныстырылымы.Өз роботтарының үлгісін жасау. Роботты бағдарламау және тестілеу.Практикалық тұрғыдан қолдану.Роботтардың таныстырылымы және сайысы. Жеңімпаздарды анықтау.






Қолданылған әдебиеттер:

Информатика 5 сынып «Алматыкітап» Қадырқұлова Р. А, Нұрмұханбетова Г. К

Методические рекомендации по использованию основ робототехники в учебном процессе. «НЦПК «Өрлеу»




Бағдарлама мазмұны



Тарау бөлімдері

Теория сағаты

Практика сағаты

Барлығы сағат саны

1

КУРСҚА КІРІСПЕ ЖӘНЕ LEGO® MINDSTORMS® EV3-МЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ НЕГІЗДЕРІ

Робот техникасы негіздері, құрал-жабдықтары, EV3 мәзірі

8

22

30

2

МОТОРЛАР АРҚЫЛЫ ҚОЗҒАЛЫС .Үлкен және орташа мотор, датчиктер

10

24

34

3

БҰРЫЛЫСТАР. Моторды Тәуелсіз басқару блогы және оның баптаулары, роботты әртүрлі бұрышқа бұру механизмі.

10

22

32

4

ДАТЧИКТЕР. Объектілерді табу және жылжыту үшін жанасу датчиктің жұмыс істеу принципі.

7

48

55

5

ТОПТАҒЫ ЖАРЫСТАР. WRO ережелерімен және сайыс тапсырмаларымен танысу

5

24

29


БАРЛЫҒЫ

40

140

180










" РОБОТОТЕХНИКА" үйірмесі

2022-2023 оқу жылына арналған күнтізбелік жоспары

І -топ

Аптасына 5 сағат (180 сағат)




Теориялық сабақтардың тақырыптары

мерзімі

Сағат саны

Практикалық сабақтардың тақырыптары

мерзімі

Сағат саны

Ескерту

І

  1. Робот техникасы курсына кіріспе: Робот техникасының негіздері, пайдалану салалары, түрлері.

  2. Робот техникасының тарихы және болашағы.


2




Ақпарат құралдарынан мәліметтер


  1. EV3 модулі


2

Курс жабдықтарымен танысу: LEGO® MINDSTORMS® EV3 Education жинағы.



2

EV3 модулі


Роботтың негізгі үлгісін құрастыру


2

Роботтың негізгі үлгісін құрастыру


2

LEGO® MINDSTORMS® EV3 Education конструкторы





Роботтың негізгі үлгісін құрастыру


2



Моторлар және датчиктер


2

Моторлар және датчиктер


2

Моторлар және датчиктер


EV3 модулінің интерфейсі


2

EV3 модулінің интерфейсі


2



Бағдарламалау дегеніміз не? EV3-дің бағдарламасы


2

Бағдарламалау дегеніміз не? EV3-дің бағдарламасы


2






LEGO® Digital Designer бағдарламасында роботтың негізгі үлгісін модельдеу:

1 бөлім


2

LEGO® MINDSTORMS® EV3 Education конструкторы





LEGO® Digital Designer бағдарламасында роботтың негізгі үлгісін модельдеу:

1 бөлім


2

LEGO® MINDSTORMS® EV3 Education конструктор





LEGO® Digital Designer бағдарламасында роботтың негізгі үлгісін модельдеу:

2 бөлім.


2

LEGO® MINDSTORMS® EV3 Education конструкторы





LEGO® Digital Designer бағдарламасында роботтың негізгі үлгісін модельдеу:

2 бөлім.


2

LEGO® MINDSTORMS® EV3 Education конструктор


Қозғалыс дегеніміз не?

EV3-ге алғашқы бағдарламаны жасау.

Үлкен моторлардың қозғалысы: Рульдік Басқару блогы.


2

Қозғалыс дегеніміз не?

EV3-ге алғашқы бағдарламаны жасау.

Үлкен моторлардың қозғалысы: Рульдік Басқару блогы.


2

LEGO® MINDSTORMS® EV3 Education конструкторы





Қозғалыс дегеніміз не?

EV3-ге алғашқы бағдарламаны жасау.

Үлкен моторлардың қозғалысы: Рульдік Басқару блогы.


2

Рульдік Басқару блогы.





Қозғалыс дегеніміз не?

EV3-ге алғашқы бағдарламаны жасау.

Үлкен моторлардың қозғалысы: Рульдік Басқару блогы.


2

LEGO® MINDSTORMS® EV3 Education конструкторы





«Биші Робот» жобасы және берілген тапсырмалар бойынша командалық жұмыс.


2

LEGO® MINDSTORMS® EV3 Education конструкторы





«Биші Робот» жобасы және берілген тапсырмалар бойынша командалық жұмыс.


2

LEGO® MINDSTORMS® EV3 Education конструкторы





«Биші Робот» жобасы және берілген тапсырмалар бойынша командалық жұмыс.


2

LEGO® MINDSTORMS® EV3 Education конструкторы


Роботтың қолын қозғалту: Орташа Мотордың блогы


2

Роботтың қолын қозғалту: Орташа Мотордың блогы


2

Орташа Мотордың блогы





Роботтың қолын қозғалту: Орташа Мотордың блогы


2

LEGO® MINDSTORMS® EV3 Education конструкторы


«Қоқыс тазалағыш робот» жобасы және берілген тапсырмалар бойынша командалық жұмыс


2

«Қоқыс тазалағыш робот» жобасы және берілген тапсырмалар бойынша командалық жұмыс


2






«Қоқыс тазалағыш робот» жобасы және берілген тапсырмалар бойынша командалық жұмыс


2

LEGO® MINDSTORMS® EV3 Education конструкторы





«Қоқыс тазалағыш робот» жобасы және берілген тапсырмалар бойынша командалық жұмыс


2

LEGO® MINDSTORMS® EV3 Education конструкторы


Үлкен Мотор блогы


2

Үлкен Мотор блогы


2

Үлкен Мотор блогы





Үлкен Мотор блогы


2












LEGO® MINDSTORMS® EV3 Education конструкторы





















LEGO® MINDSTORMS® EV3 Education конструкторы





«Күшік» роботын құрастыру


2





«Күшік» роботын құрастыру


2


Бұрылыс дегеніміз не?

Бір орындағы бұрылыс: Моторларды Тәуелсіз басқару блогы


2

Бұрылыс дегеніміз не?

Бір орындағы бұрылыс: Моторларды Тәуелсіз басқару блогы


2





Бір орындағы бұрылыс: Моторларды Тәуелсіз басқару блогы


2





Бір орындағы бұрылыс: Моторларды Тәуелсіз басқару блогы


2


«Көлік тұрағы» жобасы және берілген тапсырмалар бойынша командалық жұмыс


2

«Көлік тұрағы» жобасы және берілген тапсырмалар бойынша командалық жұмыс


4





«Көлік тұрағы» жобасы және берілген тапсырмалар бойынша командалық жұмыс


2


Жанасу датчигі. Батырманың басылуын анықтау


2

Жанасу датчигі. Батырманың басылуын анықтау


2


«Жүк тасымалдағыш робот» жобасы және берілген тапсырмалар бойынша командалық жұмыс


2

«Жүк тасымалдағыш робот» жобасы және берілген тапсырмалар бойынша командалық жұмыс


2





«Жүк тасымалдағыш робот» жобасы және берілген тапсырмалар бойынша командалық жұмыс


2





«Жүк тасымалдағыш робот» жобасы және берілген тапсырмалар бойынша командалық жұмыс


2





«Жүк тасымалдағыш робот» жобасы және берілген тапсырмалар бойынша командалық жұмыс


2


«РобоҚол» роботын құрастыру


2

«РобоҚол» роботын құрастыру


2





«РобоҚол» роботын құрастыру


2





«РобоҚол» роботын құрастыру


2


Ультрадыбысты датчик. Кедергілерге реакция және оларды анықтау


2

Ультрадыбысты датчик. Кедергілерге реакция және оларды анықтау


2






«Сигналдар» жобасы және берілген тапсырмалар бойынша командалық жұмыс


2





«Сигналдар» жобасы және берілген тапсырмалар бойынша командалық жұмыс


2





«Сигналдар» жобасы және берілген тапсырмалар бойынша командалық жұмыс


2


Гироскопиялық датчик. Бұрыштық ауытқуды анықтау


2





Гироскопиялық датчик. Бұрыштық ауытқуды анықтау


2





Гироскопиялық датчик. Бұрыштық ауытқуды анықтау


2

Гироскопиялық датчик.





«Маневр» жобасы және берілген тапсырмалар бойынша командалық жұмыс


2

Гироскопиялық датчик. LEGO® MINDSTORMS® EV3 Education конструкторы





«Маневр» жобасы және берілген тапсырмалар бойынша командалық жұмыс


2








LEGO® MINDSTORMS® EV3 Education конструкторы


«Гиробой» роботын құрастыру


2

«Гиробой» роботын құрастыру


2





«Гиробой» роботын құрастыру


2





«Гиробой» роботын құрастыру


2





«Гиробой» роботын құрастыру


2


Түс датчигі. Түсті анықтау


2

Түс датчигі. Түсті анықтау


2





  1. Түс датчигі. Түсті анықтау

  2. «Бағдаршам» жобасы және берілген тапсырмалар бойынша командалық жұмыс


2

Түс датчигі





«Бағдаршам» жобасы және берілген тапсырмалар бойынша командалық жұмыс


2






«Бағдаршам» жобасы және берілген тапсырмалар бойынша командалық жұмыс


2






  1. «Бағдаршам» жобасы және берілген тапсырмалар бойынша командалық жұмыс

  2. «Түстісұрыптауыш» роботын құрастыру



2










Өз роботтарының үлгісін жасау



4

Сайыстың алаңы


LEGO® MINDSTORMS® EV3 Education конструкторы





Роботты бағдарламау және тестілеу


2


Топқа жарыстың басталуы туралы хабарлау.

Идеялардың таныстырылымы


2

Сумошы роботының жобасы


4





Келгель ринг жобасы


4






Футболшы роботтар


4






Арқан тартыс жлбасы


4






Лабиринт жобасы


4






Роботтардың таныстырылымы және сайысы.

Жеңімпаздарды анықтау.


2



Барлығы: сағат


40



140






























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ