Материалдар / Жылдық тәрбие жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жылдық тәрбие жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы білім беретін орта мектептерде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары үшін әдістемелік көмек ретінде ұсынылады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2020
320
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





«Бекітемін»

Мектеп-лицей директоры: Ж. Айтжанов

Қызылорда облысы,Арал қалалық

Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейінің

2019- 2020 оқу жылына арналған

тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары.















Директордың тәрбие ісі Ж.Аймағанбетова

жөніндегі орынбасарлары: Ұ.Оспанова





Тәрбие тұжырымдамасының негізгі бағыттары бойынша 2019-2020 оқу жылы бойынша жүргізілген тәрбие жұмыстарына талдау

Мұғалімнің кәсіби құзырлығын арттыруға, мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға жағдай жасау; тұлғаға бағдарланған білімді күшейту арқылы дәстүрлі педагогикалық технологияларды жетілдіру мақсатында 2017-2018 оқу жылына жылдық тәрбие жоспары жасалған. 1-11 сыныпта Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы «22» сәуірдегі № 227 бұйрықпен бекітілген тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес тәрбие жоспарлары жасалынып, бекітілген. Тәрбие жұмысының басым бағыттары:

1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

2. Рухани-адамгершілік тәрбие

3. Ұлттық тәрбие

  1. Отбасы тәрбиесі

  2. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

  3. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

  4. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

  5. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты аталған бағыттар бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылды.


1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық , құқықтық тәрбие бағыты бойынша 1 қыркүйек - Білім күніне арналған «Қош келдің, «Мәңгілік Елдің» жас қыраны!» атты салтанатты жиын, 2018 жылғы 2 қыркүйек «Мен - өз елімнің патриотымын» тақырыбында ашық сабақтар, 10-11 сыныптарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бойынша интерактивті алғашқы білім сабақтары өткізілді. 03.09.2018ж Қазақстан Республикасының Конститутциясына арналған «Ата Заңым – ардағым» тақырыбында барлық 1-11 сынып жетекшілері бірыңғай танымдық сабақтар ұйымдастырды. 05.09.18ж тәлімгер Сақтағанова Г қазақ халқының, Қазақстанда тұратын басқа этностардың мәдени мұрасын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін зерделеу бағытында «Мәңгілік Ел» - ата-бабаларымыздың арманы» тақырыбында кездесу кешін өткізді. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Құқықтық мәдениет - дамыған өркениет»,тақырыбында мектеп-лицейі инспекторының 5-10 сынып ер балаларымен пікірлесу кездесу кеші, 05.10.2018ж «Жалын» шаңырағының ұйымдастыруымен «Айбыны асқақ Мәңгілік Ел» тақырыптық кеш өткізді. 12.10.2018 ж қазан «Шаңырақ» қауымдастығы жетекшілерінің отырысы болып,онда мектеп-лицей оқушыларының құқық бұзушылықтарының алдын алу және құқықтық сауаттылықтарын көтеру мақсатында түрлі қызықты шаралар ұйымдастыру жайы сөз болды. 10-11.10.2018ж құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында білім беру ұйымдарын құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің геоақпараттық жүйелерімен таныстыру (http://gamgor.gov.kz жұмыстарын «Заңгер» клубының мүшелері және тарих пәні мұғалімі Н.Маханова таныстырды. Қараша айында құқық бұзушылықтың және діни-экстремизмнің алдын алу мақсатында жасөспірімдер инспекциясымен бірлесіп 8-11 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Бейнелеу пәні мұғалімі А.Дүйшенбиева «Астана менің жүрегімде» тақырыбында жас суретшілер көрмесін, «Таным» шаңырақ қауымдастығы «Туған өлкем,тұнған шежіре» тақырыбында мұражайға саяхат сабағын және пән мұғалімі Ф.Мәжікова 9 «а» сыныбында «Мәңгілік Елдің мұраты» тақырыбында ашық сабақ ұйымдастырды. Желтоқсан айында «Таным» шаңырағы «Елімнің бақытын тербеткен –Тәуелсіздік» атты тәуелсіздік күніне байланысты мерекелік кеш ұйымдастырды. 12-13 желтоқсанда «Мәңгілік Елдің» ұлы тарихына тағзым» тақырыбында мұражайға саяхат сабақтарын өткізді. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп-лицейі инспекторы Г.Қуанышқызы 7-9 сынып оқушылары үшін «Тәртіп пен әдептілік тәрбие бастауы» тақырыбында дәріс сабағын ұйымдастырды. Желтоқсан айында мектеп-лицейі оқушыларының Отансүйгіштік,адамгершілік,құқықтық сауттылықтарын арттыру мақсатында «Мейрімділік бала жүрегінде», «Аталы сөз-баталы сөз», «Дос болайық бәріміз» тақырыптарында ашық сабақтар өткізілді. құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қаңтар айында мектеп-лицейі кітапханашылары Л.Маңғытбаева мен Р.Құмаровалардың ұйымдастыруымен «Мәңгілік Ел мұратымыз, тәуелсіздік тұмарымыз» тақырыбында «Шаңырақ» қауымдастықтары арасында жас ақындар мүшәйрасы өткізілді. Балалардың қысқы демалыс күндері тарих пән бірлестігінің ұйымдастыруымен «Мәңгілік Елдің ұлы мұраттары келер ұрпаққа өнеге» тақырыбында ұмыт болып бара жатқан ұлттық дәстүрлерден интеллектуалды сайыс ұйымдастырды. Құқық бұзушылық пен қылмыстылықтың алдын алу мақсатында «Азамат» дебат клубының жетекшісі Г.Успанованың ұйымдастыруымен «Қылмыс тұқым қуалайды ма?» тақырыбында дебат өткізілді. 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай «Патриоттық тәрбие - берік болашақтың кепілі» тақырыбында Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу, АӘД мұғалімі Ғ.Берденов «Олар Отан үшін от кешті» тақырыбында Ауған соғысы ардагерлерінің ерлік істерін насихаттауға арналған 10-11 сынып оқушыларына әскери-патриоттық сабақ жүргізді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру Наурыз айында «Жемқорлық –қауіпті дерт» тақырыбында «Адал ұрпақ» клубының мүшелері жоғарғы сынып оқушылары арасында пікірталас өткізді.


II.Рухани-адамгершілік тәрбиесі бағыты бойынша балалар мен оқушы жастардың рухани - адамгершілік тәрбиелеуде интерактивті әдістер қолдану аясын кеңейту мақсатында, барлық сынып жетекшілеріне тәрбиелік шараларды мұражайлар мен кітапханаларда ұйымдастыру қажеттігін қарастыру тапсырмалары берілді. Қыркүйек айында мектеп-лицейі кітапханашылары Л.Маңғытбаева, Р.Құмарова «100 кітап» жобасы аясында «Көп оқып, көп білуге ұмтыл!» (лицей шәкірттері оқуға міндетті 30 кітап) жобасының көрмесін ұйымдастырды. «Заңгер» клубының жетекшісі Н.Маханова «Діннен адастыратын ағымдар» тақырыбында жат ағымдар туралы 9-10 сынып оқушыларына дәріс сабақтарын өткізді. 1-4 қазан аралығында Қарттар күні және Ұстаздар мерекесіне арналған барлық сыныптарда тәрбие сағаттары, бірнеше танымдық іс-шаралар «Мерейің үстем болсын, ұстазым!» атты 11 сынып оқушыларының ұстаздармен көгілдір от кешін, «Қарттарым- асыл қазынам», «Қарты бардың қазынасы бар» тақырыптарында мерекелік кештер өткізілді. Қараша айында мектеп-лицейі кітапханашысы Р.Құмарова мен «Ұшқын» шаңырағының ұйымдастыруымен «Оқуға міндетті 30 кітап» жобасы аясында «Мен оқыған кітаптар және менің сүйікті кейіпкерім» тақырыбында оқырмандармен кездесу әдеби кеші, «Шабыт» шаңырағының жетекшісі Ф.Үсенбаеваның ұйымдастыруымен «Қазақ әндері» жобасы аясында «Көңілді әуендер» айлығы ұйымдастырылды. Желтоқсан айында әуез пәні мұғалімдері Б.Есенжолова мен С.Жалғасбаеваның ұйымдастыруымен «Мен –елімнің ертеңі» тақырыбында патриоттық әндер орындаудан шығармашылық сайыс өткізілді. қараша айында мектеп-лицейі кітапханашысы Р.Құмарова мен «Ұшқын» шаңырағының ұйымдастыруымен «Оқуға міндетті 30 кітап» жобасы аясында «Мен оқыған кітаптар және менің сүйікті кейіпкерім» тақырыбында оқырмандармен кездесу әдеби кеші, «Шабыт» шаңырағының жетекшісі Ф.Үсенбаеваның ұйымдастыруымен «Қазақ әндері» жобасы аясында «Көңілді әуендер» айлығы ұйымдастырылды.Желтоқсан айында әуез пәні мұғалімдері Б.Есенжолова мен С.Жалғасбаеваның ұйымдастыруымен «Мен –елімнің ертеңі»тақырыбында патриоттық әндер орындаудан шығармашылық сайыс өткізілді.


ІІІ. Ұлттық тәрбие бағыты бойынша «Ата мұрам – асыл қазынам» жобасы аясында «Тағылым» шаңырағы «Ұлттық тәрбие – ұлағат көзі» тақырыбында ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлер топтамасынан театрландырылған көріністер қойды. «Ұлттық тәрбие – ұлттық рухтың негізі» тақырыбында «Азамат» дебат клубы жоғары сынып оқушыларымен ашық пікірталас ұйымдастырды. Жастар ұйымы «Тәрбие өрмегінің алтын тілі-ұлттық тәрбие» тақырыбында жоғарғы сынып оқушыларына арналған дөңгелек үстел, «Рауан» қыздар клубының ұйымдасатыруымен «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» тақырыбында 8-10 сынып қыз балалары мен жеңгелері арасында ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттауға арналған сайыс өткізілді. Бастауыш сыныптарда «Ұлттық тәрбие бастауы – отбасынан» сыныптан тыс сағаттар ұйымдастырылды.


ІV.Отбасы тәрбиесі бағыты бойынша қараша айында «Заңгер» клубының жетекшісі Н.Маханова «Жасөспірімдер құқығы» тақырыбында отбасындағы жасөспірімдер тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу тақырыбында ашық пікірлесу, қыз балалар тәрбиесіне көңіл бөлу, отбасында ерекше назарда ұстауды мақсат еткен «Қыз бала тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» тақырыбында «Рауан» қыздар клубының ток-шоуы өткізілді. Желтоқсан айында тәртібінде қиындық келтірген, қолайсыз отбасы балалары ата-аналарымен «Ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі» тақырыбында мектеп-лицейі психологтарының ұйымдастыруымен тренинг өткізілді. Қараша айында «Заңгер» клубының жетекшісі Н.Маханова «Жасөспірімдер құқығы» тақырыбында отбасындағы жасөспірімдер тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу тақырыбында ашық пікірлесу, қыз балалар тәрбиесіне көңіл бөлу, отбасында ерекше назарда ұстауды мақсат еткен «Қыз бала тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» тақырыбында «Рауан» қыздар клубының ток-шоуы өткізілді. Желтоқсан айында тәртібінде қиындық келтірген, қолайсыз отбасы балалары ата-аналарымен «Ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі» тақырыбында мектеп-лицейі психологтарының ұйымдастыруымен тренинг өткізілді. Қаңтар айында «Бұқаралық ақпарат құралдарының жасөспірімдерге әсері» тақырыбында ата-аналармен дөңгелек үстел, сынып жетекшілер «Аталы сөзде айнымас рух бар» тақырыбында танымдық сабақтар өткізді. Наурыз айында «Парасат» ер балалар клубы "Аналарға тағзым етейік» тақырыбында мерекелік концерт өткізді.


V. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие бағыты бойынша білім беру ұйымы, аудан, қала аумақтарын көгалдандыру және абаттандыру бойынша сенбіліктер өткізу науқаны бойынша қыркүйек айында «Жасыл ел» волонтерлық қозғалысы аясында жас көшеттер отырғызу жұмыстары ұйымдастырылып, оған зейнеткер ұстаздар мен жас мамандар белсенді қатысты. Қазан айында технология және биология пәні бірлестігі мұғалімдері «Елдің рухани жаңғыруы және гүлденуі: Қалаймын! Қолымнан келеді! Істеуге міндеттімін!» акциясы аясында «Күз кереметтері» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Қараша айында «Ұлағат» шаңырақ қауымдастығының ұйымдастыруымен мектеп-лицейі оқушыларының өндіріс жаңашылдарының, озат кәсіпкерлер, басқа да түрлі мамандық иелерімен кездесу кештерін ұйымдастыру мақсатында «Белесті бейсенбі» жобасы аясында «Жаныңда жүр жақсы адам» айдары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. «Өмір және мамандақ» тақырыбында жоғары сынып оқушыларымен ҚББП А.Кикбаев мамандақтың қыр-сыры туралы ашық дөңгелек үстел өткізді. Желтоқсан айында «Кәсіби сынамалар» тәрбиелік кәсіпке бағдарлау жобаларын іске асыру, «Мамандыққа саяхат» 9-11 сынып оқушыларымен БОІЖО А.Жүсіпова мен сынып жетекшілер түрлі мамандақ иелерімен кездесу кешін ұйымдастырды. «Ұшқын» шаңырағының ұйымдастыруымен «Қазақ әндері» жобасы аясында ән байқауы, ұйымдастырушы педагог Г.Дәрімбетова «Қазақстанның тарихи –мәдени мұрасы және қазіргі заманғы жетістіктері» тақырыбынша шығармашылық сайыс ұйымдастырды.


VI.Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие бағыты бойынша қыркүйек айында «Біз денсаулықты қолдаймыз!» Тілдер мерекесіне байланысты «Тамыры терең туған тіл!» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің апталық іс-шарасы, «Ата- мұрам – асыл қазынам» жобасы аясында «Тәрбие- тал бесіктен» аудандық ардагерлер ұйымымен кездесу кеші , «Шабыт» шаңырақ қауымдастығының «Қазақ әндері» жобасы аясында «Өнерін сыйлаған өрге шығар» жас өнерпаздармен сыр-сұхбат өткізілді. Қазан айында мектеп-лицей кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Жарасқан Әбдірашұлының жыр әлемі» таөырыбында 8-10 сынып оқушылары арасында мүшайра ұйымдастырылса, Жастар және Жас Ұлан ұйымдарының ұйымдастыруымен 9-11 сыныптар үшін «Күз ханзадасы мен ханшайымы-2018» бал кеші өткізілді. Қараша айында өзін-өзі тану пәні мұғалімі Р.Ниязбаева «Біз –талантты бишілер іздейміз»тақырыбында заманауи би сайысын өткізіді. Қаңтар айында «Ұлағат» шаңырақ қауымдастығында жетекшісі Ф.Үсенбаеваның ұйымдастыруымен «Өнерге әркімнің бар таласы» атты өнер адамдарымен кездесу кеші өткізілді. Ақпан айында мектеп-лицейі кітапханашылары М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Поэзия әлемінің қыраны» тақырыбында поэзия кешін өткізді. Наурыз айында сынып жетекшілер мен мектеп-лицейі психологтары лицей шәкірттері оқуға міндетті 30 кітап акциясы аясында «Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы» тақырыбында 5-11 сынып оқушыларының апталығы ұйымдастырылды. Наурыз айында «Шаңырақ» қауымдастығының ұйымдастыруымен «Наурыз –думан» атты мерекелік кеш өткізді. «Жас Ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды.



VІI .Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі бойынша қыркүйек айында сынып белсенділерін сайлау, мектеп-лицейішілік «Оқушылар комитеті», «Жас ұлан», «Жас қыран» ұйымдарын сайлау және тағайындау жұмыстары жүргізілді. Ағылшын тілі пәні мұғалімдері «Көптілділік – халықтар достығының кепілі» тақырыбында зияткерлік танымдық ойындар ұйымдастырды. Қазан айында кәсіподақ ұйымы, Жастар ұйымы

Г.Ерімбетованың ұйымдастыруымен «Рухани жаңғырудың жарқын жолы – білім» агитбригадалар сайысы 9-11 сынып оқушылары арасында өткізілді.

Қараша айында «Тағылым» шаңырағы «Ата мұрам-асыл қазынам» жобасы аясында «1 күн ауылда» саяхат сабақ , қараша айында ұйымдастырушы педагог Г.Дәрімбетова «Ел ертеңі-бүгінгі мектепте» эрудиттер сайысын өткізді. Желтоқсан айында «Адал ұрпақ» еріктілер клубының белсенді мүшелерінің ұйымдастыруымен «Ел рәміздері-елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі» тақырыбында зияткерлік сайысын өткізіп мектеп-лицейі оқушыларының патриоттық сезімдерін оятты. «Таным» шаңырағы «Туған жерді таны» тақырыбында тарихи танымдық ойын ұйымдастырды. Қаңтар айында «Жас Ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен «Білімді шәкірт –ел қазынасы» олимпиада жүлдегерлерімен кездесу кешін, қаңтар айында «Ұлағат» шаңырағының ұйымдастыруымен «Белесті бейсенбі» жобасы аясында «Тұлғатану» тақырыбы бойынша қазақ тарихының танымал тұлғалары туралы сыр шертетін ашық әңгімелесу өткізді. Ақпан айында ұйымдастырушы педагог Г.Дәрімбетова «Әлеуметтік желілердің тиімділігі» тақырыбында 9-10 сынып оқушыларымен пікірталас өткізсе, Ғ.Берденов, Г.Сақтағанованың ұйымдастыруымен жаяу жүргіншілерге арналған жол жүру ережесін түсіндіру мақсатында «Жол қақпан» ойыны негізінде 5-6 сынып оқушылары арасында сайыс ұйымдастырылды.



VІІI. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты бойынша қыркүйек айында «Жас қыран» ұйымы мен дене шынықтыру пән бірлестігі «Денсаулық сабақтары» онкүндігі, аудандық денсаулық фестиваліне белсенді қатысты. Наркобекет ұйымының жетекшісі Е.Самбаев «Салауатты өмір салтын қалыптастыру басты міндет» тақырыбында клуб мүшелерінің пікірлесу отырысын өткізді. Мектеп –лицейі медбикелері, сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Денім сау болсын десең...» аудандық емхана, СӨС кабинеті мамандарымен кездесу кеші, мектеп-лицейі медбикесі Д.Жалғасбаева «Дұрыс тамақта білеміз бе?» тақырыбында дәріс сабақтар өткізді. Б.Өтемұратовтың ұйымдастыруымен «Спорт-денсаулық, спорт- бақыт» 1-4 сынып оқушылары арасында эстафеталық жарыс, волейболдан мектепаралық жолдастық кездесу ұйымдастырды. Қараша айында мектеп-лицейі кәсіподақ ұйымының демеушілігімен 8-11 сынып оқушылары арасында «Жастар экстремизмге қарсы!» тақырыбында стол тенинисінен мектеп-лицейішілік турнир өткізілді. 1-3 қараша күндері жоғарғы сынып оқушылары мен «Жастар ұйымы» арасында «Біз салауатты өмірді ұстанамыз!» тақырыбында мектеп-лицейішілік ашық турнир ұйымдастырылды. 1желтоқсан - Дүние жүзілік СПИД - ке қарсы күніне орай, жоғарғы сынып оқушыларына «ЖИТС-қауіпті дерт» тақырыбында жазба жұмыстары мен тәрбие сағаттарын өткізу ұйымдастырылды. Әлеуметтік педагог Ә.Жақсылыққызы «1 желтоқсан - дүниежүзілік СПИД-пен күресу күні» тақырыбында акция өткізді. Қаңтар айында Наркобекет клубының жетекшісі Е.Самбаевтың ұйымдастырылуымен «Темекінің зиянды әдеттері» тақырыбында 8-10 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізді. 12.01.19ж «Жас қыран» ұйымының мүшелері «Дұрыс тамақтана білесіз бе?» тақырыбында пікілесу кешін, мектеп-лицейі медбикесі Р.Көзмағамбетова «Жол көлік оқиғасы уақытында есінен танған адамдарға алғашқы медициналақ көмек» тақырыбында дәріс сабақтарын ұйымдастырды. Ақпан айында «Нашақорлық пен маскүнемдіктің себептері мен салдары» тақырыбында 10 сынып оқушыларымен Наркобекет жетекшісі Е.Самбаев пікірталас ұйымдастырды. Наурыз айында 25.03.19ж дене шынықтыру пәні мұғалімдері З.Елубаева мен Т.Амангелдиевтің ұйымдастыруымен «Салауатты өмір - көтеріңкі көңіл» тақырыбында сыныпаралық эстафеталық жарыс өткізді. 26.03. 19ж мектеп-лицейі медбикелері «Артық салмақ ауру шақырады» тақырыбында дұрыс тамақтанудың денсаулыққа маңызы туралы дәріс сабақ өткізді.




«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша атқарылатын жұмыстар қыркүйек айында «Таным» шаңырағы кауымдастығының ұйымдастыруымен «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы арқылы «Туған жерге тағзым» жобасы аясында «Біздің тарихымыз - бірлік пен тұтастық тарихы», «Эко-сақшы», «Таза өлке үшін», «Таза қала - жанға дауа», «Саябақтар шеруі» экологиялық акциялары ұйымдастырылды. Биология пән бірлестігі Н.Аманжолова мектеп-лицейі кітапханасында өлкенің тарихына, көрнекті тұлғалардың өмірі мен еңбек жолына арналған көрмелер өткізілді. Стендтер жасақтау жұмыстары мектеп-лицейі кітапханашыларына міндеттелді. Қазан айында «Музейге сый», «Кітапханаға кітап сыйла» акцияларын ұйымдастыру жұмыстары, АӘД жетекшісі Ғ.Берденовтың жетекшілігімен «Әскердегі 1 күн» тақырыбында әскери бөлімдерде арнайы экскурсия жасау жұмыстары «Туған жерге тағзым» жобасы аясында «Туған жердің танымал тұлғалары» тақырыбында танымдық сағаттар мұражайда ұйымдастырылды. «BilimLand.kz» білім беру платформасындағы «Мәңгілік ел» патриоттық идеясы негізінде жасалған бейнефильмдер көрсетілімін ұйымдастыру мақсатында «Мәңгілік Ел – ұлттық идея», «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз! тақырыптарында бейнефильмдер шеруі өткізілді. Қазан айында «Салт-дәстүрлермен ұштасқан зайырлы мемлекет» тақырыбында 5-6 сынып оқушыларын қатыстыра отырып, ақын-жазушылар өлеңдерінен мәнерлеп оқудан сайыс ұйымдастырылды. Қараша айында «Шаңырақ» қауымдастығының ұйымдастыруымен «Тал күні» жобасы аясында мектеп-лицейі ауласындағы ағаштарды күтіп баптау, отырғызу жұмыстарын ұйымдастырды. Қараша айында «Алау» шаңырағы «Мен әлемге домбыраны танытамын» жобасы аясында халқымыздың көне аспаптарын насихаттауға арналған танымдық сабақтар өткізді.01-03 қараша аралығында 5-7 сынып жетекшілері мұражайға саяхат сабақтарын және «Мұражайға сый» жобасын жүзеге асыруға арналған мұражайға қажетті жәдігерлерді жинап, тапсыру жұмыстары ұйымдастырылды. Желтоқсан айында «Алты Алаштың анасы Сыр елі» тақырыбында Қызылорда қаласының 200жылдық мерейтойына арналған танымдық тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Жас Ұлан ұйымының белсенді мүшелерінің ұйымдастыруымен ауданның танымал қол өнер шеберлерінің жұмысымен танысып, олардың шығармашылығы туралы мәліметтер жинады.



Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру


2018-2019 оқу жылының жазғы демалысын ұйымдастыруда ата-аналармен жиналыстар өткізіліп, түсіндірме олардың жаз айларында суға шомылу кезінде, жазғы саяхат кезіндегі қауіпсіздіктері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен ұйымдастырылатын лагерлерге әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларын бірінші кезекте қамтылды. 122 бала мектеп-лицей жанынан құрылған, ыстық тамақпен қамтылған лагерде, 450 бала ойын лагеріндегі үйірмелермен, 27 бала Қамбаш сауықтыру, тынықтыру лагерінде , 3 оқушы Көкшетау қаласындағы «Балдәурен» лагерінде, 1 оқушы Алматы қаласындағы «Бөбек» білім беру, сауықтыру ұлттық орталығында, 10 сыныпты бітірген 30 оқушы мектеп ауласындағы еңбек практикасында болды. 100-ге жуық оқушы ата-аналарының демеушілігімен басқа қалаларға, тарихи орындарға саяхаттаса, 200-ге жуық оқушы «Аула» клубымен қамтылды.

Орта білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысының жүйесі келесі нормативтік-құқықтық құжаттармен реттеледі:


- Қазақстан Республикасының Конституциясы;

  • Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы;

  • Қазақстан Республикасының «Бала құқықтары туралы» Заңы;

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 тамыздағы №485 қаулысымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚРМЖМС-2012);

  • Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы – 2050: «Бір мақстан, бір мүдде, бір болашақ»;

  • Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарына арналған Мемлекеттік бағдарламасы;

  • «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы

26 желтоқсандағы №518 – ІV Кодексі (2014.17.11. берілген өзгертулер мен толықтыруларымен);

  • Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы

483-ІV Заңы;

  • Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы №577 жарлығымен бекітілген;

  • Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген;

  • Қазақстан Республикасының денсалық сақтау саласын дамытуды 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы;

  • Қазақстан Республикасында СПИД-тің алдын алу және онымен күрес жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1996 жылғы 13 ақпан №193;


- «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы №191 Қаулысымен мақұлданған;

  • 2019-2020 оқу жылында Қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесіе ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат;

  • Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы.

  • ҚР Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы №205 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы білім беруді және ғылымды дамытудың 2016- 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері;

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген, 2019-2024 жылдарға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында тәрбиенің Тұжырымдамалық негіздерін іске асырудың іс-шаралар жоспары;

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 1 қазандағы №525 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың Тұжырымдамалық негіздері.

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын, Бала құқықтары туралы конвенцияны, Адамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарының халықаралық декларациясын, Үздіксіз білім беру бойынша ЮНЕСКО ұсынымдарын ескереді.


770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!