Жылқының түсіне қарай бөлінуі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жылқының түсіне қарай бөлінуі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жылқы малының түсіне қарай бөлініп аталуы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ халқы жылқы малына ерекше көңіл бөледі. Тұлпарды ердің қанатына теңейді. Тіпті, қасиетті түліктің түсіне де баса мән берген. Олай болса, жылқы түсіне байланысты атауларды біле жүріңіз.

Қара жылқы. Сырт түгі түбіне дейін шымқай қара, ұшы жылтыр қылшықты боп келуі.
Сары жылқы. Жылқының сыртқы түгі бірыңғай, сары болып келуі.
Жирен жылқы. Сыртқы қылшық түктері бірыңғай сарғыш қызыл болып келуі.
Торы жылқы. Түк бітістері тобылғы түстес, жал, құйрық, сирақтары қара қошқыл болып келгені.
Көк жылқы. Жылқының түктері шымқай көк болмай, көкшіл қылшықты келуі.
Қара көк жылқы. Жылқының сыртқы түктері қара қошқыл болып келгені.
Қызыл көк жылқы. Көк түсті жылқының қылшықтарының ұшы қызыл түстес келгені.
Құла жылқы. Басы мен денесі жылтыр сары, немесе құрым сары реңде болып, аяқтары мен жал құйрықтары қара, арқасынан құйрығына дейін созылған жіңішке қара жолағы бар жылқы.
Ақжал жылқыТүр-түстері құланға ұқсас болып келетін, бірақ сирақтары мен жал-құйрығы бозғылт немесе боз болып келген жылқы.
Сұр жылқы. Жылқының дене түк бітісі ақ көкшілдеу болып, бас-сирақтары, жал-құйрығы қара келіп, шоқтығынан құйрығына дейін арқасында қара жолағы бар және жауырыны, тірсегі, сирағы кейде көлденең жолақты тарғыл болып тұрады.
Қаракер жылқы. Жылқының жалпы түсі қара болып, тұмсығы мен шабы күңгірт тартып келгені.
Шабдар жылқы. Сырт түгі ақшыл сары болып, жалы бурыл, ақ қыл мен қара қылдың араласып келгені. Бірақ ашық шабдар торыға жақын келгенімен, жал-құйрығы бурыл болады.
Ала жылқы. Жылқының негізгі түгінің арасында ақ жүнді үлкен-кішілі дағы бары.
Шұбар жылқы. Денесінің қылшығы ақ келіп, арасында майда теңбілі (қара, торы, жирен, тағы басқа) бар, не қылшығының басқа түсте болып, арасында ақ теңбілді келген жылқы.
Бурыл жылқы. Жылқының негізгі дене түгінің (қылшығының) арасында жирен, қараторы, біртегіс ақ қылшық араласып келіп, ақ қылшық басы мен аяғында болмайды
Шаңқан (боз) жылқы. Түсі шымқай өте ақ болып келген жылқы.
Баран жылқы. Торы жылқыны айтады. Мұның денесі мен басы шие түстес қызғылт боп келіп, құйрық, жалы, сирақтары қара болады.
Қылаң жылқы. Боз, ақ боз жылқыны осылай деп атайды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2023
406
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі