Материалдар / Жылы жүрек - жақсы тілек

Жылы жүрек - жақсы тілек

Материал туралы қысқаша түсінік
Жақсы тілектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Сабақ жоспары 
Пәні: Өзін – өзі тану
Тақырыбы:Жылы жүрек - жақсы тілек

Құндылығы : Сүйіспеншілік
Қасиеттері: Мейірімділік, ізгілік
Сабақтың мақсаты: Балаларды «жақсы тілек» айтуға үйрету,баулу
Міндеттері:
жақсы тілектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру
қайырымды қарым – қатынас жасау іскерліктерін дамыту
ізгілікке, ізеттілікке,қайырымдылыққа тәрбиелеу 
Көрнекіліктері:үнтаспа,жүрекше,оқулық, дәптер,суреттер т.б.
I.Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
.Тәртіп
.Талап 
.Тыныштық 
.Тазалық
.Татулық
II. Тыныштық сәті
-Қайырлы таң, балалар! Сендерді көргеніме қуаныштымын!
Қане, бәріміз біздің аспандағы нұрын шашып тұрған Күнге ұқсап отырайық.
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
• Мұғалім: Біз барша тіршілікке жылуы мен жарық шашқан күннің көзіне айналдық. Күннің көзі болып жарқыраған басымыз тек жақсылық ойлайды.Күнннің жылуымен рахаттанған қолдарымыз тек жақсы істер жасайды. Жап- жарық сәуле шашқан аяқтарымыз тек дұрыс жолмен жүреді. Күннің жарығы аузымызға да кірді – ол тек шындықты айтады. Ал құлағымыз жақсы сөздерді естиді. Маңдайымызға жеткен жарық сәулемен бірге ең сүйікті адамдарға, отбасына, әлемге, жануарларға, табиғатқа жылы сәулемізді сыйлап, іштей жақсы тілектер тілейік. Қандай тілектер тілейміз?(ойланамыз). Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады. 
Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді?
IY. Дәйексөз
Жақсы сөз – жарым ырыс 
Халық мақалы
Мақалдың мағынасын сұрай отырып, түсіндіру,хормен айтқызу арқылы жаттату.
-Жақсы ой,жылы лебіз,жақсы тілек адамды шаттандырады, қуантады, бақытты етеді.
Y.Әңгімелеу.(Мұғалім сыйы)
«Алтын балық « ертегісін түсіндіру. 
YI. Дәптермен жұмыс
«Жылы жүректен шыққан жақсы тілектер күнделігін» арнап күн сайын өзіңнің өзгеге, айналаңа жасаған жақсы істерің мен олардың жақсылықтары мен айтқан жылы сөздерін, тілектерін жазып жүріңдер. 
YII Шығармашылық жұмыс.
Балаларды 4 топқа бөліп алып, әр топ басшысы суретті таңдап алады да , әр топ өздері тілек айтады. 
1-топ »Досына»тілек айтады.
2- топ «Ата-анасына» тілек айтады.
3- топ «Халқына» тілек айтады.
4- топ «Мектебіне» тілек айтады .
YIII Топпен ән айту.
Әрқашан күн сөнбесін әнінің әуенімен

Күн әлемі, біз әдемі,
Жақсылық біз жасауға
Кең пейілді, мол мейірімді
Болайықшы әрқашан 

Әрқашан нұр төгілсін
Жақсылық күнде болсын
Ата-анам бірге болсын 
Бір болсын барша адам

IX. Үйге тапсырма беру
«Ұқыпты бала – әдепті бала» мәтінін оқып келу.

Сабақ соңындағы тыныштық сәті (2мин)
Баяу әуен қойылады.Оқушылар денесін, басын тік ұстапе, көзін жұмып отырады. 
Мұғалім жай дауыспен:
«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенемін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады» 


--------------------------------------------------------------------------------------


Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: «Кешірімділік-көңіл кеңдігі»
Сыныбы: 8
Өтілетін күні:
Өтілетін орны:



Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың «Кешірім», «Кешірімділік» 
жайлы түсініктерін кеңейту;
2.Айналадағы адамдарға ,досқа, жанұя 
мүшелеріне кешіріммен,түсінісушілікпен,
ізгілікпен қарауға үйрету;
3.Кешірімді,мейірімді болуға тәрбиелеу.
Құндылығы: Сүйіспеншілік

Сабақтың барысы: Тыныштық сәті. Нұрға бөлену. Баяу әуенмен

Ыңғайланып отырайық.Денемізді түзу ұстайық.Аяқ-қолымызды айқастырмаймыз.Қолымызды тіземіздің үстіне болмаса үстел үстіне қойып аламыз.Көздерімізді жұмайық.Елестетіп көрейікші:
Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп,кеудеңізге қарай бойлап барады.
Кеудеңіздің ортасында гүл түйнегі орналасқан.Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын және әсем гүл сіздің әр ойыңызды,әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тірек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп,сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер жасайды және баршамызға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға барды.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналады.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздерді ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.Нұр көздерімізге жетті,көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп,басыңызға тек ізгі,сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылдана бастайды,сіздің денеңізден шығып,жан-жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге, достарыңызға,таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұрды бүкіл әлемге: барлық адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға,жан-жануарларғаүөсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын.Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын..Нұр менің ішімде..Мен Нұрмын».
Осындай Нұр,Махаббат,тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы нұрды жүрегіңізге апарыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

Үй тапсырмасын тексеру.

М.Мақатаевтың «Жүрейік ,достар,күнде өстіп» өлеңін оқып,берілген сұрақтар бойынша дайындалып келу тапсырылған. 
-Адамдар арасындағы реніштің тууына не себеп болады?
-Адам адамға тек қуаныш сыйлауы керек деген пікірді кім түйіндейді?
-Біреуге өкпелеп,ренжігенде өздеріңді қалай сезіндіңдер?


Ендеше қорытындылайық.Адамдарға ренжу,өкпелеу-еш пайда әкелмейді.Күйзеліске апарады,денсаулыққа зиянын тигізеді,отбасының берекесін алады,жүректі қатайтады.Сондықтан адам адамға түсіністікпен,кешірімділікпен,жылы сөзбен қарым-қатынас жасағаны жөн.Қолымыздан келгенінше куаныш сыйлаған дұрыс,сонда адами қасиеттерімізді,адамгершілігімізді жоғалтпаймыз.


Дәйексөз

Кешіре білген адам-күшті адам
Ахмет Йүгнеки
-Дәйексөздің мағынасын кім қалай түсінеді?

Дәйексөз есімізде қалу үшін бәріміз бірге айтайықшы.


Мәтінмен жұмыс.

Шіріген картоп.Өсиет әңгіме. Мазмұнын өзім айтып беремін.
-Әкесі баласына неліктен мұндай тапсырма берді деп ойлайсыңдар?
-Балалары тапсырманы қалай орындады?
-Балалар әкесінің тапсырмасынан қандай сабақ алды?
-Кешірімділіктің пайдасы қандай?

Кешірімнің күші. А.Бейсебай

Шығармашылық жұмыс.Топқа бөліну. «Кешір мені» тақырыбында
І топ тапсырмасы: хат жазу
ІІ топ тапсырмасы: сурет салу
ІІІ топ тапсырмасы: өлең жазу
ІҮ топ тапсырмасы: сыйлық беру

Назар аударайық. Төмендегі ақпаратты мұқият қарап шығып, жадымызда сақтайық:

Қателік жасап, кінәлі болғандармен сөйлескенде, олардың жан айқайын, тілектерін тыңда, жәрдем беруге, өтініштерін тыңдауға әзір бол. Олардың жақсы ниетке ауысуына жағдай туғызып, қайырымды, игі істер жасауына көмектес.

Түйіндеме
Ойлағаныңыз тек оң болсын,
өйткені ойлағандарыңыз- сөздеріңіз болады.
Сөздеріңіз тек оң болсын,
өйткені сөздеріңіз-әрекетіңіз болады.
Әрекетіңіз тек оң болсын,
өйткені әрекетіңіз- әдетіңіз болады.
Әдеттеріңіз тек оң болсын,
өйткені әдетіңіз – құндылығыңыз болады.
Құндылығыңыз тек оң болсын,
өйткені құндылығыңыз – тағдырыңыз болады.


Қорытындылау
- Адам кешірімшіл болып,кешіре білуге үйренгенде өмір қуанышқа,жақсылыққа толы болады.Ондай адам өзімен-өзі, өзгелермен үйлесімділікте өмір сүреді.
- Кешірімді болу-айналаңа деген мейірімді болудың,ақылдың, өзара түсінісудің көрінісі.Адамдар өзгелерді кешіру арқылы мейірімді бола түседі.Сондықтан әркез кешірімді болайық.Бір-біріміздің көңілімізді,жүрегімізді жараламайық.Адамдық асыл қасиеттерімізді бағалайық
Соңғы тыныштық сәті бірге айтылады:


Көктем етіп көркейтсе де маңайын,
Көріп жүрміз өкпешілдің талайын.
Өшігуді ұмытайық өзгеге,
Кешірімді болайықшы ағайын!
Ұлттың қамын жүректермен ұғынып,
Жұрттың жүгін көтерейік жұмылып.
Қаратайық құбылаға жүздерді,
Таратайық адамзатқа жылылық!

Үйге тапсырма: Дәптермен жұмыс



Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп

Мерзімі

сыныбы:5
Тақырып: «Келісім түбі-жарастық»
Құндылық:Махаббат
Қасиеттер:Сүйіспеншілік,кешірімділік,шыдамдылық...
Мұғалiм
Оқушылар саны:

Сабақ мақсаты: «Достық», «Сыйластық» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-келісім,жарастық туралы түсінік беру;
-достыққа бейімділік сапаларын дамыту;
-өзара татулыққа,шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Ресурстар (құралдар,мәліметтер)
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. 
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. 
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. 
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». 
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... 
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. 
Жаймен көзіңізді ашуға болады. 
Рахмет. 

2.Үй тапсырмасын тексеру. Өсиет әңгіме (аңыз)мәтінінен оқушыларға түсінік айтқызу.

Әуенмен 2-3 минут
3.Дәйексөз. «Келісіп пішкен тон келте болмас»
Мақал оқулықтан
4.Әңгімелесу.
«Піл мен маймыл» ертегісін әңгімелеп беру.
-Піл мен маймыл ортақ келісімге қалай қол жеткізді?
-Өзара тіл табысу қандай сезімдерге бөлейді?
-Ренжіскенде қандай көңіл күйде боласыңдар?

Оқулықпен жұмыс
5.Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс.
Дәптермен жұмыс орындау.
Тапсырма.Берілген ойлардың қайсысымен келісесіңдер? Неліктен?
Сергіту сәті.Оқушылардың достық қарым-қатынастарын дамыту мен денесін сергіту мақсатында сергіту сәті ұйымдастырылады.
Дәптермен жұмыс
6.Топпен ән айту.И.Нүсіпбаевтің «Бақытты балалық шақ» әнін топпен орындату.

2-сынып « Музыка» оқулығы.
7. Үй тапсырмасы.1. «Піл мен маймыл» ертегісін әңгімелеп келу.
2.Достық туралы ертегі оқып келу .

Оқулықтан,қосымша ертегі кітаптардан
8.Соңғы тыныштық сәті.Тыныштық...Құлпырған дүниені сезіну,мақсаттарға жол салу,арман атты тұлпармен алыс-алыс жақтарға сапарлау,көңілдегі көлеңкені аппақ бұлттарға алмастыру,сезімге берілу,санадағы сансыз жағымсыз ойлардан арылу,т.с.с.міне,бір сәттік тыныштықтың құдіреті.Тыныштық сәтін сезініп,әсем әуенмен өздеріңді бақытты сезініңдер

Мектеп

Мерзiм

сыныбы:6
Тақырып: Бауырмалдылық және кең пейіліділік.
Құндылық:Махаббат
Қасиеттер:Көпшіл,қомқор болуға,қайырымды,адал.
Мұғалiм
Оқушылар саны:20

Сабақ мақсаты:оқушыларға кең пейілділік,бауырмалдық сияқты адамгершілік құндылықтар туралы түсінік беріп олардың бойындағы мейірімділік,қомқорлық сезімдерін дамыту.
Міндеттері:
-оқушыларға кең пейілділік ,бауырмалдылық ұғымдары туралы түсінік беру;
-оқушылардың айналасындағыларға түсіністікпен қарап,олардың қомқорлық сезімдерін дамытуға ықпал ету;
-оқушыларды көпшіл,қомқор болуға тәрбиелеу. Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) оқулық, дәптер,бейнепроектор, ән мәтіні
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау.
Оқушы құралын тексеру.
Назарын сабаққа аудару
2.Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. 
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. 
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. 
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». 
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... 
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. 
Жаймен көзіңізді ашуға болады. 
Рахмет. 
Уй тапсырмасын тексеру.
Шығарманы оқығанда қандай сезімде болдыңдар?
Ахмет атаның бойындағы ең басты қасиет не?
Загфридтің ендігі өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар?
Сабақ барысын талқылау:
4.Алма ағашы.(өсиет әнгіме)
Бала ағаштың кең пейілділігін бағалай алды ма?
Кең пейілділіктің шегі бар ма?
Бала агаштың кең пейілділігіне сай ниет көрзетсе не болар еді?
Балаға қандай тіліектер айтар едіңдер?
5.Әңгiмелеу.
Кең пейілділік қандай ізгі қасиеттердің негізінде туындайды?
Кең пейілділік,бауырмалдылық сияқты қасиеттер қандай істерден көрінеді? 
6.Топпен ән айту.Сөзі: Қ.Жұмағалиевтікі
Әні:И.Нүсіпбаевтікі
«Жастар әні»
7.Шығармашылық жұмыс
Өздеріңнің жеке өмірлерінен бауырмалдылық ,кеңпейілділік танытқан кездеріңді естеріңе түсіріп,мысылмен айтып беріңдер.(дәптерге түсіру)

8.Үй тапсырмасы.
«Менің түйгенім»
9.Соңғы тыныштық сәтi. Құрметті оқушылар,сабағымызда өз мәресіне жетті.Сендердің қуанышты,жайдары сүйіспеншіліктің белгісін көріп тұрмын.Әрбір сабағымыз сенде жан дүниеңе кішкене болса да жылулық ұялатып,ізгілікке қуаныштымен.олай болса бір-бірімізге жақсы,жылы сөз айтайық.Балалар барлығы бірігіп оқулыкта берілген М.Шахановтың өлеңін үнтаспамен тыңдаймыз.

Мектеп:

Мерзiм:
Тақырып:Мақсат-жетістік желкені.
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер:жауапкершілік,төзімділік,адамгершілік,мақсат қоя білу,сенімділік.
Мұғалiм:
Класс:8 
Оқушылар саны:
Сабақ мақсаты:оқушыларды өз болашағы бағытын айқындап мақсат қоя білуге үйрету.
Міндеттері:
*Оқушыларға өмірлік мақсаттарын нақты белгілей білу және өз мұратына жауапкершілікпен жете білу;
* адамгершілік құндылықтарды басшылыққа ала отырып, болашаққа құлшыныстарын арттыру;
* Оқушыларды өз болашағына деген жауапкершілікке сенімділікке тәрбиелеу. Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi. 5 «Т» 
2. Тыныштық сәтi.Нұрға бөлену.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. 
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. 
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. 
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». 
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... 
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. 
Жаймен көзіңізді ашуға болады. 
Рахмет. 
3.Үй тапсырмасын тексеру.
- Мақсат адамға не үшін қажет?
-Мақсат пен арманның айырмашылығы неде?
-Мақсатына жету үшін адам өзіне қандай құндылықтарды серік етуі керек? 
-Адамның өмірлік мақсатын айқындаудағы өзін-өзі танудың орны қандай?
Сабақ барысын талқылау: 
4.Дәйек сөз.
«Мақсатсыз жанталасып жүрген адамнан өз мақсатына көзден таса етпеген сылбыр адам әлдеқайда артық».
Э.М.Фортсер
5.Әңгiмелеу (сұхбат).
Адам өмірі.Аңыз-әңгіме.
*өзің қайсысының пікірімен келісесің?
*мақсат қоюдың адам өмірінде алатын орны қандай
6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Класс оқушыларын екі топқа бөлу керек.
25-беттегі хатқа жауап жазу.
Топпен ән айту.
Мақсат – бақыт бастауы
Сөзі А.Беляевтікі
Әні Б.Қажымұқановтікі
Жолдас керек әр жанға,
Мақсат керек бір биік.
Тұманы мол жалғанда
Тұрмайды ма нұр құйып.
Сылдыр сөз бен күлкіңмен
Жете алмайсың мұратқа.
Адасасың іркілген,
Арман жаңа жырақта
Қайырмасы 
Мақсат бойға күш берер
Жақсы жырдай.
Ойың да оғыс кетпес,
Адалдыққа жүгін де,
Жазықсызда қолда.
Мақсат жеңер түбінде.
Сол жырақта межелеп,
Жұмса қайрат-күшіңді.
Жатпайды ешкім елеп сені,
Кез келгенге жүгінбе.
Өзің ұмтыл, жалында,
Тосады өмір түбінде.
Бақытыңның бағында,
Тосады өмір түбінде.
Үй тапсырмасы.
№ 6-сабақ -31 бет оқу.
Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)
- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.
- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.
- Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!

Тақырыбы: Салауаттылық-өмір салты.

Құндылығы: дұрыс әрекет құндылықтарын қалыптастыру
Қасиеттері: жауапкершілік, тазалық, адамгершілік
Мұғалімі:

Сыныбы: 8 «Б»; 
Оқушылар саны:
Мақсаты: оқушылардың «салауатты өмір» туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: 
-оқушылардың салауаттылық туралы ұғымдарын дамыту;
-оқушыларды жақсылықты бойларына сіңіруге, өзіне, өзгелерге жағымды қарым-қатынас жасай білуге баулу.;
- сүйіспеншілікке, парасаттылыққа, сезімталдыққа тәрбиелеу

Сабақ барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі
Тыныштық сәті: (5 мин) 
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. 
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. 
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. 
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». 
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... 
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. 
Жаймен көзіңізді ашуға болады. 
Рахмет. 

2. Үй тапсырмасын тексеру. Б. Соқпақбаевтың «Жекпе-жек» әңгімесін оқып келу. 
* Мұратты спортқа жетелеген не нәрсе?
* Ол жеңіс биігін қалай бағындырды?
* Спорттың қандай түрін және оны не үшін ұнатасың?

3. Дәйексөз .
«Кімде-кім өзің жеңсе, иөз қорқынышын, өз сенімсіздігін жеңсе, бұл өмірде сол жеңіске жетеді» 
В. Суворов 
2 рет ұлдарға, 2 рет қыздарға, барлығына 1 рет айтқызамын.
Адам өз жеңісін қалай көре алады?

4. Әңгімелесу: Мәтінмен жұмыс. Б. Соқпақбаевтың «Жекпе-жек» әңгімесі . 
* Адамның салауатты өмір сүруіне не кедергі болуы мүмкін?
* Зиянды әрекеттерге адам неліктен үйір болады?
* Зиянды әрекеттерден аулақ болу үшін адамға қандай қасиеттер керек?
* Зиянды әрекеттерге нелер жатады?

Шығармашылық жұмыс. Тапсырма
«Менің спорттағы жеңісім» тақырыбында ой толғау жазу тапсырылады.
5. Топпен ән айту: Жүректен жүрекке. 
Оқушылар бір-біріне тілек айтады. 
7. Үй тапсырмасы. 25- сабақтан Аңыз әңгімені оқып келу. 
Ой толғауды аяқтап келу.

8. Тыныштық сәті: (3 мин) 
-Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.
Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
5-т
Татулық, тәртіп, талап, тыныштық, тазалық.

Тақырып:Өнеге отбасынан
Құндылық:Дұрыс іс-әрекет
Қасиеттер:Сүйіспеншілік,кешірімділік,бірлік,шыдамдылық...
Мұғалiм
Оқушылар саны:

Сабақ мақсаты: Балалардың санасына мейірімділік, қайрымдылық ұғымдарын қалыптастыру, баланың мейірімді сөздер айту қабілетін арттыру, кішіпейілдікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу. Сара Алпысқызы туралы, ол кісінің адамгершілік қасиеттері арқылы қайырымдылыққа тәрбиелеу. Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) оқулық, дәптер,бейнепроектор, ән мәтіні
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау.
Оқушы құралын тексеру.
Назарын сабаққа аудару
2.Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. 
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. 
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. 
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». 
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... 
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. 
Жаймен көзіңізді ашуға болады. 
Рахмет. 
Сабақ барысын талқылау:
3.Дәйексөз. Халық мақалы.
Ұяда не көрсең,
Ұшқанда соны ілесің.
Мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?
4.Әңгiмелеу.
«Отбасы татаулығы» Аңыз әнгіме
Отбасы әнгімесінің мәні неде?
Неліктен патшаны ұйымшыл отбасы қызықтырады?
Отбасы жарастығы дегенді қалай түсінесіңдер?
Отбасының сыйластығына қалай қол жеткізуге болады? 
Отбасының татулығы қандай табыстарға жеткізеді? 
5.Топпен ән айту.Сөзі: О.Сүттібаев
Әні:Ә.Сүлейменов
«Әкем –анам»
6.Видео көрініс 
Әке өсиеті. «Шегенің іздері»
Бұл видео көріністен нені түсіндіңдер?
Әкесі баласына қандай өсиет қалдырды?
7.Үй тапсырмасы.
Ата –асқар тау,
Ана-бауырындағы бұлақ,
Бала жағасындағы құрақ.
Берілген мақалдарға сүйеніп,шағын әнгіме жазу
8.Соңғы тыныштық сәтi. Құрметті оқушылар,сабағымызда өз мәресіне жетті.Сендердің қуанышты,жайдары сүйіспеншіліктің белгісін көріп тұрмын.Әрбір сабағымыз сенде жан дүниеңе кішкене болса да жылулық ұялатып,ізгілікке қуаныштымен.олай болса бір-бірімізге жақсы,жылы сөз айтайық.Балалар барлығы бірігіп оқулыкта берілген М.Шахановтың өлеңін Тақырып:Адам еңбекпен шыңдалады.
Құндылық: Дұрыс әрекет жасау.
 
Қасиеттер :үнемшіл болуға,еңбекті бағалай білу,елге абыройлы қызмет ету.
Мұғалiм:
Класс:5
Оқушылар саны:


Сабақ мақсаты:
-оқушыларға еңбектің керектілігі туралы түсінік беріп, адамның өмірі өз қолында екендігін түсіндіру;
Міндеттері:
-оқушыларға еңбектің маңыздылығы туралы түсінік беру;
- оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету;
-еліне, халқына абыройлы қызмет етуге тәрбиелеу;
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi.Амандасу. Тыныштық сәтi.(баяу әуен)Нұрға бөлену.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
« Еңбек жемісі» Б. Әділ.
- Еңбек барысында балалардың қандай қасиеттері байқалды?
- Балалар еңбек нәтижесін қалай көрді?
- Еңбектің жемісін көргенде өздерің қандай сезімде боласыңдар?
Сабақ барысын талқылау:

1. Дәйек сөз.
Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол адамды ізгілендіреді. Л.Н.Толстой.
Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
« Еңбек», «Еңбексүйгіш», деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?
Адам бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады?
Еңбекпен адам шыңдалады дегенді қалай түсінесіңдер?
Өздерің еңбектің қандай түрлерімен айналысқанды ұнатасыңдар? 
2. Әңгiмелеу (сұхбат).
Аңыз әңгіме: 
Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесі
Бір адам баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп баласына айтады:
- Анау тағаны, балам, ала жүр, - деді.
Бала әкесіне:
- Сынып қалған ескі тағаны алып не қылайын, - деді. Әкесі үндемеді, тағаны өзі алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол ұш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір – бірлеп алып жеп, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала тым – ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма – жан жерден алып, аузына салды. Біраздан соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие сонымен әр жерде әкесінің қолынан түскен шиені оншақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен беріп тұрып айтады:
- Көрдің бе, мана тағаны жамансынып, жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң – көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең – көптен де құр боласың, - деді.
Әңгіменің негізгі түйіні қандай деп ойлайсыңдар?
Әкесі баласы қандай өсиет айтады?
Аз жұмысты қиынсынсаң-көп жұмысқа тап боласың,азға қанағат ете білмесең –көптен құр қаласың- дегенді қалай түсінесіңдер?
3. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Сыныпты 3-топқа бөлу.
1-тапсырма Мақал-мәтелдің жалғасын табу.
2-топқа «Еңбек-бақыт бастауы» тақырыбында шағын әңгіме жазу.
3-топқа Еңбектің жемісі тақырыбында сурет салу.
Сергіту сәті
Гүл өсірсең, терлеп,( Қолдарын кезек – кезек жоғары көтереді)
Мұның аты – Еңбек. (Екі қолын жаяды.)
Кесте тіксең, зерлеп, (Оң қолымен ине ұстап, тіккен қимылды көрсетеді.)
Мұның аты – Еңбек. (Екі қолын жаяды.)
Сабағыңа жөндеп (Жанындағы көршісіне қарап сол қолын жаяды.)
Әзірлесең – Еңбек.
Қиындықтың бәрін (Құшағын ашады.)
Еңбек қана жеңбек ( Екі қолын жаяды.)
4. Топпен ән айту.
«Болайықшы осындай» Сөзі мен әнін жазған:А.Меңжанова
5. Үй тапсырмасы.
«Жаңа дүкенде»Б.Тұрсынбаев мәтінін оқып келу.№20сабақ
6. Соңғы тыныштық сәтi.
Баяу әуен қойылады.Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. 
Мұғалім жай дауыспен:
«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады» 
Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!
Сау болыңыздар! үнтаспамен тыңдаймыз.

Сабақтың тақырыбы:Адал дос
Құндылық:Дұрыс әрекет
Қасиеттер: Адалдық,сыйластық, қамқорлық,татулық,кешірімділік.
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға достық сөзінің кең мағынасын игертіп, дұрыс әрекет арқылы адал достық қасиетіне ие болуды үйрету.
Міндеттері:
- «Адал достық» сөзінің мағынасын түсіндіру;
-Шындық пен жалғандықты,мәдениеттілікті ажырата алу дағдыларын дамыту;
- Оқушыларды бір-бірін сыйлап,құрметтеуге,қадірлеуге, адалдыққа,қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi:
Оқушылармен амандасу. «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» еске түсіру.
2.Тыныштық сәті: Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. 
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. 
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. 
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». 
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... 
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. 
Жаймен көзіңізді ашуға болады. 
Рахмет. 
3.Үй тапсырмасын тексеру
№10 сабақ. 53-бет. «Екі дос» оқып келуге тапсырылған.
Сұрақтар:
1.Адал достық дегенде нені түсінесіңдер?
2.Аңыз-әңгімедегі жауынгерлердің достығы адал достыққа жата ма? 
3.Сендердің де адал достарың бар ма?Олардың адалдығын қай іс-әрекеттерінен байқадыңдар?
4.Дәйексөз
«Айнымас досы бар адам-ең бақытты адам ». 
Халық мақалы 
-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
-Дәйексөздің мағынасын ашу. 
- Ұл балалар қайталайды, қыздар қайталайды,дәптерге жазады.
5.Әңгiмелеу
Екі дос (ертегі)
Екі дос жолаушылап шығыпты. Біреуі сулық шекпенін ала жүрген екен. Орта жолға келгенде, қатты нөсер құйып кетіпті. Екеуі шекпенді пана қылыпты. Нөсер басылған кезде шекпен иесі:
-Иә, менің шекпенім болмаса сен не күйде болар едің? – депті. Осы сөзін қақсап, қайталай беріпті. Сол арада бұлар бір өзеннің қабағын жағалай жүрген кезі екен. Әлгі шекпенсіз жігіт жардан төмен қарғып түсіпті. Өзен суына малшынып, қайта шығады да: - Міне, мына күйде болар едім! – депті.
Талдау сұрақтары: 
- Қай жігіттің ісін дұрыс деп ойлайсыңдар?
- Екеуін дос деп айта аласың ба? 
-Нағыз дос қандай болуы керек?
- Достарынды режітіп алсандар, қалай татуласар едіндер?
6.Шығармашылық жұмыс:
1) Достық 
Екі құрбы дос болады,
Мінез-құлқы үйлесіп.
Көрсе,көңілі хоштанады,
Жоқта,жайсыз күй кешіп.
Өкпелесіп сызданбайды,
бірін-бірі сыйлайды.
Жақсылықты қызғанбайды,
Жамандыққа қимайды.
Алғыс алып сауықта елден,
Оқуда артта қалмайды.
Төнген қатер-қауіптерден
Бірін-бірі қорғайды.
Ұнатып жан кеңшілігін,
Берілмей бос сезімге.
Бір-бірінің кемшілігін
Түзетеді кезінде.
Ақылдасып,кеңеседі,
Өзара сыр жасырмай.
Айқындалған келешегі
Дос болыңдар осындай.

Сұрақтар:
Достар бір біріне қандай жақсылық жасай алатынын өлеңнен теріп дәптерге жазу.
Өлеңнің қай шумағын оқып,достық туралы мақал айтуға болады?Өлеңнің ұнаған шумақтарын жаттап алу.
2) Мақалдың жалғасын табу:
1.Досыңды бір алдасаң,.......................................... .
(Өзіңді мың алдағаның)
2. Дос сыртыңнан мақтар,................................. .
(Дұшпан көзіңе мақтар).
3. Жақсы- жаныңа жолдас,................................... .
(Жаман- малыңа жолдас).
4. Ат жаманы жолда қалдырар,....................... .
(Жолдас жаманы қолда қалдырар).
7.Топпен ән айту.
Достық туралы
Ақ,қарамыз,сарымыз,
Тату доспыз бәріміз
Достық жайлы ән салып,
Шырқатайық,кәне,біз.
Жүзімізге қараңыз,
Бал-бұл жанған баламыз.
Бізге қымбат күн шуақ,
Бізге қымбат Анамыз.
Күннің нұрын сүйеміз.
Бізді ойнатып тәтелер,
Күлдіргенін сүйеміз.
Балдырғанбыз арай жүз,
Бал-бұл жанып қараймыз.
Ойыншықтар біздерге,
Көп болғанын қалаймыз.
Таласпаймыз біз бірақ,
Отырмаймыз тұмшырап
Қуысамыз қөғалда,
Жүгіреміз құлдырап.
Ән саламыз күнде біз,
Шаттық толы іргеміз.
Біз мәңгіге достармыз,
Біз мәңгіге біргеміз.
8.Үй тапсырмасы.
«Досым,саған рақмет!» деген тақырыпта өз досыңның жақсылығы туралы ризашылық сезіміңді білдіріп эссе жазу.
9.Соңғы тыныштық сәтi. 
Ал,енді балалар,бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді жүректеріңізге сақтап қойыңыздар.Баршаңызға рахмет,сау болыңыздар!

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп:
Мерзiм:

Тақырып: Елім деп соғар жүрегім
Құндылық:сүйіпеншілік
Қасиеттер:еліне деген сүйіспеншілік,сенімділік.
Мұғалiм:Муздакова А.Ж.

Класс:8
Оқушылар саны:11
Сабақ мақсаты:
«Отан», «ел» ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру. Отаныны, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
• Отанға туған жерге деген махаббаттың мәнін түсіндіру.
• Отанының жарқын болашағына деген сенімдерін қалыптастыру.
• Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. . 5 «Т
Тыныштық сәтi.Нұрға бөлену.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. 
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. 
1. Үй тапсырмасын тексеру. Сабақ барысын талқылау: 
2. Дәйек сөз.
«Өз туған жеріңе деген сүйіспеншілігіңді ең алдымен отбасыңа, ауылдастарыңа арнамай тұрып, барша әлемді сүю мүмкін емес».
М. Шаханов
1.М.Шахановтің сөзін қалай түсінесіңдер?
3. Әңгiмелеу (сұхбат).
Берілген мәселені бірігіп талқылай отырып, басқа да адамдардың қалай ойлайтындығын түсінуге түсінуге мүмкіндік туғызу мақсатында оқулықта берілген төмендегі сұрақтар негізінде пікір алмасу ұйымдастырылады.
• «Туған жер», «туған ел» дегенде ойларыңа не түседі?
• Туған жерге ,ьуған елге деген сүйіспеншіліктің түп тамырын неде деп ойлайсыңдар?
Қ.Жұмаділовтың «Қаздар қайтып барады» шығармасын оқып береді. Сұрақтарға жауап айтылады. Сынып алдында қысқаша мазмұндап береді.
• Қарттың туған жерге деген сүйіспеншілігі неден көрінеді?
• Қарттың туған жердің топырағын жерге қайтаруының себебін қалай түсіндірер едіңдер?
• Өздерің туған жердің қасиетін қалай түсініп, бағалайсыңдар?
Туған жер, атамекен әр адамның тағдырын құрайды. Тек одан барлық алғаныңды көңіл сүзгісінен өткізіп, бал жинаған арадай жүрегіңе құя білуің шарт.
Туған жерді сүю дегеніміз өмір бақи өз жеріңде байланып қалу емес. Әлемге назар аудармай, табандап отырып алсақ, ақпайтын көл секілді өз-өзімізбен тұйықталып, әлемдік даму мен өркениеттен құралақан қалар едік.
Десе де, жер шарының қай екендігі, экватордың қай белдеуінде жүрсең де, қайта соғар, сағынышыңды басар темірқазығың –туған жер атты ұлы ұғым біреу. Сонымен рухани байланысыңды үзбесең ғана, айдарыңнан жел еспек. Өйткені өге топырақ, өзге ауа, өзге су орнын толтыра алмақ емес. Ш. Айтматов .
4. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Эссе жазу «Туған жер».
5. Топпен ән айту.
Қ. Мырза Әлінің «Өз елім» өлеңін орындайды. 

6. Үй тапсырмасы.
№ 17 сабақ оқу.
7. Соңғы тыныштық сәтi.

(Тақырып Табиғатқа құштармын
Құндылық қиянат жасамау Қасиеттер:аялы қарым-қатынас ,қамқорлық.
Мұғалiм

Класс 1

Оқушылар саны

Сабақ мақсаты:Табиғатқа «Қиянат жасамау» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі мәнін ашу.


Міндеттері:
- Табиғатқа қамқорлық қажет ететінін туралы білімдерін кеңейту.
-Оқушылардың табиғатқа аялы қарым-қатынастарын дамыту.
-Табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi.
1.Сәлемдесу.
2.Оқушыларды түгіндеу.
3.Ережелердіқайталау:сабақтабіз тәртіп,талап,тыныштық,татулық,тазалық қатан сақтауымыз керек
.2. Тыныштық сәтi. «Орманға ойша серуен» 
Балалар, дұрыс отырайық,арқаларыңызды түзу ұстайық,қолдарыңызды партаға қоюға болады,көздеріңізді жұмайық. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. (тыныштық). Жасыл шөп сіздің аяғынызды сипап жатқан сезімде боласыз. (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда.
(тыныштық).Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. (тыныштық). Өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз. (тыныштық).
Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Алақаңдарыңызды күннің көзіне жайыңыз. (тыныштық).Көк аспаннан және көктемгі жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық).1,2,3 көзімізді ашайық.Қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа «Рахмет» деп айтайық.
Сізге «тыныштық сәті» ұнады ма?Қандай сезімде болдыңдар?





2. 3.Үй тапсырмасын тексеру.

-Мәтінді оқып келдіңдер ме?/Ә.Ысқақовтың «Табиғат деген не?»әңгімесі/Әңгіменің мазмұнын сұрау.
Сұрақтар:
-Сонымен, балалар Табиғатқа не жатады екен?
-Неліктен табиғатты Анаға теңейміз?-Табиғаттың адамға жасаған қамқорлығы дегенді қалай түсінесіңдер? - Өзің табиғатқа қандай қамқорлық жасадың? 
Сабақ барысын талқылау: 
Дәйексөз.
«Таза болса табиғат,аман болар адамзат» Ф.Оңғарсынова
-Табиғатсыз өмір сүру мүмкін бе?
-Егер адамдар ағаштарды кесіп,гүлдерді жұлып,ауаны,суды,жерді ластаса не болады?Қалай ойлайсыңдар?/балалардың жауаптары/
-Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін ол міндетті түрде ештеңемен былғанып уланбауы тиіс. Адам өзінің де, табиғаттың да досы, санасыз іс-әрекет жасаса, жауы болады. Табиғатты аялап, оған еш қиянат жасамай,сүйіп,оған қамқоршы болуымыз керек. Сонда ғана бәріміз де аман боламыз,бақытты өмір сүре аламыз.Адам үшін табиғат – кең сарай,мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық!
Бүгінгі сабағымыздағы дәйексөзді дәптерге жазып алайық/дәптер,47бет/
Әңгiмелеу (сұхбат). 
Үзілген гүл
Кеңес Оразбекұлы
Бүгін Жамал апай табиғат туралы, оның адамзат үшін маңызы жөнінде әңгімелеген.
Гүлмінез сабақтан келе салысымен, асханадан пышақ пен шыны ыдыс алып, үй сыртындағы қыратқа шығып кетті.
Біраздан кейін жүзі гүл-гүл жайнап, қайтып оралды. Қолындағы шыны ыдысқа қырдың ақ гүлдерін толтырып жинаған еді. Оларды бақша ішіндегі гүл егетін алаңға отырғыза бастады. 
Осы кезде үйден шешесі шықты. Қызын бақша ішінде көрдіде, жанына келді. 
-Қарашы, апа. Мына әдемі бәйшешектерді адырдан қазып алдым. Біздің Жамал апай айтты: «Табиғатты қорғау керек» деп... 
-Сен оларды қорғаудың орнына, өсіп тұрған жерінен үзіп әкелдің ғой. 
-Иә, міне, қарасайшы, тамырлары бар. Қайтадан отырғызып жатырмын. Мен бұларға күнде су құйып күтетін болам. Әйтпесе, далада оларға ешкім қарамайды. Жазға жетпейқурап қалатыны содан... 
Шешесі мырс етіп күліп жіберді де, іле салмақты күйге ауысып: 
-Сен дұрыс жасамадың, Гүлмінез,- деді. –Табиғатта не нәрсенің болса да өз орны, заңдылығы бар. Бұл бәйшешектер – көктемнің хабаршысы. Ерте гүлдейтіні де содан. Бұлар қурағанымен, орнын басқа гүлдер басады. Сонысымен де адамға қымбат. Мына гүлдер қай жерде гүлдесе, сол жерде ұрық шашып, ендігі жылы тағы өніп шығар еді. Ал сен оларды білместікпен зорлап әкелдің. Егер Жамал апайыңнан «Табиғатты қалай қорғаймыз?» деп сұрап алғаныңда, бұл іс болмас еді.
Гүлмінездің жүзі қызарып, төмен қарады. Шешесі қызының шашынан сипап: 
- Бұларды енді осы орнынан қозғамай-ақ қой. Екінші рет қателік жасамауға тырыс. Жүр үйге, тамақ суып қалады, -деді. 
Гүлмінез ілбіп басып шешесінің соңынан ерді. Сөйтсе де оның санасында «Табиғатты қалай қорғаймыз?» деген сауал жаңғырықтай қайталанғандай болды. Осыны келесі сабақта апайынан сұрап алуға бекінді. 

Мәтін бойынша сұрақтар қою:
1. Гүлмінез неліктен бәйшешекті үзіп әкеліп, үйінің маңына отырғызды? 
2. Гүлмінездің әрекетіне анасы қалай жауап берді? 
3. Гүлмінездің іс- әрекеті туралы не айтуға болады? 
4. Анасының «табиғаттың өз орны, заңдылығы бар»деген сөзін қалай түсіндіруге болады? Мысал келтіріңдер 
5. Гүлмінездің «Табиғатты қалай қорғаймыз?» деген сұрағына қалай жауап берер едіңдер? 
«Өзін-өзі тану»
журналы
3. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Жағдаяттар шешу:
1 топ: Сен келе жатырсың, екі бала жас шыбықты сындырып жатыр екен. Сенің әрекетің?
2 топ: Тәртіпсіз бір бала құстарға тас атқылап жүр. Соны көргенде, сенің іс әрекетің?
Талдау: неліктен осындай әрекет жасадыңыз?



Топпен ән айту.Ертегілер әлемі 
АйгерімҚалаубаева 
Ғажайып түс көрдім, 
Таң ата мен бүгін, 
Ертегі әлемнің қызығында жүрдім, 
Нұрына шомылдым бүгін. 
Жұлдыз, айы көркем, 
Әдемі еді неткен, 
Құстары сөйлейді, 
Бұлттары тербейді, 
Мен оянып кеттім, әттең! 
Қ/сы: 
Ертегілер, ертегілер, 
Неге мені ертпедіңдер, 
Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер? 
Ертегілер, ертегілер, 
Неге мені ертпедіңдер, 
Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер? 
Гүл тердім бұлттардан, 
Әр гүлде бір арман, 
Таусылмайтын тәтті, 
Сыя келіп жатты 
Жан біткеннің бәрі маған. 

4. Үй тапсырмасы.
«Орманшының баласы»мәтінін оқып келу.
Өздеріңе ұнаған табиғат көріністерінің суретін салып келесіңдер «Өзін-өзі тану»оқулығы 1 сынып,28 сабақ. Дәптер,35б.
5. Соңғы тыныштық сәтi. баяу музыка ойнатылады;оқушылар көздерін жұмып,бүгінгі сабақтан не үйренгендерін естеріне алып,іштей өздеріне,мұғалімге,барлық әлемге тыныштық,сүйіспеншілік жолдап,ризашылықтарын білдіреді/Сабаққа қатысқандарына рахмет ныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

ЖИ арқылы жасау
18 Желтоқсан 2017
1789
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі