жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жылы жүрек, жақсы тілек! психологиялық трениг
Тренинг сабақ
Тақырыбы: Жылы жүрек, жақсы тілек!
Тренинг сабақтың мақсаты: Жаттығулар арқылы сынып ұжымында
жағымды ахуал қалыптастыру; Өз ойларын ашық, еркін жеткізе білуге дағдыландыру; Мейірімділікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Психологиялық бағыт:
Сәлеметсіңдер ме балалар, қадірлі қонақтар! Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз күндегіден ерекше. Өйткені бүгін бізге қонаққа ұстаздар келіп отыр.
1.Шаттық шеңбері
Кәне , балалар, біз бір-бірімізбен қарым-қатынасқа түсу үшін бәріміз орнымыздан тұрып шаттық шеңберін жасайықшы!
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба , көк аспан!
Амансың ба достарым!
Сендерді көрсем қуанам.
2.Импульс жаттығуы
Балалар,осы тұрғанда «импульс» жаттығуын жасап жіберейікші қане (бір-біріміздің қолдарымыздан ұстап, саусақты қосу арқылы бір-бірімізге импульс өткіземіз.) Балалар осы сәтте не сезіндіңдер? (ыстық, жылулық, қарым-қатынас, бір –бірімізді естиміз, көреміз, орта бізге ыңғайлы).
Терезеден кірген күннің шуағы бөлмемізге жарық беріп, жүрегімізді жылытты.
Жүрегіміз қуанып тұрған секілді. Олай болса әрі қарай,
3. «Кел танысайық» тренингі . Адамның несі болады.Есімі.
Туылғанда бізге ат қояды бәріміздің есіміміз бар.Сол есімімізбен өмір сүреміз.Бәріміз есімімізді айтайық! мысалы: менің атым Күлзия ешкімге зияны тимей, күліп жүрсін деп атам қойыпты.
Мақсаты: Өзін - өзі тану дағдысын дамыту, тілдесу үшін жағымды байланыс орнату.
Тапсырма. Өзі туралы айту, өзінің қайталанбас дара тұлға екенін , тренингке қатысушылармен бірге жұмыс жасап, тілдесуге дайын екендігін көрсету.
Нұсқау. Өзіңді көрсет, өзің туралы айтып бер. Өзіңді өзің таныстыру үшін әр түрлі әдістерді пайдалануға болады. Мысалы, өзі туралы әңгіме, өлең, ән, афоризм.
4 . «Мен қандаймын» жаттығуы
«Мен кіммін» деген жалғыз сұраққа жауап береміз.
Мысалы, зейіндімін, әдептімін, саналымын, сабырлымын, шыншылмын, бауырмалмын.
5.Сергіту сәті төрт апат
«Жер» қолдарыңды төмен,
«Су» қолдарыңды алға,
«От» қолдарыңды жоғары,
6. «Болады, болмайды» тренингі
Мақсаты: бала қиялын дамытуға арналған.
Тренинг барысы: Психолог сөздерді айтады, ал балалар солай болуы мүмкін болса, онда қолдарын шапалақтайды, егер ондай мүмкін болмаса аяқтарын тоқылдатады.
Қасқыр орманда кезіп келе жатыр алақандарын шапалақтайды, қасқыр ағаш басында отыр аяқтарын тоқылдатады, кастрюльде кесе қайнап жатыр, мысық үйдің төбесінде жүр, ит аспанда жүр, қыз үйдің суретін салып отыр.
7. «Сілкіп таста» жаттығуын орындаймыз.Алдымыздағы параққа жағымды ,жағымсыз әдеттерімізді жазайық. Жазып болсақ оқып көрейік. Жағымды әдет өзімізге керек. Жағымсыз әдеттен арылайық. Мыжып тастайық.
8. «Жүз жұмбақ»
Тренер: Оқушылар екі топқа бөлінейік.Ойланып шешімін табуымыз керек.Логикалық сұрақтар:1.Дорбадағы 10 асық 10 бала бір-бірлеп алды.Сонда бір асық дорбада қалды. Бұл қалай? Жауабы: бір бала дорбасымен алды. 2.Екі адам тоғыз құмалақты 2 сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағаттан ойнады? Жауабы: 2 сағат. 3.Уш түйеқұс ұшып келе жатыр,аңшы олардың біреуін атып алды. Неше тұйеқұс қалды?Жауабы: Тұйеқұс ұшпайды.4.Жасы 100-ге келген қария өмір бойы өзінің туған күнін 25 рет қана атап өткен екен.Себебін анықта. Жауабы:оның тулған күні 29 ақпан.
9. «Менің эмоцияларым» тренингі
Мақсаты: оқушылардың көңіл күйін сезінуін дамыту, өзінің эмоциясын дұрыс көрсетуін қадағалау.
Оқушыларға мынадай ұсыныстар айтылады:
Көбелекке ұқсап ұш
Бүркітке ұқсап ұш
Қоянға ұқсап секір
Орманда жүріп келе жатқан аюдың бейнесін сал
Кішкентай бала сияқты жүр
Қуанып келе жатқан адамның бет әлпеті
Мұңайып, ренжіп тұрған адамның бет әлпеті
Итті көрген мысыққа ұқсап жыми
Шешім таба алмай жүрген адамның бейнесін сал
Сабақтан нашар баға алған оқушы бейнесі
Көлде жүзіп бара жатқан аққу
Желмен тербеліп тұрған ағаш
ағашқа өрмелеп бара жатқан тиын
9 .Релаксация Көздерімізді жұмамыз, елестетеміз.
«Мен бақытты баламын.»
Баяу сазды әуен үнімен үшке дейін санап, гүлбағына саяхатқа баруды ұсынамын.
«Қараңдаршы, гүл бағында гүлдер қандай көп!
Әсем, әдемі гүлдер жайқалып өсіп тұр!
Гүлдерге қарап гүлдер күлімдейді
Гүлдер күлтелерін ашып, күнге күлімдейді.
Қараңдаршы! Бақтағы сайраған құстардың дауысы, сырқырап аққан судың дауысы естіледі. Бетімізге самал желдің лебі еседі.Аңқыған гүлдердің хош иісі келіп тұр.Осы гүлдердің арасынан өздеріңе ұнаған гүлдерді теріп алып, ең жақын, ең жақсы көретін досыңа жылы жүрекпен, жақсы тілек айта отырып сыйла.»
10 .Досыма тілектер тренингі
Балалар өздеріне ұнаған гүлдерді атайды және өздерінің көңіл-күйлері жөнінде әңгімелейді.
Алдын-ала қиылып дайындалған достарына сыйлаған гүлді таңдап алып үлкен ақ парақ бетіне жапсырып, «Гүлдер алқабын» бейнелейді.
«Қараңдаршы, қандай әдемі, әсем гүл алқабы пайда болды!»
Ақ гүл теріп алған балалар-өздерінің көңіл күйлерінің ашық, достарына деген ниетінің ақ екенін көрсетіп тұр.
Сары гүл теріп алған балалар- күндей жарқырап маңдайына шуақ төгіліп тұр.
Қызыл гүл алғандар – көңіл-күйлерінің қуанышты, достарына деген махаббаты ерекше екенін көрсетеді.
Көк гүл алғандардың-ниеттері аспандай ашық, судай таза мөлдір екенін білдіреді.
Әрқайсысымыздың көңіл-күйлеріміз әртүрлі болса да, ниетіміз жақсы екен.
11.«Біз бақытты баламыз». ән
Гүл алқабы тамаша,
Гүлдер қандай жарасса,
Біз көңілді, біз бақытты баламыз!
Біз сүйкімді, біз бақытты баламыз!
Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға гүлде шашылды,
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!
Қайырлы күн! Біз бақытты баламыз!
12. «Жылы жүрек» Жылы жүрек, жақсы тілек тренинг сабағымызды қорыта келе оқушылар: Әрбір адам мейірімді де , инабатты болуы керек.Олай болса бір-бірімізге жылы жүрек сыйлайық. Мысалы, жұмсақ ойыншықты беру арқылы қасыңдағы оқушыға жылы бір сөз айтып беру.
Мысалы: Ақерке сен-әдемісің,Мұрат сен-ақылдысың.
Алдабергенова Арзу Бекмурзаевна
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы
№ 270 Ғ.Мұхамеджанов атындағы орта мектебі педагог- психологы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген