|
Сабақ мақсаты: Рухани адамгершілік
құндылықтарды аша отырып, оқушылардың «сыйластық», «сүйіспеншілік»
құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту
.
Міндеттері:
-
Жақсы тілек, ізеттілік, достықтың адам
өміріндегі мәнін түсіндіру;
-
Өзара жағымды қарым-қатынас жасау,
жақсы көру қасиеттерін ашу;
-
Мейірімділікке, бір-біріне татулықпен
қарауға тәрбиелеу.
|
Ресурстар
|
|
Сабақ
барысы:
1.Ұйымдастыру
кезеңі
Тыныштық сәті, орманға
саяхат
-
Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық
сәтi.
(Тыныштық… бар жерде, тыныштық… бүкiл
әлемде)
Ыңғайланып отырыңыз.көзіңізді жұмыңыз.Денеңізді
босатып,тынышталыңыз.Көз алдыңызға енді атып келе жатқан шуақты
таңды елестетіңіз.Сіз тауға алып барар жалғыз аяқ жолмен келе
жатырсыз.Таза ауа,сылдырлаған мөлдір бұлақ суы,құстардың сайраған
даусы естіледі.Сіз жеңіл демалудасыз,сіз күш-қуатқа
толысыз.Жер-Анаға,табиғатқа деген махаббат,сүйіспеншілік барлығы
өзіңе деген махаббатпен тығыз байланысты.Күн шуағы сіздің денеңізге
сәуле шашуда,самал жел сіздің шашыңызды тербетіп,сізге көрік
беруде.Бүкіл табиғат күші сізге өз махаббатын сыйлап,сізді таң
нұрымен қарсы алады.Ал енді бұл күш сіздің бүкіл денеңізге қуат
беріп тұрғанын сезініңіз.Бұл күшпен өзіңізге жақын
адамдармен,достарыңызбен бөлісіп жатқаныңызды елестетіңіз.Бұл қуат
сіздің өміріңізбен тығыз байланысты.Сіз әлемдегі ең бақытты
жансыз!
2 . Үй тапсырмасын тексеру №17
сабақ
А) Немересі атасына қандай жақсы тілек
айтты?
Ә)Атасының немересіне деген жылы жүрегі
қалай байқалады?
Б)Өздерің жылы жүрекпен жақсы тілек
айтқан кездеріңді еске түсіріп
көріңдер?
|
Сабақ барысын
талқылау:
|
|
Дәйек
сөз
«Жақсы сөз-жан жылытар» халық
мақалы
А) Жақсы сөз дегеніміз
не?
Б) Адамдардың қайырымды, мейрімді
сөздерін қалай қабылдайсыз?
В) Адамдарға жылы жүрекпен, жақсы тілек
тілеген сәтте қандай сезімде
боласыңдар?
Жақсы ой, жылы лебіз, жақсы тілек адамды
шаттандырады, қуантады, бақытты етеді. Ауыр сөз, жағымсыз әрекеттер
адамның көңілін түсіреді, мұңайтады, оны уайымға
салады.
|
|
|
Әңгімелеу.
«Екі дос» аңыз
әңгіме
А)Екі дос қандай жағдайға тап
болды?
Ә)Қолбасы оларды қалай сынамақ
болды?
Б)Қолбасының өз әскерлерін алып кетуіне
не себеп болды?
|
|
|
Шығармашылық
жұмыс,
топтық
жұмыс
-
«Күн» тобына Аспан көгіндегі күн
болсаңдар, жан-жағындағы адамдарға қандай жылы сөздер сыйлар
едіңдер? (Жылы жүректен шыққан жақсы тілектер, тақтадағы ақ
көгершін суретін салу)
-
«Ай» тобына Түн. Манаураған тыныштық. Барлық
тіршілік иесі ұйқыға кеткен. Мен анам екеуіміз жай жолмен үйге
аяңдап келеміз. Үйге жақындай бергенімізде қаңқылдаған қаздардың
дауысы естілді... (Әңгімені аяқтау, ақ қағаз бетіне
бейнелеу)
|
|
|
Топпен ән
айту
«Бала
тілегі»
Сөзі:
С.Молдасанұлы
Әні: Ф.Лұқпанова
Бал-балалық, балдырған шақ сан
арман,
Барлық бала армандауға
жаралған.
Кел, достарым, әндетіңдер,
билеңдер,
Гүлденсін деп атамекен қара
орман.
Татулықты бағалаймыз
бәріміз,
Құндылық біздің бағалайтын
нәріміз.
Туған жерім, өскен ортам,
жерімде
Барлық адам тату болсын
өмірде
|
|
|
Үй
тапсырмасы
«Менің мейірімді жүрегім» тақырыбына эссе жазу
«Ұқыптылық» әңгімесін оқып келу
|
|
|
Соңғы тыныштық
сәті
Балалар, тыныштық сақтап, үнсіз, қолымызды
жүрегімізге қойып, жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі
сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық, қамқорлық, аяушылық,
сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме, сезген болсаңдар,
сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса, сендер де
қайырымды іс жасап, қамқорлық көрсете
аласыңдар.
|
|