Жылу мөлшері мен меншікті жылу сыйымдылығы тақырыбына өзіндік жұмыс

Тақырып бойынша 17 материал табылды

Жылу мөлшері мен меншікті жылу сыйымдылығы тақырыбына өзіндік жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
білім алушыларға жылу мөлшерін есептеу мен заттардың меншікті жылу сыйымдылығы тақырыбын қайталауға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖЫЛУ МӨЛШЕРІ. ЗАТТАРДЫҢ МЕНШІКТІ ЖЫЛУСЫЙЫМДЫЛЫҒЫ тақырыбы бойынша өзіндік жұмыстар.

Мақсаты: жылу мөлшері мен заттардың меншікті жылу сыйымдылығына сандық және сапалық есептер шығару.

Тапсырма №1.

Мыс сымды отта қыздырды.Сымның ішкі құрылысында қандай өзгеріс болды?

а) молекулалардың арақашықтығы артты;

б) молекулалардың арақашықтығы кеміді;

в) молекулалардың өлшемі өзгерді;

г) молекулалардың құрамы өзгерді;

д) ешқандай өзгеріс болмады.



Тапсырма №2.

Жылу алмасу құбылысы кезіндегі затқа берілетін немесе одан алынатын жылудың мөлшері неге тең? Формуласын жазыңыз.

Тапсырма №3. Есепті шығарыңыз.

Массасы 120 г күміс кесегі 660С-дан 160С-ге дейін салқындағанда 1,5 кДж жылу бөліп шығарса, оның меншікті жылусыйымдылығы қандай болған?

Тапсырма №4. Есепті шығарыңыз.

Массасы 800 г алюминий кәстрөлдегі 100С-тағы 3 кг суды 80 0С -қа қыздыру үшін қанша жылу мөлшері қажет?  (алюминийдің жылу сыйымдылығы — 920 Дж/(кг·°С), судікі — 4200 Дж/(кг·°С).



Тапсырма №5. Есепті шығарыңыз.

Массасы 5 кг кристалл затты қыздыру нәтижелері бойынша, осы заттың температурасының берілген жылу мөлшеріне тәуелділігінің графигі салынды. График бойынша сұйық күйге айналуға кеткен жылу мөлшерін көрсетіңіз.



ЖЫЛУ МӨЛШЕРІ. ЗАТТАРДЫҢ МЕНШІКТІ ЖЫЛУСЫЙЫМДЫЛЫҒЫ тақырыбы бойынша өзіндік жұмыстар.

Мақсаты: жылу мөлшері мен заттардың меншікті жылу сыйымдылығына сандық және сапалық есептер шығару.

Тапсырма №1.

Мұз кесегі алақанда еріп кетті. Дұрыс ұйғарымды көрсет.

а) мұзды құрайтын молекулалардың өлшемдері артты;

б) мұзды құрайтын молекулалардың өлшемдері өзгермеді;

в) мұзды құрайтын молекулалардың өлшемдері азайды;

г) мұзды құрайтын молекулалардың орналасуы өзгерді;

д) дұрыс жауап жоқ.



Тапсырма №2.

Жылу алмасу құбылысы кезіндегі затқа берілетін немесе одан алынатын жылудың мөлшерінің өлшем бірілігі неге тең?

Тапсырма №3. Есепті шығарыңыз.

Ыдыстағы 20 0 С градустағы 1 л суды 100 0 С градусқа дейін қыздыру үшін қанша жылу мөлшерін беру керек? ( судікі — 4200 Дж/(кг·°С).



Тапсырма №4. Есепті шығарыңыз.

Массасы 200 г алюминий кәстрөлдегі 200С-тағы 1л суды 100 0С -қа қыздыру үшін қанша жылу мөлшері қажет? (алюминийдің жылу сыйымдылығы — 920 Дж/(кг·°С), судікі — 4200 Дж/(кг·°С).

Тапсырма №5. Есепті шығарыңыз.

Массасы 5 кг кристалл затты қыздыру нәтижелері бойынша, осы заттың температурасының берілген жылу мөлшеріне тәуелділігінің графигі салынды. График бойынша булануға кеткен жылу мөлшерін көрсетіңіз.



ЖЫЛУ МӨЛШЕРІ. ЗАТТАРДЫҢ МЕНШІКТІ ЖЫЛУСЫЙЫМДЫЛЫҒЫ тақырыбы бойынша өзіндік жұмыстар.

Мақсаты: жылу мөлшері мен заттардың меншікті жылу сыйымдылығына сандық және сапалық есептер шығару.

Тапсырма №1.

Ішінде картофель қайнап жатқан суы бар кастрюльге бір қасық тұз салады.Төмендегі жауаптар ішінен дұрысын таңда.

а) тұз картофель ішіне тек су қайнаған кезде ғана енеді;

б) судың температурасы төмен болса, тұз тез сіңеді;

в) тұз картофель ішіне диффузия нәтижесінде енеді;

г) судың және тұздың молекулаларының өлшемдері өзгереді;

д) дұрыс жауап жоқ.


Тапсырма №2.

Жылу алмасу құбылысы кезіндегі заттың меншікті жылу сыйымдылығы дегеніміз не?

Тапсырма №3. Есепті шығарыңыз.

Ыдыста температурасы 20 0 С болатын 600 г керосин бар. Керосинге температурасы 100 0 С болатын 500 г темір кесегін батырады. Жүйенің ақырғы температурасы қандай? (Жүйе сыртқы ортамен жылу алмаспайды деп есептеңдер).

Тапсырма №4. Есепті шығарыңыз.

Массасы 5 кг болатын темір қазанға массасы 10 кг болатын су құйылады. Температураны 10 -тан 100 ° C -қа дейін өзгерту үшін қазан мен сумен қанша жылу беру керек?

Тапсырма №5. Есепті шығарыңыз.

Массасы 5 кг кристалл затты қыздыру нәтижелері бойынша, осы заттың температурасының берілген жылу мөлшеріне тәуелділігінің графигі салынды. График бойынша сұйық күйге айналу кезіндегі температураны көрсетіңіз.



ЖЫЛУ МӨЛШЕРІ. ЗАТТАРДЫҢ МЕНШІКТІ ЖЫЛУСЫЙЫМДЫЛЫҒЫ тақырыбы бойынша өзіндік жұмыстар.

Мақсаты: жылу мөлшері мен заттардың меншікті жылу сыйымдылығына сандық және сапалық есептер шығару.

Тапсырма №1.

Темір білеушенің температурасы 41ºС, ал ағаш білеушенің температурасы 285 ºС.

Қай білеушенің температурасы жоғары?

а) ағаш;

б) темір;

в) білеушелердің температуралары бірдей;

г) білеушелердің температураларын салыстыруға болмайды, себебі олар әртүрлі бірлікте өрнектелген;

д) дұрыс жауап жоқ.

Тапсырма №2.

Жылу алмасу құбылысы кезіндегі затқа берілетін немесе одан алынатын жылудың мөлшері қандай шамаларға тәуелді?

Тапсырма №3. Есепті шығарыңыз.

Массасы 1,5 кг алюминий ыдысқа массасы 10 кг су құйылған. Судың температурасын 20-дан 1000С-ге дейін көтеру үшін жүйеге қанша жылу беру керек? Жүйе басқа ортамен жылу алмаспайды деп есептеңдер.



Тапсырма №3. Есепті шығарыңыз.

Ыдыста 20 ° С температурада 3 л су бар. Ыдысқа 45 ° C температурадағы қанша су қосу керек, сонда оның температурасы 30 ° C болуы үшін? Қоршаған ортамен жылу алмасуды елемеу қажет.

Тапсырма №5. Есепті шығарыңыз.

Массасы 5 кг кристалл затты қыздыру нәтижелері бойынша, осы заттың температурасының берілген жылу мөлшеріне тәуелділігінің графигі салынды. График бойынша қатты күйдегі жылу мөлшерін көрсетіңіз.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.10.2025
16
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі