400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Жылу қозғалтқыштары 8 сынып физика

Материал туралы қысқаша түсінік
Физика пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар: 8.3.В

Мектеп: Т.Рысқұлов атындағы шағын орталықты орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Кожаназарова Дариха Кожамуратовна

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Жылу қозғалтқыштары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.2.22-жылу қозғалтқыштарындағы энергияның түрленуін сипаттау;

8.3.2.20-іштен жану қозғалтқышының, бу турбинасының жұмыс істеу принципін сипаттау;

Сабақтың мақсаты

-Жылулық қозғалтқыштардың түрлерін атайды.

-Жылулық мөлшердегі энергияның түрлерін сипаттайды

-Бу турбинасы мен іштен жанатын қозғалтқыштың жұмыс істеу принципін сипаттайды.

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу және түсіну

Бағалау критерийі

- Жылулық қозғалтқыштардың түрлерін атайды.

-Жылу қозғалтқыштарының жұмыс істеу принципін атайды.

-Бу турбинасы мен іштен жанатын қозғалтқыштың жұмыс істеу принципін сипаттай алады

Тілдік мақсаттар

Жылу қозғалтқыштарындағы энергияның түрленуін сипаттай алады.

Пәндік лексика мен терминалогия:


Қазақша

Орысша

Ағылшынша

қозғалтқыш

двигатель

engine

тоңазытқыш

холодильник

refrigerator

қыздырғыш

нагреватель

heater


Сыныптағы диалог/жазылымға қажетті сөз тіркестері:


1.Жылу қозғалтқышына .... машиналары жатады.

2. ... жылу қозғалтқышы деп атайды.

3.ІЖҚ деп ... қозғалтқышты айтады.

4. ...тоңазытқыш қондырғылар деп атайды.

Құндылықтарға баулу

Еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алу құндылықтарына баулу белсенді оқыту әдістері арқылы жүзеге асырылады.

Пән аралық байланыс

математика, жаратылыстану, география

Алдыңғы білім

Термодинамиканың бірінші бастамасы.

Жылу процестерінің қайтымсыздығы.


Сабақ барысы



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар









Сабақтың басы

(5-8 мин)









Сергіту сәті:

Ортаға үш оқушы шығып қима қағазды алады,қалған оқушылар Жылу, Энергия, Жұмыс туралы білетіндерін айтып топқа бөлінеді. Қима қағазды ұстаған оқушылар топ басшысы болады.


Топқа бөлу: Әртүрлі пішінді фигурамен және әр фигурадның артында Жылу, Энергия, Жұмыс жазылып тұрады, сонымен топқа бөлінеді.


AutoShape 2 Rectangle 4 DrawObject1


1 топ – Жылу

2 – топ - Энергия

3 – топ - Жұмыс


«Кинометафора» әдісі бойынша сабақтың тақырыбын ашады (Бейне сюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың өз ойын, ой-пікірлерін білемін).

Электрондық оқулықты пайдаланамын.


1.Іштен жану қозғалтқышы қалай жұмыс істеійді?

2.Бірінші ырғақ қалай аталады?

3.Екінші ырғақты не деп атайды?

4.Поршының қызметін атаңдар?


Жылу қозғалтқыштарының түрлері


М ұғалім нәтиже бойынша саралай отырып оқушыларға ауызша кері байланыс береді.







Қима қағаздары










АКТ арқылы физика 8-сыныптың

электрондық оқулықтан үзінді көрсету
























Сабақтың ортасы

(20-25 мин)

































Мәтінмен жұмыс.

3 топ мәтінді постерге түсіреді.


1 топ: Газдың ішкі энергиясының механикалық энергияға айналмай қалған бөлігі, салқындатқыш рөлін атқаратын тоңазытқыш деп аталатын сыртқы ортаға берілгеді. Сонымен, барлық жылу қозғалтқыштарының құрылымы үш негізгі ғалтқыштарының құрылымы үш негізгі бөліктен тұрады: отынның энергиясы бөлініп шығатын қыздырғыш; бу немесе газ болып табылатын жұмыс денесі; пайдаланылмай қалған жылу мөлшерін алатын тоңазытқыш. Суретте жылу қозғатқыштары қызметінің сызбанұсқасы келтірілген.


2-топ: суреткте ең қарапайым іштен жанатын қозғалтқыштың қимасы көрсетілген. Одан сендер қозғалтқышты құрайтын цилиндрді (3) көре аласыңдар. Бұлғақ (шатун) пен қосиін (кривошип) (4) арқылы игінді білікпен (5) жалғасқан поршень цилиндр қабырғасын бойлай қайтымды-ілгерілемелі қозғалыстар жасайды. Білікке оның бірқалыпты айналуын қамтамасыз ететін ауыр тегершік (маховик) (6) орнатылған. Цилиндрдің жоғарғы жағында-жану камерасында бөліп-таратқыш құрылғының көмегімен қажет кезінде ашылып, жабылатын екі қақпақша болады. Қақпақша (1) арқылы цилиндрге жанғыш қоспа сорылып кіргізіледі, ол тұтандырғыш шам (7) арқылы тұтандырылады. Қақпақша (2) арқылы пайдаланылған газ сыртқа шығады.


3-топ: Мұндай қозғалтқыштарды бу немесе газ турбиналары деп атайды. Қарапайым бу турбинасының негізгі жұмыс бөлігі-ротор, ол білікке (1) айнала орналасқан қалақшалар (3) бекітілген дикіден (2) тұрады. Бу қазанынан арнайы каналдар (соплолар) (4) арқылы бу ротор қалақшаларына бағытталады. Соплоларда бу ұлғаяды да, оның қысымы төмендейді, бірақ будың ағып шығу жылдамдығы артады. Бұл будың ішкі энергиясы ағыстың кинетикалық энергиясына айналғанын білдіреді.


Топ басшылары кім қорғайтынын айтады.

№

Дескриптор

1

Кез келген жылу қозғалтқышының негізгі бөліктерін атайды

2

ІЖҚ-тың бір жұмыстық циклінде қанша жүріс немесе такті біледі. Бұл жағдайда білік қанша айналым жасайтынын біледі

3

Бу турбинасымен салыстырғанда газ турбиналарының артықшылығын біледі

Кері байланыс: Өзара-бағалау. Қай топтың түсіндіргені түсінікті болғанын айтады.














оқулық, постер
































































үлестірме қағаздар


Сабақтың соңы

(5-7 мин)


Бағалау





Үйге тапсырма

рефлексия


«Бағдаршам» әдісі бойынша жүргіземін.

Қызыл түс

(түсінген жоқпын)

Сары түс

(әлі де сұрағым бар)

Жасыл түс

(барлығы түсінікті)





Жылу қозғалтқыштары.

Жылулық қозғалтқыштарына шағын эссе жазу

Бағалау парағы



Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игерудеңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Оқушылар бірлескен топтарда жұмыс істейді және бірін-бірі қолдайды. Егер қажет болса, қосымша көмек көрсетіледі. Сыни пікірлерді қабілетті оқушылардың жұмыс сапасын жақсарту деңгейі жоғарғы есептер беремін.

Оқушылардың сабақты меңгергенін бағдаршам, жетондар арқылы және өзін - өзі бағалайды

Оқушылардың техника қауіпсіздігін сақтауына нұсқаулық беремін


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қол жетімді болдыма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?





Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?




Қосымша №1


8.3.2.22-жылу қозғалтқыштарындағы энергияның түрленуін сипаттау;

8.3.2.20-іштен жану қозғалтқышының, бу турбинасының жұмыс істеу принципін сипаттау;


Оқушының аты-жөні:_________________________________________________________________


Қалыптастырушы бағалау парағы


№

Бағалау критерийі

Тапсрмалар

Дескриптор

иә

жоқ

1



Іштен жанатын қозғалтқыштың жұмыс істеу принципін сипаттай алады

Іштен жану қозғалтқышы қалай жұмыс істеійді?

Іштен жану қозғалтқышы қалай жұмыс істеійтінін біледі



2

Бірінші ырғақ қалай аталады?

Бірінші ырғақтың атын атайды



3

Екінші ырғақты не деп атайды?

Екінші ырғақтың атауын біледі



4

Поршының қызметін атаңдар?

Поршының қызметін атайды



5

Жылулық қозғалтқыштардың түрлерін атайды.


Жылу қозғалтқыштардың энергиясының туүрлерін сипаттау

Кез келген жылу қозғалтқышының негізгі бөліктерін атайды



6

Іштен жанатын қозғалтқыштың жұмыс істеу принципін сипаттай алады

Іштен жану қозғалтқыштың тактілерін атайды

ІЖҚ-тың бір жұмыстық циклінде қанша жүріс немесе такті біледі. Бұл жағдайда білік қанша айналым жасайтынын біледі



7

Бу турбинасы мен іштен жанатын қозғалтқыштың жұмыс істеу принципін сипаттай алады

Бу турбинасының жұмыс істеу принципін сипаттау;

Бу турбинасымен салыстырғанда газ турбиналарының артықшылығын біледі




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
11 мамыр
2195
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі