400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жылдық перспективалық жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
Ересек топ балаларына арналған жылдық сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы « Балабақша » ( Қыркүйек )

Менің балабақшам

(І апта)

Жаратылыстану

Балабақша ауласындағы және маңайындағы өсімдіктерді, ағаштар мен бұлттарды атауға үйрету.

Русский язык

Ертегілер елінде

(Вариативті компонент)


Музыка

Аппликация

Балабақша қызметкерлерінің еңбегі туралы ұғымдарын кеңейту. Қайшыны дұрыс ұстау және пайдалана білуді қалыптастыру.

Дене шынықтыру



Дене шынықтыру

ҚМҰҚ

Теңдік және теңсіздік туралы ұғымдарды қалыптастыру.Ұсынылған үлгі бойынша немесе кеміген заттардан топ құрауға, топтан жеке бір затты бөліп алуға үйрету. Әртүрлі түстен тұратын заттардың жиыны туралы түсініктерді қалыптастыру.

Сөйлеуді дамыту

Дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтуға, топтағы заттардың сапасы мен қасиеттерін білдіретін зат есімдерді қолдануға үйрету. Заттарды және олардың тұрған орнын анықтау дағдыларын жетілдіру.

Драма

Балаларды театрмен таныстыру. Көркем әдебиет шығармалары бойынша драмалық дағдыларды дамыту

Қуыршақ театры

(Вариативті компонент)


Сурет салу

«Менің тобымдағы заттар» Қарындаштармен дәстүрлі тәсілдермен сурет салудың техникасын жетілдіру. Топ бөлмесіндегі дөңгелек пішінді табу арқылы заттарды салу.

Дене шынықтыру

Құрастыру

Құрылыс материалдарынан орындық, сырғанақ құрастыра білуге үйрету. Құрылыс материалдарының бөлшектерін дұрыс ажыратып, атау.

Авторы: Ибраимова Жанар Кайратовна


















Менің достарым

( ІІ апта )

Жаратылыстану

Тірі және өлі табиғат құбылыстары туралы түсініктерін қалыптастыру.

Көркем әдебиет

Көркем шығармаларды эмоционалды қабылдай білуді дамыту. Сұрақтарға жауап беруге үйрету. Балабақша туралы әңгімелеу.

Би

(Вариативті компонент)


Музыка

Мүсіндеу

Балалардың достық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру. Түрлі тәсілдерді қолдана отырып дөңгелек, сопақ пішіндерді бейнелеу

Дене шынықтыру





Дене шынықтыру

ҚМҰҚ

«Барлығы қанша?» сұрағына жауап беруге үйрету. Заттарды үлгісі бойынша және аталған саны бойынша санау дағдысын қалыптастыру. Бірінің астына бірі екі қатарда орналасқан заттардың екі тобын салыстыруды үйрету.

Сөйлеуді дамыту

Әңгімеге қатысу және тілді түсіну. Тұрмыстық және қоршаған орта заттарының қолданылу маңыздылығын түсіну дағдыларын қалыптастыру. Тақырыпқа сәйкес тақпақ жаттау.



Қоршаған ортамен таныстыру

Баланың өзі және өзінің топтағы жағдайы туралы түсініктерін кеңейту.

Балабақша қызметкерлері туралы ұғымдарын кеңейту.

Ересектерге көмектесуге ынталандыру.

Қуыршақ театры

(Вариативті компонент)


Сурет салу

«Мен және менің достарым»

Суреттегі кейіпкерлерді бере білу іскерліктерін қалыптастыру. Сопақ пішіннің суретін салу.

Дене шынықтыру

Музыка





















Менің сүйікті ойыншықтарым

(ІІІ апта)

Жаратылыстану

Балабақшаның ауласындағы өсімдіктерді атауға үйрету. Балалардың бөлме өсімдіктері туралы білімдерін байыту.

Русский язык

Ертегілер елінде

(Вариативті компонент)


Музыка

Аппликация

Ересектердің көмегімен бөліктерді желімдеуге үйрету. Түзу сызықпен алдымен қысқа содан соң ұзын жолақтарды қиюды іскерлігін дамыту.

Дене шынықтыру



Дене шынықтыру

ҚМҰҚ

Заттар шамасы бойынша әртүрлі болатындығы жайлы түсінік беру. «Қанша еді?», «Қаншасы қалды?» сұрақтарына жауап беруге үйрету. Заттардың жиынтығын салыстыру.

Сөйлеуді дамыту

Сөзді дыбыстау мәдениетін тәрбиелеуге арналған дидактикалық ойындарды қолдану. Ойыншықтар туралы әңгіме құрастыру.



Драма

Түрлі эмоцияларды білдіру үшін интонациямен дыбыстау Қуыршақ театры

(Вариативті компонент)


Сурет салу

«Ойыншықтар»

Ойыншықтарды бейнелеу дағдыларын қалыптастыру. Сурет салу техникасын игерту.

Дене шынықтыру

Құрастыру

Ұзын және қысқа пластиналарды ажыратуын, оларды дұрыс атауын, құрылыс сипаттамасына сәйкес қажетті бөлшектерді өздігінен таңдауын, құрылысты дайын нұсқамен орындау іскерлігін бекіту.





















Жиһаздар

(IV апта)

Жаратылыстану

Қарапайым тәжірибелерді жүргізуге қызығушылықтарын, зейіндерін дамыту.

Көркем әдебиет

Н.Исахметов «Әже». Көркем шығармаларды эмоционалды қабылдай білуді дамыту.

Би

(Вариативті компонент)


Музыка

Мүсіндеу

«Менің орындығым»

Пропорцияларды сақтап, саусақ пен алақан қозғалыстарын пайдалана отырып екі бөліктен тұратын заттарды мүсіндеуге үйрету.

Дене шынықтыру


Дене шынықтыру

ҚМҰҚ

Тең және тең емес заттар тобын салыстыруды, теңдікті орнатуды, салыстыру нәтижелерін «көп», «аз», «тең» сөздерімен белгілеуді үйрету.

Сөйлеуді дамыту

Жиһаздар, тұрмыстық заттар және қоршаған орта заттарының қолданылу маңыздылығын түсіну дағдыларын қалыптастыру. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру


Экология негіздері

Өлі табиғат объектілері - су, жер, ауа, күннің көзі туралы білімдерін бекіту.

Қуыршақ театры

(Вариативті компонент)


Сурет салу

Жиһаздар туралы түсініктерін қалыптастыру. Дөңгелек және сопақ пішіндерді қолдана отырып жиһаздардың суретін салу.

Дене шынықтыру Музыка






















Қазан. Тақырыбы: «Менің отбасым»

Менің отбасым, ата-аналар еңбегі

(І апта)



Жаратылыстану

Жыл мезгіліндегі маусымдық өзгерістер туралы түсініктерін қалыптастыру. Ересектердің еңбегіне бақылау жасау.

Русский язык

Ертегілер елінде

(Вариативті компонент)



Музыка

Аппликация

«Анам, әкем және мен»

Заттарды қағаз бетінде орналастыра білуге үйрету. Қайшыны дұрыс ұстау және пайдалана білу дағдыларын дамыту.

Дене шынықтыру


Дене шынықтыру

ҚМҰҚ

1 санымен таныстыру. Заттар санын салыстыруды, атауды, топта бір зат бойынша теңдік қалыптастыруды үйрету. Шеңберді басқа геометриялық пішіндерден ажырату.

Сөйлеуді дамыту

Барлық дауысты және дауыссыз дыбыстардың сөйлемде анық, таза, әрі түсінікті айтуға үйрету. Сурет бойынша әңгіме құрастыру. Отбасы, отбасындағы тұрмыс туралы айтып беруге үйрету.


Драма

Түрлі эмоцияларды білдіру үшін интонациямен дыбыстау.

Қуыршақ театры

(Вариативті компонент)


Сурет салу

«Менің отбасым». Әртүрлі бағыттағы тура сызықтар мен олардың қиылысуын жүргізе білуді үйрету. Техникалық дағдылар мен біліктерді игерту.

Дене шынықтыру

Құрастыру

Ұзын және қысқа пластиналарды ажыратуын, оларды дұрыс атауын, құрылыс сипаттамасына сәйкес қажетті бөлшектерді өздігінен таңдауын, құрылысты дайын нұсқамен орындау іскерлігін бекіту.



Менің көшем

(ІІ апта)

Жаратылыстану

Өсімдіктер мен көкөністерді таныстыру, олардың түсі, сыртқы пішіні, дәмдік қасиеті туралы түсінік беру. Табиғатқа дұрыс қарым-қатынас жасау жолдарын үйрету.

Көркем әдебиет

Таныс ертегілердің мазмұнын айтуда мазмұнның жүйелілігін сақтауға, кейіпкерлердің мінезін сипаттауға үйрету.

Би

(Вариативті компонент)


Музыка

Мүсіндеу

Меңгерген тәсілдерді қолдана отырып мүсіндеу білігін бекіту.

Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Дене шынықтыру


Дене шынықтыру

ҚМҰҚ

Құрамында 1 және 2заттар тобын салыстыруды және теңдік пен теңсіздік орнатудыүйрету. 2 санымен таныстыру.

Сөйлеуді дамыту

Балалардың сөздік қорын байыту. Суреттің мазмұны бойынша шағын әңгімелер құрастыру.


Қоршаған ортамен танысу

Отбасы мүшелері бейнеленген суреттерді қарастыру, отбасы мүшелерін, олардың әрекеттері мен өзара қарым-қатынастарын атау дағдыларын қалыптастыру.Баланың туыстық қатынастарды түсінуіне ықпал ету

Қуыршақ театры

(Вариативті компонент)


Сурет салу

«Балабақшаға апаратын көше». Бояулармен, дәстүрден тыс тәсілдермен сурет салудың техникасын жетілдіру. Үлгі бойынша пішінін, пропорциясын ескере отырып сурет салу.

Дене шынықтыру

Музыка


















Үйдегі және көшедегі қауіпсіздік

(ІІІ апта)

Жаратылыстану

Тұрмысқа қажетті заттарды (пышақ, қайшы) қолдануда қауіпсіздік ержелерін сақтау

Русский язык

Ертегілер елінде

(Вариативті компонент)


Музыка

Аппликация

Қағазбен және қайшымен жұмыс істеу дағдысын бекіту. Қауіпсіздік ережелерін сақтай білуге үйрету.

Дене шынықтыру


Дене шынықтыру

ҚМҰҚ

Ұзындығы және ені бойынша бірдей және екі түрлі заттарды салыстыру дағдыларын қалыптастыру. 2-ге дейін санауды бекіту.

Сөйлеуді дамыту

Заттарды және олардың тұрған орнын анықтау дағдыларын жетілдіру. Сөздік қорларын дамыту.


Драма

Таныс сюжеттер бойынша ертегілерді драмалау дағдыларын қалыптастыру.

Қуыршақ театры

(Вариативті компонент)


Сурет салу

Қағазға суретті дұрыс орналастыруға үйрету. Бояудың әдістерін қолданып, бояумен сурет салуға жаттықтыру.

Дене шынықтыру

Құрастыру

Қағаздан құрастыруға үйрету.қағазды тікбұрышты парағын жартысынан бүктеп, бұрыштарды және тараптарды біріктіре білуге үйрету. Балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.






















Алтын күз

(IV апта)

Жаратылыстану

Күз туралы ұғымдарын кеңейту. Күз мезгіліндегі ауа райын бақылау.

Көркем әдебиет

Балаларды әдеби шығармалар кейіпкерлерінің бейнесі арқылы адамның іс-әрекеттер әлемімен таныстыру.

Би

(Вариативті компонент)


Музыка

Мүсіндеу

«Күзгі ағаштар». Ермексаздың кесектерінен түрлі тәсілдерді қолданып мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.

Дене шынықтыру


Дене шынықтыру

ҚМҰҚ

Құрамында 2 және 3 заттар бар топтарды салыстыруға, заттардың санын атауға, теңдік және теңсіздікті орнатуға үйрету, 3 санымен таныстыру.

Сөйлеуді дамыту

Қ.Мүсіреповтің «Күз» тақпағын жаттау. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.


Экология негіздері

Адамдардың күзгі әрекеттеріне балалардың зейін аудару дағдыларын қалыптастыру. Табиғаттағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу.

Қуыршақ театры

(Вариативті компонент)


Сурет салу

«Алтын күз»

Көркем туындыны эмоционалды қабылдауға үйрету; ағаштың, жіңішке бұтақтардың суреттерін салу.

Дене шынықтыру

Музыка



















Қараша. Тақырыбы:«Дені саудың жаны сау»

Өзім туралы

(І апта)

Жаратылыстану

Табиғаттағы маусымдық өзгерістерде қарапайым байланыс орната білуге үйрету.

Русский язык

Ертегілер елінде

(Вариативті компонент)


Музыка

Аппликация

Қайшыны дұрыс ұстау және пайдалана білу дағдыларын жетілдіру. Ересектердің көмегімен бөліктерді желімдеу.

Дене шынықтыру


Дене шынықтыру

ҚМҰҚ

Өзіне қатысты кеңістік бағыттарын анықтай білу, заттарды оң қолымен солдан оңға қарай орналастыру, өзінің дене бөліктерін бағдарлау және атау (бас, аяқтар, қолдар). 3 санымен таыстыруды жалғастыру.

Сөйлеуді дамыту

«Мен қандаймын?». Сурет мазмұнына қарай әңгіме құру білігін жетілдіру. Әртүрлі тәсілдермен жаңа сөздер құру.


Драма

Ұсынылған мазмұн бойынша сахналауға үйрету.

Қуыршақ театры

(Вариативті компонент)


Сурет салу

«Мен». Дөңгелек пішінді заттардың суретін салу. Түстерді үйлестіре білуге үйрету. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дене шынықтыру

Құрастыру

Умаждау, жырту, шиыршықтауды қолданып, қағаз парақтарын көлемді пішіндерге айналдыру дағдыларын қалыптастыру.





















Дұрыс тамақтану. Дәрумендер

(ІІ апта)

Жаратылыстану

Алтын балықпен таныстыру. Бұл балықтың тек аквариумда өмір сүретінін айтып беру. Балықтардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көре білу. Оған күтім, қамқорлық жасауға баулу.

Көркем әдебиет

Кейіпкерлердің жағымды және жағымсыз қасиеттерін көруге үйрету.

Би

(Вариативті компонент)



Музыка

Мүсіндеу

Пропорцияларды сақтап, саусақ пен алақан қозғалыстарын пайдалана отырып екі бөліктен тұратын заттарды ермексаздан мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.

Дене шынықтыру


Дене шынықтыру

ҚМҰҚ

Тәулік мерзімдері «таңертең, күндіз, кеш, түн»туралы түсінік беру. 2 және 3 сандарын салыстыру, теңдік пен теңсіздік орнату.

Сөйлеуді дамыту

Тілдің қарқынын өзгерту біліктерін бекіту. Дұрыс тамақтану, дәрумендер туралы ұғымдарын қалыптастыру.


Қоршаған ортамен танысу

Баланың өзі және өзінің жағдайы туралы түсініктерін кеңейту. Өзін-өзі тануға ұмтылысын қолдау.

Қуыршақ театры

(Вариативті компонент)


Сурет салу

«Көкөністер». Көкөністерде болатын дәрумендер туралы түсінік беру. Көкөністерді бейнелеу дағдыларын қалыптастыру.

Дене шынықтыру

Музыка




















Өзіңе және өзгелерге көмектес

(ІІІ апта)

Жаратылыстану

Балаларды сабырлылыққа, ептілік, шапшаңдыққа, сондай-ақ өз жолдастарына деген қамқорлық сезіміне тәрбиелеу. Ойын арқылы баланың жекелік қасиеттерін қалыптастыру.

Русский язык

Ертегілер елінде

(Вариативті компонент)


Музыка

Аппликация

Ересектердің көмегімен бөліктерді желімдеуге үйрету. Желімді, сүлгіні қолдану дағдыларын жетілдіру.

Дене шынықтыру


Дене шынықтыру

ҚМҰҚ

Ұқсастық және ерекшелік қасиеттерін есепке ала отырып, жуан, жіңішке белгілерін салыстыру.

3 санымен таныстыру.

Сөйлеуді дамыту

Шағын әңгімелерді айтып беруге үйрету. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Адамгершілікке тәрбиелеу.







Драма

Достық қарым-қатынас және өзара көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру.

Қуыршақ театры

(Вариативті компонент)


Сурет салу

Элементтердің реттілігін, олардың арасындағы қашықтықты сақтауға үйрету. Бояу түстерін таңдай білуге үйрету.

Дене шынықтыру Құрастыру

Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.




















Тез, жоғары күшті!

(IV апта)

Жаратылыстану

Қарапайым тәжірибелерді жүргізуге қызығушылықтарын дамыту.

Бөлме өсімдіктерін атауға үйрету.

Көркем әдебиет

Тақпақтар түсініп, есте сақтауға үйрету.Отан туралы тақпақ жаттату. Тақпақты көрнекі құралдар көмегінсіз жатқа айтуға, оны дауыс ырғағымен мәнерлеп оқуға үйрету.

Би

(Вариативті компонент)


Музыка

Мүсіндеу

Қарапайым композицияларды мүсіндеуге қызығушылығын тәрбиелеу.

Дене шынықтыру


Дене шынықтыру

ҚМҰҚ

3-ке дейін санауды үйретуді жалғастыру. «Нешінші?», «Саны бойынша қайсысы?» сұрақтарына жауап беру дағдыларын дамыту.

Сөйлеуді дамыту

Сөздік қорын жалпылаушы мағыналы сөздермен байыту. Ойындарды қолдану арқылы сөздерге қызығушылығын дамыту.


Экология негіздері

Адамның табиғатқа деген қамқорлық қатынасының маңызы туралы білімдерін

Қуыршақ театры

(Вариативті компонент)


Сурет салу

Өзінің жұмыстарын және басқа балалардың жұмыстарын бағалауға үйрету. Қарындашты біркелкі басып, қарындашты қағаздан алмай бояуға (әрі-бері қарай)үйрету.

Дене шынықтыру

Музыка



















Желтоқсан. Тақырыбы:«Менің Қазақстаным»

Тарихқа саяхат

(І апта)

Жаратылыстану

Табиғатта өзін ұстаудың қарапайым ережесін сақтауға үйрету. Русский язык

Ертегілер елінде

(Вариативті компонент)


Музыка

Аппликация

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерімен таныстыру. Қайшыны дұрыс ұстау және пайдалану дағдыларын жетілдіру.

Дене шынықтыру


Дене шынықтыру

ҚМҰҚ

4 санымен таныстыру. «Барлығы неше?», «Қайсысы?», «Есеп бойынша нешінші?» сұрақтарына жауап беруді үйрету. Төртбұрышты ажырату және дұрыс атай білу.

Сөйлеуді дамыту

Әңгімеге қатысу және әңгіме құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.



Драма

Адамдардың сезімі мен қарым-қатынасын көрсету дағдыларын қалыптастыру.

Қуыршақ театры

(Вариативті компонент)


Сурет салу

Қазақ және басқа халықтардың ойыншықтарына эмоционалды-эстетикалық талғам дағдыларын қалыптастыру. Сурет салу техникалық дағдылар мен біліктерді игерту.

Дене шынықтыру

Құрастыру

Қағаз парағын көлемді пішіндерге қайта келтіру, қағазды кесекке, орамдарға, ілмекке айналдыра білу дағдыларын бекіту.

қалыптастыру




















Туған өлкем

(ІІ апта)

Жаратылыстану

Туған өлке туралы мәлімет беру. Өз ауылына деген сүйіспеншілік сезімін дамыту. Туған жерінің табиғатын сүюге және оны қорғауға үйрету. Көркем әдебиет

Астана туралы өлең шумақтарын оқу. Балаларды тақпақты жатқа эмоционалды, мәнерлі айта білуге, сөздерді анық айтуға үйрету. Сұрақтарға жауап беру біліктерін бекіту.

Би

(Вариативті компонент)


Музыка

Мүсіндеу

Ұлттық ойыншықтар туралы білімдерін кеңейту, халық шығармашылығының желісі бойынша бейнелер жасау. Халық бұйымдарының желісі бойынша ыдыстарды мүсіндеуге үйрету.

Дене шынықтыру


Дене шынықтыру

ҚМҰҚ

«Алдында - артында, сол жақта – оң жақта» заттардың бағыты мен орналасуын анықтауды үйрету. 5 санымен таныстыру.

Сөйлеуді дамыту

Шағын әңгімелер айтып беруге үйрету. Туған өлкеге байланысты өлеңдер оқу. Қалалар мен ауылдардың атаулары, олардың көрікті жерлері, ауыл мен қала өмірінің ерекшеліктері туралы білімдерін бекіту.


Қоршаған ортамен танысу

Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдерінің өздеріне тән мәдениеті бар екені жайлы түсініктерін кеңейту

Қуыршақ театры

(Вариативті компонент)


Сурет салу

Дөңгелек пішінді заттарды салу. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер шығармаларымен таныстыру барысында эстетикалық қабылдауын дамыту. Балалардың шығармашылық жұмыстарын бағалау.

Дене шынықтыру

Музыка





















Астана – Отанымыздың жүрегі

(ІІІ апта)

Жаратылыстану

Балаларға еліміздің Астанасымен таныстыру, ондағы сұлу орындар туралы айтып беру.Отанына құрмет, сйіспеншілік сезімдеріне тәрбиелеу.

Русский язык

Ертегілер елінде

(Вариативті компонент)






Музыка

Аппликация

Геометриялық пішіндерден ою құрастырып, оны ретімен желімдеу. Желімді қолдану мен қайшыны ұстау қауіпсіздігін сақтау.

Дене шынықтыру


Дене шынықтыру

ҚМҰҚ

Үшбұрышты ажырату және дұрыс атай білуін; пішіндерді көру және сипап сезу арқылы іздену, зерттеу қызығушылығын дамыту.Өзінің дене бөліктерінің орналасуына қарай бағдарлай білуге үйрету.

Сөйлеуді дамыту

Қазақстан республикасының бас қаласы – Астана туралы білімдерін суреттерді, альбомдарды қолданып, қарастыру арқылы қалыптастыру.


Драма

Әдеби кейіпкерлерді дене пластикасы, ым, дауыс, мимика арқылы құру дағдыларын қалыптастыру.

қалыптастыру.

Қуыршақ театры

(Вариативті компонент)


Сурет салу

Элементтердің пішінін, реттілігін, олардың арасындағы қашықтықты ескере отырып, жазықтықта оюларды орналастыру дағдыларын қалыптастыру. Қазақ оюының элементтерін салу.

Дене шынықтыру

Құрастыру

Конструктор бөлшектерінен қалашық құрастыру. Татулыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.





















Тәуелсіз Қазақстан (ҚР Тұңғыш Президенті, мемлекеттік рәміздер) (IV апта)

Жаратылыстану

Үй жануарларының (ит, мысық) сыртқы белгілері мен қылықтары туралы білімді бекіту. Сиырдың, жылқының және үй құстарының (қораз, мекен, қаз) сыртқы келбетіндегі ерекшеліктері туралы білімін нақтылау.

Көркем әдебиет

Өлеңдерді түсініп, есте сақтауға үйрету. Балалардың сөздік қорын заттың сапасы мен құрамын білдіретін (көлемін, түсін, пішінін) сөздермен байыту.

Би

(Вариативті компонент)


Музыка

Мүсіндеу

Балаларды тұрмыстық заттарды мүсіндеуге қызығушылығын арттыру. Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Дене шынықтыру


Дене шынықтыру

ҚМҰҚ

Ұзындығы, ені, биіктігі, жуандығы бойынша беттестіру және тұстастыру арқылы екі қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру дағдысын бекіту.

Сөйлеуді дамыту

Ұсынылған тақырып бойынша әңгіменің басы мен соңын құрастыруға үйрету. Тұңғыш Президент және мемлекеттік рәміздер туралы (Ту, Елтаңба, Әнұран) білімдерін қалыптастыру. Өз елінің рәміздеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.


Экология негіздері

Тірі объектілерге күтім жасауға арналған құралдар және табиғат бұрышындағы өсімдіктер туралы білімдерін

Қуыршақ театры

(Вариативті компонент)


Сурет салу

Борлармен дәстүрлі тәсілдермен сурет салудың техникасын жетілдіру. Түстердің жылы реңктерін таңдауға дағдыларын қалыптастыру.

Дене шынықтыру

Музыка




















Қаңтар. Тақырыбы:«Табиғат әлемі»

Айналамыздағы өсімдіктер

(І апта)

Жаратылыстану

Балабақша ауласындағы және маңайдағы өсімдіктер туралы білімдерін бекіту, оларды ажыратып,атауға үйрету. Қамқорлыққа тәрбиелеу.

Русский язык

Ертегілер елінде

(Вариативті компонент)


Музыка

Аппликация

Гүлдердің пішіндерін жапсыру дағдыларын қалыптастыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту

Дене шынықтыру


Дене шынықтыру

ҚМҰҚ

Жиынтық сапасы бойынша әртүрлі заттардан тұратындығы туралы түсініктерін жетілдіру. 1-ден 5-ке дейін тура және кері санауды жалғастыру.

Сөйлеуді дамыту

Фонематикалық қабылдау дағдыларын қалыптастыру.Артикуляциялық аппаратты одан әрі жетілдіру. Өсімдіктер туралы өлең шумақтарын оқу.


Драма

Көркем әдебиет шығармалары бойынша драмалық дағдыларды дамыту.

Қуыршақ театры

(Вариативті компонент)


Сурет салу

Гүлдердің суретін салуға үйркту. Суретте ашық және солғын түстерді пайдалану дағдыларын қалыптастыру.

Дене шынықтыру

Құрастыру

Конструктордан ойынға арналған ғимарат құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Бөлшектерді бекіту тәсілдері мен ғимарат жасау туралы білімдерін жетілдіру.





















Жануарлар әлемі

(ІІ апта)

Жаратылыстану

Ормандағы аңдардың қысқы тіршілігі, олардың қысқы табиғатқа беімделуі туралы түсінік беру. Балаларды аңдарды сапаттауға, салыстыра білуге жаттықтыру. Табиғатқа деген қызуғышылығын арттыру.

Көркем әдебиет

Сурет бойынша құстар туралы шағын әңгіме құрастыру.

Құстарға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Би

(Вариативті компонент)




Музыка

Мүсіндеу

Бірнеше бөліктерден заттарды мүсіндеу, оларды орналастыру, пропорцияларды сақтау, бөліктерді біріктіру дағдыларын қалыптастыру. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Дене шынықтыру



Дене шынықтыру

ҚМҰҚ

Топтарды салыстыру негізінде сандық мәндерді дұрыс талдап қорыта білуді дамыту. Шаршымен таныстыру.

Сөйлеуді дамыту

Есту зейінін және тілдегі дыбыстарды дұрыс айту біліктерін жетілдіру. Жануарлар туралы әңгімелеу. Ауыз екі сөйлеу шығармашылығына деген қызығушылықтарын туғызу.


Қоршаған ортамен танысу

Балаларды заттық әлеммен таныстыру және онымен әрекет жасау дағдыларын қалыптастыру. Жақын маңайдағы заттарды ажыратып, атай білу біліктерін жетілдіру.

Қуыршақ театры

(Вариативті компонент)


Сурет салу

Түстерді, композицияны сезуді дамыту. Жануарлардың суретін, тұлғасының горизонталды қалпын және денесінің мүшелерінің құрылымын көрсетіп, салуға үйрету.

Музыка




















Құстар – біздің досымыз

(ІІІ апта)

Жаратылыстану

Құстар тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру. Қыстап қалатын құстарға қамқорлық жасауға үйрету.

Русский язык

Ертегілер елінде

(Вариативті компонент)


Музыка

Аппликация

Қайшыны дұрыс ұстау, кесу, бөліктерді мұқият жапсыру дағдыларын бекіту.Бөліктерді дұрыс орналастырып және оларды мұқият жапсырып, суретті құруға үйрету.

Дене шынықтыру


Дене шынықтыру

ҚМҰҚ

Сандарды ретімен атау біліктерін дамыту. Сезім мүшелерінің (көру, есту, иіс сезу) көмегімен санау дағдысын дамыту.

Сөйлеуді дамыту

Тілдің қарқынын өзгерту біліктерін бекіту. Құстар туралы тақпақ оқу. Құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.




Драма

Әңгіме желісін ретімен орындау дағдыларын қалыптастыру.

Қуыршақ театры

(Вариативті компонент)


Сурет салу

Пішіні дөңгелек заттардың суретін салу және пішінін ескере отырып, қарындашпен бояу дағдыларын бекіту.Құстың суретін салып, денесінің пішінін (сопақ), бөліктерінкөрсетуге үйрету.

Дене шынықтыру

Құрастыру

Табиғи материалдардан жануарлар жасауға үйрету. Материалдарды ұқыпты, үнемді падалануға тәрбиелеу.





















Ғажайып қыс

(IV апта)

Жаратылыстану

Табиғаттағы маусымдық өзгерістерқыс, мезгілінде табиғатты бақылау дағдыларын дамыту. Қыс мезгіліндегі ауа райының жағдайларын бақылау және бақылаулардың нәтижелерін табиғат күнтізбесіне белгілеу дағдыларын жетілдіру.

Көркем әдебиет

Зат есімдер мен сын есімдерді байланыстырып айта білу дағдыларын дамыту. Табиғат құбылыстары тусінік беру.

Би

(Вариативті компонент)



Музыка

Мүсіндеу

Тұрмыстық заттарды мүсіндеуге қызығушылықты тәрбиелеу. Мүсіндеудің таныс тәсілдерін пайдалана отырып, ермексаздан аққала бейнесін мүсіндеуге үйрету.

Дене шынықтыру

Дене шынықтыру ҚМҰҚ

Тәуліктің қарама-қарсы (күн – түн) бөліктерін анықтау және тану дағдыларын қалыптастыру. Дене бөліктерін бағдарлау және атау: бас, аяқтар, қолдар.

Сөйлеуді дамыту

Қыс туралы түсінік беру. Сурет бойынша әңгіме құруға үйртуді жалғастыру.Балалардың айтылған ойды тыңдауға, әңгімеге араласып, сұрауға және сұраққа жауап беру білігін дамыту.


Экология негіздері

Құстарды ажыратып, атай білуді бекіту. Табиғат бұрышындағы құстарға қамқорлық жасау дағдыларын жетілдіру.

Қуыршақ театры

(Вариативті компонент)


Сурет салу

Күрделі заттардың суретін салғанда бөліктердің орналасуын және олардың көлемі бойынша ара қатынасын көрсете білуді қалыптастыру.

Дене шынықтыру Музыка




















Ақпан. Тақырыбы:«Бізді қоршаған әлем»

Ғажайыптар әлемі (өлі табиғат құбылыстары)

(І апта)

Жаратылыстану

Табиғат құбылыстары туралы түсініктерін қалыптастыру.Өлі табиғат нысандары туралы білімдерін байыту.

Русский язык

Ертегілер елінде

(Вариативті компонент)


Музыка

Аппликация

Ұсақ элементтерді ересектердің көмегімен желімдеу, алдымен қағаз бетінде заттың бейнелерін құрастырып, содан кейін оны желімдеу дағдыларын қалыптастыру.

Дене шынықтыру

Дене шынықтыру

ҚМҰҚ

Кеңістіктегі заттардың орналасуын анықтауға үйрету. Геометриялық пішіндерді сипап сез және көру тәсілдері арқылы ажырату: шаршы, төртбұрыш, үшбұрыш, шеңбер.

Сөйлеуді дамыту

Үлгі бойынша бейнелік сипатты әңгіме құруға үйрету. Әңгімелеу барысында сын есімдер мен етістіктерді қолдана білуге үйретуді жалғастыру.



Драма

Түрлі эмоцияларды білдіру үшін интонациямен дыбыстау, түрлі мәтіндерді дыбыстағанда дұрыс тыныс алу дағдыларын қалыптастыру.

Қуыршақ театры

(Вариативті компонент)


Сурет салу

Ағаштардың ерекшеліктерін ескере отырып, салуға үйрету. Сурет салудың техникалық дағдыларын жетілдіру.

Дене шынықтыру

Құрастыру

Жеке және ұжымдық іс-әрекет дағдыларын бекіту, құрылысты жалпы оймен біріктіру. Конструктордан көлік түрлерін құрастыру.




Көліктер

(ІІ апта)

Жаратылыстану

Табиғатты қорғау, айнала қоршаған ортаға қарым –қатынас жасау жолдары; табиғатты таза ұстау ережелері туралы білім беру. Балалар бойынша адамгершілік сезімін ояту.

Көркем әдебиет

Таныс шығармаларда бағдар жасай білуді, оларды суреттерден танып, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру біліктерін бекіту. Электроникаға қатысты жұмбақтар

Би

(Вариативті компонент)



Музыка

Мүсіндеу

Кескішті қолдана отырып көліктің мүсінін жасаудың әртүрлі тәсілдерін пайдалану. Мүсіндеу техникасын жетілдіру.

Дене шынықтыру




Дене шынықтыру

ҚМҰҚ

Ұзындығы, ені, биіктігі, жуандығы бойынша беттестіру және тұстастыру. Теңдік және теңсіздік туралы ұғымдарын жетілдіру. Сөйлеуді дамыту

Көліктің әртүрлі түрлерін ажыратуға, атауға үйретуді жалғастыру.Көлік жұмысшыларының еңбектерін құрметтеуге тәрбиелеу.


Қоршаған ортамен танысу

Қарапайым тәжірибелер мен зерттеу жүргізу, қарапайым себеп-салдарлық байланыстарды орнату дағдыларды қалыптастыру.

Қуыршақ театры

(Вариативті компонент)


Сурет салу

Көлемі бойынша олардың арақатынасын ескеріп, көліктерді бейнелей білуге баулу. Көліктер туралы білімдерін кеңейту.

Дене шынықтыру

Музыка



















Электроника әлемі

(ІІІ апта)

Жаратылыстану

Русский язык

Ертегілер елінде

(Вариативті компонент)


Музыка

Аппликация

Қағаз бетінде бейнелерді құрастыру, одан кейін оларды желімдеу дағдыларды қалыптастыру. Желімді қолдану мен қайшыны ұстау қауіпсіздігін сақтау біліктерін дамыту.

Дене шынықтыру




Дене шынықтыру

ҚМҰҚ

Заттарды ұзындығы бойынша салыстыруға жаттықтыру. Геометриялық пішіндердің кеңістікте орналасуын анықтауға үйрету. Кубты шаршымен салыстыра отырып, таныстыру.

Сөйлеуді дамыту

Балалардың сөздік қорын тұрмыстық электротехника заттарының атауларымен байыту. Тілдің қарқынын өзгерту біліктерін бекіту.


Драма

Әдеби кейіпкерлердің әрекеттеріне өзінің көзқарасын білдіруге үйрету. Ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас туралы түсінік беру.

Қуыршақ театры

(Вариативті компонент)


Сурет салу

Балалардың сурет салу үшін түстердің жылы реңктерін таңдауға қажеттіліктерін қалыптастыру. Элементтер бірізділігін олардың арасындағы арақашықтықтарды сақтауға үйрету.

Дене шынықтыру

Құрастыру

Шығармашылық қиялдауды дамыту. Көрнекілікке сүйене отырып электроника заттарын жасау. Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
















Мамандықтың бәрі жақсы

(IV апта)

Жаратылыстану

Бөлме өсімдіктерін, ағаштар мен бұталарды танып, атай білу дағдыларын бекіту. Ағаштың және гүлдің бөліктерін атай білуге үйрету.

Көркем әдебиет

Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы әңгімелеу.Балалардың әңгімелеу барысында сұрақтарға жауап беру біліктерін бекіту.

Би

(Вариативті компонент)


Музыка

Мүсіндеу

Бірнеше бөліктерден тұратын заттарды мүсіндеуге, оларды дұрыс біріктіріп, негізгі бөлігіне қысу арқылы дұрыс қосуға үйрету.

Дене шынықтыру


Дене шынықтыру

ҚМҰҚ

«Қанша еді?», «Қаншасы қалды?» сұрақтарына жауап беруге үйрету. Заттарды оң қолымен солдан оңға қарай орналастыру қабілеттерін арттыру.

Сөйлеуді дамыту

С.Мәуленовтің «Бәрі – бәрі жұмыста» тақпағын жаттау. Үлгі бойынша әңгіме құрастыруға

үйрету. Сөздік қорларын байыту. Мамандық (тәрбиеші, мұғалім, дәрігер) иелерінің кейбір түрлерімен таныстыру. Қоршаған ортаның жан-жақтылығы жайлы түсініктерін көркем туындылар (мамандық) арқылы кеңейту.


Экология негіздері

Адамның табиғатқа деген қамқорлық қатынасының маңызы туралы білімдерін қалыптастыру. Қоршаған ортаның сұлулығына және оған қамқорлық қатынасқа байланысты мейірімді, құмарлық сезімдерін тәрбиелеу.

Қуыршақ театры

(Вариативті компонент)


Сурет салу

Заттар мен олардың бөліктерінің орналасуын ескере отырып сурет салуға үйрету. Сурет салудың техникалық дағдыларын жетілдіру.

Дене шынықтыру Музыка


















Наурыз. Тақырыбы:«Салттар мен фольклор»

Қазақстанның салттары мен дәстүрлері

(І апта)

Жаратылыстану

Бауырмен жорғалаушылар санатының өкілдерімен (кесіртке, тасбақа), олардың сыртқы түрімен және қозғалу әдістерімен таныстыру.

Русский язык

Ертегілер елінде

(Вариативті компонент)


Музыка

Аппликация

Балаларға шаршының бұрыштарын дұрыс дөңгелету тәсілімен шеңберді кесуге, бұрышты екіге бөлуге, бөліктерден шеңберді, жартышеңберді жіңішке жолақтан ашылған және ашылмаған гүлдердің суретін салуға үйрету. Жапсыру барысында бір түстің екі реңкін қолдану, мұқият жапсырудың тәсілдерін бекіту.

Дене шынықтыру


Дене шынықтыру

ҚМҰҚ

Топтарды салыстыру. Шамасы әртүрлі 2-3 затты (ұзындығы, биіктігі, ені, жуандығы бойынша) өсу және кему ретімен орналастыру дағдыларын жетілдіру.

Сөйлеуді дамыту

Қазақ халқының салттары мен дәстүрлері туралы білімін кеңейту. Халық өнеріне, Қазақстанда өмір сүретін халықтардың мәдениетіне қызығушылығын дамыту.Қазақ халқының салттарына, дәстүрлеріне бейімдеу.

Драма

Адамгершілік нормалары туралы түсінік беру. Өз ойын білдіріп, басқалардың пікіріне құлақ асып, ұлдар мен қыздарға тән мінез-құлық ерекшелігін талқылау.

Қуыршақ театры

(Вариативті компонент)


Сурет салу.

«Киіз үйді өрнектейік» Дөңгелек және сопақша пішіндегі ою-өрнекті құрастыру, ұлттық ою-өрнектерді, қазақы ою-өрнектердің элементтерін пайдалану дағдыларын жетілдіру. Патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.

Дене шынықтыру

Құрастыру

Қағаздан «оригами» типі бойынша қарапайым пішіндер құрастыру дағдыларын бекіту.




















Ертегілер елінде. Театр әлемі

(ІІ апта)

Жаратылыстану

Балаларды шығармашылық ойын арқылы эмоциялық көңіл-күй сыйлау, баланың қрошаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру, ақыл-ой адаигершілік, имандылық тәрбиесін егу.

Көркем әдебиет

Халық өнеріне, Қазақстанда өмір сүретін халықтардың мәдениетіне қызығушылығын дамыту. Адамгершілікке, Отаншылдыққа тәрбиелеу.

Би

(Вариативті компонент)


Музыка

Мүсіндеу

Ертегілер мен қоршаған өмір тақырыптарына мазмұндық композициялар құру дағдыларын қалыптастыру. Мүсіндеу техникасын жетілдіру.

Дене шынықтыру



Дене шынықтыру

ҚМҰҚ

Қарапайым себеп-салдарлық байланыстарды анықтауға үйрету. Шарды шеңбермен салыстыра отырып таныстыру.

Сөйлеуді дамыту

Сурет бойынша, өздеріне таныс ертегілердің мазмұнын қысқаша баяндай білуге үйрету.Ертегілерді талдау кезінде өздерінің сезімдері туралы әңгімелеу. Ертегі кейіпкерлерін сахналау


Қоршаған ортамен танысу

Картиналарды, ұлттық сәндік өнер бойынша альбомдарды, тұрмыстық заттар мен ұлттық үлгіде дайындалған киімдерді пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы және онда тұратын әртүрлі ұлт өкілдері туралы түсініктерін қалыптастыру.

Қуыршақ театры

(Вариативті компонент)


Сурет салу

Балаларды суреттерінде сүйікті ертегі кейіпкерінің бейнесін құруға үйрету: денесінің пішінін, басын және басқа оған тән ерекшеліктерін көрсету.

Мазмұнды композиция салу, дағдыларын дамыту.

Дене шынықтыру

Музыка


















Өнер көзі халықта

(ІІІ апта)

Жаратылыстану

Көктем құбылыстары

Русский язык

Ертегілер елінде

(Вариативті компонент)


Музыка

Аппликация

Элементтер реттілігін, олардың арасындағы арақашықтықты сақтауды, пішінін ескере отырып ұлттық ою-өрнекті пайдаланып, ұлттық ыдыстарды безендіру дағдыларын қалыптастыру. Қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Дене шынықтыру




Дене шынықтыру

ҚМҰҚ

Заттарды ені бойынша өсу және кему ретімен орналастыруға үйрету.

Сөйлеуді дамыту

Балалардың сөздік қорын ұлттық заттардың атауларымен байыту, олардың атауларын, заттардың қолданысын түсіндіру. Артикуляциялық аппаратты одан әрі жетілдіру.


Драма

Театрландырылған әрекеттің басқа да жұмыс түрлері (саусақты, үстел үсті, көлеңкелі және тағы басқа) туралы ұғымдарын қалыптастыру.

Қуыршақ театры

(Вариативті компонент)


Сурет салу

2-3 элементтерді түсі мен пішіні бойынша ұлттық оюларды ашық түстермен кезектестіру дағдыларын қалыптастыру. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері туралы білімдерін кеңейту.

Дене шынықтыру

Құрастыру

Балаларды қағаздан орамдар, жиектер, кесектер жасауға үйрету. Ұжымдық іс-әрекет дағдыларын бекіту.











Нұр төккен, гүл көктем

(IV апта)

Жаратылыстану

Көктем мезгілінде өсімдіктердің тіршілігі туралы түсінік беру. Шөптесін өсімдіктер (4-5 түрін), жидектер, саңырауқұлақтар туралы білімдерін қалыптастыру.

Көркем әдебиет

Гүл туралы өлең оқу. Өлеңнің ұйқасын, ырғағын бере білуге үйрету.

Би

(Вариативті компонент)


Музыка

Мүсіндеу

Балаларды халық шеберлерінің еңбектерімен таныстыру, халық бұйымдарының желісі бойынша ыдыстарды мүсіндеуге үйрету.

Дене шынықтыру


Дене шынықтыру

ҚМҰҚ

Цилиндрмен таныстыру.

Геометриялық денелерді (куб, шар) сипап-сезу арқылы ажырату. 1-ден 2-ке дейін тура және кері санау қабілеттерін арттыру.

Сөйлеуді дамыту

Балалардың сөздік қорын көктем туралы және құбылыстары мен белгілері жайлы кеңейту. Біріккен сөздегі екпінді буынды таба білуге үйретуді жалғастыру.


Экология негіздері

Көктем мезгілінде адамдардың іс-әрекетіне зейіндерін аудару дағдыларын дамыту. Ауа райын бақылау дағдыларын жетілдіру және бақылау нәтижелерін табиғат күнтізбесіне белгілеу.

Қуыршақ театры

(Вариативті компонент)


Сурет салу

Балаларға суреттерінде көктемнен алған әсерін бейнелеуге, суретінің мазмұнын өздігінен анықтап, ұжымдық композицияны құруға үйрету. Ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Дене шынықтыру

Музыка





















Сәуір. Тақырыбы:«Біз еңбекқор баламыз»

Аялайық гүлдерді

(І апта)

Жаратылыстану

Орманда, бақшада, далада өсетін өсімдіктер туралы ұғымдарын қалыптастыру. Табиғат бұрышындағы тірі нысандар мен өсімдіктерге күтім жасау дағдыларын жетілдіру.

Русский язык Ертегілер елінде

(Вариативті компонент)


Музыка.

Аппликация

Гүл бөліктерін қию (бұрыштарды дөңгелету арқылы кесу), олардан әдемі сурет құру. Түсті сезуді,эстетикалық қабылдауды дамыту. Қайшыны дұрыс ұстау, кесу, бөліктерді мұқият жапсыру дағдыларын бекіту.

Дене шынықтыру


Дене шынықтыру

ҚМҰҚ

Заттарды биіктіктері бойынша салыстыру. Геометриялық пішіндерді геометриялық денелерден ажырату біліктерін дамыту.

Сөйлеуді дамыту

Сөздерді шынайы интонациямен анық айта білуге үйрету. Балалардың сөздік қорларын дамыту.Гүл туралы мақал-мәтелдер айту.


Драма

Жұбымен келісе отырып, сезім ырғағы мен қозғалыс үйлесімін сақтау дағдыларын қалыптастыру.

Қуыршақ театры

(Вариативті компонент)


Сурет салу

Балалардың сурет салу үшін түстердің жылы реңктерін таңдау дағдыларын қалыптастыру. Үлгі бойынша гүлдердің пішінін, түсін ескере отырып салу.

Құрастыру

Балаларды әртүрлі «пластик» түріндегі үлгілер жасауға үйрету. Шығармашылық қиялдарын дамыту.





















Ас атасы - нан

(ІІ апта)

Жаратылыстану

Диқаншылардың еңбегі туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру. Нан адамның еңбегімен келетінін. Адамдардың еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Көркем әдебиет

Кейіпкерлерге жанашырлық таныта білу біліктерін, баяндау ерекшелігін байқауды жетілдіру. Шығарма мен өлеңді ажырата білуді үйрету.

Би

(Вариативті компонент)


Музыка

Мүсіндеу

Мүсіндеудің таныс тәсілдерін пайдалана отырып, ермексаздан нанның мүсінін бейнелу. Ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Дене шынықтыру



Дене шынықтыру

ҚМҰҚ

Кеңістікті бағдарлау қабілеттерін дамыту. Қоршаған ортада геометриялық пішіндерге ұқсас заттарды анықтау.

Сөйлеуді дамыту

Нанның дастарханға қандай жолдармен келетіні туралы түсінік беру.Ересектердің еңбегін құрметтеуге, нанды қадірлеуге тәрбиелеу. Тілдегі дыбыстарды дұрыс айту біліктерін жетілдіру.



Қоршаған ортамен танысу

Бөлме гүлдерінің өсуі үшін не қажет екендігі, олардың ұрықтану әдістері (тұқым, сабақтары) туралы түсінік беру.

Қуыршақ театры

(Вариативті компонент)


Сурет салу

Қарындашпен салуда қарапайым қозғалысты нақты беру, түстерді сезіну және араластыра білу дағдысын жетілдіру. Эстетикалық сезімдерін қалыптастыру, әдемілкке, әдептілікке тәрбиелеу.

Дене шынықтыру

Музыка





















Жәндіктер мен қосмекенділер әлемі

(ІІІ апта)

Жаратылыстану

Қанқыз және құмырсқамен таныстыру. Жәндіктердің тіршілігіне қызығушылығын тудыру. Оларға қамқорлықпен қарап, қорғауға тәрбиелеу.

Русский язык Ертегілер елінде

(Вариативті компонент)


Музыка

Аппликация

Балаларды өз жұмыстарының мазмұнын ойластыруға үйрету. Бейнелеу үшін пішіні мен түсі лайық қағаздың кішкентай кесектерін іріктеу дағдыларын қалыптастыру. Шығармашылыққа, эстетикалық талғампаздыққа тәрбиелеу.

Дене шынықтыру




Дене шынықтыру

ҚМҰҚ

Тәулік бөліктерін: таңертең, күндіз, кеш, күндер: бүгін, кеше, ертең, жылдам, баяу ұғымдарын атайды.

Сөйлеуді дамыту

Сурет мазмұнына қарай әңгіме құру. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың сөйлемде анық, таза, әрі түсінікті дыбысталуын бекіту.


Драма

Таныс сюжеттер бойынша ертегілерді драмалау дағдыларын қалыптастыру.

Қуыршақ театры

(Вариативті компонент)


Сурет салу

Балалардың эстетикалық қабылдауын дамыту, болмыстың құбылыстарын әр түрлі тәсілдермен көрсете білуге үйрету. Түстерді үйлестіру дағдыларын қалыптастыру.

Дене шынықтыру

Құрастыру

Конструктормен ойындар үшін құрылыстарды құру дағдыларын жетілдіру, бөлшектерді бекіту мен құрылыстарды құру тәсілдерін дамыту.





















Еңбек бәрін жеңбек

(IV апта)

Жаратылыстану

Киім, аяқкиім, жиһаз, ойыншықтардың адам еңбегінің нәтижесінде келетіні туралы түсіндіру.Адам еңбегін мақтан тұтуға тәрбиелеу Көркем әдебиет

Балаларға өздерінің ата-аналары жайлы, олардың жұмыстары мен еңбектері жайлы әңгімелету. Үйдегілерге көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру.

Би

(Вариативті компонент)



.

Музыка

Мүсіндеу

Балшық кесегін алақанның түзу қимылдарымен сопақ пішінге келтіріп, жаю дағдысын бекіту. Балалардың ынтасын, шығармашылық қабілеттерін дамыту

тәрбиелеу.

Дене шынықтыру




Дене шынықтыру

ҚМҰҚ

Екі зат тобын салыстырып, аз топқа жетіспейтін затты қоса (немесе үлкен топтан затты ала) отырып шамамен 5 затты санау.

Сөйлеуді дамыту

Отбасы мүшелерінің кейбір еңбек әрекеттері туралы білімдерін кеңейту. Ересектердің еңбектерін қадірлеуге, өзі еңбек етуге ынтасын

Экология негіздері

Табиғатта өзін-өзі ұстау ережесімен таныстыруды және балаларды табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға ынталандыруды жалғастыру.

Қуыршақ театры

(Вариативті компонент)


Сурет салу

Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Белгілі бір бейне жасауда түстердің үйлесімділігін және заттардың бейнесін салуда ұсақ бөлшектеріне, олардың сипаты мен сапасына сәйкес ерекшеліктерін бере білуге жаттықтыру.

Дене шынықтыру

Музыка




















Мамыр. Тақырыбы: «Әрқашан күн сөнбесін»

Достық – біздің тірегіміз (халықтар достығы)

(І апта)

Жаратылыстану

Көп ұлтты Қазақстан туралы білімдерін кеңейту, әртүрлі ұлттардың мәдениеті мен дәстүрлерін деген қызығушылығын арттыру.Кез келген ұлттың адамына сыйластықпен қарауға тәрбиелеу.

Русский язык Ертегілер елінде

(Вариативті компонент)


Музыка

Аппликация

Сәндік композицияларды өз ойынша орындау дағдыларын қалыптастыру. Ұжымдық мазмұнды композиция құрастыру. Ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Дене шынықтыру


Дене шынықтыру

ҚМҰҚ

Бір-бірінен түрлі қашықтықта орналасқан заттар тобының арасында теңдік пен теңсіздік орнату қабілеттерін дамыту. Геометриялық пішіндердің пішінін сипап-сезу және көру тәсілдері арқылы анықтау.

Сөйлеуді дамыту

Біз бәріміз – біртұтас әлем екенімізді, әр түрлі ұлт өкілдерін берік достық қана біріктіріп тұратындығы жайлы түсінік беру. Татулыққа, достыққа тәрбиелеу.


Драма

Әдеби кейіпкерлердің әрекеттеріне өзінің көзқарасын білдіру, оны адамгершілік нормалары мен түсініктері тұрғысынан бағалау дағдыларын жетілдіру.

Қуыршақ театры

(Вариативті компонент)


Сурет салу

Сәндік қолданбалы өнер түрлерімен таныстыруды жалғастыру. Ұлттық сәндік қолданбалы өнерге деген қызығушылықтарын арттыру.

Дене шынықтыру

Құрастыру

Балаларды қалдық материалдардан бұйым жасауға баулу. Бөліктерді біріктіру үшін желімді пайдалану дағдыларын бекіту.





















Отан қорғаушылар (ҚР әскері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері)

(ІІ апта)

Жаратылыстану


Көркем әдебиет

Балаларды оқылған шағын ертегі желісі бойынша ертегі мазмұнын айтып бере білуге үйрету. Ертегі кейіпкерлерінің қимылын, дыбысын салдырып, кейіпкер бейнесін сомдау қабілеттерін дамыту.

Би

(Вариативті компонент)


Музыка

Мүсіндеу

Заттардың құрылымының пропорцияларын сақтауға және илеудің, бөліктерді қосудың тәсілдерін үйретуді жалғастыру.

Дене шынықтыру


Дене шынықтыру

ҚМҰҚ

Заттардың сыңарларын қою негізінде салыстырып, теңдігін немесе теңсіздігін анықтау іскерлігіне жаттықтыру. Бірдей заттарды салыстыру дағдысын бекіту.

Сөйлеуді дамыту

Әскер қатарындағылар Отанымызды қорғайтыны, әскерде танкистер әскерлер, теңіз жаяу әскерлері бар екендігі туралы түсініктерін кеңейту.Әскер қызметі туралы алғашқы түсініктер беру.Патриоттық сезімдерін тәрбиелеу





Қоршаған ортамен танысу

Қазақстан Республикасында тұратын түрлі ұлт өкілдері туралы білімдерін кеңейту. Еліміздегі ұлт өкілдерінің бәрі тату-тәтті өмір сүретіні туралы ұғымдарын қалыптастырып, оларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Қуыршақ театры

(Вариативті компонент)


Сурет салу

Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Жеңіс мерекесіне арнап сурет салу.Үлкендерді сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Дене шынықтыру

Музыка









Мен жасай алам

(ІІІ апта)

Жаратылыстану


Русский язык Ертегілер елінде

(Вариативті компонент)



Музыка

Аппликация

Дайын кесілген суреттерді қолданып, жырту тәсілдер арқылы ұсақ бөлшектермен толықтыруға үйрету біліітілігін бекіту. Жапсыруға деген қызығушылығын ояту.

Дене шынықтыру



Дене шынықтыру

ҚМҰҚ

Түрлі заттарды геометриялық пішіндермен салыстыру. Берілген сан бойынша заттарды санауға үйретуді жалғастыру (үш үйрек, бес көжек және т.б.).

Сөйлеуді дамыту

Суреттің мазмұны бойынша шағын әңгімелер құрастыру.Өз ойын дұрыс қалыптастыру қабілеттерін дамыту.


Драма

Өзінің қимылын серіктесінің қимылымен үйлестіріп, сахнада бағдарлау біліктілігін жетілдіру

Қуыршақ театры

(Вариативті компонент)


Сурет салу

Қарапайым табиғат құбылыстарын бейнелеуге машықтандыру. Әртүрлі бағыттағы тура сызықтар мен олардың қиылысуын жүргізе білуді үйрету.

Дене шынықтыру

Құрастыру

Бөлшектерді өзара желімдеу, композиция құрастыру дағдыларын бекіту. Ұқыптылыққа, татулыққа тәрбиелеу.















Көңілді жаз

(IV апта)

Дене шынықтыру


Сөйлеуді дамыту

Хабарлы сөйлемді қолдану арқылы өз ойларын дұрыс жинақтап, қысқаша әңгіме құрастыру. Жаз мезгіліне байланысты өлең оқу.


Русский язык


ҚМҰҚ

Заттарды қалыңдығы бойынша өсу және кему ретімен (ең жуан, жуан, жіңішке, ең жіңішке және керісінше) орналастыру біліктерін дамыту. 5 шамасында сандар. Заттар тобын салыстыру, теңдік және теңсіздікті орнату.


Жаратылыстану

Табиғаттағы маусымдық өзгерістердің қарапайым байланыстарын орнату біліктерін жетілдіру.


Сурет салу

Жаз мезгілінің ерекшелігіне тән белгілерді ажырата білуге үйрету. Жыл мезгілінің қарапайым өзгерістерін бақылау дағдыларын дамыту. Жыл бойындағы жұмыстарының нәтижесіне баға беру, өз ойларынан сурет салуда белсенділігін арттыру.

Мүсіндеу

Ойдан құрастырып мүсіндеу. Алған білімдерін қолдана білуге үйрету.

Музыка


Қуыршақ театры

(Вариативті компонент)

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 ақпан
1300
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі