400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жылы жүрек - жомарт қол

Материал туралы қысқаша түсінік
"Берсең - балаға бер" деп атам қазақ айтпақшы, мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған, көп балалы отбасыларға аз да болса көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған ең озық шара болып табылады. Жұмыла көтерген жүктің жеңіл болатындығы баршамызға мәлім, сондай мақсатпен мектеп оқушылары, Жас Ұлан бірыңғай өзін-өзі басқару ұйымы мүшелдерінің атсалысуымен жүзеге асырылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: « Жылы жүрек жомарт қол » концерттік бағдарлама

Мақсаты: «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы аясында ұйымдастырылып отырған бұл шараның мақсаты ,оқушылырдың адамгершілік ,рухани жан дүниесін байыту.

Міндеті: Бала бойына ізглікпен игіліктің нұрын сыйлау.

І Жүргізуші : Армысыздар қымбатты ауыл тұрғындары,жүрегі мейірімге толы ардақты ата-аналар,жаны жайсаң ұлағатты ұстаздар және мектеп оқушылары!

Бүгінгі «Жылы жүрек- жомарт қол » атты қайырымдылық қамқорлық акциясына қош келдіңіздер!

ІІ Жүргізуші: Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы - жомарттық, кең пейілділік.Ол адамға қызмет қылып,жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат.Жомарт болу – өзіңе барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу.Осыған орай Жалпы Білім Беретін Сырым орта мектеп балабақша кешіні мен ауылымыздың мәдениет үйімен бірлесе ұйымдастырылып отырған қайырымдылық кешімізге қош келдіңіздер!!

(Қазақ би) билейді.

І жүргізуші:

Өркенім өссін десең,

Кекшіл болма-

Кесапаты тиер еліңе,

Елім өссің десең

Өршіл болма

Өскеніңді өсіресің.

Жанашыры жоқ жарлыға

Жәрдемші бол асыға,

Қиын қыстау күндерде.

Өзі келер қасыңа – дей келе, Балабақща әдіскері ;Хайлуллина Эленора Сайлауқызы «ЖанАна» әнімен. Қарсы алыңыздар!!

І жүргізуші: Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар,игі іске ұмтылыс адамзатқа тән құбылыс.Ендеше, көп болып ,асыл арманына қол созғандарға сүйеніш болып, қолымыздан келген көмегімізді аямайық Баласенімінің нық болуына қадам жасайық ағайындар! Ортаға Мектебіміздің Мектеп директорының м,у,а, және оқу- ісі жөнінің орынбасары ;Сағынғалиева Жанар Октябрьқызына сөз кезегін береміз.

ІІ жүргізуші: Иә, Қайрымдылық –халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа жаны риза» дегендей кемтар ,жетім,қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып,аялы алақанын тосып жүрек жылуын ұсыну сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның адамзаттық парызы .Келесі тыңдайтындарыңыз ; «Дала дарыны » байқауының бас жүлде жеңімпаздары вакал номинациясы бойынша Қуанышкерей Толғанай мен Өсербай Мерланның орындауында « » .

І жүргізуші: Адам өміріндегі ең игі істердің бірі мұқтаж жандарға қамқорлық жасау.Адамдар бір- біріне қайырымдылық мейірімділік таныту арқылық жақсылық жасайды. Міне ,бізде бүгін сол мақсатпен ұйымдастырып отқан қамқорлық акциямыз өз жалғасын табуда; Келесі кезекте ,Балабақшамыздың Ортаңғы топ тәрбиеленушілерінің «Қол шатыр» биін тамашалайық.

ІІ жүргізуші: Қазақта «Жылуы жоқ үйден без,Қайырымы жоқ биден без » деген үлкен мән мағынаға ие сөз бар,Жақсылық жасаған адамға бір сауап іс болып саналады.Мұқтаж жандарға демеу болып өз үлестеріңізді қосып жатқандарыңызға көп көп рахмет! Сахнаға « Жасұлан» біріңғай балалармен жасөспіірмдер ұйымының Жас тілшісі, жас ақын 8сынып оқушысы Халит Алидің орындауында « » мәнерлеп оқу.

І жүргізуші: Жақсылық жасау қолынан келіп тұрса,қуаныш сыйлауға мүмкіншілің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбпсқа?!

Абай атамыздың он төртінші қара сөзінде жүгінетін болсақ «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әр түрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып бауырым деп, өзіңе ойлағандай оларға да болса игі еді» делінген.

Ән: «Аке ана » орындайтын ауылымыздың өнерлі әншісі Мөлдір Болатқызын шақырайық! Қарсы алыңыздар!

ІІ жүргізуші:

Келесі кезекте тамашалайтындарыңыз 9 сынып оқушысы Саясат Таңшолпанның орындауында «Ұйғыр » биі.

Ән: « » орындайтын 6cынып оқушысы Кенжеғали Мейрамбек

І жүргізуші: Республикалық «Қамқорлық қайырымдылық акциясы » дәстүрлі түрде жыл сайын өз жалғасын тауып келеді.Акцияның мақсаты «Қазақстан-2050 » Cтратегиясы нда белгіленген балалардың өмір сүру сапасын жақсару жөніндегі жаңа әлеуметтік саясатты іске асыру.Маңызды міндетіміз қамқорлық жасау:

Ән: « » орындайтын ; Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Рамазанов Айдархан Ерсайынұлы. Қабыл алыңыздар.!!

ІІ жүргізуші:

Ерқанат, «Жанашырлыққа жаны риза » демекші,бүгінгі кешімізге 3 сынып бишілері «Цыган» биін алып келіпті.Жетекшісі ; 8сынып оқушысы Төкеш Делназ

І жүргізуші: Олай болса , тамашалайық!

Жақсылық жасау, бұл қоғамға тиген бір игі ісіміз деп білейік. Жүрегіміз әркез мейірімге толы болсын!! Келесі тыңдайтындарыңыз Ән:

« Әкешім » орындайтын Еңбек пәнінің мұғалімі Утепбергенова Гулдана Асқарқызы.

ІІ жүргізуші: Жанымызда жақсы адамдардың барына, жүректерінде иман,жылылық пен ізгіліктің барын әркез сезінейік ағайын!

5сынып оқушысы , Амирханова Айкөркемнің орындауында ән:

.І Жүргізуші:

Пейілдік көл көсір,

Жомарттық ерге сын

Кеңдігін көрсеткен,

Қайырымдылық айлығында,

Ізгілік жолында,

Мың алғыс демеушілер ,Рухы елдің жібісін! «Ән» «Ертеңіме сенемін» орындайтындар Мәдениет үйінің директоры Жәкен Ешманқызы Айзере Қазиқызын қошеметпен шақырайық!

І –ІІ жүргізуші: Көрерсіз, бап шабарын бақ шабарын,

Жүректе көңілдіғой тапса бабын,

Біз күліп жүру үшін жер бетінде,

Сіз аман болыңызшы Жақсы адамым!!!



ІІ жүргізуші: Әркез жүрегіміз кең,пейіліміз ақ болып жақсылық жасауға ұмтылып тұрайық.Осымен «Жылы жүрек жомарт қол » қайырымдылық кешіміз аяқталды сау болыңыздар.!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
1697
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі