400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффициенті

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сынып физика пәнінен мұғалімдерге қосымша көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қысқа мерзімді сабақ жоспары

8 сынып физика пәні бойынша

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Термодинамика негіздері

Мектеп: Теміртау қаласы әкімдігінің

«Теміртау қаласының №8 жалпы білім беретін орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Желебаева Анаргул Сабырбаевна

Сынып: 8 қатысқаны: қатыспағаны:0

Сабақтың тақырыбы:

Жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффициенті

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары:

8.3.2.19 – жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффициенті анықтау;


Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар істей алады: Жылу процестеріндегі энергияның түрленуін біледі.

Басым бөлігі істей алады: ПӘК-нің формуласын қолданып есептер шығарды

Кейбір оқушылар істей алады:ПӘК-ң физикалық мағынасын түсіндіре отырып техникадағы қолданысын айтады

Ойлау дағдыларының деңгейлері


түсіну, қолдану

Бағалау

критерийі:

1.Жылу процестеріндегі энергияның түрленуін түсінеді.

2.Формула бойынша жылу машиналарының ПӘК-ін анықтайды.

3. Механикалық энергияға не себепті энергияның бір бөлігі ғана айналатынын

түсіндіреді.

Тілдік мақсат:

Ағылшын тіліндегі физикалық терминология

Пәнге қатысты терминдер және тірек сөздерді қолданамын:ЖҚ, ІЖҚ, ПӘК, Атом электр станциясы, ЖЭС, ішкі энергия,температура

Құндылықтарға баулу:

ЖҚ-ның ПӘК-ін төмендету арқылы экологияны ластанудан қорғау жұмыстарын жүргізу.Энергияның барлық түрлерін үнемдеу.

Пәнаралық байланыс

География, жаратылыстану.

Алдыңғы білім:

Жылу қозғалғыштары. Жылу қозғалтқыштарының жұмыс істеу принципі. (Бу және газ турбиналары,іштен жану қозғалтқыштары, реактивті қозғалтқыш)

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

8 минут














Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа қатысуын және дайындығын қадағалаймын.

Көңіл күйлерін қалыптастыру

Зейіндерін сабаққа шоғырландырамын.

Топқа сурет қиындыларын беру арқылы бөлемін.

Газ және бу турбинасы

ІЖҚ

Реактивті қозғалтқыш.


с урет қиындылары

« Менен сұрақ , сізден жауап » әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау:

1. Жылу қозғалтқыш дегеніміз не? Қозғалтқыштың қандай түрлерін білесің?

2.Жылу қозғалтқыштарының жұмыс істеу принципі қандай?

3.Іштен жанатын қозғалтқышта қандай бөліктерден тұрады??

4.Бу және газ турбиналары дегеніміз не?

5.Жылу қозғалтқыштарының қоршаған ортаға әсері.

6.Электр энергиясын өндіруге арналған жылу машинасының қай түрі кеңінен қолданысқа ие болды?






ҚБ: топтар бірін-бірі бағалайды, дұрыс жауаппен түзету

жасайды.


Сабақтың ортасы

25 минут
















Білу және түсіну

Топтық жұмыс: «Ойлан-жұптас-бөліс» үштік әдісі

Оқулықпен жұмыс. Оқушылар берілген тапсырма негізінде ойына келген жауаптарды немесе идеяларды барынша кітаптан табады.(Ойлан). Одан кейін олар өз идеяларын әріптестерімен жұптасады (Жұп) және соңында мұғалім бүкіл сыныптың идеяларын талқылауды бастайды (Бөліс).

Постер жасап тақтада қорғайды.


1 – топ Жылу қозғалтқышының ПӘК-і

2 – топ Идеал жылулық машиналар ПӘК-і

3 – топ Жылу қозғалтқыштарының халық шаруашылығындағы

мәні

Критерий

Дескриптор

«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі арқылы айтылым дағдысы қалыптасады.


Сұрақтарға дұрыс жауап айта алады

Сұраққа жауап беру барысында мысалдар келтіреді

Тиянақты ойын жеткізеді


Жеке жұмыс «Кім жылдам » әдісі арқылы кесте толтырады.


Жылу қозғалтқышының ПӘК-і

Идеал жылулық машинасының

ПӘК-і

Анықтамасы



Формуласы



Өлшем бірлігі






Физика.Жалпы білім беретін мектептің 8сыныбына арналған оқулық. «Арман-ПВ », 2018жҚ


қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер,

қағаздар





















Қ Б: Өзін-өзі бағалайды, дұрыс жауаппен түзету жасайды (смайлик арқылы бағалаймын)



Деңгейлік тапсырмалар: (А,В,С )


1-есеп. Іштен  жану қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффициенті 25% .Ол нені білдіреді?


2-есеп. Қыздырғышы 2270С, салқындатқышы 270С жылу машинасының максимум ПӘК-і неге тең? (40 %).


3-есеп. Автомобиль 50 км жолға 5,67 кг бензин жұмсайды. Егер автомобильдің жылдамдығы 90 км/сағ , ал ПӘК-і 22 %болса ,онда қозғалтқыштың қуаты қандай?


Бағалау критерийі

Дескриптор

Жылу қозғалтқыш -ының ПӘК-нің формуласын

қолданып есептер шығарады .

А.Есептің шартын құрады

В.Жылу қозғалтқышының ПӘК-

нің формуласын түрлендіреді.

С.Есептейді және жауабын нақты

табады




Сызғыш,қарындаш, үлестірме карточкалар

(деңгейлік есептер)

















Сабақтың соңы


5 минут


« Ойлан, Сәйкестігін тап»

Пайдалы әрекет коэффициенті

Q

%

Жұмыс


η

кем

Жылу мөлшері


бірден

Дж

Температура


t

0С

ПӘК


A

Дж


ҚБ: Стикерге жазылған мадақтау, мақтау сөздері арқылы бағалаймын.


Слайд














Стикер

Үй тапсырмасын беру. §26 оқу.

А. Жылу машинасының ПӘК-не кроссворд құрастыру

В. 13 жаттығу ( 3 ) шығару

С. «Жылу қозғалтқыштарының халық шаруашылығындағы

мәні» эссе жазу


Рефлексия

Сендерге сабақ ұнады ма?

Егер ұнаса- екі қолымызды көтереміз

Жартылай ұнаса- қолымызды иығымызға қоямыз

Ұнамаса-қолымызды түсіреміз













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
535
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі