400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жылдық оқу жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Ән сабағының жылдық оқу жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы






Мектепалды топтарына арналған өтпелі – перспективкалық жоспар 2020-2021 оқу жылы

«Шығармашылық» білім беру саласы «музыка» бөлімі

Қыркүйек «балабақша» Балалардың бойында балабақшаға, балаларға, ересектерге сүйіспеншілік сезімдері қалыптастыруға;

бірілескен әрекетке қызығушылықты дамытуға бағытталған.



Тақырыбы

« Білімнің бұлағы»

Білімділік: әртүрлі сипаттағы әндерді қабылдау үйрету, әуенді дұрыс, нақты интонациялау арқылы, сөздерді анық айту дағдыландыру;

Дамытушылық: әуен арқылы балалардың көңіл күйін көтеру, бауырмалшылдыққа баулу.

Тәрбиелік: балабақшада балаларды достыққа шақырып, бірлікке, татулыққа үйрету ;

Тыңдау: « Қосалқа » сөзі:Дәулеткерей

Ән салу : «Білімнің бұлағы » сөзі: , әні: Т.Қоңыратбай.

Әуенді би қозғалыс: «Жұптасу биі».

Сабақ саны


Менің балабақшам

I апта


2


Менің достарым

IІ апта

«Нота үйренеміз»

Білімділік: балаларды Отаның, жерін сүюге баулу,ән арқылы қуана білуге үйрету ;

Дамытушылық: әнді көңілді,ынталы жеткізе білу қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: достар арасында сыйластық қарым-қатынасты нығайту, ептілікке,достыққа баулу.

Тыңдау: «Балабақша бағында » сөзі: С. Кәрімов. әні: І Шұғаев. Ән салу: «Балдырғандар әні» сөзі: О. Әубакиров. Әні: Ш. Қалдыаяқов

Әуенді би қозғалыс: «Қосарланып билеу» литваның халық әні.

2


Сүйікті ойыншықтарым

IІІ апта

«Көңілді ырғақтар» Білімділік: бірге ән салу арқылы, ән ырғағын дәл сақтап орындау дағдыларын жетілдіру, ән туралы түсініктерін қалыптастыру;

Дамытушылық: әнге деген қызығушылықтарын ояту арқылы балалардың музыкалық есту,

2



есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: өздерінің сүйікті ойыншықтарын достарына ұсыну арқылы, достары арасында бір-бірін сыйлап, келген қонаққа құрмет көрсетуге үйрету;

Тыңдау: «Әніміз бар тамаша!» сөзі: С. Кәрімов. әні: І Шұғаев. Ән салу: Елімнің ертеңгі иесі біз!» әні: А. Еспенбетова. Ө. Әуенді –қимылды ырғақ: «Қосарланып билейміз» сөзі, әні: Г. Абдрахманова.


Жиһаздар

IV апта




«Біздің аспаптар» Білімділік: ән айта отырып, сол әннің мәтіне сай би қимылдарын жасауға үйрету;

Дамытушылық: балалардың музыкалық шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: бір-бірінің ойыншықтарына, жиһаздарына ұқыптылықпен қарауға жинақылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. Тыңдау: «Би» (марш) Е.Андосов. Ән салу: «Кел, билейік» сөзі: Б. Байқадамов. Әні: М. Әлімбаев .

Әуенді –қимылды ырғақ : «Қосарланып билеу» билеуді жалғастыру

2



Біз көмекшіміз

IV апта



« Тату доспыз бәріміз»

Білімділік: әртүрлі сипаттағы әндерді қабылдау үйрету, әуенді дұрыс, нақты интонациялау арқылы, сөздерді анық айту дағдыландыру;

Дамытушылық: әуен арқылы балалардың көңіл күйін көтеру, бауырмалшылдыққа баулу.

Тәрбиелік: балабақшада балаларды достыққа шақырып, бірлікке, татулыққа үйрету ;

Тыңдау: « Достық » сөзі: Е.Елеубаев, әні: И.Нүсіпжанов.

Ән салу : «Достық » сөзі: Ф.Оңғарсынова , әні: Қ. Қуатбаев.

Әуенді би қозғалыс: «Серуендейміз, билейміз» сөзі, әні А. Тоқсанбаев.

2


Қазан «Менің отбасым»

Отбасы , ана, әке, әже, ата, аға, әпкенің рөлі;отбасы мүшелерінің еңбек міндеттері; отбасындағы жағымды өзара қарым-қатынас, өзара көмек, отбасының барлық мүшелеріне сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейтуге ықпал етеді.


Менің отбасым. Ата – ананың еңбегі

I апта

«Бесік жыры »

Білімділік:әуенді соңына дейін орындауға, таныс әуендерді ажырата білуге білуге, әнді жеңіл әндете айтуға үйрету;

Дамытушылық: киіз үй туралы түсінік беру,балалардың тембрлік есту қабілетін дамыту;

Тәрбиелік: қазақтың ұлттық аспабы домбырамен таныстыра отырып, өздерінің қандай аспапта ойнағанды ұнататыны туралы балалармен әңгімелесу,отбасында ата-ананың еңбегімен, үлкендердің қолдауымен аспаптарда ойнауды мергеруге болатындығын үйрету, отбасы арасында мейірімділікке, бауырмалшылдыққа тәрбиелеу.

Тыңдау: «Жайлау таңы » сөзі, әні: Л:. Хамиди.

Ән алу: «Домбыра сазы » сөзі: И. Нүсіпжанов, әні: Х. Талғаров. Әуе Әуенді –қимылды ырғақ: «Дауысты ажырат » Б. Ботбаев.

2


Менің көшем

IІ апта

«Менің туыстарым» Білімділік: ән мағынасын ұғыну, әнді таза және анық айту арқылы музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру;

Дамытушылық: музыканың сипатына сәйкес қимылдарды ауыстырып, би қимылдарын еркін игеруге дағдыландыру;

Тәрбиелік: күз мезгілінде ауа-райының өзгеруіне байланысты,көшеде өздерін дұрыс ұстауға , әдептілікке тәрбиелеу. Тыңдау: «Жеміс бағында » сөзін, әнін жазған: Ж. Қалжанова. Ән салу: «Жаңбыр » сөзі: Ә. Телғозиев, әні: Қ. Мүсірепов.

Әуенді –қимылды ырғақ: «Кел билейік» әні, сөзі: Б. Байқадамов.

2


Үйдегі және көшедегі қауіпсіздік

IІІ апта

«Орманға саяхат»

Білімділік: музыкадағы бейнелерді ажыратуға үйрету;

Дамытушылық: нәзік,сабырлы ,көңілді де ойнақы әнді сезіне айтуларын жалғастыру;

Тәрбиелік: саяхат кезінде көшедегі қауіпсіздік ережелерді сақтауға , табиғатқа зияның тигізбеуге үйрету;

Тыңдау: «Орманға саяхат» сөзі: Ө. Байділда. әні: К. Сулейменов. Ән салу: «Біз үшін » сөзі: М. Жәутіков

Әуенді –қимылды ырғақ: «Саяхат» С. Мұхамеджанов.

2









Алтын күз

IV апта

« Жомарт күз»

Білімділік: ән сипатын ұғыну, әннің көңіл күйін бере білуге үйрету;.

Дамытушылық: музыкаға әсерленуді байыту, дыбыс жоғарылығын, ырғақтық, тембрлік, динамикалық есту қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: ән арқылы күзгі өзгерістерді әуенге сай қимылдар арқылы жеткізе білуге, ептілікке тәрбиелеу. Тыңдау: «Сәби қуанышы » сөзін, әнін жазған: Е.Құсайынов Ән салу: «Күз келгенде » сөзі: Қ. Қуатбаев, әні: Ә. Бейсеуов.

Әуенді –қимылды ырғақ: «Кел, билейік» сөзі: Б. Байқадамов. М.Әлімбаев

2


Қараша «Дені саудың жаны сау»

Баланың денсаулығын сақтауға және нығайтуға, мектепке дейінгі ұйымда, тұрмыста, көшеде, табиғат жағдайларында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және негізгі қимылдарды жетілдіру арқылы балалардың қимыл-қозғалыс тәжірибесін, шығармашылық, танымдық және сөйлеу қабілеттіліктерін қолдана отырып, балалардың белсенді әрекетке қажеттіліктерін байытуға бағытталған.


Өзім туралы

І апта

«Бесік жыры »

Білімділік: балаларға музыкалық аспаптарын пайдаланып, таныс әндерді орындауларын жалғастыру;

Дамытушылық: музыканың сипатына сәйкес қимылдарды музыкалық шығарманың түріне

сәйкес өздігінен ауыстыра отырып орындауды үйрету;

Тәрбиелік: балаларға өздерінің отбасында, балабақшада қалай ұстай білу керектігін жеткізе білуге йрету,мейірімділік, бір-бірімен бауырмал болуға тәрбиелеу.

Тыңдау: «Әлди, әлди бөпем - ай» сөзі: Б. Ботпаев, әні: Ә. Бейсеуов. Ән салу: «Анашым » сөзі: Б. Ботпаев, әні: Ә. Бейсеуов. Әуенді –қимылды ырғақ: «Өз жұбыңды тап» әні, сөзі: Қ. Қуатбаев.

2


Дұрыс тамақтану. Дәрумендер

IІ апта

« Бұл қай кезде болады?»

Білімділік: әнді сахналауда қимылдардың жеке элементтерін қолдану тәсілдерін үйрете отырып, күрделі емес қимылдарды бірізділікпен орындауға және сол әнді есте сақтауға үйрету;

Дамытушылық: пьесаның екі бөлімді формасының қимылдарын ауыстыру, басталуы мен аяқталуындағы дыбысталу күшін өзгерту арқылы әннің қай мезгілде болатындығы туралы білімдерін дамыту;

Тәрбиелік: балаларға әрқашанда дәруменді тамақтармен тамақтанып жүруге кеңес бере отырып, бір-біріне деген достық сезімге тәрбиелеу.

Тыңдау: «Апорт деген тәтті алма» сөзі, әні: Б. Жаңбырбаев. Ән салу: «Балалар мен жаңбыр» сөзін, әнін жазған: Г. Абдрахманова.

Әуенді –қимылды ырғақ: «Өз жұбыңды тап» әні, сөзі: Қ. Қуатбаев

2


Өзіңе және өзгелерге көмектес.

IІІ апта

« Бауырсақ ертегісі »

Білімділік: әуеннің бөлімдерін ажырата алуға үйрету,

Дамытушылық : дыбыс биіктігі мен тембрін ажыратуға дағдыландыру,күйді тыңдап, сезіне білуге баулу;.

Тәрбиелік: би қимылдарын әуенге сай ауыстыру кезінде бір-біріне көмектесе білуге және өзара достық қарым қатынасты ортану, Тыңдау: « Айжан қыз» Құрманғазы Ән салу: «Домбыра » сөзі: Ж.Тұрсынбаев А.Асылбеков.

Әуенді –қимылды ырғақ: «Асатаяқпен» би

2


Біз күштіміз және ептіміз.

IV апта

« Біз бақытты баламыз »

Білімділік: әннің мәтініне сәйкес ойын қимылдарымен сүйемелдей отырып, әнді көңілді және емін-еркін әндетіп айтуға үйрету;

Дамытушылық: түрлі жанрдағы музыканы қабылдауға және анықтай алу қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: сылдырмақтармен ойнау, музыканың тактісімен алақандарды соғу кезінде өздерінің

күштілігін және ептіліктерін көрсету арқылы балаларды музыканы сезіне білуге үйрету;

Тыңдау: «Бақытты балалық шақ » сөзі, әні: Г. Абдрахманова

Ән салу: « Біз бақытты баламыз» әні: С. Қасымов, сөзі: И. Сапарбаев. Әуенді –қимылды ырғақ: «Жалаушамен жаттығу» «Қазақ маршы»

2


Желтоқсан «Менің Қазақстаным» Балалардың жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім,білік,дағдыларды,рухани-адамгершілік құндылықтарды

қалыптастыруға, "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясына негізделген жалпы адамзаттық қасиеттерді, патриотизммен

толеранттылықты тәрбиелеуге ықпал етеді.


Тарихқа саяхат

I апта


«Бесік жыры »

Білімділік : әнді айта отырып, музыканың сипатына сәйкес қимылдар жасауға үйрету ;

Дамытушылық: әнді үйрету арқылы әннің тарихына саяхат жасау, балаларға жеткізу, музыканы сезіне білуге үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту;

Тәрбиелік: балаларға арналған аспаптарды игеруге машықтандыру, қуаныш сезімдерін

арттыру, ертілікке тәрбиелеу

Тыңдау: «Біз шадыман баламыз » сөзі: С. Қалиев. әні: Ә. Бейсеуов

2




Ән салу: «Ақша қар » сөзі: Қ. Ыдырысов. әні: Қ. Қуатбаев.

Әуенді –қимылды ырғақ : «Ұлпақарлармен билеу» орыс халық әні.



Туған өлкем.

IІ апта

«Гүлдене бер, бас қала»

Білімділік: ән арқылы балаларға кең байтақ елімді кеңінен таныстыру, өзіміздің туған өлкеміздің әндерін тыңдап сезіне білуге, ән мазмұнын әңгімелеп айтуға дағдыландыру;

Дамытушылық: дыбыс биіктігі тембрі туралы ұғымдарын қалыптастыру.

Тәрбиелік: біздің туған жеріміздің көп ұлтты мемлекет екендігін айта отырып, бір-біріне мейірімді болуға тәрбиелеу . Тыңдау: «Бөбектер» Е.Ташенов, О.Көлжанов

Ән салу: «Қазақстан» әні, сөзі: С.Муханбетжанов Ғ.Жұманов Әуенді –қимылды ырғақ: «Кел, билейік»

2


Нұр-Сұлтан - Отанымыздың

жүрегі!

IІІ апта



«Сүйікті қалам Нұр-Сұлтан » 

Білімділік: әртүрлі сипаттағы әндерді қабылдауға, әнді таза айтуға,шығарманы сезіне білуге үйрету;

Дамытушылық: сипаты мен мазмұны жағынан алуан түрлі екі шығарманы эмоциялық тұрғыдан қабылдай алумен қатар салыстыра білу қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: әнді сезіну арқылы өз Отанын сүюге, қастерлей білуге тәрбиелеу.

Тыңдау: « Отан – ортақ үйіміз» сөзі: Д. Ботбай, әні: Е. Өтетілеуұлы. Ән салу: «Менің Отаным» сөзі: Ө. Байділдаев. әні: Б. Ысқақов. Әуенді –қимылды ырғақ: «Жұптасу» Орыс халық әні.

2


Тәуелсіз Қазақстан (ҚР тұңғыш Президенті, ҚР мемлкеттік рәміздер)

IV апта

«Егеменді Елім»

Білімділік: Тәуелсіз Қазақстанда қысқы мезгілде болатын мерекелік әуендерді сипаттай отырып, әртүрлі сипаттағы музыканы қабылдауға, музыкаға деген өзіндік қатынасын, сол туралы пікірін айту үйрету ;

Дамытушылық: әуені бойынша әндерді тануға және олардың мазмұны туралы баяндай білу қабілеттерін дамыту ;

Тәрбиелік: мазмұны бойынша таныс әндерді сахналауға баулу, балалардың шығармашылық қабілетін ояту,ептілікке тәрбиелеу

Тыңдау: « Қыс келді» әні: С. Қалымов, сөзі: И. Исабаев.

Ән салу: «Шырша әні» әні: Қ. Қуатбаев. сөзі: Ж. Смаков. Әуенді –қимылды ырғақ: « Аю, аю билейік» Т. Ломова.

2




Туған өлкенің байлықтары

V апта

«Қазақстан – кең байтақ елім»

Білімділік: ән арқылы балаларға кең байтақ елімді кеңінен таныстыру, өзіміздің туған өлкеміздің әндерін тыңдап сезіне білуге, ән мазмұнын әңгімелеп айтуға дағдыландыру;

Дамытушылық: дыбыс биіктігі тембрі туралы ұғымдарын қалыптастыру.

Тәрбиелік: біздің туған жеріміздің көп ұлтты мемлекет екендігін айта отырып, бір-біріне мейірімді болуға тәрбиелеу . Тыңдау: «Бөбектер» Е.Ташенов, О.Көлжанов

Ән салу: «Қазақстан» әні, сөзі: С.Муханбетжанов Ғ.Жұманов Әуенді –қимылды ырғақ: «Кел, билейік»

2


Қаңтар «Табиғат әлемі» Тірі және өлі табиғат заттары мен құбылыстары, маусымдық өзгерістер, өсімдіктер туралы білімдерін кеңейтуге; жануарлар, жәндіктер мен өсімдіктердің барлық түрлерін сақтаудың қажеттілігі туралы түсініктерін қалыптастыруға; табиғатпен тікелей байланысты тәжірибені игеруге; қоршаған ортаға ұқыпты қарауды және тіршілік ету ортасының маңызын түсінуге бағытталған.


Айналамыздағы өсімдіктер

I апта

«Қыс қызығы » 

Білімділік: күш салмай ән айту арқылы , сөздер мен дыбыстарды таза және анық айтуға үйрету;

Дамытушылық: әртүрлі сипаттағы әндерді орындауда, дауыспен секіріс үлгісіндегі және төмендеуші әуен қарқынын бере білу қабілеттерін дамыту,

Тәрбиелік: балабақшамыздың алдындағы өсімдіктердің бірі –шырша екендігін таныстыру, өсімдіктерге құрмет көрсетуге,мейірімділік танытуға тәрбиелеу.

Тыңдау: «Қаршақыз бен балалар » сөзі, әні: Г. Абдрахманова. Ән салу: «Жасыл шырша » әні: Қ. Қуатбаев, сөзі: А.Асылбеков. Әуенді –қимылды ырғақ: «Ненің даусы» орыс халық әні.

2


Жануарлар әлемі

IІ апта

«Аңдардың айтысы»

Білімділік : ән айту фразалар арасындағы тыныс алуға, әнді бір мезгілде бастау және аяқтау,

әуенді дұрыс бере білуге үйрету.

Дамытушылық: музыканың сипатына сәйкес қимылдарды ауыстыра отырып орындауларын жаттықтыру;

Тәрбиелік: театр өнері арқылы жануарларды сахналай отырып, мейірімділікпен қарауға, қамқор болуға тәрбилеу

Тыңдау: «Салемет пе, Аязата» сөзі: Б. Дәлденбай, әні: И. Сапарбай. Ән салу: «Жасыл шырша жанында» сөзі: А. Асылбеков. әні: Қ. Қуатбаев. Әуенді –қимылды ырғақ: «Аю мен қояндар» Б. Дәлденбай.

2


Құстар – біздің досымыз.

IІІ апта


«Айнала ақша қар»

Білімділік: қыс мезгілінде табиғат құбылыстарының өзгеретіндігіне, суыққа төзбей құстардың жылы жаққа кететіндігі жөнінде мағұлматтар беру;

Дамытушылық: Қатты ақырын, дыбыстарын ажырату.Әр турлі жанрлар(марш, полька, вальс)

түсініктерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: қоршаған ортада тіршілік ету ортасына ұқыптылықпен қарауға, құстарға қамқор болуға үйрету. Тыңдау: «Жасыл шырша» әні: Қ. Қуатбаев, сөзі: Қ. Шалқаров. Ән салу: «Қысқы құстар» әні: Қ. Қуатбаев, сөзі: Қ. Шалқаров. Әуенді –қимылды ырғақ: «Орман аңдары» орыс халық әні.

2


Ғажайып – қыс.

IV апта

«Әуенді сиқырлы ормандағы құртақандар»

Білімділік:таныс емес музыканың негізгі көңіл-күйін бере отырып, қимылдауды үйрету;

Дамытушылық:әнді орындаушылық сезімдерін ояту отырып,музыканы есту қабілетін дамыту;

Тәрбиелік: қыс мезгіліндегі қар таяқшаларына ұқыптылықпен қарау, мейірімділік көрсету . Тыңдау: «Табиғат құбылыстары» үнтаспадан

Ән салу: «Қыс » әні: Б. Жүсібалин, А.Асылбеков Әуенді –қимылды ырғақ: «Сылдырмақтар» орыс халық әні

2


Ақпан «Бізді қоршаған әлем»

Қоршаған ортамен өзара әрекет етуге қажетті танымдық әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерген баланың тұлғасын дамытуға, адамгершілік нормаларды сезінуге, төзімділікті және түрлі адамдарға құрмет танытуды қалыптастыруға ықпал етеді.


Ғажайыптар әлемі (өлі табиғат құбылыстары)

І апта

«Бақшадағы ән-сауық»

Білімділік: мазмұны жағынан алуан түрлі екі шығарманы эмоциялық тұрғыдан қабылдау және салыстыра білуді жалғастыру;

Дамытушылық: музыканың сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындауға, әуенді сүйемелдеуімен жұбымен жүруге, көңілді билеу қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: ән арқылы балаларға табиғат құбылыстарымен салыстыра отырып тәрбиелеу. Тыңдау: «Туған өлкем» сөзі: Б. Ботпаев, әні: Ә. Бейсеуов. Ән салу: «Елім менің» сөзі: Б. Ботпаев, әні: Ә. Бейсеуов. Әуенді –қимылды ырғақ: «Өз жұбыңды тап» әні, сөзі: Қ. Қуатбаев

2


Көліктер

ІІ апта

« Музыка әлеміне саяхат »

Білімділік: әуеннің ырғақ екпінін сезіне білуге салыстыруға, әуенге сәйкес қозғалуға дағдыландыру;

Дамытушылық: әнді көңілді ашық дауыспен орындауға үйрету;

Тәрбиелік: балалардың туған жерінің көліктеріне, қаласына сүйіспеншілік сезімдерін ояту арқылы , өздерінің тұрға қала атауларын атауға, құрметпен қарауға үйрету;

Тыңдау: « Алматы» : А. Асылбеков. әні: Е. Хасанғалиев. Ән салу: « Біз өмірдің гүліміз» сөзі: Б. Ғизатов . әні: Ә. Дүсенбаев. Әуенді –қимылды ырғақ: «Күлдіргіштер» Д. Кабалевский.

2


Электроника әлемі

ІІІ апта

«Бүгін қай күн?»

Білімділік: музыкалық шығарма арқылы электроника әлемін түсінуін қалыптастыру, қимылды динамикалық реңкке сәйкес орындауға талпынуын дағдыландыру;

Дамытушылық: музыкалық көркемдік құралдарды (динамика, дыбыстың жоғарылығын), музыкалық жанрды ажырата білуге, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:,балаларды ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу;

Ән тыңдау. «Рондо-марш».Д. Кабалевский

Ән айту. «Бүгін қай күн?» С. Мұхамеджанов

Әуенді –қимылды ырғақ :Марш екпінінде қолға жалаушалар ұстап, музыка әуенімен жаттығулар жасау.

2



Мамандықтың бәрі жақсы

IV апта

«Бағдаршам »

Білімділік: ән тыңдау барысында сөздерін анық айтауға, таныс әндерді сүйемелдеумен ілесе орындауға үйрету;

Дамытушылық: музыкалық аспаптарда қарапайым ырғақты өздігінен орындау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: музыкалық аспаптарды қолдану арқылы мамандардың еңбегін бағалауға,ән тыңдау арқылы бір-біріне мейірімділік көрсете білуге,әдептілік сақтауға үйрету.

Тыңдау: «Құлыншақ» әні, сөзі: Ж. Тұрсынбаев. Ән салу: «Біздің атай» әні: Қ. Қуатбаев, сөзі : Ә. Дүйсенбаев. Әуенді –қимылды ырғақ : «Бәйге» әні: Қ. Қуатбаев, сөзі: Ә. Дүйсенбаев.

2


Наурыз «Салттар мен фольклор»

Қазақстан Республикасында тұратын қазақ және басқа халықтардың салт-дәстүрлерімен таныстыруға, адамдарға мейірімді және сыйластық қатынасты қалыптастыруға бағытталған.


Қазақстан халықтарының салттары мен дәстүрлері

I апта

«Домбыра сазы»

Білімділік: балаларға Наурыз мерекесі туралы мағұлматтар беру;

Дамытушылық: театр өнері арқылы қазақтың халқының салт-дәстүрлерімен таныстыру, мерекені музыкамен жалғастыру, қызығушылықтарын арттыру

Тәрбиелік: қазақтың салт-дәстүрлерін үйренуге, сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Тыңдау: «Наурыз» сөзі: А. Досмағанбетов, әні: Ж. Мұхамеджанов. Ән салу: «Көктем келді» Әуенді –қимылды ырғақ: «Қамажай» халық әні.

2



Ертегілер елінде. Театр әлемі

IІ апта

«Бауырсақ ертегісі»

Білімділік: жеңіл қозғала билеуге талпындыра отырып, театр өнеріне деген қызығушылығын арттыру;

Дамытушылық: музыка екпінін,ырғағын түсіндіру. Есту, тану, еліктеу, сезімдерін қалыптастыру, үйренген әндерін бекіту.

Тәрбиелік: музыка өнері арқылы өздеріне таныс ертегілерді сахналауға, құрметпен қарауға

2


тәрбиелеу.

Тыңдау: «Қонжық пен көжектер» сөзі: Б. Ботпаев, әні: Қ. Қуатбаев. Ән салу: «Сұр көжек» сөзі, әні: Г. Абдрахманова Әуенді –қимылды ырғақ: «Көжектер» орыс халық әні.


Өнер көзі халықта

IІІ апта

«Қайырлы таң!»

Білімділік: музыкалық шығармаларды сипатына қарай ажырата білуге дағдыландыру; Дамытушылық: мерекелік көңіл күй сыйлай білуге үйрету;

Тәрбиелік: қазақ халқының өнерін,көрсете білуге, құрметтеуге тәрбиелеу. Тыңдау: «Наурыз келді» сөзі: А. Досмағанбетов, әні: Ж. Мұхамеджанов. Ән салу: « Наурызым, армысың! » сөзі: А. Досмағанбетов, әні: Ж. Мұхамеджанов. Әуенді –қимылды ырғақ: «Қамажай» халық әні.

2


Нұр төккен, гүл көктем

IV апта

«Наурыз-жыл басы»

Білімділік: музыкалық шығармаларды соңына дейін тыңдап, шығарманың музыкалық сипатын анықтау, өз әсері туралы әңгімелеуге үйрету

Дамытушылық:балалар музыкалық аспаптарды пайдаланып, таныс әндерді орындауға жаттықтыру; .

Тәрбиелік: әуенді дұрыс бере білуге,әнді көңілді мұқияттыңдап, әндетіп айту,ептілікке үйрету Тыңдау: «Біз бақытты баламыз » сөзі: Ө. Байділда. әні: К. Сулейменов. Ән салу: «Біз өмірдің гүліміз » Әуенді –қимылды ырғақ: «Қосарланып билеу» Литваның халық әні.

2




Әдептілік-әдемілік

V апта


«Қайырлы таң!»

Білімділік: музыкалық шығармаларды сипатына қарай ажырата білуге дағдыландыру; Дамытушылық: мерекелік көңіл күй сыйлай білуге үйрету;

Тәрбиелік: қазақ халқының өнерін,көрсете білуге, құрметтеуге тәрбиелеу. Тыңдау: «Наурыз келді» сөзі: А. Досмағанбетов, әні: Ж. Мұхамеджанов. Ән салу: « Наурызым, армысың! » сөзі: А. Досмағанбетов, әні: Ж. Мұхамеджанов. Әуенді –қимылды ырғақ: «Қамажай» халық әні.

2


Сәуір « Біз еңбекқор баламыз» Қарапайым еңбек дағдыларына, еңбек сүйгіштікке, еңбек адамдарына құрмет сезімдерін тәрбиелеуге, адамның

қолымен жасалғанның барлығына ұқыпты қарауға; балалардың сөйлеуін, зейінін, қиялын дамытуға;мектеп жасын дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін және ойлауын қалыптастыруға ықпал етеді


Аялайық гүлдерді

І апта

«Көктем» 

Білімділік: балалардың музыкаға қызығушылығын арттыру;

Дамытушылық: музыкалық шығармаларға эмоциялық қатынастарын дамыту;

Тәрбиелік: балаларға көктем мезгілінің белгілерімен таныстыра отырып, көктемнің алғашқы гүлдерін атауға, табиғаттың бізге байлығына құрметпен қарауға үйрету

2



Тыңдау: «Бұл қай кезде болады?» сөзі.: Б. Ерзакович, әні: Ш. Ахметов. Ән салу: «Көктем» сөзі: Қ. Қуатбаев, әні: А. Асылбеков. Әуенді –қимылды ырғақ: «Қақпа » Р. Рустамов.


Ас атасы – нан.

I І апта

«Нан болса- әнде болады»

Білімділік: музыканың сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау,шапшаңдық пен ептілік таныту

Дамытушылық: әуенді дұрыс бере білуге, әнді есте сақтау қабілетін дамыту

Тәрбиелік:.нанды жерде жатса баспай, құрметтеуге үйрету.

Тыңдау: «Ас атасы – нан » сөзі: Ө. Байділда. әні: К. Сулейменов. Ән салу: «Нан болса – әнде болады» сөзі: Ө. Байділда. әні: К. Сулейменов. Әуенді –қимылды ырғақ : «Кімге қай төл ұнайды?» сөзі, әні: Г. Абдрахманова.

2


Жәндіктер мен қосмекенділер әлемі.

IІІ апта

« Не қалай дыбыстайды? »

Білімділік: музыка сипатына сай қимыл іскерліктерін дамыту,

Дамытушылық: әуен ойын әрекеттерін жәндіктер мен қосмекенділер әлемін сахналауға, хормен ән айтуға дағдыландыру.

Тәрбиелік: жәндіктер мен қосмекенділерге қамқор болуға тәрбиелеу

Ән тыңдау: « Ойыншықтар»( музыкасын жазған И.Нүсіпбаев, сөзін жазған Н. Әлімқұлов).

Ән салу:

Әуенді –қимылды ырғақ: «Қоңыраулар биі» (Н.Марченко)

2


Еңбек бәрін жеңбек.

IV апта

Ел қорғауға дайынбыз»

Білімділік: музыканы тыңдап, сипаттарын ажырата білуге, әннің мәтінін бұзбай дұрыс айтуға үйрету,

Дамытушылық: ойын арқылы балалардың эмоциясын ояту;  

Тәрбиелік: үлкендердің еңбегіне көмектесіп, қамқор болуға тәрбиелеу. Тыңдау: «Бұл қай төлдің анасы? » сөзі: Ө. Байділда. әні: К. Сулейменов. Ән салу: «Ботақан » сөзі: Ө. Байділда. әні: К. Сулейменов. Әуенді –қимылды ырғақ: «Кімге қай төл ұнайды?» сөзі, әні: Г. Абдрахманова.

2


Мамыр «Әрқашан күн сөнбесін». Балалардың бойында адамгершілік қасиеттерді: жақын адамдарына сүйіспеншілікті, оларға қамқорлық жасауға ынтасын,

өзінің туған қаласына, қаласына,ауылына , оның тарихына қызығушылықты тәрбиелеуді қарастырады


Достық – біздің тірегіміз (халықтар достығы).

Iапта



«Біздің оркестр »

Білімділік: шығарманы зейін қойып тыңдауға,аспап дыбыстарын ажырата отырып, түрлі жанрдағы музыканы қабылдауға және анықтауға үйрету;

Дамытушылық: оркестр туралы мағұлмат беріп,ырғақпен ойнай білуге дағдыландыру;

Тәрбиелік: аспаптарда ойнау тәсілдерін үйрете отырып, достар арасында бір-біріне деген сүйіспеншілікті арттыру, балалардың бойында адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу ;

Тыңдау: «Туған жерді сүйеміз» сөзі: Қ. Шілдебаев. әні: А. Асылбеков Ән салу: «Туған жер» сөзі: Қ. Шілдебаев. әні: А. Асылбеков Әуенді –қимылды ырғақ: «Жалаушамен жаттығу» «Қазақ маршы»

2



Отан қорғаушылыр (қазақстан армиясы, ҰОС ардагерлері)

IІ апта

«Балдырғандар баламыз»

Білімділік: музыканың сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындауға үйрету;

Дамытушылық: әндердің қозғалыстық, көңілді сипатын қабылдау арқылы мазмұны бойынша таныс әндерді сахналауға баулу.

Тәрбиелік: Отанына алдында қызмет етіп жүрген азаматтардың еңбегімен таныстыру, еңбеккорлыққа тәрбиелеу.

Тыңдау: «Сарыарқа »күйі Құрманғазы оркестрінің орындауында Ән салу: «Біздің оркестр » сөзі: Қ. Шілдебаев. әні: А. Асылбеков. Әуенді –қимылды ырғақ: «Сырнай мен данғыра »

2



Көңілді жаз!

IІІ апта

«Әуенді сандықша»

Білімділік: музыканы тыңдап, жуан-жіңішке дыбыстарды ажыраты;

Дамытушылық: музыкалық фразалар арасында тыныс алуға ,әуенге сәйкес би жанрларын ауыстыра білуді дағдыландыру;

Тәрбиелік: аспаптарда ырғақты сезіне ойнауға, бір-біріне көңілді жаз сыйлауға үйрету,өзара достасуға тәрбиелеу. Тыңдау: «Жан сырым» сөзі: Е. Өміров, әні: Х. Талғаров. Ән салу: «Әуенді сандықша» сөзі: Қ. Шілдебаев. әні: А. Асылбеков. Әуенді –қимылды ырғақ: «Ырғағын ажырат» С. Рахманов.

2


Мен жасай аламын.

IV апта

«Құстар дауысы » Білімділік: музыканың сипатын анықтау, өз әсері туралы әңгімелеуге үйрету ;

Дамытушылық: әуен қарқынын бере отырып, балалардың музыкалық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: құстарға қолдарынан келгенше күтім жасап,қамқор болуға үйрету; Тыңдау: «Бозторғай » сөзі: Е.Құсайынов . әні: А. Асылбеков. Ән салу: «Кім қалай дыбыстайды?» сөзі: Ж.Тұрсынбаев

Әуенді –қимылды ырғақ: «Шөжелерім»

2








Мен жасай аламын.

IV апта

«Құстар дауысы » Білімділік: музыканың сипатын анықтау, өз әсері туралы әңгімелеуге үйрету ;

Дамытушылық: әуен қарқынын бере отырып, балалардың музыкалық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: құстарға қолдарынан келгенше күтім жасап,қамқор болуға үйрету; Тыңдау: «Бозторғай » сөзі: Е.Құсайынов . әні: А. Асылбеков. Ән салу: «Кім қалай дыбыстайды?» сөзі: Ж.Тұрсынбаев

Әуенді –қимылды ырғақ: «Шөжелерім»

2








72 сағат



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
545
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі