ЖЫЛЫ ЖҮРЕК – ЖАҚСЫ ТІЛЕК
тақырыбында өткізілген
іс-шара
Тақырыбы: Жанұяңа жақсылық
тілеймін
Сабақтың мақсаты:
оқушылардың санасындағы «жанұя», «үй», ұғымдарын
кеңейту, балалар бойында жанұядағы өзара жақсы қарым – қатынас пен
татулыққа ұмтылуды қалыптастыру.
Әдістер: әңгіме, әңгімелесу, оқулықпен жұмыс, түсіндіру,
тәжірибелік жұмыс.
Құрал-жабдықтар: оқулық, «Менің көмекшім» дәптері, қайшы, желім,
фломастер, түрлі – түсті қарындаштар.
Сабақтың барысы.
Шаттық шеңбері.
Өз сүйікті оқушыларыңды «Өзін-өзі тану»
сабақтарында көрген қандай жақсы. Менің жүрегім дүрс-дүрс соғып
тұр. Менің достарым қайда екен? Менің ақылды, жақсы балаларым қайда
екен? Мен оларды күтемін, деп қағады. Сендердің келгендеріңе менің
жүрегім қатты қуанып тұр.
Кәнекей, бір-бірімізді қарсы алайық. Ол үшін
«Шаттық шеңберімізге» жиналып былай дейік:
Біз тағы да біргеміз,
Сөгілмейді іргеміз.
Құшып күннің шуағын,
Көрісеміз қуанып.
Бәріміз бір уақытта құшақтасамыз! Міне, қандай
тамаша! Ал, енді мен сендерді ыңғайланып отыруға шақырамын.
Көздеріңді жұма қойыңдар.
Тыныштық сәті.
Әуен ойналады.
Мен әуенді қосқан кезде бәріміз жүрегіміздегі
сиқырлы әлемге аттанамыз (тыныс алу). Біздің жүрегіміздегі
кішкентай адам өмір сүреді. Оның аты да дәл сендердікіндей.
Қолдарыңды жүректеріңнің тұсына қойып, оның қалай соғып тұрғанын
сезіңдерші (тыныс алу). Ол біздің жүрегіміздің ішіндегі: «Мен
осындамын. Мен сенімен бірге» деп тұрған кішкентай адам ғой (тыныс
алу). Оған өздеріңнің күлкілеріңді сыйлаңдар. Бізге онымен бірге
болудың жақсы екенін сезініңдерші (тыныс алу). Жүрегіміздегі
кішкентай адам әрқашан да бізбен бірге болады. Бізге әрқашан онымен
бірге жақсы болады. Жүрегіміз бізге тек дұрыс ақылдар ғана беретін
болады, себебі оны тек біз өзіміз ғана естиміз. (тыныс алу).
Жүректеріңе рақмет айтыңдар. Ол сендердің ризашылық сөздеріңді
естісін. Сездіңдер ме, ол одан да бетер қатты соғып кетті. Олар
бізді естігендерін білдіріп жатыр ғой. Қандай тамаша! Осы сәтті
естеріңе сақтаңдар!
Енді көздеріңді аша қойыңдар. Қолдарыңды жоғары,
содан кейін екі жаққа созыңдар. Терең дем алыңдар. Міне
тамаша!
Әңгімелесейік
Ғаламшардағы ең қымбат сөздерді атаңдар. (Мұғалім
сөздерді тақтаға жазады).
Шынымен-ақ, ғаламшардағы ең қымбат сөз –
«бейбітшілік, жарасым». Түсіндірме сөздікте: «Бейбітшілік деген –
соғыстың болмауы. Бейбітшілік деген – келісім, қастық пен ұрыстың
болмауы» – делінген.
Бұл сөздің қымбат екені хақ. Бейбіт, жарасымды
өмірде адамдар сәтті еңбек етеді, балалар оқиды. Бәрі де қуанышты
болады.
Біз «үй» дегенде, өзіміз тұратын үйді немесе
пәтерді елестетеміз, ал «Жанұяңа жақсылық тілеймін» деген тілекті
айтқанда, біздің ортақ үйіміз болып табылатын Отанымыз Қазақстанды
еске аламыз.
Қазақстанда әр түрлі ұлттардың халықтары
тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Адам өз жанында бейбітшілік тапса,
басқа адамдармен қарым-қатынаста да жақсы болады; егер адам өзін
сүйсе, өзінің айналасындағы басқа адамдарды сыйлай алатын болады.
Біздің үйімізде өмір сүріп жатқан халық дәл
осындай.
Қазақ халқының бір жақсы даналығы бар: «Бір
кемедегінің жаны бір» – деген. Бір
шаңырақтың астында өмір сүруді бір кемеде жүзумен салыстыруға бола
ма? (Балалардың жауаптары). Бір үйде өмір сүретін адамдардың жаны
бір деп айта аламыз, себебі олардың мүдделері мен сезімдері, тыныс
– тіршілігі бір деп айтса да болады. Біз өз жақындарымызды жақсы
көреміз, үлкендерді, бабаларымызды қадірлейміз.
-
Орның қай жерде?-деп сұрады одан басына қабат –
қабат шәлі салған қарт ана.
-
Осы жерде, деді ол.
-
Мына ападан кейін бе?
-
Бұл кісіден соң менмін.
-
Раушан үндемеді.
-
Таң бозынан қаршадай баланы сүтке жібергені несі?
Тоңып қалады, сүтін төгіп алады деп ойламады ма
екен?
-
Жасың нешеде? –деп сұрады екінші
апа.
-
Алматыда.
-
Үйлеріңде сенен басқа ешкім жоқ
па?
-
Жоқ, - деді ол.
-
Шешең қайда?
-
Ауырып қалды. Әкем Алматыға оқуға кеткен. Апама
дәрігер: «Сүт іш», - депті.
-
Ім... онда ала ғой, - деді кезекте тұрған кісілер
жаны ашып.
Ол сүтті бірінші болып алды. Алысымен тез – тез
басып үйге қарай жүрді. Анасына қолғабыс жасағанына қуанып келе
жатқан секілді. Үйге келсе, анасы ұйықтап жатыр екен. Раушан
дереу
үй ішін ретке келтіріп, жүгіріп барып құдықтан су
әкелді, пештің отын тамызып, сүт пісірді.
Ол бүгін мектепке бармады. Апасының ұйқысы қанып,
ажары кіріп оянды. Үй іші жып – жылы, тап – таза, ауасы да
керімсал.
Шәугімдегі шай қайнап тұр. Мұрнына бұрқырап сүт
иісі келеді. Қаршадай қызының бұл қамқорлығына анасы қатты разы
болды. «Ботам ақылды, әкесі сияқты мейірімді. Айналайын, кішкентай
қолғанатым», - деп іштей елжіреді.
Раушан терезе алдына қойылған гүлдерге де су
құйып, есік – терезенің шаңын сүртіп қойған.
Анасы жылы киініп, басына бөкебайын орап, сыртқа
шықты. Есік алды айнадай тап-таза.
Бойы жеңілденіп, көңілі көтеріліп қалған шешесі
қызы ұсынған ыстық сүттен ұрттап еді, маңдайынан шып- шып тер
шықты.
Бүгін ол жұмысқа бармады. Екеуі түске таман сүт
көже жасап ішті. Кешегідей емес, апасының жөтелі бәсеңдеп, жайлы
ұйықтады. Ертесіне апасы орнынан сергек тұрды. Тұрысымен,
әдеттегідей пешке от жақты, шай қойды, сосын қызын
оятты
-
Апа, – деді еркелей тіл қатып
Раушан.
-
Ау, құлыным!
-
Денсаулығың қалай, жақсы ма?
-
Жақсы, жаным, жақсы.
Екеуі тізе түйістіріп отырып шай ішті. Раушанның
маңдайынан ақырын иіскеп еді, өне бойын балқытып бара жатқандай
әсер етті. Қызын ол осы сәт тіпті елжірей жақсы
көрді.
Екеуі киініп есік алдына шықты да, бірі жұмысқа,
бірі мектепке қарай бет алды. Екеуі де бүгін көңілді еді. Раушан
апасының жазылғанына қуанса, апасы қызының мейірімділігіне
қуанды.
Мына әңгімеден не түсіндіңдер?
Кім өзін мейірімдімін деп
есептейді?
Пікір – талас «Жанұя
жарастығы»
-
балаларды топқа бөлу
-
Әр топқа тапсырма беру
«Жанұя жарасым» ұғымын түсіндіріп ол кімге
байланысты екенін айту.
-
Топтар пікір таластырып,
дайындалады.
-
Топтардың пікір – талас тақырыбы бойынша
сөйлеуі.
–
Әрине дұрыс айтасыңдар. Жанұядағы жарасым бірін –
бірі ойлайтын, түсінетін, бір-біріне қамқор болатын үлкендерге,
кішілерге де байланысты.
Көңілді үзіліс, «Айгөлек» әнін
айту.
-
Дәптермен жұмыс.
Егер үйде біреу ауырып қалса, ата – аналарың
соларға кетсе. Жанұяда ынтымақ пен татулық жарасымды болса, онда
денсаулықта, құрмет те, қамқорлық та болады.
Сыйлық ойыны.
Балалар, өміріндегі ең сүйікті сыйлықтарың
қандай? Сендерге оны кім сыйлады? Сыйлық алған кезде қандай сезімде
боласың?
Ендеше бір – бірімізге сыйлық алған кездегі
қуанышты көңіл – күйді сыйлайық.
Балалар, армандап жүрген сыйлықтарыңның суретін
бір парақ қағазға салыңдар. Ол сыйлық сендердің қиялдарыңдағы
заттар болуы мүмкін мысалы:
Аспан, жұлдыз жақсы көңіл – күй т.б. оны екі
бүктеп қасыңдағы досыңа сыйла. Балалар суреттегі сыйлықты шынымен
де алғандай сезімде болуы керек.
Ойын «Сиқырлы таяқша».
Үй тапсырмасы. «біз үйде нешеуміз?» атты
А.Асылбектің өлеңі Ерботиннің, «Он баламыз бір үйден»атты өлеңі
мұқият орындаңдар.
2 – тапсырманы үйде орындаңдар.
«Жүректен – жүрекке»
Мен бүгін жанұядағы жарасым бейбітшілік екенін
түсіндім.
Мен бүгін жанұядағы жарасым ынтымақ екенін
түсіндім.
Мен бүгін жанұядағы жарасым махаббат екенін
түсіндім.
Мен бүгін жанұядағы жарасым сүйіспеншілік екенін
түсіндім.